400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әдебиеттік оқу пәнінен тест тапсырмалар

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың пән бойынша білім деңгейін тексеру,
Материалдың қысқаша нұсқасы

ІІ тоқсан қорытындысы бойынша әдебиеттік оқудан тест сұрақтары

4- сынып

  1. Шешендік өнердің негізін қалаған кім?

А)А.Құнанбаев

Ә)Төле би

Б) А. Байтұрсынұлы

В) Б.Соқпақбаев

2. «Тізе бүгу» сөзінің мағынасы ...

А) бұзу

Ә) кетіп қалу

Б) бағыну

В) сөз сөйлеу

3. Қобыланды батырдың тұлпары қалай аталады?

А)Тайбурыл

Ә)Құлагер

Б) Қасқа ат

В) Тұлпар

4. Екі нәрсенің ортақ сипатын, белгілерін табу, ұқсату дегеніміз...

А)эпитет

Ә)омоним

Б) күрделі сөз

В) теңеу

5. Ертегілердің неше түрі бар?

А)1

Ә)3

Б) 4

В) 5

6. Жазылуы бірдей , бірақ мағынасы әртүрлі сөздер дегеніміз?

А) омоним

Ә) синоним

Б) антоним

В) қос сөздер

7. «Аққу, Шортан һәм Шаян» мысалын кім аударды?

А)А.Құнанбаев

Ә)О. Әубәкіров

Б) А. Байтұрсынұлы

В) Б.Соқпақбаев

8. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармасын тап.

А) «Қырық мысал»

Ә) «Арыстан мен Тышқан»

Б) «Маса»

В) «Ара мен Шыбын»

9. «Қиян» сөзінің мағынасы...

А) алыс

Ә) жақын

Б) көңілді

В) ауру

10. Мағжан Жұмабаев өмір сүрген жылдар?

А) 1893 – 1938 ж.ж

Ә) 1845 – 1904 ж.ж

Б) 1938- 1988 ж.ж

В) 1945 - 1998 ж.ж

11. «Дүниеде жамандық неден?» әңгімесінің авторы кім?

А)А.Құнанбаев

Ә)Ы.Алтынсарин

Б) А. Байтұрсынұлы

В) Б.Соқпақбаев

12. «Жиб- жица күресі» кім жайлы?

А)А.Құнанбаев

Ә) Тұрар Рысқұлов

Б) А. Байтұрсынұлы

В) Қажымұқан

13. М.Әуезовтың «Жетім» әңгімесінде жазушы Қасымның көңіл- күйін немен сәйкестендірді?

А) күнмен

Ә) табиғатпен

Б) қыс мезгілімен

В) ауа - райымен

14. «Қиянат» сөзінің мағынасы...

А) зорлық, әділетсіздік

Ә) құлату

Б) кешірім сұрау

В) ренжу

15. Ахмет Әуезов өзінің ағасы Мұхтар туралы қай әңгімеде айтты?

А)Жас Мұхтар

Ә) «Жолда»

Б) «Жетім»

В) «Аяулы Жақаң»

16. Қаныш Сәтбаев ол кім?

А)ақын , суретші

Ә)әнші, геолог

Б) геолог- ғалым, суретші

В) қарапайым адам, суретші

17. Көркем шығармадағы оқиғаға қатысатын негізгі адам ол ...

А)кейіпкер

Ә) басты кейіпкер

Б) актер

В) рөлді сомдаушы

18. Шоқан Уәлихановтың өмір сурген жылдары?

А)1835- 1865 ж.ж

Ә) 1845 – 1904 ж.ж

Б) 1935- 1965 ж.ж

В) 1902- 1938 ж.ж











ІІ бөлім Әдебиеттік оқу

ІІІ- нұсқа

1.Қазақ халқының қандай батыр қыздарын білесің, белгіле?

А) Мәншүк Маметова

Ә) Дина Нүрпейсова

Б) Роза Рымбаева

2. «Егізқара» мәтінінің авторы кім?

А) Құрал Тоқмырзаұлы

Ә) Ыбырай Алтынсарин

Б) Сәкен Сейфуллин

3. Туған жер – тұғырың,

Туған ел –қыдырың. Бұл не?

А) Өлең

Ә) Мақал – мәтел

Б) Жаңылтпаш

4.Елі мен жерін сүйетін адам үлгі болар кейіпкер кім?

А) Баттал

Ә) Қойшыбай

Б) Ғұсман

5. «Аңыз арнасы» мәтінінің авторы кім?

А) Мендібай Әбілұлы

Ә) Мылтықбай Ерімбетов

Б) Бекболат Әдетов

6. Азаматтық соғысының батыры.

А) Қобыланды

Ә) Ерасыл

Б) Амангелді

7. « Қос батыр» мәтіндегі қорқыныштардың қайсысы:

А) күлкі

Ә)өкініш

Б)ұят сезімін тудырады

8.Мұқағали Мақатаев қай жылы туған?

А) 1931ж

Ә) 1927ж

Б) 1935ж

9. «Көлім қайда, туған елім

Шабақ балам титтей.» Өлеңінің авторы кім?

А)Спандияр Ақаев

Ә) Мұқағали Мақатаев

Б)Абай Құнанбаев

10. «Қанағат» сөзіне түсіндірме жаз.

11. «Сөйтсе де қазынаны табарыма сенімдімін – ақ.» Бұл қай шығармадан алынған көрініс?

А) Алтын іздеген адам

Ә) Қанағат- қарын тойғызар

Б) Ақжайық

12. Ел іші – алтын бесік

А) мақал ма?

Ә) мәтел ме?

Б) жұмбақ па?



13. Мұхтар Әуезов қай жылы дүниеге келген?

А)1890ж

Ә)1877ж

Б)1897ж

14. Шоқан Семейден шыққанда мамыр айының алғашқы бір әсем күндері еді. Үзінді қай мәтіннен алынған?

А) Туған жер құдыреті

Ә) Жұт алдында

Б) Ақжайық

15. Әліппенің атасы кім?

А) Абай

Ә) Ахмет

Б)Ыбырай

16. Қазақстан – алыбым,

Осыдан - ақ сен түсін.

Еуропада – Жайығым

Азияда – Ертісім – бұл өлең жолдары қай шығармадан?

А) О, туған ел!

Ә) Жайық пен Ертіс

Б) Құмыра

17. « Мен қалай жазушы болдым» әңгіменің авторы кім?

А) М.Әуезов

Ә) Ш.Уалиханов

Б)М.Зверев

18. Қазына көтерген бала кім?

А) Шоқан

Ә) Мұхтар

Б)Қаныш

19. «Алатау» өлеңінің авторы кім?

А) Жамбыл Жабаев

Ә) Ілияс Жансүгіров

Б) Жаппар Өмірбеков

20. Жамбыл Жабаев қай жылы туған?

А)1840ж

Ә)1845ж

Б)1846ж











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30 мамыр
1478
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі