Сурет
орны
3х4
Карагулова Айнур Итемгеновна,
№52 негізгі мектептің
әдіскері
Бастауыш класс
мұғалімі
Ақтөбе
қаласы
Karagulova_2015@mail.ru
Менің үйлестірушілік
курстан алған әсерім
(Эссе) «Егер сен
болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса»
Махатма Ганди
Бала қиял жетелеп ұстаздық
қызметті таңдап, осы саланың қыр сырын үйреніп,оның қатпар-қатпар
жоталарынан асып-асып қырқасына жетем бе дегенше талай-талай
өзгерістердің куәсі болатынымыз сөзсіз сияқты.Білім беру
саласындағы сындарлы оқыту бағдарламасы күні кеше танысып жаңалық
тапқандай едік. Енді, міне тағы да жаңалық, жаңартылған білім
мазмұны мен үшін жұмбақ,мен үшін құпия
еді.
«Оқу инемен құдық қазғандай»
демекші,шығармашыл,ізденімпаз ұстаз ғана табысты болады.
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру
бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын
қанағаттандыратын тың бағдарлама. Аталған білім беру бағдарламасы
туралы түсінгенім мен ұғынғаным мол. Кәсіби тұрғыда жаңа сатыға
қадам басып,білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр сырын зерттей
бастаған сәтімде арнайы үйлестірушілік курсқа келуім бағдарлама
туралы туындаған сұрақтарыма жауабын табуыма мүмкіндік
берді. Осы
курста біраз мағлұмат
алдым.Бізді тренер
Фарида Жонысқызы жылы
жүзімен қарсы алды. Алғашқы күнгі тренердің берген
ақпараттарынан-ақ, мен бұл курс оқушы мен мұғалімнің арасындағы
байланыс туралы екеніне бірден көзім жетті. Алғашқы, 1-апта мен
үшін өте тез өтті. Мәліметтер жаңаша, жақсы, ынталандырарлықтай
болды. Мейрам қарсасында көңіл күйемізді өте жақсы
болды. Топтағы жұмыс істеуіміз маған жақсы
ұнады. Білім іздеген ұстаздардан
үйренгенімізде, үйренерімізде көп болды. Оқушы
бойындағы қабілетті жетілдіріп,оқушыларды болашаққа жетелеп,жақсы
іс бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім беру бағдарламасының
ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Критериалды бағалау
кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің
нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі
тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау.
Баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Бұл бағалау жүйесінің
артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына
ықыласын туғызады. Кеңестік заманнан қалған бес балдық бағалау
жүйесі жойылады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу
үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі
түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып,
оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді
және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік
береді.
Әр уақытта білімді алға
қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай
талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Елді өсіретін де, төмен түсіретін
де – білім. Сондықтан да барлық жаңашыл әдіс-амалдарды тиімді
пайдалана білу біздің үлесімізде, құрметті
әріптестер!
Эссені ресімдеу жөніндегі
талаптар
Құрметті
әріптес!
Қалыптасқан дәстүр бойынша
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік
орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп
әзірлеген деңгейлі бағдарламалары тыңдаушыларының эсселері жинағын
құрастырып отыр. Осыған байланысты Сізден Қазақстан Республикасы
педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі
бағдарламаларының курстарында оқытудың тиімділігі
жөнінде Өзіңіздің
ой-пікіріңізді эссе жүзінде білдіруіңізді
сұраймыз.
Эссенің тақырыбын Өзіңіз
таңдайсыз және ол әртүрлі болуы мүмкін: курстағы оқудан кейінгі
Сіздің педагогикалық білімнің мазмұнына деген көзқарасыңыз;
деңгейлі бағдарламалар аясында оқу барысында Сіздің кәсіби
дамуыңыздың динамикасы; алған білімдеріңіздің оқыту әдістерін ой
елегінен өткізуге әсері; деңгейлі бағдарламалардың жеті модулінің
ерекшеліктері мен нәтижелілігі; оларды Өзіңіздің оқыту
практикаңызда қолдануыңыз; курста оқытудың жаңа форматының
тиімділігі және тағы да басқалар.
Эссенің көлемі бір парақтан
аспауы керек.
Эссе жазу кезінде эпиграфтар,
цитаттар қолдануға болады.
Эсселердің жинағы басып
шығарылып, курс аяқталысымен әрбір тыңдаушыға
тапсырылады.
Эссені ресімдеуге қойылатын
талаптар 1-қосымшада көрсетілген.
1-қосымша
Сурет
орны
3х4
Абдрахманова Гүлнар
Аманғалиқызы,
№4 орта
мектеп директоры
Талдықорған қ.
Алматы
облысы
gulnar@mail.ru
Тақырыбы
Эпиграф
Э С С Е М Ә Т І Н
І
Э С С Е М Ә Т І Н
І
Э С С Е М Ә Т І Н
І
Э С С Е М Ә Т І Н
І
Эссені рәсімдеудің
техникалық талаптары:
-
Эссе жазу тілдері: қазақ,
орыс, ағылшын (таңдау бойынша);
-
Көлемі
- 1 беттен аспауы
тиіс;
-
Эссе Microsoft
Word мәтіндік редакторында
рәсімделеді;
-
Шрифті -
Times
New
Roman;
-
Шрифт өлшемі –
12;
-
Әріп аралық
интервал – 1;
-
Парақтардың
параметрлері:
-
қағаз көлемі –
А4
-
бағыты –
кітапша
-
шет жолдары: жоғарғы – 2,5 см;
төменгі – 2 см; сол жағы -3 см; оң жағы – 2
см.
-
шеткі жағынан колонтитулға
дейін: жоғарғы – 1,2 см; төменгі – 1,25
см.
Фотосурет
JPEG-те
жеке файлмен қосымша
берілуі керек. Файлды өз тегіңіз бен
аты-жөніңізді жазып белгілеңіз.