400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әдебиеттік оқу пәні «Қайырымдылық» Мағзұм Сүндетов

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға қайырымдылық, мейрімділік жайлы айта келе, түсініп оқуға үйрету; тілін, сөйлеу мәдениетін, ой өрісін дамыту; үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, тазалыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы




Әдебиеттік оқу пәні «Қайырымдылық» Мағзұм Сүндетов
Жалпы мақсаттар: Оқушыларға қайырымдылық, мейрімділік жайлы айта келе, түсініп оқуға үйрету; тілін, сөйлеу мәдениетін, ой өрісін дамыту; үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, тазалыққа тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі: 1. Мәтіннің «Қайырымдылық» деп аталуын, негізгі ойын ашып түсіну;
2. Мұхтардың іс - әрекетіне баға бере білу;
3. Қайырымдылыққа тағы не жататынын білу;
4. Алған білімдерін өздіктерінен қорыта алу.

Негізгі идеялар: Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым - қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар.
Бірі — рухани - экономикалық жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау),
Екіншісі — іс - тәжірибелік жағы (іс жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу).
Тапсырмалар: 1.«Ой қозғау» Видео.
2.«Ойлан, жұптас, талқыла»
«Қамқорлық» сөзін топтастыру.
3. Жаңа мағынаны таныту. Оқулықпен жұмыс. «ДЖИКСО» әдісі.
4. Сөздік жұмысы. Бәкене – аласа; Қақ – іркіліп қалған жауын суы.
5. Топпен жұмыс. «Ой шақыру»
1
-3 - топ: Салыстыру кестесін толтырады.
2
-4 - топ: «Толықтыру» тестін орындайды.

Кейінгі тапсырмалар:
Өзгерістерді бағалау;
Басқа әріптестермен ақылдасу.
Тәжірибе негізінде өзгерістерді сипаттау;

Жүргізетін жұмысым
Мұғалімнің іс - әрекеті:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныппен сәлемдесу.
Мақал-мәтелдер арқылы топқа бөлу.
Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.
Тренинг « Бақыт шеңбері» Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерімен таныстыру.
Бағалау критерийлері.
1. Үй жұмысын орындауы.
2. Қосымша сұрақтарға жауап беруі.
3. Жаңа сабаққа қатысуы;
Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау»
Үй тапсырмасын тексеру.
«Ыстық орындық».ойыны арқылы
1. Мәтіннің авторы кім? Ол туралы не білесіз?
2. Жерге түскен торғайдың хәлі қандай еді?
3. Сұр жылан қандай күш көрсетті?
4. Торғай аспанға қалай ұшып кетті?
5. Ақбілек деген кім?
6. Ақбілек бала кезінде жылан туралы не естіп еді?
«Ойлан, жұптас, талқыла»
«Қайырымдылық» сөзін топтастыру.
Қайырымдылық
Постер қорғалады. Топ бір - бірін бағалайды.
Сұрақтарға жауап беріп болған соң, деңгейлеріне қарай топқа бір - бірден ынталандыру үшін смайликтер таратылады.
Жаңа мағынаны таныту.

Мағзом Бижанұлы Сүндетов (29.1.1936, Атырау облысы Доссор мұнай кәсіпшілігі - 7.2.1999, Алматы) - жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. ҚазҰУ-ды бітірген (1959). 1958 - 1959 ж. Қазақстан көркем әдебиет баспасының проза редакциясының кіші редакторы, 1959 - 1990 ж. сол баспада редактор, бөлім меңгерушісі, 1990 - 1996 ж. "Ана тілі" баспасының бас редакторы қызметтерін атқарған. Сүндетов әнгімелері "Ақжелкен", "Парасат", "Қазақ әдебиеті" сияқты белгілі баспасөз беттерінде жарияланған. Сүндетовтің тұңғыш "Жол айырығы" кітабы 1961 ж. жарық көрген. Сүндетовтің повесть, әңгімелері шет ел тілдеріне аударылған. Сүндетов "Еңбек ерлігі үшін" медалімен, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Оқулықпен жұмыс. Тізбектей оқу
«ДЖИКСО»
I топ: Монтиған құрбыларынан ерекше.
II топ: Күшікті құтқарғанына қуанышты.
III топ: Міне қызық. Апасының да жүзі жылып, мейірлене қарайды.
Топ бір - бірін бағалайды.
Сұрақтарға жауап беріп болған соң, деңгейлеріне қарай топқа бір - бірден ынталандыру үшін стикерге баға қойып таратылады.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмысы.
Бәкене – аласа;
Қақ – іркіліп қалған жауын суы.
Топпен жұмыс: «Ой шақыру»
1
-3 - топтар: Салыстыру кестесі
Әңгіменің аты
«Торғай» « Қайырымдылық»
Авторы
Ұқсастығы
Айырмашылығы
Негізгі ойы
2-4 - топтар: «Толықтыру» тесті.
1. Әлгінде оны мұғалім ___ деп мақтаған.
2. Мені мыналардан ____ өлтіретін болды ғой.
3. Күшікті ______ Мұхтар қуанышты.
4. Анасының жүзі жылып, ______ қарайды.
5. Әрине, әр кез солай _____ бол!
6. Өйтпесіңе сенем, жаным… деп, – ___ бетінен сүйді.
Тәртіпті, таза; құтқарсайшы; құтқарғанына; мейірлене; қайырымды;
баласының.
3 - топРефлексия. «Сиқырлы сандық» ойыны.
6. Бағалау.

Мұғалім: Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Мұғалім: Олай болса, бүгінгі сабақта кім өте жақсы жауап бергенін бағалайық.
7. Үйге тапсырма. Мәтінді түсініп оқу, мазмұндау. «Еркін жазу»
МҰХТАРҒА ХАТ








Б.Амалбеков атындағы ЖОББ базасындағы тірек мектебінің (ресурстық орталық) КММ





Әдебиеттік оқу пәні
Сабақтың тақырыбы: Мағзұм Сүндетов «Қайырымдылық»


II деңгей бойынша сертификатталушы, мектеп тренері, бастауыш сынып мұғалімі Ашикбекова Кулшат Мукыжановна



Атасу кенті



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
561
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі