Павлодар облысы
,Екібастұз қаласы,
№18жалпы орта білім
беретін мектеп
Бастауыш сынып
мұғалімі
2-сынып Әдебиеттік
оқу
Сабақтың тақырыбы: Көктем
келді. Мұзафар Әлімбаев
Сабақтың мақсаты: 1. Барлық тыныс –
тіршіліктің бастауы көктемнің ерекшелігін байқату. Сабаққа
қызығушылығын арттыру, өлеңді мәнерлеп оқытуға жаттықтыру, әрі ойын
жүйелі жинақтап, сөйлеуге үйрету.Сатылай кешенді талдау
әдісі
Дамытушылық: Оқушылардың табиғат
заңдылықтарын біліп, ондағы үйлесімділікті көре білуге
дағдыландыру.
Тәрбиелік:
Табиғатты қорғай білуге, құстарға
қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
І. Сабақ түрі: аралас
сабақ
ІІ. Әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу, өз ойын ортаға салу.СКТ
ІІІ. Көрнекілігі: табиғат көрінісі, құстардың
суреті
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) дайындығын қадағалау
б) психологиялық дайындық Ойы өссін деп баланың, Ойлы сөзді
іздедім.
Бойы өссін деп баланың, Дәмді
жеміс іздедім.
Топқа бөлу. Бояу түстері
арқылы бөлінеді
1-топ « Наурыз» 2-топ
«Сәуір» 3-топ « Мамыр»
Бағалау парақтарын
беру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
кезеңі:
а) өлеңді мәнерлеп оқыту.Топта «Атай »өлеңін сатылай кешенді талдау
.
«Менің атам» үйден жазып
келген мәтіндерін оқу
ә) үй тапсырмасын қорытындылау
«.Қарты бардың –қазынасы
бар.»
Сергіту сәті. « Аяқпенен
топ .....»
Жаңа сабақ.
Сөзжұмбақ шешу. Мына суреттердің бірінші әрпін алып сөз құрасаңдар
бүгін танысатын өлеңнің аты
шығады.
К-көбелек К-көкек
Ө-өрмекші Е-елік
К-көгершін Л-лақ
Т-тасбақа Д-дуадақ
Е-ешкі
І-ін
М-мысық
Сөзжұмбақ шешуі: Көктем келді
Бүгін Мүбарак
Жаманбалинов пен Мұзафар Әлімбаевтың «Көктем келді» өлеңдерімен
танысамыз.
Мүбарак Жаманбалинов өлеңін әр топ мәнерлеп оқу.
І топ.-Өлеңді жазған кім? -Өлеңді жазған М. Жаманбалинов.
ІІ топ. –Өлең жылдың қай мезгілі жайлы? -Өлең көктем мезгілі
жайлы.
ІІІ топ. –Өлеңнің мазмұнына сай қандай ат қоюға болады?
-Өлең көктемгі ауа-райы жайлы болғандықтан « Көктем келді» деп
аталады.
Күркіреді күн-күн…
Терезелер шың-шың…
Жауды жаңбыр топ-топ…
Шелек-шелек көп-көп!
Жон арқаңды тос-тос,
Күнбағыс, тез өс-өс!
Келесі танысатын өлеңіміз Мұзафар Әлімбаевтың «Көктем келді»
өлеңі.
Топтарда талқылау 1-топ
.Мәнерлеп оқу.
2-топ.Сатылай кешенді
талдау
Топта өлеңді
талдау
1.Авторы
М.Әлімбаев
2.Тақырыбы:Ережесі.
Көктем белгілері табиғаттағы өзгерістер
жайлы
3.Жанр түрі: Ережесі.
Өлең
4.Идеясы:Ережесі:Көктем
мезгілінің табиғат сұлулығын бейнелеп адам жанына шуағын
тартуы.
5. Шумақ саны-ережесі
4шумақ
6.Тармақ-Ережесі 8
тармақты
7.Бунақ - ережесі екі
бунақтан
8.Буын саны ережесі
7буынды
9.Ұйқас түрі ережесі
Шұбыртпалы аа бб аа бб
10.Көркемдегіш сөздер:
Аппақ көк кілем Көлдің мұзын күн
тесті
11.Өлеңнің тәрбиелік
мәні: Табиғатты қорғау оның бізге берген сыйын түсіне
білу.
Түйіндеуіш сөз: Аяласаң
табиғатты аяла
Топтармен
жұмыс.
Авторы жайлы
түсініктерін сызба арқылы беру
М
ҰЗАФАР
Мұзафар Әлімбаев
(1923жылы 29 қазан) Павлодар облысы,Шарбақты
ауданы,
Маралды ауылында туғанЖазушы, ақын.
300 өлеңіне ән жазылған. Өлеңдері
38 тілге аударылған
2-топ «Көктем» сөзін
Сатылай кешенді талдау/Фонетикалық
талдау/
3-топ Өлең ұйқасын
табу.
Өлең соңындағы
тапсырмаларды орындау.1- тапсырма.Көктем белгілері:
І топ. Күн жылуынан көлдің мұзы, жердегі аппақ қар ериді.
ІІ топ. Аспанда күн күркіреп, найзағай ойнайды, жаңбыр жауады.
ІІІ топ. Ағаштар бүршік жарады, құстар келеді.Жердің беті кілем
төсегендей құлпырады.
2-тапсырма. Екі өлеңді салыстыру.
Сабақты бекіту: 5жол
өлең стратегиясы
Ән. « Көктем
келді»
Бағалау.
Өлеңді жаттап
келу.