400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әдебиеттік оқу "Дақылдар әні" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары бастауыш сынып мұғалімдеріне күнделікті керек болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдебиеттік оқу. «Дақылдар әні» Ә. Табылды. 3 сынып

Жайлаубекова Куралай Бейбутовна

Бастауыш сынып мұғалімі

«Б.Момышұлы атындағы орта мектеп» КММ

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаражота ауылы



Мақсаты


1) Оқушыларға дақылдардың түрлерімен оның пайдасы туралы айтуда білімдерін арттыру.

2) Өз беттерімен түсініктерін жеткізуде тіл байлықтарын дамыту.

3) Түсініп оқуға, мәнерлеп оқуға, шапшаң оқуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, болжау әдісі, синквейн әдісі.

Сабақтың түрі: топтық жұмыс.

Көрнекілігі: Дақылдар суреті , мақал-мәтелдер.

Психологиялық ахуал

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Үй тапсырмасын тексеру.

-Мәтінді мазмұндау.

Оқушылар бір-бірлеріне сұрақтар қойып, бағалайды

Қызығушылықты ояту

Сабағыңды жөндеп,

Әзірленсең – еңбек

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек – дегендей біз қазір қандай бөлімді оқып жатырмыз ?

-Осы бөлімде қандай мәтін, өлеңдер, мысалдарды өттік ?

-Тірі табиғат дегеніміз не ?

- Күзде табиғатта қандай жұмыстар жасалады?

- Қандай дақылдар пісіп, орылады?

-Енді, біз осы дақылдар арқылы топтарға бөлініп алайық.

Оқушылар терісінен жатқан қағаздарды таңдау арқылы топтарға бөлінеді.

І-топ: бидай

ІІ-топ: арпа

ІІІ-топ: тары

ІV-топ: сұлы

V-топ: күріш

Әр топ өздеріне берілген дақылдың суретін салады; адам ағзасына пайдасын айтады, елімізде өсетін жерлерін анықтайды.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау;

Өлең авторымен таныстыру;

Ә. Табылды 1926 жылы қазіргі Жамбыл обылысы, Луговой ауданында туған. Бұл кісі 24 жылдай мұғалім болған. Ол қазіргі кезде сатиралық әңгімелері мен өлең-пьесаларының жинақтары жарық көрді. Оның «Бірінші май» (1941), «Көңілді балалар», «Күлкінің кесірі», «Күздің кереметі», «Жылдардың біл қасиетін», «Наурыз тойы», «Алғыс» атты шығармалары мен өлеңдері бар.

-Дақылдар әнін мәнерлеп оқып, түсіндіру.

Бидай — Оңтүстік Қазақстанда Алматы, Тараз қалаларында өседі.

Арпа – Қазақстанның Солтүстігінде және Шығысында өседі.

Тары – Батыс Қазақстанда Ақтөбе қаласында өседі.

Сұлы – Солтүстік Қазақстанда және Оңтүстік құрғақ климаты қажет етеді. Суы мол жақсы жерде өседі.

Күріш – Іле, Шу, Сырдария өзенінің бойында өседі.

Оқулықпен жұмыс:

ә) Мақсатты оқу әдісі:

  1. Ең қадірлі тағам түрі туралы қай шумақта айтылған ?

Бидай өлең жолын мәнерлеп оқыту.

  1. Елдің ырыс — құтын арттыратын өлең жолдары қай шумақта айтылған ?

Арпа туралы мәнерлеп оқыту.

  1. Қандай сұраққа жауап беретін түс туралы айтылған шумақты кім оқып береді ?

  1. Әсіресе жылқы малы жақсы көретін дақыл туралы қай шумақта айтылған?

Сұлы туралы өлеңді мәнерлеп оқыту.

  1. Осы дақылдардың ішінде суды өте керек ететін дақыл туралы қай шумақта айтылған ?

Күріш туралы мәнерлеп оқыту.

Оқушылармен жұмыс:

-Ақын әр дақылдың қасиетін қалай сипаттайды ?

-Сенің ауылыңда осы дақылдардың қайсысы көбірек өседі ?

-Оларды күтіп өсіруге сенің қолғабысың қандай ?

Сөздікпен жұмыс:

  • Қарымы – өтеуі, ақысы атты сөздің мағынасын түсіндіру. Мыс: Дүкенгебарғанда әр нәрсенің өз ақысын төлеп бағасын, алымды өтеуді айтады.

Дәптермен жұмыс:

Мақалды жаздыру:

Арпа, бидай ас екен,

Алтын, күміс тас екен.

Сергіту сәті

Жайқалған биік бидаймын,

Халқыма азық сыйлаймын.

Сіңірген еңбек мен үшін

Алады алғыс біз үшін.

Ой сергітеді, шаршағандары

басылады

Ой толғаныс

«Бес жолды өлең» өлеңі:

Әр топ өздеріне берілген дақылдар жайлы бес жолды өлең құрастырады;

Үйге тапсырма

Өлеңді жаттау 43 бет


Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Өзара бағалау

Пікірлерін айтады.

Кері байланыс

«Бас бармақ» әдісі



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
2888
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі