ШҚО «№8 балалар
үйі»КММ
«Елімнің бақытын
тербеткен Тәуелсіздік»
/әдеби сазды кеш
/
Тәрбиеші: Мусина
Л.М.
Семей қаласы –
2018ж.
Әдіс-тәсілі:әдеби сазды
кеш
Мақсаты:
1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай
саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан
болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып,
жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете
түсіндіру.
Тәрбиелік:
Өз Отанына, туған жеріне деген
сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын,
салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу
қабілетін дамыту.
Көрнекіліктер:
Қайрат Рысқұлбеков, Сабира
Мұхамеджанова,
Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова
суреттері. –плакат. Желтоқсан тақырыбындағы топтардың
қабырға газеттері және буклеттер. Қанатты
сөздер.
Алғы сөз.
Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін
біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің
ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен
келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған «Ар намысым,
қасіретім, мақтанышым – Желтоқсанымызға 25жыл толуына байланысты
«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» әдеби сазды кешімізді
көруге шақырамыз.
1-жүргізуші: Маша
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда,
Алма бақтар ак қырауға батқанда,
Күңірене күн күркіреп тау жақтан,
Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.
2-жүргізуші: Анжела
Желтоқсанда шындық жырын
шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.
Осыдан соң видео көрсетіледі. 5-6мин. Желтоқсан
туралы.
1-оқушы: Полина
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған
Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
1-жүргізуші: Маша
Қазір бұл күн қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі
бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ
халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің
бірі.
2-жүргізуші: Анжела
Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан
ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт
бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді.
2-оқушы: Бақтиза
Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.
Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.
Намысымның шырағы да – Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.
1-жүргізуші: Маша
Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі
1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10.00
да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып
келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің
пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.
2-жүргізуші: Анжела
Осыдан 25 жыл бұрынғы Алматы оқу орындарының бірінің жатақханасының
алдындағы оқиға. Көрініс.
Көрініс
- Қыздар, мен газет әкелдім.
- Не жаңалық шығыпты?
- КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Д.Қонаевты алып,
орнына
В.Колбинді тағайындапты.
- Колбин деген кім екен?
- Қайдан келіпті?
- Колбин Ульяновтан келіпті.
- Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат басқарсын!
- Біз демократияны талап етеміз.
- Қане жүріңдер, қыздар, жігіттер алаңға кетейік!
Видео ролик . Желтоқсан алаңы.
Өлең: Садыков Шыңғыс. «Қазақ жастары»
1-жүргізуші: Маша
Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз
жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз
жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат,
Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай
жастарымыздың өмірін үзді.
2-жүргізуші: Анжела
Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі
күйреген, рухани езілген балаң жігіт Қайрат. Қайрат есіл ер көзі
тірісінде жазған өлеңдері адам жүрегін тебірентеді.
Соның бірі «Менің тағдырым».
Өмір бойы жолым болып көрмеді,
Жылап келем бұл дүниеге келгелі.
Қайғы шаңы басты менің денемді,
Түспейді шаң сілкінсем де мен енді.
Жолдаған сәлемімді дос алмады,
Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны.
Айта берем, айта берем қайбірін,
Ауыр менің, ауыр менің тағдырым.
Тағдыр мені аямады, қорлады,
Жалынсам да, жыласамда болмады.
Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің,
Армандаған ақ сәулеге жетпедім.
1-жүргізуші: Маша
Осы өлең жолдары Қайраттың қатты қиналып Қазақстан
үшін жанын құрбан еткенін еске түсіруге болады.
(Осы кезде Қайрат, Ляззат, Сабира, Ерболдардың суреттері
көрсетіледі.
видео Желтоқсан құрбандары.
2-жүргізуші: Анжела
1 минут үнсіздік
1-жүргізуші: Маша
Орыны ағалардың бізбен толсын,
Сәбилер ағалардың жолын қусын.
1минут үнсіздікпен еске алайық,
Аруақ ағалардың ырза болсын.
Нұрсултан Назарбаевтың видеосы: Өмір жолдары
айтылады.
Маша таныстырады.
Тақпақтар:Кристина, Саша, Кристина, Алена, Аня.
Маралтай Ибраевтың поэмасы «КИЕ» орыдаушы
Редазубова Полина.
Өлең.Вика Р. «Қазақста»
1-жүргізуші: Маша
Тәуелсіздік - ел мұраты. Бұл біздің ұлан байтақ теңіздей қазақ
тарихының басынан кешкендерінің тамшысы ғана болса да, осы 17жылда
Қазақстанның дамып өркендеуін жылдармен өрнектейміз.
2-жүргізуші: Анжела
1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты
президент етіп сайлады.
1-жүргізуші: 1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы,
әнұраны, туы туралы заң қабылданды.
2-жүргізуші: 1993 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының
Конституциясы қабылданды. 15 қарашада төл теңгеміз алғаш реет
айналымға түсті.
1-жүргізуші: 1994 жылы Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері Т.Мұсабев
көк байрақты желбіретті.
2-жүргізуші: 1995 жылы ұлы Абайға 150 жыл толды.
1-жүргізуші: 1996 жыл Жамбыл жылы. Тәуелсіздік монументі
орнатылды.
2-жүргізуші: 1997 жылы «Қазақстан – 2030» стратегиясы
қабылданды.
1-жүргізуші: 1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.
2-жүргізуші: Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз салынды.
1-жүргізуші: 1999жыл Қорқытқа 1500 жыл тойын Қызылордада
тойладық.
2-жүргізуші: 2000жылы – Мәдениетті қолдау жылы.
1-жүргізуші:2001 жылы 18мамырда – Күлтегін ескерткішінің көшірмесін
И.Тасмағамбетов Астанаға әкелді.
2-жүргізуші: 2002 жылы – Денсаулық жылы.
1-жүргізуші: 2003-2005 жылдары Ауыл жылдары
2-жүргізуші: 2006жылы - Сыр елі өнер ордасы
1-жүргізуші: 2007жылы төл теңгеміз жаңа түрмен айналымға түсті.
2-жүргізуші:2008жылы Қазақстанның бас ордасына Астанаға 10 жылдығы
тойланды.
Маша Бәйтерек тақпағын айтады.
1-жүргізуші:
Тәуелсіздіктің түп тамырына желтоқсан оқиғасының
тікелей байланысы бар екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986
жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың
көрінісі болмаса керек. Желтоқсан оқиғасын ақындар да жырлаған. Ащы
шындықты терең жырлаған Мұхтар Шаханов ағамызда
бар.
Видео ролик көрсетіледі.
Бақтиза Мұхтар Шаханов туралы бірер сөз айтады.
Өлең оқиды.
2-жүргізуші:
Жас ақын бала Жамбыл Дүйсенов та өз өлеңдерінде отанға деген
патриоттық сезімін сүйіспеншілігін білдірген. Оның «Мен Қазақпын»
өлеңі.
Видео ролик көрсетіледі.
Тақпақ: Шыңғыс, Мұхамед-Расул.
Бақтиза өлең. «Көк тудың желбірегені»
1-жүргізуші: Маша
Бүгінде 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына 25 жыл
толуда. Ел іргесі тыныш, халқымыз бай-қуатты
болсын!