жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
әдебиеттік оқу пәні "Жақсыдан үйрен"
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Жақсыдан үйрен
(сабақтың тақырыбы)
Бөлім |
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» |
|
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты |
Ирмикбаева Нургуль Жунусовна |
|
Күні |
15.10.2026ж. |
|
Сынып 3 |
Қатысушылар саны : |
Қатыспағандар |
Сабақтың тақырыбы |
Жақсыдан үйрен «Малды пайдаға жарату» Ы. Алтынсарин |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
А.3.2.3.1 – шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді табу; А.3.2.9.1 – шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру. |
|
Сабақтың мақсаты |
Әңгіменің негізгі ойды білдіретін бөлікті, сөйлемді табады. Иллюстрация, кітап, мультфильмдегі нақты ақпаратты анықтайды және оны сызба түрінде ұсынады. |
|
Құндылықтар |
Тәуелсіздік және отаншылдық. Аптаның дәйек сөзі «Ел болам десең, бесігіңді түзе» (М. Әуезов) |
|
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурс |
||||
Басы 5 мин
|
Ұйымдастыру кезеңінде амандасып, оқушылардың көңіл күйін, сабаққа дайындығын бақылайды. |
|
|
|
||||
1 мин |
Топқа бөлу. Киіз үйлерді таңдату арқылы оқушыларды үш топқа бөледі. (киіз үйдің артында топтар жазулы)
|
Үш топқа бөлініп отырады. Рөлге бөлініп, міндеттерін айқындайды |
|
Киіз үй суреті |
||||
|
Сабаққа қызығушылығын ояту мақсатында Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы бойынша «Квест» ойынын ұсынады. Ой қозғау сұрағы: - Балалар, сіздердің үйді жинап қойғаныңызды көргенде ата-анаңыз қандай сезімде болады деп ойлайсыз? - Ата-анамыз бізді бағып-қағу үшін еңбек етеді. Олардың еңбегін бағалау және сүйіспеншілігін қайтару дегенді қалай түсінесіңдер? - Үйді жинап, ата-анаға көмектесуді жақсы іс деп есептейсіз бе? - Ендеше, бүгінгі сабағымызда ата-ана алдындағы перзенттік борышты өтеу тақырыбында Ыбырай атамыздың «Малды пайдаға жарату» әңгімесімен танысатын боламыз. Жаңа сабақ тақырыбы, сабақ мақсатын таныстырады. |
Оқушылар «Квест» ойынына қатысып, бөлме ішінде жасырылған сұрақтарды тауып, жауап береді.
Сабақ тақырыбы, мақсатымен танысады. |
Мұғалімнің мадақтауы
|
https://studio.d-id.com/video-studio?video=prj_-eGj7-jxj8WoxhNgb23Yq |
||||
Ортасы 20 мин |
Оқу мақсаты. 3.2.9.1 – шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру. Бағалау критерийі: Әңгіме мазмұны бойынша оқиғалар реттілігін тиісті дереккөзінен алады және сызба түрінде ұсынады. ОДД: қолдану 1-тапсырма Топтық жұмыс. Автор бейнесін сөйлету арқылы тапсырма ұсынады.
Өзіңізге ұсынылған дереккөзден Ы.Алтынсариннің «Малды пайдаға жарату» әңгімесімен танысыңыз. Әңгіме мазмұны бойынша реттілігін сызба түрінде беріңіз. 1-топ. Оқулықта берілген мәтінмен танысып, мазмұнын сызба (оқиғалар картасы немесе оқиғалар тізбегі, оқиғалар тауы) арқылы беріңіз. 2-топ. Мультфильмде берілген әңгіме мазмұнымен танысып, мазмұнын сызба (оқиғалар картасы немесе оқиғалар тізбегі, оқиғалар тауы) арқылы беріңіз. 3-топ. Комиксте берілген әңгіме мазмұнымен танысып, мазмұнын сызба (оқиғалар картасы немесе оқиғалар тізбегі, оқиғалар тауы) арқылы беріңіз.
Оқу мақсаты. 3.2.3.1 – шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді табу Бағалау критерийі: Әңгіменің тақырыбын анықтайды; Негізгі ойға қатысты сөйлемді тауып, талдайды ОДД: жоғары 2-тапсырма Жұптық жұмыс. «Екі жақты күнделік» әдісі Жұпта ақылдасып, мәтіннің тақырыбына сай келетін тіркесті белгілеңіз және неліктен бұл нұсқаны таңдағаныңызды түсіндіріңіз.
|
1-топ оқулықта берілген мәтінмен танысып, мазмұнын сызба арқылы береді. 2-топ мультфильмде берілген әңгіме мазмұнымен танысып, мазмұнын сызба түрінде береді. 3-топ комиксте берілген әңгіме мазмұнымен танысып, мазмұнын сызба түрінде береді.
Жұпта жұмыстанады. Өзара ақылдасып, мәтіннің тақырыбына сай келетін сөйлемді белгілейді. Неліктен осы жауапты таңдағанын түсіндіреді |
Киіз үйдегі ромбиктерді балл бойынша бояп отырады
Дескриптор: мах 3 балл негізгі оқиға ларды анық тайды -1балл; оқиғаларды ретімен орна ластырады - 1балл; мазмұнды сызба арқылы жүйелі көрсе теді - 1 балл.
Дескриптор: мах 3 балл Мәтіннің негізгі тақы рыбына сай жауапты дұрыс таңдай ды – 1балл Нұсқаны неліктен таңдағанын дәлелді түрде түсіндіреді – 2балл |
|
||||
1мин |
Логикалық-динамикалық сергіту: «Сенесің бе, сенбейсің бе?» (Оқушылар тік тұрады. Мұғалім отбасына қатысты тұжырымдарды айтады. Егер дұрыс болса – қол шапалақтайды, қате болса – отырып-тұрады) Мұғалім: Анамыз бізге дәмді тамақ пісіреді. (Оқушылар қол шапалақтайды) Мұғалім: Әкемізге көмектесудің қажеті жоқ. (Оқушылар отырып-тұрады) Мұғалім: Отбасында бәрі бір-бірін сыйлауы керек. (Оқушылар қол шапалақтайды) Мұғалім: Үйдің ішінде ойыншықтарды шашып кету керек. (Оқушылар отырып-тұрады) Мұғалім: Ата-ананы қуанту – біздің басты міндетіміз! (Барлығы бірге секіріп, қол шапалақтайды) |
Сергіту сәтінде мұғалім айтқан отбасына қатысты тұжырымдар дұрыс болса – қол шапалақтайды, қате болса – отырып-тұрады |
Мадақтау сөздері |
|
||||
14 мин |
3-тапсырма Жеке жұмыс. «Төрт сөйлем» әдісі Мәтіннің негізгі ойын анықтап, төрт сөйлеммен ой қорытыңыз. Негізгі ойды білдіретін мәтін бөлігін тауып, дәлел ретінде пайдаланыңыз Меніңше, әңгімедегі негізгі ой – Себебі, Оған дәлел, Қорыта айтсам, |
Жеке жұмыстанады. Төрт сөйлем арқылы мәтіннің негізгі ойы туралы тұжырым жасайды.
|
Дескриптор: мах 4 балл Пікір білдіреді -1балл Себебін түсіндіреді -1балл Мәтіннен дәлел келтіреді -1балл Қорытынды ой айтады -1балл |
|
||||
Бекіту |
«Мақал айтам, үйге қайтам» |
|
|
|
||||
Соңы 3 мин
|
Рефлексия. «Киіз үй» әдісі Тақтаға үш түсті аймақ орналастырылады: Жасыл түс – сабақ маған түсінікті болды, тапсырмаларды жақсы орындадым. Сары түс – сабақта кейбір нәрселерді түсіндім, бірақ әлі де сұрақтарым бар. Қызыл түс – маған қиын болды, қосымша түсіндіру қажет. |
Қолдарындағы киіз үйдің суретін сабақтағы өз нәтижелеріне сәйкес түстің астына жапсырады |
Мұғалім оқушылар дың таңдау ларын қарап, сабақтың қаншалықты түсінікті болғанын анықтайды. Қажет болған жағдайда қызыл және сары түсті таңдаған оқушыларға қосымша түсіндіру немесе көмек көрсетіледі. |
Киіз үй суреті |
||||
Үйге тапсырма |
Әңгіменің ұнаған бөлігі бойынша GPT көмегімен комикс дайында. |
|
|
|
||||
|
|
|
||||||
Үлгі сызбалар
2-тапсырма Жұптық жұмыс. «Екі жақты күнделік» әдісі
Жұпта ақылдасып, мәтіннің тақырыбына сай келетін тіркесті белгілеңіз және неліктен бұл нұсқаны таңдағаныңызды түсіндіріңіз.
Не? |
Неліктен? |
А) Көршілердің достығы
Ә) Ақшаны (байлықты) пайдалы жұмсау
Б) Ата-ананың борышы |
|
Дескриптор
Мәтіннің негізгі тақырыбына сай жауапты дұрыс таңдадым – 1балл
Нұсқаны неліктен таңдағанын дәлелді түрде түсіндірдім – 2балл
2-тапсырма Жұптық жұмыс. «Екі жақты күнделік» әдісі
Жұпта ақылдасып, мәтіннің тақырыбына сай келетін тіркесті белгілеңіз және неліктен бұл нұсқаны таңдағаныңызды түсіндіріңіз.
Не? |
Неліктен? |
А) Көршілердің достығы
Ә) Ақшаны (байлықты) пайдалы жұмсау
Б) Ата-ананың борышы |
|
Дескриптор
Мәтіннің негізгі тақырыбына сай жауапты дұрыс таңдадым – 1балл
Нұсқаны неліктен таңдағанын дәлелді түрде түсіндірдім – 2балл

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген