400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әдебиеттік оқу 4-сынып, мамандық туралы ойым

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандық таңдау туралы мәтін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мамандық сөзін естігенде ойымызға бірден дәрігер, тігінші, мұғалім т.б келетін еді. Кішкентай кезімізден бастап мамандық таңдауды үйрендік. Балалық  шақтағы мақсаттар үлкен армандардың бастауы болатын. Бірақ қазір өскен сайын әрбір мамандықтың  өз қиындығы бар екенін түсіндік. Оған қандай пәндер керек екенін де білеміз. Алайда адам баласы сол қиындыққа төтеп бере білуі қажет.Мақсатқа жету   үшін,арманыңды дұрыс таңдауың керек. Егер арман іске аспаса, мақсатыңның құр болғаны.                                            

Мамандық таңдау-өміріңіздің кірпішін дұрыс қалаумен пара-пар.Егеменді елдің ертеңі біздің дұрыс таңдар мамандығымызға байланысты. Бұл зор дайындық пен жауапкершілікті талап етеді. Ең бастысы адамда сенім керек. Сол сеніммен ғана мақсатыңды, мамандығыңды дұрыс таңдағанына сенесің. Менің қазіргі алға қойған мақсатым-медицина саласына оқуға түсу. Арманым- хирург болу. Бұл мамандыққа жету екенің бірінің қолынан келе бермейді. Қай салаға болсын адам өз еңбегімен түсуі керек. Менің өмірлік қағидам «Тек алға!» Сондықтан да мен ешкім ашпаған жаңалықты,ешкім жетпенген жетістікті ашқым келеді. Дәрігер болу жауапты іс деп білемін. Адам баласы мамандық таңдар алдында өзінің қызығу пәніне бейімділігіне қарай таңдауы қажет. Меніңше , дәрігер болу менің қолымнан келеді. Мен оған толықтай сенімдімін. Таңдаған еңбек жолында үлкен мәртебелі жетістікке жету үшін,ең алдымен-зейінді, еңбекке қабілетті және де бағалы үлес қосатындай болу қажет деп есептеймін. Мамандық таңдар алдында ойыңды саралап, нақты бір шешімге келу керек. Жұмысыңды зор ықыласпен, шабытпен істеген жұмыс қана биікке жеткізеді. Дәрігер-қыздай икемді, анадай мейірімді, арыстандай айбаттылықты қажет етеді. Хирург болу үлкен жауапты іс. Өйткені өлім мен өмірдің арасында жатқан жанға жаңадан өмір сыйлау міндетті жауапкершілік. Өзім әлемдік деңгейдегі ең мықты әрі қатал хирург болғым келеді. Ел мақтанар дәрігер болу мақсатым. Бәсекеге қабілетті маман ретінде өз ойымды, тұжырымдамаларымды ашқым келеді. Жалпы мамандығымды таныстырар болсам, бұл медицинаның ішіндегі ең жоғарғы оқу. Баршаңызға осы оқу үшін кемінде жеті жыл керек екені мәлім. Ал егер жоғарғы деңгейдегі маман болып шығу үшін 10-13-жыл оқу қажет. Әрине, бұл өте ұзақ мерзім. Бірақ, адам баласының өмірін өлімнен арашалап қалып, оны құтқару, оған көмек қолын созу бұл оқудан да қиын нәрсе. Маған адамдарға көмектескен қатты ұнайды. Көмектесу арқылы өзіме күш алғандай боламын. Осы қасиеттерді мейірімділік пен адамгершілік деп атар едім. Мамандығыма да, осы қасиеттердің ықпалы өте зор. Болашақ арманым-қалаған оқуыма ойдағыдай түсіп,ойдағыдай аяқтау. Бұл тек арманымның бір бөлшегі. Әлі де талай асуларды бағындырғым келеді. Қазірден бастап түрлі олимпиадар мен жарыстарға белсене қатысып жүрмін. Әрине, мені осылай оқуыма, таңдар пәнімде озат болуға ұстазымның көмегі мол. Мен химия-биология пәнін сүйіп оқимын.Таңдар пәнім де осы. Әрі қарайда биік шыңдарға шығып, осы қалпымнан таймауға серт етемін. Себебі, мамандығым-болашағымның жемісі.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
04.12.2023
474
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі