400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әдебиеттік оқу тест

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдебиеттік оқу тесті
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаман жолдас

Екi дос кiсi жолдастасып келе жатып, бiр аюға ұшырапты. Бұл екi кiсiнiң бiреуi әлсiз, ауру екен, екiншiсi мықты, жас жiгiт, аюды көрген соң бұл жiгiт ауру жолдасын тастап, өзi бiр үлкен ағаштың басына шығып кеттi дейдi. Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрменi жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кiсi болды да жатты: есiтуi бар едi, аю өлген кiсiге тимейдi деп. Аю бұл жатқан кiсiнiң қасына келiп иiскелеп тұрды да, дыбысы бiлiнбеген соң тастап жөнiне кеттi. Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсiп, аурудан сұрапты:

– Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кеттi? Ауру айтты дейдi:

– Аю құлағыма ақыл сыбырлады, екiншi рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма дедi, – дейдi.





1. Мәтінде кімдер жолдас болды?

A) Үш дос

B) Екі дос

C) Бір әке мен бала

D) Екі ағайын



2. Жолдастарға қандай аң кездесті?

A) Қасқыр

B) Түлкі

C) Аю

D) Қоян



3. Мықты жігіт аюды көргенде не істеді?

A) Жолдасын қорғады

B) Жерге құлады

C) Ағаштың басына шықты

D) Үйіне қашып кетті



4. Әлсіз жолдас аюдан қалай аман қалды?

A) Жүгіріп қашты

B) Таспен ұрды

C) Өлген кісі болып жатты

D) Досын шақырды



5. Аю неге әлсіз жігітке тимеді?

A) Өйткені қорықты

B) Өйткені ол өлген кісі болып жатты

C) Өйткені ағашқа шықты

D) Өйткені айқайлады



6. Аю әлсіз жігітке не сыбырлады?

A) «Қорықпа» деді

B) «Досыңды шақыр» деді

C) «Жаман достан аулақ бол» деді

D) «Мықты бол» деді



7. Мәтіннің негізгі ойы қандай?

A) Әрқашан аңнан қорғану керек

B) Жақсы дос – өмірлік тірек

C) Мықты болу үшін қашу керек

D) Жолдасқа сенбеу керек



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
19.09.2025
106
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі