жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Әдеби-сазды кеш. Қазақ өлеңінің Қадыры (Қадыр Мырзалиевтің өмірі мен шығармашылығына арналған)
Кештің мақсаты: талантты ақын Қадыр Мырзалиевтің ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына тоқталу. Қадыр өлеңдерін нақыштап оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу.
Кешті жабдықтау: ақын портреті,бейнематериал, слайд, кітап көрмесі, ақын-жазушылардың ақынға берген бағасы, ақын өлеңдерінен үзінділер.
Кештің жоспары
Бір қартың бар талмайтын (өмірдерек).
О, балалық! (балалық шаққа сапар).
«Күнім де, дінім де сен» (Ақынның туған жер, табиғат, ана тақырыбындағы жырлары).
Махабаттың қос жанары.
Адалдық пен Беріктік. (Махаббат, достық, қонақжайлылық туралы ақынның толғаныстары).
Қорытынды. Ана тілің-арың бұл.
Кештің барысы
1-жүргізуші. Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі кешіміз талантты ақынымыз Қадыр Мырзалиевтің шығармашылығына арналады.
2-жүргізуші. Бұл кеш ақын Қадыр Мырзалиевтің өмірінен бастап отты жырларымен толық танысуымызға жол ашады деген ойдамын.
1-жүргізуші.
Бір қартың бар талмайтын,
Бал арманын сатпайтын.
Отқа салсаң-жанбайтын,
Суға салсаң-батпайтын.
Жоғалмайды адамның
Сараңдығы,
Мәрттігі...
Кімнің қалай болғанын
Танытады қарттығы.
2-жүргізуші.
Есімі әдебиет пен жыр сүйер қауымға мәшһүр ақын, мемлекет және қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қадыр Мырзалиевтің өлеңдері әдебиетімізде қазіргі кезде шоқтығы биік туындылардың қатарына жатады. Мырзалиев Қадыр Ғинаятұлы 1935 жылдың 5 қаңтарында Батыс Қазақстан облысы, Жымпиты ауданында дүниеге келген. Ақын, Қазақстанның халық жазушысы, ҚР тұңғыш әнұранының авторларының бірі. 1958 жылы ҚазМУ-дың филология факультетін бітірген. 1958-93 жылдар аралығында «Балдырған» журналында әдеби қызметкер, «Жұлдыз» журналында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, «Балауса» баспасының редакторы қызметін атқарды. Қ.Мырзалиевтің алғашқы өлеңі 1954 жылы «Пионер» қазіргі «Ақ желкен» журналында жарияланған. Тұңғыш жинағы: «Көктем» 1959 жылы жарық көрді. М-тың «Жаңғалақтар» 1960 «Кішкене Қожанасырлар» 1961, «Данышпан»1961, «Ноян- Қоян» 1962, «Алуан палуан» 1963, «Сабақ» 1964 атты кітаптары қазақ балалар әдебиетіне қосылған елеулі үлес болды. Ақын «Ой орманы» 1965, «Дала дидары» 1966ж, «Ақ отау»1968ж, «Домбыра» 1971ж, «Көш» 1973, «Жер ұйық» 1976ж, «Алақан» 1977ж, «Қорамсақ» 1980-1981жж, «Қызыл кітап» 1983ж, «Күміс қоңырау» 1970-1985жж жыр жинақтарында нәзік лирик сезімді терең философиалық ой- толғаныстарымен шебер ұштастырған. «Мәңгі майдан» 1993ж, «Биік баспалдақ» 1993ж, «Үкілі үзінділер» 1996ж, «Ғибратнәмә»2001ж, «Алаштың арманы» 2001ж, «Жазмыш» 2001ж, «Еңіреп өткен ерлер-ай»2001ж, «Иірім» 2004 ж, «Шырғалаң» 2004 ж, «Алмас жерде қалмас» 2004 ж, т.б.40-тан астам жыр жинақтары мен балаларға арналған топтамалардың авторы. Оның 200-дей өлеңіне ән жазылып, «Күндер-ай» деген атпен 1984 жылы жеке жинақ болып шықты. Драматургияда Алдаркөсе туралы «Сақалдың саудасы» атты сатиралық-комедия мен Махамбеттің соңғы күндеріне арналған «Жаралы Жолбарыс» атты драмасын жазды. Соңғы шығармасы үшін 1997 жылы Махамбет атындағы сыйлыққа ие болды. Оның шығармалары әлем әдебиетінің озық үлгілерімен үндес келіп, философиялық-дидактикалық дәстүрлі дамыта жырлаған өзіндік өнерімен танылды. Ақын өлеңдері ағылшын, француз, неміс, болгар, венгр, фин тілдеріне аударылған. 1980 жылы ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 2011 жылы қайтыс болды.
1-жүргізуші.
О, балалық! Естен шықпас үзігім,
Өте шықты көз алдымда қызығың.
Бәрі-бәрі,
Бәрі кетті,
Жалғыз-ақ
Қалды бетте ұят деген қызылың!-деп Қадыр ағамыз жырлағандай балалық шақ біздің ең қимас, бақытты шағымыз емес пе?
2-жүргізуші.
Мекен-жұртым, жыр күтіп далаң менен,
Мен далаңнан нәр алып, аман келем.
Екі нәрсе мәңгілік:
Бірі-өзің де,
Бірі-мендік махаббат саған деген.
1-жүргізуші.
Пәк ауаға кешегі кім шалады?!
Түтін, тұман аспанды тұмшалады.
Кір шалады қанатын аққулардың,
Соны ойласаң көңілді кір шалады.
Бар дейсің бе өмірде азап ондай?
Дүние азса ол ендіазады оңбай!
Адам таза болмайды ешқашанда
Айналайын, табиғат таза болмай.
2-жүргізуші.
Туған жер, табиғат-бұл ақынның ең басты тақырыбы. Қазір сіздер экология тақырыбындағы ақынның жүрекжарды сырымен ой бөлісесіздер. Кезекті ақын өлеңдеріне берейік.
«Туған жер» Райымбекова Ақнұр
«Қызыл кітап» Абдуалиев Арсен
Сонымен қатар Қадыр ағамыз Қыз Жібек фильміне арнап ән жазған. Бұ ән «Ақжайық» деп аталады. Әні атақты күйші, сазгер, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтікі. Орындайтын: А-21 тобының студенті Мәдениетова Самал
1-жүргізуші.
Тұрғанмен ана алшақта,
Ұмытпайды ұлың парызды.
Көңілім менің сен жақта,
Компастың тілі тәрізді.
2-жүргізуші.
Қиын да қысылтаяң кезде шыдамдылықпен, ақылмен, мейірімділікпен аялай мәпелеп, еркелігімізді кешірген, өмірге дұрыс жол сілтеген аналарымызға, әкелерімізге біз мәңгі қарыздармыз. Ақынның енді бір топ өлеңдері абзал аналар мен әкелерге арналады.
1. «Он баласы бар ана»
2. «Әке».
3. «Ене»
4. «42-жыл»
5. «Ана
Ақынның сөзіне жазылған ән «Тамаша»
Орындайтын: Әбдіразақұлы Кенжебек
1-жүргізуші.
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді.
Қонақ бізге тағдырдың ұл бергені секілді,
Кім болса да қазақтың бір көргені секілді.
2-жүргізуші.
Жайлауың болар жеріміз,
Төсегің болар төріміз.
Білгіңіз келсе қазақты,
Қонағы болып көріңіз.
Әуелден жомарт серіміз,
Асылын жырдан теріңіз.
Білгіңіз келсе қазақты,
Ән-күйін тыңдап көріңіз.
«Бабамыздың шоқ басқан табанымен» Оқитын НШО-21 тобының оқушысы Елжанова Ермек
1-жүргізуші. Ән «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» Орындайтын: Сарбасова Райхан.
2-жүргізуші.
Байқамайды екенбіз,
Бақыт деген екеуміз.
Аяқ екеу, қолда екеу,
Көз жанарың ол да екеу,
Екеу қаста құлақта,
Жүрек жалғыз бірақ та.
Сондықтан да сол жүрек,
Елегізіп, елжіреп,
Іздейді екен егізін,
Естісем деп лебізін.
1-жүргізуші.
Қай ақын болмасын, ғашықтық жырын жырламағаны жоқ шығар. Олай болса Қадыр ағамыздың нәзік сезім махаббат, жастық тақырыбына арналған өлеңдері де жетерлік. Сол шығармаларының бір тобын өздеріңізге тарту етеміз.
1. «Студенттік қызықтар»
2. «Ғашықтық»
3. «Студенттерге»
2-жүргізуші.
«Қадыр Мырзалиевтей қадау талантқа ғана айтылар бағаның салмағын ешбір сөзбен жеткізе алмайсың.
Бала көкірегіне ұялаған бал сөздердің қорғасыннан құйған сақадай дөп түсіп жатқан салмақтысы, оңай айтылып, қиынды ұқтырар ойнақысы, тал бойында бір міні жоқ көркемі мен жинақысы, Қадыр қаламынан шыққан болып шығары даусыз. Оқушы қауымның ыстық ықыласы мен шынайы сүйіспеншілігіне қапысыз бөленген Қадыр Мырзалиевтей ақын кемде-кем», дейді талантты жазушы Әбіш Кекілбаев.
Қадыр Мырзалиевтің «Қазығұрт» баспасынан 12 томдық шығармалар жинағының шығуы қазақ әдебиетінің асыл қазынасына қосылған мол мұра екені даусыз. Қадыр Мырзалиевтің балаларға арналған шығармалары оның балалар ақыны екенін тағы да әйгілеп отыр.
1-жүргізуші.
Құрметті жыр сүйер қауым! Бүгінгі орындалған әсем ән де, шебер тілмен жазылған көркемсөз де қазақтың ақын ұлы Қадыр Мырзалиев ағамыздың шығармалары. Алдағы уақытта мұндай ұлы адамдар өмірі мен шығармашылығына арналған поэзиялық кештер жалғасын табады деп сенеміз.
Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте-деп жырлаған Қадыр Мырзалиев-сегіз қырлы, бір сырлы дарын. Табиғат перзенті-ақын, ал сол перзенттің қолдаушысы –халқы. Халқы аманда ақын да аман, ақын да бақытты.
1-жүргізуші.
Бақыт деген-досыңның табағында,
Бақыт деген-домбыра шанағында.
Бақыт деген-өзіңнің босағаңда,
Бақыт деген-халықтың қабағында.
2-жүргізуші.
Қадыр Мырзалиевтің бата үлгісінде жазылған өлеңін Э-11 тобының оқушысы ------------------------------сіздерге тарту етеді.
1-жүргізуші.
Бүгінгі поэзиялық кешімізді ақынның отты өлеңдерінің бірі Атамекенмен аяқтаймыз.
Кеш соңында «Атамекен» әні хормен орындалады.
Өмірдерек
Есімі әдебиет пен жыр сүйер қауымға мәшһүр ақын, мемлекет және қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қадыр Мырзалиевтің өлеңдері әдебиетімізде қазіргі кезде шоқтығы биік туындылардың қатарына жатады. Мырзалиев Қадыр Ғинаятұлы 1935 жылдың 5 қаңтарында Батыс Қазақстан облысы, Жымпиты ауданында дүниеге келген. Ақын, Қазақстанның халық жазушысы, ҚР тұңғыш әнұранының авторларының бірі. 1958 жылы ҚазМУ-дың филология факультетін бітірген. 1958-93 жылдар аралығында «Балдырған» журналында әдеби қызметкер, «Жұлдыз» журналында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, «Балауса» баспасының редакторы қызметін атқарды. Қ.Мырзалиевтің алғашқы өлеңі 1954 жылы «Пионер» қазіргі «Ақ желкен» журналында жарияланған. Тұңғыш жинағы: «Көктем» 1959 жылы жарық көрді. М-тың «Жаңғалақтар» 1960 «Кішкене Қожанасырлар» 1961, «Данышпан»1961, «Ноян- Қоян» 1962, «Алуан палуан» 1963, «Сабақ» 1964 атты кітаптары қазақ балалар әдебиетіне қосылған елеулі үлес болды. Ақын «Ой орманы» 1965, «Дала дидары» 1966ж, «Ақ отау»1968ж, «Домбыра» 1971ж, «Көш» 1973, «Жер ұйық» 1976ж, «Алақан» 1977ж, «Қорамсақ» 1980-1981жж, «Қызыл кітап» 1983ж, «Күміс қоңырау» 1970-1985жж жыр жинақтарында нәзік лирик сезімді терең философиалық ой- толғаныстарымен шебер ұштастырған. «Мәңгі майдан» 1993ж, «Биік баспалдақ» 1993ж, «Үкілі үзінділер» 1996ж, «Ғибратнәмә»2001ж, «Алаштың арманы» 2001ж, «Жазмыш» 2001ж, «Еңіреп өткен ерлер-ай»2001ж, «Иірім» 2004 ж, «Шырғалаң» 2004 ж, «Алмас жерде қалмас» 2004 ж, т.б.40-тан астам жыр жинақтары мен балаларға арналған топтамалардың авторы. Оның 200-дей өлеңіне ән жазылып, «Күндер-ай» деген атпен 1984 жылы жеке жинақ болып шықты. Драматургияда Алдаркөсе туралы «Сақалдың саудасы» атты сатиралық-комедия мен Махамбеттің соңғы күндеріне арналған «Жаралы Жолбарыс» атты драмасын жазды. Соңғы шығармасы үшін 1997 жылы Махамбет атындағы сыйлыққа ие болды. Оның шығармалары әлем әдебиетінің озық үлгілерімен үндес келіп, философиялық-дидактикалық дәстүрлі дамыта жырлаған өзіндік өнерімен танылды. Ақын өлеңдері ағылшын, француз, неміс, болгар, венгр, фин тілдеріне аударылған. 1980 жылы ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
Жинақтары
Шыққан жылдары |
Кітап атаулары |
1959ж |
«Көктем» |
1960ж |
«Жаңғалақтар» |
1961ж |
«Кішкене Қожанасырлар» |
1961ж |
«Данышпан» |
1962ж |
«Ноян- Қоян» |
1963ж |
«Алуан палуан» |
1964ж |
«Сабақ» |
1965ж |
«Ой орманы» |
1966ж |
«Дала дидары» |
1968ж |
«Ақ отау» |
1971ж |
«Домбыра» |
1973ж |
«Көш» |
1976ж |
«Жер ұйық» |
1977ж |
«Алақан» |
1980-1981жж |
«Қорамсақ» |
1983ж |
«Қызыл кітап» |
1970-1985жж |
«Күміс қоңырау» |
1984ж |
«Мәңгі майдан» |
1993ж |
«Биік баспалдақ» |
1993ж |
«Үкілі үзінділер» |
1996ж |
«Ғибратнәмә» |
2001ж |
«Алаштың арманы» |
2001ж |
«Жазмыш» |
2001ж |
«Еңіреп өткен ерлер-ай» |
2001ж |
«Иірім» |
2004ж |
«Шырғалаң» |
2004ж |
«Күндер-ай» |
2004ж |
«Алмас жерде қалмас» |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген