Әдебиеттік оқу 3 сынып Егінші мен қасқыр

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әдебиеттік оқу 3 сынып Егінші мен қасқыр

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы Қордай ауданы

43 Б. Момышұлы атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Естемесова Марал Асанбековна

3 сыныбы пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: «Егінші мен қасқыр» (Литва ертегісі)

Сабақтың мақсаты: Ертегіні рөлдерге бөліп оқыту арқылы идеяны анықтап, терең түсініп, маңызын бағалау.

Сабақтың міндеттері: 1. Ертегінің мазмұнын түсіндіру, құнды ойлар айтуға дағдылан-

дыру.

2. Кейіпкердің мінез-құлқын рөлдермен бейнелеу арқылы негізгі

идеяны ашуға үйрету.

3. Ертегідегі негізгі идеяны жаңа жағдайда пайдаланады, нанды

құрметтеу ережелерін біледі, нанның адам өміріндегі маңызын

бағалау.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: ЖАДА, Диалогтық оқыту әдістері, Топтық жұмыс, «Ой қозғау»

Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: Ұн тағамдарының суреттері, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, топтық бағалау критерийлері.

Күтілетін нәтиже: 1. Ертегінің мазмұнын түсіне отырып, құнды ойлар айтуға дағдыланады.

2. Рөлдерге бөліп оқу арқылы, кеіпкерлердің мінез –құлқын бейнелей

алады.

3. Ертегі мазмұнынан алған білімдерін өмірде пайдаланады.

Сабақтың жоспары

Кезең

Сабақтың бөлімдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Білім


Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Оқушылармен сәлемдесу.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Оқушыларды топқа бөлу.

1-топ «Бидай»

2-топ «Нан»

3-топ «Құймақ»

4-топ «Тоқаш»

«Алтын ереже» құрып алу, таныстыру.


Мұғаліммен сәлемдеседі.

Шеңбер құрып тұрады, бір-бірімен қол ұстасып, өзінің оң жағындағы оқушыға жақсы тілек білдіреді. Сыныптағы барлық оқушы орындап шығады. Қима қағаздағы сөздер арқылы 4 топқа бөлініп отырады.

«Алтын ережемен» танысады.


Түсіну


Сабақтың мақсатын қою.

Қызығушылығын ояту.

«Бағалау критерийлерімен» таныстыру

(Кесте әр топқа таратып беріледі)

1.Үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап беруі.

2. «Шегіртке мен құмырсқа» мысалындағы негізгі ойды түсінуі, өмірмен байланыстыруы.

3.Жаңа сабақ бойынша белсенділігі.

4. Ертегідегі негізгі ойды аша білуі.

5. «Алтын ережені» сақтауы.

6.Жалпы ұпай саны

Әр топ араларынан белсенді бір оқушыны топ басшы етіп сайлайды.


Топ басшылары берілген критерийлер бойынша әр топ мүшесінің аты жазылған тұсқа «+» табасын қойып отырады.



Үй тапсырмасы

«Ой қозғау» Әр топқа үй жұмысы бойынша тапсырмалар бөліп беріледі.

1-топ. Мысалды рөлге бөліп оқиды.

2-топ. Жасылмен жазылған сөздерді талдайды.

3-топ.Жаз, қыс мезгіліндегі шегірткенің іс-әрекетін атап, мінездеме береді.

4-топ. Шегіртке мен құмырсқаны салыстыра сипаттайды.

Топ басшылары үй тапсырмасы бойынша белгілеп отырады.


Қолдану

Жаңа сабақ

Қызығушылығын ояту.

Болжау стратегиясы

Мағынаны ажырату

«Болжау стратегиясы»

«Ұн тағамдары» бейнеленген суреттердің жаңа сабаққа қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар?

Олай болса ойымызды нақтылау үшін оқулықтың 50 бетіндегі «Егінші мен қасқыр» литва ертегісін оқып көрейік.

Топтарға тапсырмалар беріледі.

1-топ.Ертегіні рөлге бөліп оқиды.

2-топ.Берілген суретпен ертегінің арасындағы байланысын айтады.

3-топ. Сызбадағы сөздерді орындалу ретіне қарай орналастырады.

4-топ.Нанды құрметтеу ережелерін айтады.


Тақтада ілінген ұн тағамдарының суреттері бойынша өз ойларын болжап айтады.



Әр топтан екі оқушы ертегіні оқиды.





Әр топ тапсырмалар бойынша дайындалады.

Тапсырмаларды орындайды


Жинақтау

Қорыту

Оқушылар «Дастарқанда наны жоқтың, өмірінің мәні жоқ» дегенді қалай түсінесіңдер?

Ертегідегі негізгі ой қандай?

Әр топ мақалдың түйінін айтады.

Негізгі ойды айтады.







Бағалау

«Бағалау критерийі»

Әр топтың алдындағы бағалау парағы жинап алынады.

Шыққан нәтиже бойынша бағаларын алады



Үйге тапсырма

Ертегіні рөлге бөліп оқу.

Нан туралы мақал-мәтел жаттау

Күнделіктеріне жазады.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2023
238
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі