жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Әдебиеттік оқу "Шал мен бала"
|
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ |
Бердібек Соқпақбаев «Шал мен бала» |
Сынып:3 «а» Мерзімі: 17.01.2017 ж |
|||||||
|
МАҚСАТЫ |
Мәтіннің мазмұнын жүйелі түрде әңгімелеуді үйренеді. Мәтіннің идеясынан өзіндік ой қорытуды үйренеді,сөйлеу дағдысы жетіледі. Білімін жүйелі пайдаланып үйренеді. |
||||||||
|
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ |
Оқушылар шығармашылық қабілеттері дамиды, өз көзқарастарын еркін білдіреді, оқу үрдісінде жаңа оқыту әдістерін меңгереді, қазіргі жаңа талаптарға сай білімі қалыптасады. |
||||||||
|
ӘДІС-ТӘСІЛДЕР |
Топтық жұмыс, сұрақ, тест, блум таксономиясы,сәйкестендіру |
||||||||
|
ҚОЛДАНЫЛАТЫН МОДУЛЬДЕР |
сыни тұрғыдан ойлау, оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау, білім алудағы көшбасшылық. |
||||||||
|
РЕСУРСТАР |
Стикерлер, суреттер,тест парақшалары, ақ қағаздар , оқулық |
||||||||
|
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық (1-2 мин) Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым. -Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Оқушылармен амандасу,түгендеу Сабаққа деген ынталарын байқау, бағыттау. Үй тапсырмасын сұрау. (7 мин) Ғали Орманов «Ана» (өлеңді жатқа айту) Жаңа сабақтың тақырыбы: Б.Соқпақбаев «Шал мен бала» |
|||||||||
|
кезең |
уақыт |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс -әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар жабдықтар,сыныптағы жағдай |
||||
|
БІЛУ |
8-10 мин |
Сыныпты 3 топқа бөлемін Сабақтың мақсаты Түсіндіріледі Б.Соқпақбаев кім? - Қандай әңгімелерін білеміз? Сұрақтарын қоя отырып жаңа сабақ мазмұнын түсіндіремін. -
Балалар, анамызды барлығымыз қадірлеп, құрметтейміз бе? |
Еске түсіреді, сұрақтарға жауап береді |
Формативтік бағалау болады. |
Тыңдайды,ойланады. |
||||
|
ТҮСІНУ |
7 мин |
Түсініп оқуға көмектеседі, Жаңа сөздерді түсіндіреді, Жаздырады Мәтінмен жұмыс «Топтас,ойлан,пікірлес», Қиын сөздерге тоқталып түсіндіру. (топпен жұмыс) 1.Бүкірлеу – еңкейген адам. 2. Қоба сақал – қалың сақалды. 3. Имек бас – қариялар ұстайтын аса таяқ. 4. Ілгері лықсып – алдына қарай жүру. 5. Қауқарсыз – әлсіз, күш-қуатсыз. 6. Біреулерді сүзе барып – біреулерді соға құлайтын еді. |
-Мәтінді тізбектей оқиды.Мәтін-дегі түсінуі қиын сөздерді қарындашпен белгілей отырады.Балалар белгілеген сөздерге топ оқушылар түсініктеме береді. |
Формативтік бағалау болады. |
Мәтінмен жұмыс жасайды, тілдері дамиды |
||||
|
ҚОЛДАНУ |
Қадағалайды, ынтымақтастырады, Үш топқа шығармадағы оқиғаларды ретімен орналастыруға тапсырмалар беріледі: «Орнын тап»
ойыны. |
Балалар топпен жұмыс жасайды,парақшаларда берілген мәтіндегі оқиғалардың ретін дұрыс орналастырып шығу керек. |
Мұғалімнің ынталандыру бағасы формативтік бағалау болады. |
Тақырып бойынша дұрыс сөйлеуге үйренеді, Тіл байлығы дамиды |
|||||
|
|
1 мин |
СЕРГІТУ СӘТІ |
Қол
ұстасып бәріміз |
|
|
||||
|
ТАЛДАУ |
2-3 мин |
Дұрыс талдауға бағыттайды «Ұрлық істеу –
ол жақсы адамның кәсібі
емес» |
Мәтінде берілген ақыл,нақыл сөздерді табады,мәнін түсіндіреді,сипаттайды. |
Мұғалімнің ынталандыру бағасы формативтік бағалау болады. |
Жасырын жәйттерді ашады; ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындайды; |
||||
|
ЖИНАҚТАУ |
7 мин |
Өзің мәтін бойынша қандай сурет салар едің? Мәтінде бірнеше оқиға баяндалуы мүмкін.Мәтіндегі оқиғалар бір-бірімен байланыста болады. Тест тапсырмаларымен жұмыс Тест сұрақтары. 1.Шал құлай жаздағанда, оны кім ұстап үлгірді? а) тақырбас кішкене бала ә) кекілді үлкен бала б)бойшаң бала 2.Қарт кісі балаға не жайында әңгімеледі? а)жердегі шалшық су жайлы ә) бауынан шиенің ұрланғаны б) өзінің немересінің тәртібі 3.Бала қартты үйіне әкеле жатқанда алдарынан кім шықты? а) шалдың немересі ә)шалдың көршісі б) шалдың баласы 4.Тақырбас баланың аты кім? а) Мәулен ә) Марлен б)Марат 5. «Шал мен бала» әңгімесінің авторы кім? а)Ы.Алтынсарин ә)Б.Соқпақбаев б)Сухомлинский |
Пікірлеседі ақын бізге қандай ой айтқысы келді? сұрағына жауап іздейді |
Мұғалімнің ынталандыру бағасы формативтік бағалау болады. . |
Шығармашылық тұрғыдан (сөйлем, сөз тіркесі, сұрақ қою) тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады; Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығармашылықпен қолданады. |
||||
|
БАҒАЛАУ |
3 мин |
Бағалайды, қорытынды жасайды Үйге тапсырма: Б.Соқпақбаевтың «Шал мен бала» мәтінін түсініп оқу мазмұнын айту Қорытынды. «Көңіл күй таразысы» Сабақтан алған әсерін стикерлерге жазып,жапсырады. |
Топ басшылары өз топтарындағы оқушылардың жинаған ұпайларын есептеп бағалайды. |
Мұғалімнің ынталандыру бағасы формативтік бағалау болады. |
|
||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген