400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Әдебиеттік оқу, Мақтанышым-Астанам

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып ұстаздарына
Материалдың қысқаша нұсқасы


№

№1 таратпа материал

13 Д.Байбосынов атындағы ұлттық мектеп-гимназия












Ашық сабақ


Әдебиеттік оқу


3 «Г» сынып


«Мақтанышым-Астанам»




Пән мұғалімі: Есқайырова Нәзік Есқайырқызы






















2019-2020 оқу жылы


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Мектеп

№13

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні

Есқайырова Нәзік Есқайырқызы

Сынып

3 сынып

Қатысқандар: 29

Қатыспағандар:0

Сабақтың тақырыбы

«Мақтанышым-Астанам» Е.Өтетілеуұлы

Оқу мақсаты

3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, бейнефильмнен нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру;

3.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп, теріп оқу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Өлеңнің мазмұнын түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі:

● шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден ақпарат таба алады, өлеңді мәнерлеп оқи алады;

Кейбір оқушылар:

  • Ақпаратты сызба түрінде бере алады;

Бағалау критерийі

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

  • өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды;

  • өлең бойынша сұрақтарға жауап береді;

  • өлеңнен қажетті ақпаратты тауып оқиды;

  • өлең мазмұнына сәйкес мәліметтер табады;

  • ақпаратты сызбаға түсіреді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Астана – Астана- Astana

Ғимарат- строительство- building

Сәулет – архитектура – architecture

Қызу еңбек – работать усердно- work hard

Диалогқа / жазылымға қажетті сөз тіркестері:

Астана көркейіп келеді, қызу еңбек жүреді, әсем сәулет өнері

Құндылықтар

Мәңгілік елдің зайырлы қоғам және жоғары руханият құндылықтарын дарыту(топтық жұмыста бір-біріне құрмет, ынтымақтастық және достық қарым-қатынас бойларына сіңіріледі. Өзара бағалау бойынша өзгенің көзқарасына құрметпен қарау құндылығы қалыптасады.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, дүниетану

Алдыңғы білім

3.1.3.1 – шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау.


Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарлаған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Сабақтың басы(10мин)


Сабақтың басы













(5мин)













(3мин)

Ұйымдастыру(2 мин)

Тренинг: «Жағымды тілектер алқасы»

Шарты: Оқушылар бір шеңберге жиналып, мұғалім қолындағы түрлі-түсті, ұзын-қысқа жіптерді таңдап, ұзын жіптерді өз мойындарына тағады. Содан соң түрлі-түсті қысқа жіптен алып бір-бірінің мойындарындағы алқаға жағымды тілектер айтып байлайды.

Топқа бөлу: «Түрлі –түсті жіптер» арқылы

«Борт журналы» әдісі.

Үй тапсырмасы

Берілген тақырып бойынша маған не берілді?

Мен не білемін?

Мәтіннен қандай жаңалық туралы білдім?








«Атаулар туралы 3 сұрақ» әдісі. Ой қозғау

1. Қайда? Бұл терминдерді сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз?

2. Қалай? Өз тәжірибеңізден осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?

3. Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсың?

Бәйтерек символы, «Мәңгілік ел» қақпасы, Бейбітшілік және Келісім сарайы

Рисунок 1 Рисунок 2 Рисунок 3





Түрлі-түсті жіптер























Суреттер

Сабақтың ортасы(25 мин)

Негізгі бөлім

(10мин)













































(6мин)



















(5мин)



















(4мин)










Жаңа сабақ Мақтанышым-Астанам өлеңінің мақсаттары анықталады.

Автор туралы мәлімет беру

Ермек Өтетілеуов – балалар ақыны, аудармашы.

1938 жылы 1 каңтарда Ақмола (қазіргі Астана) қаласында туған. Республикалық «Жалын», «Жазушы», «Балдырған» баспа журналында еңбек істеген.  Осы үш көркем әдебиет баспаларында жиырма жылдан астам уакыт жұмыс жасаған баспагердің қолынан жүздеген жинақтар мен жеке кітаптар жазған. Ақынның шығармашылығы бірыңғай балаларға арналғандықтан, оның редакторлық қызметі де жас оқырмандар үшін жазылған көркем әдебиетпен тікелей байланыста болады.

"Баспа және полиграфия ісінің қайраткері" құрмет белгісімен марапатталған.

Ермек Өтетілеуовтің «Мақтанышым-Астанам» өлеңін мәнерлеп оқиды. Оқи отырып, шығарманың негізгі ойын, идеясын анықтайды.

1-тапсырма «Ойлан,жұптас, бөліс» әдісі

(топтық жұмыс)

Видеоролик :«Менің Астанам»

Оқушыларды диалогқа тарту мақсатында әр топ өздерінің ойларын айтады.

Проблемалық сұрақтар:

1.Бейнефильмнен не түсіндіңіздер?

2.Не себепті қала Астана атауына ие болды?

3.Британияның әйгілі сәулетшісі Норман Фостер қолтаңбасын қалдырған Астананың көрікті ғимараттарын ата және ол туралы не білесің?

4.Бәйтерек символы нені білдіреді?


Бағалау критерийі

Дескриптор

- Сәулетті қала Астана туралы біледі;


-Астананың көрікті жерлері туралы айта алады;


- топта талқылай алады;

- топтармен алған мәліметтерімен бөлісе алады;

-сұраққа нақты жауап айта алады;

ҚБ: «Жағымды марапат» әдісі

2-тапсырма: «Ғажайып көрме» әдісі

Оқушылар шығармашылығы

Оқушылар өз суретінің неге байланысты салғанын айтып, шығармашылықтары жайлы әңгімелейді.







Бағалау критерийі

Дескриптор

- Шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсына алады;

- сурет бойынша өз ойын еркін жеткізе алады;

- Салған суреттері бойынша әңгімелей алады;


ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек»

3-тапсырма: «Дербес пікір» әдісі

Дәптермен жұмыс

Өлең жолдарын ақын ойымен өрбітіп әңгімелеп жазады.

Өлең жолдары

Мысалдар

1. Қызу еңбек қайнаған,

Алып құрылыс айналам.


2.Астана – алып көрмесі,

Әсем сәулет өнері




Бағалау критерийі

Дескриптор

- Өлеңнің негізгі идеясын анықтай алады;

- Өлең мазмұнына сәйкес мысалдар келтіре алады;


-өлең жолдарына мысалдар келтіре алады;

-өз ойын айта алады;

- ақпаратты сызбаға түсіре алады;

ҚБ: «Геометриялық фигуралар» әдісі

4-тапсырма: « Ойлау пирамидасы» әдісі

Қорытынды

_____________

Негізгі сөз

_________ _________

Бүгінгі сабақты суреттейтін екі сөз

________ ________ ________

Бүгінгі сабақтағы ахуалды суреттейтін үш сөз

_______ ________ _________ _________

Бүгінгі сабақтың маңыздылығын суреттейтін төрт сөз

________ _______ _______ _______ _______

Бүгінгі сабақтың негізгі идеясын суреттейтін бес сөз



Бағалау критерийі

Дескриптор

- Астана қаласы туралы біледі;

- Сабақтың негізгі идеясын анықтайды;

- уақытты үнемді пайдалана біледі;

-жаңа тақырыпты қорытындылай алады;

ҚБ: «Түртіп алу» әдісі







Ақын суреті














Оқулық




АКТ, бейнефильм






Постерлер












Суреттер























Дәптер

















Геометриялық фигуралар


















Сабақтың соңы(5 мин)

Сабақтың соңы:








Кері байланыс: «Ыстық хабарлама» әдісі (2мин)

ҚБ: Мадақтау: Жақсы, жарайсыңдар , тамаша.

Рефлексия «Үш ҚҚҚ»әдісі(2мин)

Мен үшін қызық болған дүние...

Мен үшін қиын болған дүние....

Мен үшін құнды болған дүние.....

Үй тапсырмасы: өлеңді жаттау, 5-тапсырма (99-101б)


Телефон



Стикерлер

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Ойлан,жұптас, бөліс» әдісі кезінде оқушылардың жауап беру нәтижелері бойынша саралау жүрді.Көп қолдауды қажет ететін оқушыларға диалогтық қолдау көрсетілді.

«Дербес пікір» әдісімен оқушыларға тапсырмаларды олардың қажеттіліктеріне қарай тапсырма беріп, қарқын арқылы саралау жүргізілді.


Сабақ бойынша оқушылардың сабақты меңгеру деңгейін бағалауда жетілдіру сұрақтары арқылы жұптар бір-бірін және өзара, өзін –өзі бағалау жүргізді.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану мақсатында «Ғажайып көрме» жұмысын ұйымдастырып, оқушылардың эстетикалық, шығармашылық қабілеттерін жетілдірдім.

Сабақ бойынша рефлексия

Оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды.

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді.

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландым. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ






Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: «Атаулар туралы 3 сұрақ» әдісімен қойылған сұрақтар жаңа сабақпен байланыс жүргізілді.


2: «Ойлау пирамидасы» әдісімен жүргізілген қорытынды жұмыс арқылы оқушылар сабақ үрдісінен алған түсініктерін көрсете білді.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Нақты берілген тапсырмалар ;


2: Тапсырмаларға қойылған нақты дескрипторлар;

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Ашық сұрақтарды көбірек беру, проблемалық жағдай тудыру.

№1 таратпа материал


№1 таратпа материал






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
789
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі