400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әдебиеттік оқу А.Сопыбеков Сапар мен парта 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Адырбек Сопыбеков

Сапар мен парта.


Мұғалімнің аты-жөні: Куанышкалиева А.С


СЫНЫП: 2 «Б»


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.5.1 - өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу

2.2.2.1 - мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу

2.3.3.1 - шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет, каллиграмма, аппликация, фотосуреттер арқылы ұсыну

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Критериалды бағалау

Топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.АКТ

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі,жаратылыстану,математика.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Оқушы әрекеті

Басталуы


Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Күлім қағып қолымызды қошеметпен соғайық,

Қатар тұрған көршімізге қолымызды бұлғайық.

Жылы шырай жүзбенен,мейірімді көзбенен,

Бүгінгі күнге баршамызға сәттілікті тілейік!

«Өткенді білмей , болашаққа ұмтылу мүмкін емес ! » Н.Назарбаев

“Сұхбаттасқан үштік»

1. Оспанхан Әубәкіров кім? /балалар жазушысы/

2. Бір ұяда – жеті жұмыртқа /Бір апта/

3 Бір аптада неше күн бар? /жеті/

4 Аптаның бір күнін таңда,сол күнгі сол күнгі сабақ кестесін айт.

5 «Сөздің қабығын аршу»дегенді қалай түсінесің?

/сөзді түсінікті етіп айту/

6 Аптаның қай күні қасиетті күн

М.Жаманбалиновтің «Апта күндері» жатқа айту



Психология-

лық ахуал тудыру









Үш-үштен бөлініп,сұрақ-

қа жауап береді


Өлеңді жатқа айту


Жаңа білім





Жұмбақ шешу

а) Жұмбақтарды мұғалім оқиды. Оқушылар жауабын 3 тілде табады.

1.Білім мен тәлім

Парақтап ашқанда,

Беттерінен мәлім.(Күнделік-дневник-Diary)

2.Ілулі тұр кең алаң,

Керегімді мен одан.

Жазып алам көшіріп,

Сүртем сосын өшіріп. (Тақта- доска-blakboard)

3. Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі. (Сызғыш-линейка- ruler)

4.Үнсіз тілдесесің,

Өзімен күнде өсесің. (Кітап-учебник-book)

ә) Сиқырлы сандықшадағы мұғалім оралған қағаздарды ұсынады. Ол қағаздың ішінде жоғарыдағы жұмбақтардың жауабы оқу құралдары жазылған.

1-топ. «Күнделік» 2-топ. «Тақта»

3-топ. «Сызғыш» 4-топ. «Кітап»

Тақырыпты болжау.

Бұл заттардан басқа айналамызда не көріп тұрмыз? Олар қайда орналасқан? (бөлмеде, сыныпта)

Бұлардың бәрі барлығымызға ортақ.

Олай болса бұл бұл? БІЗДІҢ СЫНЫП.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Мақсатқа сәйкес оқушылармен бірлесе отырып, жетістік критерийлерін анықтаймын.

- Мысалды мәнерлеп оқу

- Мысалды мазмұндай алу

- Кейіпкерлердің рөліне кіре оқу, оларға мінездеме беру

- «Біздің сынып» тақырыбында әңгімелеу түрлерімен

мазмұндап айту. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Сапар мен парта»



Оқушылар жұмбақ шешеді

Оқушылар оқиды, аударады, айтады.







Білім алушылар топқа бөлінеді





Өз пікірлерін ортаға салу


Ортасы



































Сергіту сәті

Мағынаны тану:

- Суретте кім бейнеленген?

- Міне, балалар бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз Адырбек Сопыбековтың «Сапар мен парта» мысалы. Адырбек Сопыбеков 1937 жылы 5 мамырда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Кеңес ауылында дүниеге келген. Оның балаларға арналған «Көзілдірік», «Айға сапар», «Кім қалай ұйықтайды?», «Көктем жыры», «Базарлық», «Айналайын», «Күншуақ», «Шешілген жұмбақ», тағы басқа кітаптары шыққан.

Адырбек ағаның «Сапар мен парта» деген алғашқы өлеңі осыдан 57 жыл бұрын «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде жарияланды. Бұл республикалық баспасөзде тұңғыш жарияланған өлеңі болатын-ды. Содан бастап осы газеттің белсенді авторларының бірі және штаттан тыс тілшісі болды. Балаларға арналған өлеңдері 60-тан аса топтама жинақтарға енсе, соңғы 50 жылдан бері біраз өлеңдері бастауыш мектеп оқулықтарына жыл сайын үзбей беріліп келеді.

Видеоролик көрсету «Сапар мен парта»

Оқулықпен жұмыс

а) өздік жұмыс. Оқушылар мысалды іштей оқиды.

ә) жұппен жұмыс. Бір- біріне оқиды.

Бағалау «Бағдаршам» әдісімен


Мысал дегеніміз не? /Мысал деп адам бойындағы кемшіліктерді сынап,әділдік,қайрымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы айтады./

Гигиеналық талаптар

1. Мектептегі оқу жабдықтарының ара - қашықтығы

келесідей болуы керек:

а) парталар қатарының арасы – 60 см;

ә) екі парта арасы – 50 см

б) соңғы партаның тақтаға қарсы қабырғадан қашықтығы –

70 см

в) мұғалім үстелі мен тақта арасы – 1 м

г) бірінші парта мен тақта арасы – 2, 4 - 2, 7 м

ғ) соңғы парта мен тақта арасы – 8, 6 см

д) тақтаның жерден биіктігі – 80 - 90 см

Бейнефильм көрсету «Партаның көз жасы»

Еркін микрофон әдісі /сұрақ-жауап/

1. Өлеңнің мысалға жататынын қалай аңғаруға болады?

2.Қалай ойлайсың, Сапар өз кінәсін мойындады ма? Оны өлеңнің қай шумағынан аңғаруға болады?

3.Мысалдан партаның ішкі сезімін білдіру үшін өздігінен сөйлеп кеткен жерін тауып оқы. Сенің өзіңмен-өзің сөйлескен кезің болды ма? Мұндай сөйлесуді монолог дейміз.

4. Сапардың өз кінәсін мойындаған жерін тауып оқы.

5. Сапардың орнында болсаң не істер едің?

6.Парта неден жасалады?

7.Емен ағашы туралы не білеміз?

8.Ағаш туралы қандай мақал-мәтел білесің?

Би

Топпен жұмыс

1-топ. Мысалды рөлге бөліп оқиды.

2-топ. Парта сөзіне 5 жолды өлең жазу

3-топ. Партаға хат жазады.

4-топ. Сапарға хат жазады.

Бағалау. Топтар бір- бірін «Шапалақ» арқылы бағалайды.

Мұғалім смайликтер арқылы бағалайды.

Ой толғаныс

Олай болса сынып ережесін құрастырайық.

Алтын ереже

• Мектеп мүлкін күтіп ұста

• Партаны сызба

• Партаны бүлдірме

• Орындықты ырғыма

• Шкафтың есігін жай ашып, жай жап

• Кабинет есігін қатты жаппа

• Партаны күтіп ұста

Талдау

▪ Өлең неліктен “Сапар мен Парта” деп аталған?

▪ Бұл мысалдың негізгі ойы не?

Міне балалар, сендер бүгінгі сабақтан алған білімдеріңді ортаға салдыңдар.

Яғни мысалдың сендерге берген тәрбиесі зор деп ойлаймын.Осы мысалды оқи отырып Абай атамыздың бес дұшпанын аулақ ұстап, бес асыл ісін бойымызға сіңіре беруіміз керек.Яғни жаманнан жиреніп ,жақсыдан үйренуіміз керек.


Кері байланыс















Білім алушылар бейнероликті көреді








Талдау жасайды









Оқушылар би билеп,сергіп қалады

















Топ ішінде пікір алмасады




Топтар бір-бірін шапалақ әдісі арқылы бағалайды.











Үйге тапсырма: Мысалды оқу,Болашақтағы партаның қандай болғанын қалайсың? суретін салу

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен өз жоспарыма

қандай түзетулер енгіздім жəне

неліктен?




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
1216
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі