15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әдебиеттік оқу Мәтін бойынша сұрақтар мен тапсырмалар 2- сынып
Мәтінді мұқият оқыңыз және сұрақтарға жауап беріңіз.
I нұсқа
Жақсылық.
Қоян бір күні қатты ауырып қалды. Қасында көмектесер ешкімі жоқ.
Шіркін, жанашыр біреу болса ғой деп армандады.
«Осыдан жазылсам, барлық хайуанаттарды достасуға, бір-бірімізге көмектесіп жүруге шақырар едім», - деп толғанды ол.
Біраз күннен кейін ауруынан айыға бастады. Дегенмен ол бастапқы ойынан айнымады. Шама - шарқына қарай айналасындағылардан көмегін аямады. Жылағанды жұбатты, сүрінгенді демеді. Расында да, айналадағы аң атаулы көп
ұзамай қоянды құрмет тұта бастады. «Ізгілік ізсіз кетпейді» деген осы шығар.
Тапсырмалар.
1 Мәтінге жоспар құр.
______________________________________________________
______________________________________________________
_______________________________________________________
2 Неліктен қоян барлығына көмектесті?
_______________________________________________________
_______________________________________________________
_______________________________________________________
«Ізгілік ізсіз кетпейді» дегенді қалай түсінесің?
______________________________________________________
______________________________________________________
Мәтінді оқығаннан кейін сен өзің үшін қандай ой пікір түйдің_
________________________________________________________________________________________________________________________________
Дельфин
Су асты жартастарының арасындағы жолды тек дельфин ғана білетін. Кеменің келе жатқанын сезісімен көмекке асығатын. «Сақ бол, бұғаз өте қауіпті.Соңымнан жүріп отыр» дегендей, басқару тұтқасындағы кісіден көз
алмай, қадала қарайтын.«Кеме соңымнан келе ме , жоқ па» дегендей, артына
қарайлаған дельфин кеме алдында жүзіп отыратын. Бұғаздан аман есен өткен теңізшілер қуаныштан дельфинге қолдарын бұлғап: «Ура!» деп шуласып жататын. Бұл жолы бұғазда «Пингвин» атты кеме пайда болды. Әдеттегідей дельфин көмекке асықты. Бірақ бір жауыз әрі ақымақ адам палубада тұрып , оған винтовкадан оқ атты. Сөйтіп, ол дельфинді жаралады. Ашуланған дельфин
тереңге сүңгіп , жоқ болды. Оны бір ай, екі айға дейін ешкім көрмеді.
Содан соң қайта пайда болып, тағы да адамдарға жол көрсетіп жүрді. Тек «Пингвин» атты кеме бұғазда жартасқасоғылып апатқа ұшырады. Міне, бақытсыздық деген....
Тапсырмалар.
Дельфин неліктен «Пингвин» атты кемеге жақындамай
қойды?
1) Дельфинді қуды.
2) Жауыз әрі ақымақ адам палубада тұрып , оған
винтовкадан оқ атты.
3) «Пингвин» атты кемеден қорықты.
Мәтінді ары қарай бір екі сөйлеммен жалғастырып көр
________________________________________________________________
________________________________________________________________ _________________________________________________________________
Мәтіннен дельфин туралы айтылған жерді тап және астын сызып белгіле.
Ата – ананы құрметтеу туралы
Ей, перзентім, ата- ананы құрметтеуің қажет Екенін ақыл- ой, парасат тұрғысынан байқап білгейсің.Өйткені әрбір перзенттің тегі ата – ана ғой. Не үшін
ата – анамды құрмет жасаймын деп ойыңа алма.Олар сен үшін өзін өлімге де қиятыны белгілі.
Ей, перзентім, ата-анаңды ешқашан ренжітуші болма...
Олардың көңіл-күйіне қаяу салып, қапаландырмағын.Сені жан - тәнімен жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген ата- ананың көңілін қалдыратын құрттай іс жасасаң,
сен ешқандай да жақсылыққа лайықты жан емессің.Өйткені кімде - кім ата – ананың жақсылығын білмесе басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды.
Егер сен өз перзентім құрметтесін десең, сен де ата - анаңды құрметте. Сен ата-анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды. Перзент жеміс, ата - ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы күтсең, жемісі де дәмді, жақсы болады.
Сол сияқты ата - анаға ізет, құрметіңді аямасаң саған да олардың ізгі тілегі қабыл болғаны.
Тапсырмалар
Сөйлемдерді оқиғаның болу тәртібіне қарай нөмірлеңіз.
__ Ата-анаңды ешқашан ренжітуші болма.
__ Ата – ананы құрметтеу.
__ Сен ата – анаңа не істесең, саған перзентің соны
жасайды.
Мәтінді оқығаннан кейін сен қандай ой пікір түйдің?
1)___________________________________________________
2)___________________________________________________
3)___________________________________________________
Мәтін мазмұнына қандай мақал сәйкес келеді?
1) Ата – ананың қадірін балалы болғанда білерсің.
2) Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада.
3) Әкеге қарап ұл өсер, Шешеге қарап қыз өсер.
Мәтінге сәйкес негізгі ой- пікірді білдіретін сөйлем-
дерді белгілеңіз.
____________________________________________________
____________________________________________________
Мына нақыл сөзді қалай түсінесің ? Өз ойыңды жаз.
Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.
__________________________________________________
__________________________________________________
__________________________________________________
Өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелерін білу өзіңнің аман қалуыңа және жақындарыңа көмектесуіңе мүмкіндік береді. Өрт туралы хабарды әрбір оқушы бере алады. Әрбір адам өрт сөндіру қызметінің нөмірін білуі тиіс. Ғимараттың өртенуі
кезінде өрт сөндіру қоңырау шалу қажет,аты - жөніңізді мекен - жайыңызды анық
хабарлауыңыз және көмек күтуіңіз қажет.
Егер өрт пәтерде басталса, онда от одан әрі таралып кетпеу үшін есікті жауып, оттан алыс жерге кету керек.
Егер үйдің есігі жабық болып және одан шығу мүмкіндігі болмаса, онда терезеден айғайлап, көмекке шақыру керек. Жанып жатқан пәтерде болу әрине,
өте қорқынышты, бірақ шкаф, төсектің асты немесе басқа да жасырынатын орындарға тығылуға болмайды.Өйткені өрт сөндірушілерге ол жерлерден балаларды тауып алу өте қиын. Киім жанған кезде еденге немесе жерге жата кетіп, от толық сөнгенше аунау керек.
Қолды күйдіріп алған кезде қолды суық су астында ұстап тұру және үлкендерді көмекке шақыру керек. Өрт подъезде шыққан жағдайда пәтерден шығуға болмайды.Терезе ( ең болмағанда желдеткішті) немесе балконды ашу және қатты айғайлап көмекке шақыру қажет.
Тестік тапсырмалар
Тұрғын үй подъезінде өрт болған жағдайда ең бірінші
не істеу керек?
1) Өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалу, аты-жөні,
мекен- жайын хабарлау.
2) Терезеден ақайлап, көмекке шақыру.
3) Пәтерден шықпау керек.
4) Көмек күту
2. Мәтінге сәйкес өрт кезіндегі негізгі қауіпсіздік ережелерін
білу, ол .......
1) Жалпы ой – өріс үшін
2) Өрт сөндіруші болуға мүмкіндік
3) Емтихан тапсыру кезінде қажет
4) Өзін құтқаруға жіне жақындарына көмектесуге мүмкіндік
3. Мәтінге сәйкес киім жанған жағдайда ......
__________________________________________________________
Мәтінге сәйкес қолды күйдіріп алған жағдайда не істеу керек?
_________________________________________________________
Мәтінді оқығаннан кейін сен өзің үшін қандай ой -пікір түйдің?
_________________________________________________________
_________________________________________________________
__________________________________________________________
Байлық пен ақыл
Ертеде бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын
жинап, былай депті:
Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті.
Кімнің ақылы мен байлығы сай болса, сол мұрагерім болады.
Әрқайсысың маған байлықтарың мен ақылдарыңды көрсетіңдер,- депті.
Үлкен ұлы асыл тасты жүзік салған қолын көрсетіп:
Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды,- депті.
Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де:
Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның
алдында бас иеді,-дейді.
Үшінші ұлы күміспен және асыл тастармен әшекейленген
белдігін буынады да:
Мұндай белдікті,- дейді,- ешкім ешқашан буынып көрген
жоқ....
Әкесі үлкен балаларына қарап басын шайқайды да,
ең кіші ұлына қарап:
Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен
мақтанасың?- дейді. Сонда кенжесі былай депті:
Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, қымбат
тастар мен әшекейленген белдік те жоқ.
Тек еңбек сүйгіш екі қолым, қайрат жігерге толы
жүрегім бар.
Шалға кенже ұлының жауабы ұнайды. Ол өзінің
мұрагері болады деп кіші ұлын атапты. Үлкен
балаларына інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті.
Неліктен шал кенже ұлын мұрагер деп тапты?
1) Ең кішкенесі болғаны үшін
2) Еңбек сүйгіш, қайрат жігері мол болғандықтан
3) Асыл тасты бұйым заттар, киімдері жоқ болғаны
үшін.
Ақылды болсаң бай боласың деген сөзді қалай
түсінесің? Өз ой- пікіріңді жаз.
_________________________________________________
_________________________________________________
_________________________________________________
Байлық ол.......
Асыл тасты жүзік
Асыл - бұйым әдемі асыл киімдер
Ақыл - ой білім
Мәтінді оқығаннан кейін сен өзің үшін қандай ой пікір
түйдің?
_________________________________________________
_________________________________________________
__________________________________________________
Найзағай
Жазғы демалыс кезі. Біз жүгерінің арамшөбін отап жүр едік. Күн күйіп тұрған. Түске таман аспанда қара бұлт пайда блды да, ұлғая-ұлғая аспанды түгел жайлап алды. Дала күңгірттеніп түнере түсті де, жаңбыр құйып
кетті.Қос едәуір жерде еді. Жұрт паналар жер таппаған соң кетпен – күректерін төбелеріне тосты. Төңкерілген көп кетпен жыпырлап тұр. Найзағай жарқылдап ,
шатыр- шұтыр күн күркірегенде, металдың жай тартатыны есіме түсе кетті.
- Қашыңдар! - деп айқай салдым.
- Кетпенді тастап қашыңдар! -деп дауыстады Болат та менің ойымды түсінгендей.
Кенет шыққан ащы дауыстан шошып қалған жұрт кетпен күректерін лақтырып , қосқа қарай қашты. Демде ұзап кеттік.
Көп кешікпей жаздың жылы жаңбыры басылды да, лезде аспан шайдай ашылып, бұлт арасынан жарқырап шыға келді.
Қайтып орнымызға келсек, әлгі жерге жасын түсіпті. Кетпен -күректердің кейбіреуін жапырып, кейбірін тесіп, жерге сіңіп кетіпті.
Бұл көрністен жаны түршіккен қарттар:
- Ойпырым-ай, осы жерде тұра берсек не болар еді?!
Білгендеріңнен, оқығандарыңнан айналайын!
Өркендерің өссін!- деп, Болат екеумізге алғыс айтты.
Тапсырмалар
1 Әңгімедегі оқиға қай жерде болған?
Ашық далада
2) Орманда
3) Егін алаңында
4) Саябақ ішінде
2 Неліктен барлығы күрек- кетпендерін тастап қашты?
Жаңбыр құйып кетті
Найзағай жарқылдағанда металдың жай тартатындығы
Үсті –бастары су болғандықтан
Қара бұлт пайда болғандықтан
3 Мәтіннен табиғат сипаттамаларын табыңыздар және
белгілеңіздер.
4 Жаңбырдан кейін қандай оқиға болды?
Жерге жасын түсіп, күрек кетпендердің кейбіреуін
жапырып, кейбірін тесіп,жерге сіңіп кеткен
2) Аспан шайдай ашылды.
3) Жарқырап күн шықты.
5 Жасын туралы ойыңды жаз.
____________________________________________________
____________________________________________________

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген