400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әдебиеттік оқу ашық сабақ. Тақырыбы "Керемет күмбез"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

12.2019жыл

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы

Керемет күмбез «Қожа Ахмет Ясауи» кітабынан

Оқу мақсаты

3.2.9.1 Шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильм нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру;

Бағалау критериі

  • Шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздермен танысады, ішінен керекті ақпараттарды табады;

  • Алынған ақпараттарды сызба түрінде көрсетеді.

Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамыту.

АКТ қолдану 

аудиожазба тыңдату

Тірек сөздер

күмбез, кесене

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Ясы, Орта Азия

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Қожа Ахмет Ясауи, керемет күмбез

Алдынғы оқу

Түркістан қаласының ежелгі атауы Ясы екендігін 2 сыныптан біледі.

Сабақтың жоспары

сабақ кезеңі

жоспарланған әрекет

ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі

1. Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

2. Топқа бөліну (суреттер арқылы сыныпты 4 топқа топтастыру)

Жаңа сабаққа кіріспе

«Миға шабуыл»

Тақтадан сөзжұмбақты шешу арқылы белгіленген сөзді тапқызу: «Күмбез»

Талқыланатын сұрақтар:

  • Қызыл сызбадан қандай сөзді таптық?

  • Күмбез сөзі сендерге таныс па?

Біз бүгін жаңа бөлімге кірісеміз. Ол бөлім «Сәулет өнері» деп аталады. Күмбез -  жалпы жобасы шеңберленіп келген ғимараттар мен құрылыстардың төбесін жабуда қолданатын сәулет өнері элементтерінің бір түрі.

  • Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Керемет күмбез». Сабақтағы оқу мақсаты: Шығармадан нақты ақпараттарды табу және оны сызбаға түсіру.





сөзжұмбақ






күмбез макеті

Сабақтың ортасы

32 мин

Тыңдалым

Аудиожазбадан мәтінді тыңдату.

Оқылым

Бірнеше оқушыға кезектестіре отырып мәтінді оқыту. Оқушылардың өздеріне іштей оқыту.

Айтылым

«Маршрут картасы» әдісі (ҰЖ)

Дескриптор:

  • Мәтіндегі негізгі мәліметтерді біледі;

  • Маршрут картасы бойынша ретімен баяндайды.

ҚБ: «Шапалақ» әдісімен

Жазылым (ЖЖ)

Мәтін мазмұны бойынша оқушыларға жеке жұмыс беру.

Дескриптор:

  • Мәтіннің мазмұнын түсінеді;

  • Мәтін бойынша ақпараттарды табады.

1) Қожа Ахмет Ясауидің туған жері:

А) Отырар

Б) Түркістан

В) Тараз

2) Оның оқыған, білім алған жері:

А) Иран

Б) Ташкент

В) Египет

3) Ясауи деп аталу себебі:

А) Атасының тегі «Ясы» деп аталған

Б) Туған жері «Ясы» деп аталған

4) Қожа Ахмет Ясауидің кесенесінің биіктігі:

А) 47 м-ден асады

Б) 37 м-ден асады

В) 38 м-ден асады

ҚБ: «Жетістік баспалдағы» өзін-өзі тексеру

«Ол кім, бұл не?» айдары

1) Қ.А.Ясауи туралы, оның тарихымыздағы алар рөлі туралы түсінік беру.


Қ ожа Ахмет Ясауи – қазақ жерінде өмір сүрген ғұлама, ақын, ойшыл, ислам дінін таратушы. Оның «Диуани-хикмет», яғни «Даналық кітабы» деген үлкен еңбегі бар. Ол шамамен 1103 жылы туылып, 1228 жылы Ясыда (Түркістан қаласы) қайтыс болған. Қ.А.Ясауи тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл Орта Азия халықтарының пір тұтар ұлы ойшылы. Қожа Ахмет Ясауиді Әзірет Сұлтан деп те атаған, яғни «Әз»- «әулие» кісі деген мағынада айтылған.

2) Әр топ өздерінің топқа бөлінген суреттеріне байланысты кесене туралы ақпараттарымен таныстырады.

1-тапсырма (ТЖ)

Дескриптор:

  • Ақпаратпен өз беттерінше танысады;

  • Алынған ақпараттарды сызба түрінде көрсетеді.

1 топ:

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістан қаласында 14 ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Ғимарат – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Кесене шығыс халқына аты әйгілі ұлы ойшыл Қожа Ахмет Ясауиге арнап тұрғызылған. Кесенені атақты қолбасшы, бүкіл Шығысты билеген Ақсақ Темір салдыртқан.

2 топ:

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ені — 46 м-ден асса, ұзындығы — 65 м-ді құрайды. Ғимараттың бірнеше күмбезі бар. Оның орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған, күмбездің ұшар басына дейін есептегендегі ғимараттың биіктігі — 37 метрден асады. Сыртқы қабырғалардың қалындығы — 2 метрдей. Ғимараттың кіре беріс қабырғаларына құран аяттары жазылған.

3 топ:

Кесененің орталық залында алып тайқазан тұр. Тайқазан сирек кездесетін жеті асыл металдың (мырыш, латын, қола, қорғасын, мыс, күміс, темір) қоспасынан құйылған. Қазанның салмағы 2 тонна, сыйымдылығы 3 мың литр, биіктігі – 2 метрге жуық, диаметрі- 3 метрге жақын.Ол молшылықтың, татулық пен ынтымақтың белгісі.

4 топ:

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – түркі әлемінің рухани орталығы. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде және оның төңірегінде Жолбарыс хан, Есім хан, Абылай хан, Әмір Темірдің шөбересі Бабыр хан, Қаз дауысты Қазыбек би, Жәнібек батыр, т.б. белгілі адамдар жерленген. Бүгінде кесене әлемдік мәдени мұра қатарына енген.

ҚБ: «Басбармақ» әдісі
«Мозаика» әдісі (ТЖ)

Дескриптор:

  • Қазақстандағы сәулетті ғимаратты атайды;

  • Алынған ақпаратты сызбаға түсіреді.

1 топ: Айша Бибі кесенесі

Кесене ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан. Биіктігі 5 м-ден астам. Айша бибі кесенесі республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізіліп, мемлекет қорғауына алынған. Қазіргі кезде ол кесене ЮНЕСКО  қатарына алынған. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен сан түрлілігі жағынан Қазақстанда  басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ. Аңыз бойынша Айша өзінің ғашығы Қараханға бара жатқан жолында жыланның шаққанынан қайтыс болған. Айша бибі тарихтан белгілі Қараханның әйелі. Күмбезді сол Қарахан (Әулие ата) салдырған. Бірақ кесенені салған сәулетші туралы нақты дерек жоқ.

2 топ: Бәйтерек монументі

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл  өзенінің сол жағалауында 2002 жылы бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м. 97 саны кездейсоқ емес, ол астананың Алматыдан Астанаға ауысқан мезгілін білдіреді. Яғни, 1997 жылды білдіріп тұр. Монумент ұзын темірлі құрылымдардан, шыныдан, металдан, бетоннан тұрғызылған. Алып шардың түсі хамелеон шынылармен көмкерілген. Күннің шапағына шағылысып, әртүрлі түске құбылып тұрады. Ол қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Сондай-ақ, Бәйтеректі астанамыздың символы десек те болады. Бәйтерек монументі Елбасымыз Н.Назарбаевтың ұсынысы негізінде жасалынғандықтан нақты авторы аталынбаған.

3 топ: Медеу мұз айдыны

Медеу спорт кешені – жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Алматы қаласынан 18 шақырым жерде, теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте орналасқан. Медеу спорт кешені 1972 жылы тұрғызылған. Биыл мұз айдынына 47 жыл толып отыр. Жасанды мұздың қалыңдығы жазда 3-4 см, қыста 10-15 см-ге дейін жетеді. Медеу спорт кешенінің аты бүкіл әлемге жайылған. Медеу Азиялық және дүниежүзілік қыстық олимпиада ойындарын өткізілуімен маңызды.

4 топ: Ақорда

Ақорда – Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы. Есілдің сол жағалауында орналасқан. Ақорданың құрылысы 2001 жылдың қыркүйегінде басталып, ресми тұсаукесері 2004 жылдың желтоқсанында өтті. Жоба жұмысын Еуропа мен Қазақстанның белгілі сәулетшілері жүргізді. Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып, монолит құйматастан салынған. Ғимарат жер бетінде 5 және жер астындағы 2 қабаттан тұрады. Мемлекет басшысы резиденциясының атауында терең мағына бар.  «Ақ» сөзі түркілік мәдениет семантикасында ең алдымен қасиеттілікті (киелілікті) білдіреді.

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек»

аудиожазба



оқулық



маршрут картасы, суреттер



жеке жұмыс тест тапсырмасы















сурет





маркер, а3 парағы












































бағалау құралы



мозаика



а3 парағы, маркерлер









































Сабақтың соңы

3мин

Кері байланыс: «Блоб» ағашы

Оқушылар сабақтан алған әсерлері мен алған нәтижелерін есепке ала отыра кері байланыс береді.


Қосымша ақпараттар

Дифференциация –

Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз?Қабілеті

жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қанша- лықты меңгергенін

қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс

Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қолдауды қажет ететін оқушыларға қарапайым сұрақтар қоямын.

Қабілетті оқушылардан қосымша ақпараттар сұраймын.

Ұжымдық жұмысты «Шапалақтау» әдісі бойынша оқушыларға бағалатамын. Жеке жұмыс кезінде дұрыс жауаптар ұсынылып, оқушылар өзін-өзі бағалайды. Топтық жұмыс кезінде топтар өзара «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағаланады.

«Мәңгілік ел» бағдарламасы негізінде еліміздегі көрнекі орындармен танысады.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты):

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және

оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма

дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?





ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ

«ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ










АШЫҚ САБАҚ

Керемет күмбез



3 сынып

Әдебиеттік оқу


















Бастауыш сынып мұғалімі: Мықышова Г.Б.











Луговой ауылы

2019-2020 оқу жылы










































Shape2 Shape1

Менде 2 дұрыс жауап

Менде 1 дұрыс жауап









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
1673
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі