400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әдебиеттік оқу 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге қосымша көмек. Әдіс тәсілдерді қарап, сабақта пайдалануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары



Сабақ: Әдебиеттік оқу

Мектеп: №12 І.Қабылов атындағы орта мектебі


Күні: 01.03.2018 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Алиева Гүлжайна


Сынып: 3 Б

Қатысқандар:

Қатыспағандар: 0

Сабақтың

тақырыбы:

Қайырымдылық.Мағзұм Сүндетов

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Мәтін мазмұнын түсіну

Мәтіннің негізгі идеясын білу


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

1.Мәтін мазмұнын бөліктерге бөліп оқиды,мазмұнын түсінеді.

2. Мәтінді талқылау арқылы негізгі ойын айтады.


Оқушылардың басым бөлігі:

1.Мәтін мазмұнын жүйелі өз сөзімен айтады.

2.Мәтіндегі негізгі идеяны анықтайды.


3. Кейбір оқушылар:

1. Мәтін мазмұнын көркем тілде мазмұндайды.

2. Мәтіндегі негізгі ойды өмірмен байланыстырып мысалдар келтіреді.

Бағалау критерийлері

  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алады.

  • Әңгіменің мазмұндық тақырыбы мен идеясын ажырата алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Қайырымдылық,тазалық,бәкене,қақ

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Мағзұм Сүндетов,анасының жүзі жылыды,әркез қайырымды бол,үсітне қылау жұқтырмай.



Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Қайырымдылық дегеніміз не?

  2. Мұхтардың бойынан қандай жақсы қасиеттер байқадың?

  3. Анасы неліктен оған ұрыспады?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

«Қайырымдылық-асыл қасиет» мақалы шығарманың негізгі түйіні дегенге келісесің бе?


Алдыңғы оқу

Адам бойындағы жақсы қасиеттерді біледі.


Пәнаралық байланыс



Құндылықтарға баулу

Қайырымдылыққа,еңбекқорлыққа, адамгершілікке баулу. Сын тұрғысынан ойлау. Жеке, жұптық, топтық жұмыс барысында өзара сыйластықты, жауапкершілікті сезіну.



Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы


7 минут

























Сабақтың ортасы


30 минут








2 минут














1 минут






2 минут




1 минут










2 минут






8 минут








1 минут



2 минут









2 минут


10 минут









1 минут





5 минут



2 минут



1 минут



1 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен сәлемдесемін.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын қадағалаймын.

3. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік,жарық,мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым .

4. Сыныпқа қима қағаздағы «Қамқорлық», «Жанашырлық», «Мейірімділік», «Адамгершілік» сөздерін алғыза отырып, топтарға біріктіремін.

ІІІ. Жаңа тақырып.

Сыныптық жұмыс. «Түрткі сұрақ» әдісі арқылы оқушыларға ой қозғау үшін төмендегідей сұрақтар беріледі.

- Неліктен біз осындай сөздер арқылы топқа бөліндік?

- Осы сөздерді біріктіргенде қандай асыл қасиетті алуымызға болады?

-Қайырымдылық

Мұғалім түсіндірмесі.

Сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстырамын.

Мәтін мазмұнын түсіну

Мәтіннің негізгі идеясын білу


Автор туралы мәлімет беру

Мағзом Бижанұлы Сүндетов (1936- 1999) - жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Сүндетов әнгімелері "Ақжелкен", "Парасат", "Қазақ әдебиеті" сияқты белгілі баспасөз беттерінде жарияланған. Сүндетовтің тұңғыш "Жол айырығы" кітабы 1961 ж. жарық көрген. Сүндетовтің повесть, әңгімелері шет ел тілдеріне аударылған. Сүндетов "Еңбек ерлігі үшін" медалімен, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.[1]

Сөздік жұмыс

Бәкене-аласа

Қақ-іркіліп қалған жауын суы


1-тапсырма. Оқылым/Тыңдалым Топтық жұмыс.Мәтінді төрт бөлікке бөліп оқиды.Топта талқылайды. «Орындықтағы стикер» әдісі арқылы әр топтан бір оқушы берілген бөліктің мазмұнын айтады. (Әр топтан бір оқушының алдын-ала орындығына стикер жапсырылады, таңдау соған түседі.) Келесі топты бағалау критерийлері алдын-ала парта бетіне қойылады. Бағалау критерийлері

1. Мәтін бөлігінің толық мазмұндалуы

2. Дауыстың анық ,интонациямен болуы

Бағалау: ««Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

«Зымыран сұрақтар»арқылы мәтінді бекіту сұрақтарын қою.

-Мұғалима Мұхтарды не үшін мақтады?

- Мектептен келе жатып Мұхтар қандай оқиғаға тап болды?

– Ол нені құтқарды?

- Мұхтар не үшін қуанды?

- Мұхтарға анасы не үшін ұрыспады?

- Мәтіндегі негізгі кейіпкерлер кімдер?

- Әңгіменің «қайырымдылық» деп аталу себебі не?

- Мұхтардың орнында өзің болсаң қайтер едің?


Сергіту сәті


2-тапсырма. Топтық жұмыс.

1-топ. «Толықтыру тесті»

2-топ. «Еркін жазу» Мұхтарға хат

3-топ. «Оқиға картасын» құрастыру

4-топ. «Эйлер шеңбері» әдісі арқылы «Торғай» мәтіні мен «Қайырымдылық» әңгімесі арасындығы үндестікті анықтайды.

Келесі топты бағалау критерийлері алдын-ала парта бетіне қойылады. Бағалау критерийлері

1.Тапсырманың дұрыс орындалуы.

2. Тапсырманың сауатты орындалуы.



Бекіту

«210» әдісі арқылы сабақты бекітемін. 2минутта бүгінгі сабағымызда естеріңде қалған 10 сөз теріп жазу


Кері байланыс.

«Бес саусақ» әдісі


Үйге тапсырма

Мақал-мәтел жазып келу


Бағалау





























































Бас бармақ



































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
798
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі