400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әдебиет әлемінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: "Әдебиет әлемінде" әдебиетітік оқу пәні бойынша сыныптан тыс іс-шара Міндетті: Оқушылардың оқырмандық талғамын қалыптастыру. Танымдық іс - әрекетттерінің белсенділігін дамыту. Рухани жан - дүниесін байыту. Мақсаты : 1.Оқушылардың білімге деген құштарлығын,ізденісін, қызығушылығын арттыру,логикалық ойлау қабілетін дамыту. 2.Оқушыларды еркін сөйлеуге,өз білімін көрсетуге шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру. 3.Топпен жұмыс жасауға,ұйымшылдыққа баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:  "Әдебиет әлемінде" әдебиетітік оқу пәні бойынша сыныптан тыс іс-шара

Міндетті:

Оқушылардың оқырмандық талғамын қалыптастыру. Танымдық іс - әрекетттерінің белсенділігін дамыту. Рухани жан - дүниесін байыту.

Мақсаты : 1.Оқушылардың білімге деген құштарлығын,ізденісін,

қызығушылығын арттыру,логикалық ойлау қабілетін

дамыту.

2.Оқушыларды еркін сөйлеуге,өз білімін көрсетуге

шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру.

3.Топпен жұмыс жасауға,ұйымшылдыққа баулу.

Керекті құрал - жабдықтар: музыка, проектор, тапсырмалар

Жүргізуші:

«Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес. Әр адамның ең жақын досы – кітап болғанда, сол нәрлі достық ең әуелі әдебиет кітабымен достасудан басталады» деп қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай рухани қазынамыз, қайнар бұлағымыз әдебиет әлемінің парақтарына үңілмекпіз. «Әдебиет әлемінде» атты сыныптан тыс іс - шарамызға қош келіпсіздер!

Жүргізуші:

Қазақ халқы кітапты киелі, қасиетті, құдіретті зат деп бағалаған. «Ой маржаны – кітапта», «Кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы», «Кітаппен кеңес, білімдімен теңес», «Білім тозбайды, білімді азбайды» деп кітапты жоғары бағалап, әулиеге балап, кітап сөздерін жаттап, ойында сақтай білген.

Кезендер:

  1. Миға шабуыл

  2. Мың бір мақал,жұүз бір жұмбақ

  3. Жанылпаштар

  4. Сергіту сәті

  5. Кім жүйрік (мәтіндерді оқу)

  6. Кім жылдам (оқу жылдамдығы)

  7. «Сөз ойла, тез ойла» шығармашылық жұмыс. Бір сөзден бірнеше сөз жасау. Қанағаттандырылмағандықтарыңыздан


Сұрақтар :

1 сынып

1. Қабат – қабат қаттама, ақылың болса аттама (кітап - книга)
2. Жеті қазынаның бірі (ит - собака)
3. Ұшқан.... жүгірген аң бәрі тамақ (құс - птица)
4. Сағат сайын қағылады
Тек мектептен табылады. (Қоңырау - звонок)
5. Бірінші байлық (денсаулық - здоровье)
6. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі (көктем - весна)
7. Ең қымбат адам (ана - мать)
8. Қалқиып екі құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады (қоян - заяц)


2 сынып

1)Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген кім?

Ыбырай Алтынсарин

2) Балаларды оқуға шақырған Ыбырай Алтынсариннің өлеңі қалай аталады?

Кел,балалар, оқылық

3) «Ата-ана алдындағы борышың» деген тіркестегі «борышың» сөзін басқаша қалай айтуға болады?

Қарызың

4) Өлең жазатын адамды қалай атайды?

Ақын

5) Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім?

Ахмет Байтұрсынов

6) «Аласың білім кітаптан» деген ақыл сөз кімнің шығармасында келтірілген?

Ілияс Жансүгіров

7) Қартқожа қай жазушының кейіпкері?

Жүсіпбек Аймаутовтың

8) Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уалиханов туралы жазған жазушы кім?

Сапарғали Бегалин

9)Абайдың нақыл сөзін аяқта

«Адам баласының ең жаманы- ... »

Талапсыз

10) Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде аталған бес жаман істі ата.

Өсек ,өтірік ,мақтаншақ ,еріншек ,бекер,мал шашпақ

3 сынып


1. Халық ауыз әдебиетін кімдер шығарған? ( халық)
2. Қой иесін ата. (Шопан ата)
3. Жұмбақ: Суға батпайды, отқа жанбайды. (мұз)
4. Мақал - мәтелдердің көлемі қандай болады? (қысқа)
5. Қазақ ертегілері неше топқа бөлінеді? (3)
6. «Бала Шоқан» повесінің авторы кім? (Сапарғали Бегалин)
7. « Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмаларының авторы кім? (Ілияс Жансүгіров)
8. Адам мен табиғат арасындағы байланысты ашатын шығарма.(Көксерек. М. Әуезов)
9. «Әжемнің әнгімесі» шығармасы кім туралы? (Абай)
10. «XX ғасырлардың Гомері» атанған ақын.(Жамбыл)

4 сынып


1. Қобыланды мінген ат. - Тайбұрыл
2. Жиренше кім? – тапқыр шешен
3. Мақал: Ел іші – ( алтын бесік)
4. Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім» өлеңі не туралы? (ерлік туралы)
5. «Көксерек» кімнің шығармасы? (Мұхтар Әуезов)
6. Қазақтың киелі саны.(жеті)
7. «Әнші» әңгімесіндегі Әмірхан кімнің прототипі? (Әміре Қашаубаев)
8. « Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмаларының басты тақырыбы қандай? ( қазақ ән - күйі, өнерпаздар тағдыры)
9. Сиыр иесін ата. (Зеңгі баба)
10. Халықтың ауызша тараған көркем әңгімесі. (ертегі)

Жүргізуші:

Осымен сайысымыз да аяқталды. Әділқазыларымыз ұпайларын толық есептеп алғанша,
Жүргізуші:

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Сөз қазылар алқасына беріледі.
Жеңімпаз топқа мақтау қағаздары мен сыйлықтар табыс етіледі. Қатысқан оқушыларға ынталандыру сыйлықтары беріледі.
Алдағы уақытта да биік жеңістерден көріне беріңдер!
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.01.2026
5
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі