400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әдебиеттік оқу 4 сынып "Қазақстан көлдері"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім «Қоршаған ортаны қорғау »

Күні: 18 .02.2020

Мектеп: Ы. Алтынсарин атындағы № 204 орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Ізбасарова А

Сынып: 4 В

Қатысқандар саны: 20

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстан көлдері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.4.1 Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, өлең жолдарын, нақыл сөздерді, шешендік сөздерді және вербалды емес тілдік құралдарды қолдану

4.3.2.1 Таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Тақырып, идея жайлы түсініктерін тереңдетіп, өлеңдегі негізгі ойды анықтайды.

Оқушылардың басым бөлігі: «Қазақстан көлдері» тақырыбына саяхат картасын құрастыра алады.

Кейбір оқушылар: Тақырыпқа қатысты өз пайымдауларын ұсынып, дәлелдейді: барлық сұрақтарға дұрыс жауап беріп, есте сақтау қабілетімен ерекшеленеді.

Бағалау критерийлері

Шығармадағы негізгі ойды анықтайды..

«Қазақстан көлдері» тақырыбына саяхат картасын құрастырады

-қажетті ақпаратты табады, өз ойын жеткізеді.

-барлық сұрақтарға дұрыс жауап беріп, есте сақтау қабілетімен ерекшеленеді.

Құндылықтарды дарыту

Білімге, өнерге құштарлық

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Автор суреттері Қазақстан көлдері суреттері интербелсенді тақта, үнтаспа

Алдыңғы оқу


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


Психологиялық дайындық

Ұ.ж

Айналаға алақаннан,

Жылулықты шашайық.

Күлімсіреп ,сәттілік тілеп,

Біз сабақты бастайық.

Оқушыларға сынып ішінде нені көріп тұрмыз?

Бұл заттардың барлығы бізді қоршаған орта екенін түсіндіру.

Үй тапсырмасын пысықтау

«Гүл күлтешесі » әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтау.

Оқушыларға үш түсті гүлдер таратылып беріледі, мұғалім кез –келген гүлдің түсін атайды. Аталған түстегі гүлді алған оқушылар «Дархан жер» өлеңін жатқа айтады.

Галереяға саяхат «Өзім еккен едім» тақырыбында салған суреттерін тақтаға жапсырады.

Бағалау Тамшылар

Сыныпты топтарға орналастыру Алынған гүл күлтешелердің артында топтарының атаулары жазылған

І топ «Алакөл » ІІ топ «Балқаш » ІІІ топ «Зайсан »

Сабағымыздың мақсаты:

Сөйлеу барысында мақал-мәтелді қолданамын.

Шығармашылық жұмыс жасаймын

Оқушылар шеңбер бойына тұрып, үй тапсырмасын пысықтайды.



Гүл күлтешелері,

Топтың атауы

Галереяға саяхат










Сабақтың ортасы


Т.ж Біліміңді қолдан

І топ Қазақстанның қандай көлдерін білесің

ІІ топ Өтебай Тұрманжанов туралы айтады

ІІІ топ Тұманбай Молдағалиев туралы айтады.

Қазақстан көлдері туралы суреттер көрсетіледі.

Бағалау қолшапалақ

Мұғалім:

Көл дегенді кім қалай түсінеді?

Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атайды.

Көлдің теңізден айырмашылығы неде?

Мұхит бөлігі болып табылмайды.

Ал көлдің өзеннен айырмашылығы неде?

Көлдің суы арна арқылы ақпайды.

Біздің аймақтағы қандай көлді білесіздер

Бағалау мадақтау

«Түсініп оқы» айдары

(Т) Оқушылар «Балқаш көлге барайық»,«Көл» атты өлеңдерді оқып, мазмұнын топта талқылайды.

«Балқаш» көлі туралы аңыз тыңдатылып, бейнетаспа көрсетіледі.

Дәптермен жұмыс

Күбі –ағаштан жасалған ,қымыз,іркіт пісетін ыдыс.

Сұрақтар арқылы жұмыс жүргізіледі.

Жеке жұмыс 2-тапсырма

Ақындар сипаттау үшін қандай көркемдегіш құралдарды қолданған?

(Эпитет, теңеу)

Ереже: Теңеу, эпитет - затты, нәрсені, құбылысты немесе заттың, нәрсенің, құбылыстың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым. Теңеу -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Асқар таудай, дардай.

Бағалау басбармақ

«Әлемдегі ең үлкен 10 көл» бейнетаспа

«Сипатта» айдары

Жеке жұмыс Суреттерге қарап, көлдің жағасын сипаттап жаз.

Бағалау смайлик

Жұптық жұмыс 4-тапсырма

-Көл суының адамға пайдасы туралы не білесің?

Бағалау мадақтау

Топтық жұмыс

І топ Қазіргі кездегі өзен, көлдердің ластануы туралы әңгімеле.

ІІ топ Балқаш көлі туралы өлең құрастырады

ІІІ топ «Сөздер банкасы» әдісі

Берілген сөздердің ішінен тақырыпқа сай сөздерді табады

Бағалау бағдаршам

«Тыңда» айдары 6-тапсырма

-Экологиялық мәселелер шешілмесе, не болуы мүмкін? Мәтінді тыңдаңдар.

Судың ластануы

Ластануға судың барлық түрі (мұхит, теңіз, көл, жерасты сулары) әртүрлі дәрежеде ұшыраған. Сулардың ластануы суқоймаларына әртүрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Ластаушы заттарға негізінен минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар және тағы басқа заттар (тұрмыстық қалдықтар, мұнай және мұнай өнімдері,т.б.) жатады. Белгілі мәліметтер бойынша қазір мұхиттың суына жыл сайын 30 миллионнан 50 миллион тоннаға дейін мұнай төгіледі.

Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, дамыған елдердің 20% пайызы әртүрлі аллергиялық аурумен ауырады екен. Ауадағы шаң концентрациясының жоғары болуы да – өкпе ауруларының бір себебі.

Экологиялық мәселелер шешілмесе, не болуы мүмкін? Өз тарапыңнан не қосар едіңдер?

«Ойлан» айдары

Жеке жұмыс 7- тапсырма

- Өз тарапыңнан не қосар едің?

Сұрақтарға жауап беру барысында оқушылар кітаптағы суреттерді басшылыққа алады.

Бағалау мадақтау

Экология ұғымы гректің «тұрақ, мекен туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді. Яғни, тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын айнала қоршаған ортасымен, мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін ғылым.

Эколог – адамның өмірін, денсаулығын, қоршаған ортаны қорғайтын маман.



Интербелсенді тақта

Интернет






Суреттер





Автор суреттері








Аңыз бейнетаспадан көрсетіледі.









Кестелер












Үнтаспа



Аяқталуы



Еліміздегі жанынан демалыс орындары, шипажайлар ашылған көлдерді атаңдар

Үйге тапсырма: өз жеріңдегі суға байланысты экологиялық мәселелерді анықтап, «Өзіңнен баста!» тақырыбына қысқаша ойыңды жаз.



Сабақтың соңы



Рефлексия.

«Теңіздегі кемелер» әдісі

Мен бәрін түсіндім, толқынға қарсы жүзе аламын.

Мен толық түсінбедім, бірақ толқынды бағындыруым керек.

Мен түсінбедім, бірақ жағада қалмау үшін тырысу керек.



Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

1.топтық

2.жеке

3. жеке

4.жұптық

5.топтық

6.жеке мадақтау

қолшапалақ

басбармақ

смайлик арқылы

мадақтау

бағдаршам

Дүниетану пәнімен байланысты өнер, білім туралы әңгімелейді.

Рефлексия

- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

- Бүгін оқушылар не білді?

- Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?



Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
30 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
2790
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі