400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әдеби сазды кеш "Елбасы күні" 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге көмек болсын.Өте қызықты сыныптан тыс шара.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Күні:29.11.2019

Тақырыбы: «Дара тұлға, дана тұлға Елбасы!»

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы толық мәлімет беру, білім алушыларға өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу.

Барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар, қадірменді қонақтар,құрметті ұстаздар мен оқушылар!

2-жүргізуші: 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған әдеби сазды кешке қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:Мемлекетіміздегі жоғарғы лауазым президенттік қызмет елдің, халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет.

1-жүргізуші:Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат, патриот қана атқара алады. Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!

2-жүргізуші:

Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далада атам қолға ту алған, 
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!-дей келе

Мектебіміздің оқушылары сомдаған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалық шағынан шағын көріністі тамашалаңыздар

Көрініс қойылымы: «Әке өсиеті»

1-жүргізуші:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді

2-жүргізуші: Қазақ ақын-жазушылары өз Отанына, туған еліне, жеріне деген ыстық сезімдерін өлеңмен жеткізген. Ендеше өлең жолдарына кезек берейік.

2-сынып оқушысы Шайзада Нұрлы «Мен Қазақпын»

1-жүргізуші:

Беу, Туған жер! Сен ыстықсың біздерге.

Мыңдаған дастан жатыр Халқым басқан іздерде.

Тұнып жатқан тарихыңнан көз алмай

Даналықтың жырын жастар іздер ме?

2-жүргізуші:

Жыр жазам деп талпынады жас балаң.

Тәй-тәй басып келе жатқан жас қалам.

Жүрегінің түкпірінен шығарып

Әннен шашу болды оған міне бір арман – деп

8 сынып оқушыларының орындауында « Егеменді Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:Нұрсұлтан Назарбаев — мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұсында жетті.

2-жүргізуші: Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек.Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына шолу жасау мақсатында  келесі видео материалды тамашаласақ.

Видео -1



1-жүргізуші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Ата-анасын қатты құрмет тұтқан,ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихы мен мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, жетік білетін, ұлтын жан тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп, халқының үміті мен сенімін, ақтап келе жатқан қалың елінің жанашыры, мұңдасы, тағдырласы бола білген ұлтжанды азамат.

2-жүргізуші Елбасы — халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшылармен терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын, елдескенде мейірімін шашатын саясаткер.

1-жүргізуші: «Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары, үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы- бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыты толық қанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім- білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын» — деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

2-жүргізуші:

Сан ұлттың басын қосып Қазақстан

Бекемдеп саясатын іш пен тыстан

Елбасы, алдын ала болжай біліп,

Сүрінбей аман өттік дағдарыстан

Жыл сайын табыс қоссын табысыңа

Әр қазақ берік болсын намысына

Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,

Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!-дей отырып,

9 -сынып оқушыларының   орындауында "Қазақ елі" әнін қабыл алыңыздар

1-жүргізуші:

Төле би сөзімен бүгінгі күнгі іс-шарамызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім, 
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар, 
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар, 
Атадан қалған сара жолым бар.

2-жүргізуші:
«Осындай тәуелсіз елімздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»

1-жүргізуші:

Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!

БІРГЕ: Қош сау болыңыздар!і


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 ақпан
635
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі