15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әдеби сазды кеш «Өмірі тұнған өнеге»
Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі
«И.Шорманов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Өмірі тұнған өнеге»
Әдеби сазды кеш
Ұйымдастырушылар: Жанбабаева Ж.Ж.
Сарыкова К.К.
Аманбаева Н.Ж.
Музыкалық көркемдеуші: М.Бектасов
Алмалы ауылы
2016-2017 оқу жылы
Бекітемін
Мектеп директоры:...........................
М.Даулетова
.....................2016 ж
Тақырыбы: «Өмірі тұнған өнеге»
Мақсаты: Мектептің тарихымен таныстыра отырып, Жетісу өңірінің еліне танымал болған мектебімізге аты берілген, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ауылшаруашылық қызметкері Инаш Қазбекұлы Шормановтың өмірі мен еңбек жолынан мағлұмат беру. Мектепті, яғни білім ордасын құрметтеу, Отанының адал ұл –қызы болуына жетелеу, тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайдтан көрсетілетін суреттер, нақыл сөздер, суреттер
Құрал жабдықтар: АКТ құралдары
Барысы
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
2-жүргізуші: Әкелер аз емес ау елімізде
Еңбегі, тері сіңген жерімізге.
Десе де Инаш аға бөлекше тым,
Толмайды орны ешкіммен төрімізде
1-жүргізуші: Өз Отанын, өз халқын жанындай сүйген, қадірлеп қастерлеген, туған халқы мен атамекені үшін аянбай қызмет еткен, сол еңбегінің жемісін көрген, қара нардай қайыспас қайрат иесі Инаш Қазбекұлы мен Дания Хакимқызының өмірі мен еңбек жолына арналған «Өмірі тұнған өнеге» атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: 1992 жылдан бері 15 желтоқсан мектеп күні болып аталып, мектеп күнтізбесіне енгізілген. Биыл да 24-рет мектеп күнін атап өткелі отырмыз.
1-жүргізуші: Ақтарған сәтте сарғайған тарих беттерін
Сезіндім мен де өткен күндердің көктемін
Жатырқамастан жаныма жылу сепкенің
Жүрегі дархан, мейірлі менің мектебім!
2-жүргізуші: Бүгінгі біздің мерейлі мерекемізге келген қонақтарымызбен таныстырып өтейік:
Жүргізушілер қонақтарының есімін кезекпен айтады
1._______________________________________________
2._______________________________________________
3._______________________________________________
4._______________________________________________
5._______________________________________________
6._______________________________________________
2-жүргізуші:
Шорманов мектебі деп ат алғалы
24 жыл болыпты атанғаны
Содан бері қаншама түлек ұшып
Қанша балғын, оқушы атанғаны
1-жүргізуші: Осы атаулы мерекемен баршаңызды құттықтай отырып, құттықтау сөз мектебіміздің директоры Даулетова Майгуль Купжасаровнаға беріледі.
(мектеп директорының құттықтау сөзі)
2-жүргізуші: Білесің бе, Біздің Инаш атамыздың ерен еңбектерін айтып тауысу мүмкін емес. Елінің, жерінің, Көктөбе совхозы мен Алмалы ауылының көркеюіне сіңірген еңбегі зор. Осы еңбектерін ұрпақтан-ұрпаққа аманат етуге үлестерін қосып отырған Көктөбе әкімшілігіне айтар алғысымыз шексіз. Сөз кезегін Көктөбе әкімшілігінен келген қонағымыз........................................беріледі.
Көктөбе әкімшілігінен сөз сөйлейді
1-жүргізуші: ............, біздің мектепте ән айтқанды жақсы көретін, болашақта әнші болғысы келетін оқушылар көп қой.
2-жүргізуші: Сөзіңнің жаны бар. Онда әнші қызымыздың бірі Аружанның «Мектебім» әнін тыңдасақ қалай болады.
Ән: «Мектебім»
1-жүргізуші: Кең тараған еңбекпен еселі үні
Кім білмейді өзіңді осы күні
Әлі талай ұрпағың жатқа айтады
Ел басқарған Инаштай есіміңді
2-жүргізуші: Олай болса мектебіміздің табалдырығын кеше аттаған жас бүлдіршіндерін тыңдайық. Мектебіміздің 1 сынып оқушыларының мектебіне арнаған өлеңдерін қабыл алыңыздар.
1. Инаш Шорманов атаның
Мектебінде оқимын
Ұстазымның әр сөзін
Көңіліме тоқимын
2. Жақсы оқып келемін
Сабақтан да қалмаймын
Осы өлең жолдарын
Мектебіме арнаймын
3. Сәлем саған мектебім
Алғыстарым көп менің
Оқу-білім тәрбие
Ой-санама тіккенсің
4. Партаға алғаш отырдым
Бұдан асқан бақыт жоқ
Оқушы болдым, мінеки
Ойнауға енді уақыт жоқ
1-жүргізуші: Желтоқсанның ызғарына ықпаған
Ақиқат пен адалдықтан бұқпаған
Әке жолын жалғастырған әлі де
Марат аға, мақтан етер мықты адам
2-жүргізуші: Кешіміздің қадірменді қонағы Инаш Қазыбекұлы Шормановтың ұлы Марат Инашұлы Шормановқа сөз кезегі беріледі.
Марат Инашұлы Шорманов сөз сөйлейді
1-жүргізуші: 1916 жылы Қарақара тауы етегінде болған Жәмеңке батыр бастаған Ұлт Азаттық көтеріліске Инаш Қазыбекұлы Шормановтың әкесі Қазыбек Шорманов қатысқан. Осы көтерілістің болғанына 100 жыл толуына орай Шорман әулеті Райымбек ауданында үлкен ас берілді. Сол асқа ұрпақтар сабақтастығы негізінде біздің мектебіміздің әкімшілігі, тарих пәнінің мұғалімдері барып көріп қайтты. Сол кездегі түсірілген сәттен үзінді видеожазбаны тамашалаңыздар.
ВИДЕОРОЛИК көрсетіледі
2-жүргізуші: Инаш ата қанша қиыншылықты тартып жүрсе де ата жолын қуып, ағайын, ауыл-аймақ, туған-туыс намысы үшін ғана емес, қазақ жұртының намысын қорғауға, ел дәулетін еселеп арттыруға қыруар тер төккен қайраткердің бірі.
1-жүргізуші: Ту ғып ұстап бабалар өсиетін
Әруағына әрдайым бас иетін
Жалғайды болашаққа бүгінгі ұрпақ
Қастерлеп аяулы әке қасиетін
2-жүргізуші: Ия, «Атадан пұл қалғанша, ұл қалсын» демекші Инаш ата мен Дания әжейдің өмір жолын жалғастыратын ұрпақтары, немере, шөберелерінің аталарына деп жазған естеліктерінен үзінді.
9 «А» сынып оқушылары
1 оқушы: қызы Дамира /Сарыкова А./
2 оқушы: ұлы Марат /Жұмабек А./
3-оқушы:келіні Бейбітгүл /Дөненбаева А./
4-оқушы: қызы Эльмира /Әуелбек А./
5-оқушы: немересі Эрлан /Жұмабек А./
6-оқушы: немересі Дания /Болатова А./
1-жүргізуші: ........... мектебіміздің ардагер ұстаздары Бақыт Әзілпатқызының сөзіне жазылған Мейрамбай Досмаханұлының Инаш атамыздың 100 жылдығына арнаған әні бар емес пе? Олай болса сол әнді тыңдайық.
Ән: «Инаш ата»
2-жүргізуші: Құрметті көрермендер! Өздеріңізкөріп отырғандай, Инаш Қазыбекұлы туралы мағлұматтардың барлығын біз мектебіміздегі Инаш Шорманов атындағы бәсіре мұражайы арқылы біліп отырсақ, бүгінгі бізге қонаққа Инаш Қазыбекұлын көзімен көрген інілері, қызметтестері келіп отыр.
1-жүргізуші: Қадірлеген ел едік бар ағасын,
Жеткізетін сөзімен мол бағасын
Мектебіміз аталған атыменен
Құрметтейді ұрпақтар, ел ағасын
1. Ендігі сөз кезегі ........................................................ беріледі. Сіз өмірде Инаш Қазыбекұлын көзіңізбен көріп, тәлім-тәрбиесін алған адамдардың бірісіз. Сіздің лебізіңізді тыңдай отырып, шәкірттеріміз бойына патриоттық тәрбие алады деген ойдамыз. /естеліктері тыңдалады/
2-жүргізуші: Жақсы жар, жақсы бала ердің бағы
Үй іші тату болса сынбас сағы.
Дәния әжейдің де үлесі мол
Қараған қамқоршы боп қас-қабағы
Құрметті............................................ Дания апайдың өмірде қандай қасиетін үлгі тұтасыз?
Ән 1-сынып оқушылары «БАЛАҚАН»
1-жүргізуші: Жан еді жаны таза, қаны таза
Адалдық намазы еді етпес қаза
Жасайтын нар қимылдар намыс үшін
Жасқа да, жасамысқа бермей маза
Құрметті: ...............................................................Инаш атамен байланысты есте қалған қандай қызықты оқиға бар?
2-жүргізуші: Ер еді ешқашан да қорынбайтын,
Ұстаз-ды нұсқайтын нақ жолыңды айқын.
Оп-оңай сөз бермейтін, сөз берсе егер
Тас құлап, тау көшсе де орындайтын
Құрметті......... ................................................. Инаш Қазыбекұлы қандай басшы еді?
Ән: «Перзент парызы» Болатова Арайлым
1-жүргізуші: Киелі атамыз Инаш Шорманов еңбекте ғана емес, жанұяда үлгілі отағасы, халқына сыйлы азамат, жақсы әке бола білгенін біз өмір дерегінен білеміз.
Серік Алпысқа келсең - дағы әке керек
Аңсайсың, сағынасың әкені ерек
Немере, шөбере өсіп жатса да үйде
Бос орнын іздетеді әке бөлек
Әкелер аз емес-ау елімізде
Еңбегі, тері сіңген жерімізге
Десек те Инаш аға бөлекше тым
Толмайды орны ешкіммен төрімізде
Аз емес ел ардағы – Еріміз де
Аз емес туыс, жекжат жерімізде
Сонда да соңғы әке Инаш болды
Орны бос тұрар мәңгі төрімізде
Жұлдыз: Ұзақ батыр, Жәмеңке ел бастаған
Қазыбек Шорманұлы дәмдес болған
Үшеуі де артынан халық ертіп
Ерліктерін көрсеткен өлмес бабам
Қанды майдан жасаған Қарқарада
Елі үшін ерлерде жан тына ма?
Мұз төсеніп, басына қар жастанып
Мекені де болыпты сарқырама
Қазыбек ерлік жасап сол майданда
Қанымен атын жазды ормандарға
«Ереуілтөбе» ескерткіш болып қалды
Алдағы болашаққа армандарға
Айболат: Кең тараған еңбекпенен еселі үні
Кім білмейді өзіңді осы күні
Әлі талай ұрпағың жатқа айтады
Ел басқарған Инаштай есіміңді
Көңілің де кең еді, өмірің де
Арқаладың халқыңның сенімін де
Совхозды да басқарып, ауданды да
Жұртың талай орады сені гүлге
Айта берсек өте көп терең сыры
Ашылмаған асуы, белес-қыры
Ұрпақтардан ұрпаққа ұмытылмас
Инаш ата секілі ер есімі!
Тоғжан: Асылдардан асыл туар еселі
Тау баласы тауға қарап өседі
Тұлпарлардың тұяғының сынығы
Артындағы ұрпақтары деседі
Қазыбек, Инаш ақсақалдар көселі
Тұяқтары бұтақ жайып өседі.
Бабалардың еңбектері қатталып
Өмір шіркін алға қарай көшеді
Өмір – өзен, алға қарай ағады
Жас ұрпақ та келер әлі саналы
Тұрақты боп егеменді еліміз
Жүрегіміз болмаса екен жаралы
1-жүргізуші: Мектебімізде көптеген жылдар бойы шығармашылықпен жұмыс атқарып жүрген ардагер ұстазымыз Азылпат Бақыт апай көптеген дарынды балалар тәрбиелеп келеді. Мектеп күніне орай Бақыт апайдан тәлім алып жүрген оқушыларымыз Нұрсапа Бексұлтан мен Сейтбаева Аяжанның орындауында айтыс! Тамашалаңыздар!
АЙТЫС Бексұлтан, Аяжан
2-жүргізуші: Мұғалім деген - ерекше тұлға, дара шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын
Мұғалім деген – аяулы адам, асыл жан
Шәкірт көңілінде күн болып, жайнап жанатын. – деп ақын ағамыз айтқандай сөз кезегін мектебімізге ерен еңбектері сіңген ардагер ұстаздарымызға берейік. Абдуллаева Нұрбүбі Айдарбековна, Сарыкова Құралай Тұрсыновна, Қайратова Мария Қайратовна, Оразбакова Бостангүл Бедербаевна, Әтейбекова Ғалия Абимолдаевна, Азылпат Бақыт.
/Ұстаздар тілек айтады/
1-жүргізуші: Біздің құрметті ұстаздарымызға мектебіміздің 5 сынып оқушылары Аружан мен Балжанның орындауында «Ұстаз қуанышы» әні. Ән сіздердің құрметтеріңізге арналады. Қабыл алыңыздар құрметті ұстаздар!
Ән: «Ұстаз қуанышы»
1-жүргізуші: :Мейрамбай Досмаханұлының шығармашылығынан Еңбекшіқазақ ауданына арнап шығарған әні «Еңбекшіқазақ»
Ән «Еңбекшіқазақ»
2-жүргізуші: Мектебіміздің 3-сынып оқушыларының Инаш ата мен мектебіне арнаған жүрекжарды өлеңдерін қабыл алыңыздар
1. Мектебім алтын ұям жарқыраған
Ұстазың білім көзі сарқыраған
Шыңдалып шыңға қарай қанат қақтың
Шарықта жас қыраны, ақ жол саған
Алтын ұя мектебім
Ыстықсың сен көзіме
Балалық шақтың көктемім
Өтіп жатыр күндерім
2. Айта берсек өте көп терең сыры
Ашылмаған асуы, белес қыры
Ұрпақтардан ұрпаққа ұмытылмас
Инаш ата секілді ер есімі
Сондағы тапқан қуат, жаным аға
Қара орман халқың берсін саған бата
Жас өрен, кейінгі ұрпақ танып өссе
Болады сізге мәңгі таймас таға!
3. Кең тараған еңбекпен еселі үні
Кім білмейді өзіңді осы күні
Әлі талай ұрпағың жатқа айтады
Ел басқарған Инаштай есіміңді
Көңілің де кең еді, өмірің де
Арқаладың халқыңның сенімін де
Совхозды да басқарып, ауданды да
Жұртың талай, орады сені гүлге
4.Жалын еді жүрегің жанып тұрған
Жігерленген шыңдалған суықтарда
Жақсыларды ертіп жаныңа
Әрқашан да сақ жүрдің бұзықтардан
5. Шыныққан ол мұздардан – суықтардан
Қалмаған да тойлардан, қызықтардан
Бес баласын өсіріп, білім беріп
Дәниядай апаймен сауық құрған
Айта берсек өте көп терең сыры
Ашылмаған асуы белес-қыры
Ұрпақтардан ұрпаққа ұмытылмас
Инаш ата секілді ер есімі
1-жүргізуші: Бүгінгі біздің кешімізге келген қадірменді қонақтарымыз ауылымыздың көркейіп, гүлденуіне үлес қосқан, Инаш атаның көзін көрген, иық тіресіп, бірге жұмыс істеген қызметтестеріне сөз кезегі беріледі.
2-жүргізуші: Жапар ата, Жұмабек ата, Аққыз апа сөз кезегі өздеріңізде.
1-жүргізуші: Мектебіміздің арадагар ұстаздарының бірі музыка пәнінің мұғалімі Бектасов Мейрамбай Досмаханұлының біздің туған өлкеміз - Алмалы ауылына арнап шығарған «Алмалым!» атты әнін тамашалаңыздар!
Ән: Алмалым
2-жүргізуші: Мектебімізде жылсайынғы дәстүр бойынша Мектеп күніне орай Инаш атаны тану мақсатында апталықтар өтіп отырады. Осы апталық барысында түрлі сайыстар, көрмелер ұйымдастырылады. Биылғы апталық аясындағы озық шыққан шәкірттеріміздің еңбектерін оқуға рұқсат етіңіздер
Оқушылар шығармашылығы
_________________________________________________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
1-жүргізуші: Шара апамыздың жолын қуған биші қыздарымыз бар. Сол бүлдіршіндеріміздің биін тамашалайық
Би: 3сынып оқушылары
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
2-жүргізуші: Ақылы дариядай тасқын еді
Пайымы парасаты асқан еді
Сондағы тапқан қуат жаным аға!
Қара орман халық берсін саған бата
Жас өрен, кейінгі ұрпақ танып өссе,
Болады Сізге мәңгі таймас таға! – дей кеде «Өмірі тұнған өнеге» қалдырған Инаш Қазыбекұлы Шорманов мәңгі тірі, мәңгі жадымызда!
1-жүргізуші: Мектепте Инаш Қазыбекұлы Шорманов атындағы мұражай бар. Мектебіміздің озат оқушылары гүлшоғын қою рәсімін жасайды.
Инаш Шорманов атамыздың туған күні мен Мектеп күніне арналған «Өмірі тұнған өнеге» атты әдеби кешімізді аяқтаймыз.
2-жүргізуші: Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет!
БІРГЕ: Қош сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген