400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әдебиеттік оқу.Құмырсқаның қанағаты (ертегі)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен бұл ашық сабақты жариялаған себебім әріптестеріммен тәжірибе алмастыру,жаңа бағдарламаның іске асуына үлес қосу.Өз сабағымда сын тұрғысынан ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын моделі «БЛУМ» таксономиясы негізінде жүргіздім. Сабақта,әртүрлі дамытушы кесте тапсырмалар,сәйкестендіру тесті, әр түрлі бағыттағы тапсырма бойынша кестелер, «Аквариумдағы балықтар»,«ВЕНН» диаграммасы, «БББ» кестесі,ынталандыру мақсатында «Миға шабуыл» әдістерін қолданып,өзін-өзі бағалау,бірін-бірі бағалаулар яғни,«бағдаршам», «бас бармақпен» және кері байланыстар жүргізілді.Бұл сабақта да оқытудың жаңа әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолданып,оқушылардың сабаққа қызығушылықпен қатысуын қамтамасыз ете алдым.Жан-жақты ойлауды қалыптастырып,балалардың өз білімдері мен жаңа білімдерін ұштастыра отырып,тақырыпты түсінуге бағыт берілді.Қорыта келе сыныптың ұйымшыл,бір-бірімен ынтымақтастық жағдайда жұмыс жасай алатындығына,бір-бірін әділ бағалап,ізденіп,білгенін көрсете білетініне көзім жетті.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:

Әдебиеттік оқу

Күні:

Сынып:

3

Сабақтың тақырыбы:

Құмырсқаның қанағаты

Сабақтың мақсаты:

Ертегіні оқи отырып пәнге деген қызығушылығын арттыру, мәнерлеп оқуға, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, рөлге бөліп оқу.
Халқымыздың салт - дәстүрін жалғастырып, құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке баулу.

Күтілетін нәтиже:

Оқушының қиялын дамыту, өз бетінше мазмұнын айтуға машықтандыру, сөздік қорын молайту.

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі,дүниетану

Қолданылатын әдістер:

Оқыту мен оқудағы әдіс-тәсілдер,СТО,бағалау,

Керекті жабдықтар:

Оқулық,кеспе қағаздар,стикер,салыстыруға арналған кестелер,жұппен жұмысқа арналған тапсырмалар,жеке оқушыға арналған тапсырмалар, «БББ» бағалау парағы, «Мәуелі ағаш» рефлексия

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Кіріспе



Ұйымдастыру кезеңі


«Сиқырлы сандықша»

арқылы топқа бөліну



Үй тапсырмасын сұрау




1 мин














3-мин




1.Оқушылармен ынтымақтастық атмосфера құру

2.Сынып оқушыларын сөз таптары арқылы топқа бөлу


3.Әр топтың бөлінген сөздеріне қатысты сұрақ-жауап әдісін жүргізу

1.Сөздің мағынасын ашу

2.Мысал келтіру.

ВЕНН диаграммасы арқылы салыстыру жүргізеді.

1.Бір-біріне жүрекше арқылы жақсы тілектер айтады


2.Оқушылар топқа бөлінеді


3.Оқушылар сол сұрақтар бойынша жауап береді




Топпен жұмыс арқылы салыстыру жұмысын жүргізеді.



Ассосация

«Миға шабуыл»

2 мин

1.Әр топ мүшелеріне тапсырмалар беріледі

2.Тапсырманы жеке орындайды

4.Жаңа сабақтың тақырыбын ашу



1.Топ мүшелері берілген тапсырмаларды орындайды

2.Өзіне және сыныптастарына мінездеме береді.


БАҒАЛАУ

«Бағдаршам» арқылы бағалау

Жаңа сабақ


Түсіну



10 мин

1.Ертегіні мәнерлеп оқу

2.Топпен жұмыс

Оқыған ертегі бойынша құмырсқаны сипаттау


1.Ертегіні мәнерлеп оқиды

2.Топпен құмырсқаға сипаттама береді.



Топпен жұмыс


Қолдану

5 мин

1.Әр топқа тапсырма беріледі

2.Берілген сұраққа жауап беріп оның мағынасын ашады.


1.Тапсырманы дұрыс,мұқият орындайды

БАҒАЛАУ

«Бағдаршам» арқылы бағалау

Жұппен жұмыс




Талдау




3-мин

1.Әр жұпқа тапсырма беріледі

2. «Ой - өріс»
Қанағат сөзін топтастыру. Әр жұп алдына А-4 қағазы беріледі. Берілген уақыт ішінде кім көп сөз жазады?

1Топта жұптық жұмыс орындалады

2.Берілген тапсырманы жұппен жұмыс арқылы орындайды.

БАҒАЛАУ

«Бас бармақ» арқылы бағалайды

Қолдану



«Аквариумда

ғы балықтар»









5 мин

1.Мұғалім тапсырма береді.

2. - Оқымысты қандай еді?
- Ғұлама қандай көріністің куәсі болды?
- Құмырсқаның қандай қасиетін білесіңдер?


- Ақылды, қайратты, мықты.
3.Сұрақтарға толық жауап береді

1.Тапсырманы тыңдайды

2.Берілген сұрақтарды жауабымен дәлелдейді


БАҒАЛАУ

«Бас бармақ» арқылы

Бағалайды

Талдау

3-мин

І - топ. Құмырсқаның суретін салу.
ІІ - топ. Өлең шығару
ІІІ - топ. Эссе жау «Егер мен құмырсқа болсам...»


1.Топпен жұмыс

Берілген тапсырманы толық орындау

3.Әр топ өз жұмыстарын талдайды

БАҒАЛАУ

« Бағдаршам» арқылы бағалау

Жинақтау

3-мин

1.Тақырыпқа қатысты кесте толтыру

2. «Сен құмырсқадан не үйрендің?»

1.Кестені толтырады



2.Әр оқушы өз ойын

толық жазады.

Бағалау

3-мин

1.Бағалау кестесін толтырады

2.«БББ» кестесін толтырады

1. «БББ» кестесін толтырады

2. Өзін-өзі бағалайды





Кері байланыс

2-мин

1.Сабаққа кері байланыс жүргізу үшін стикер таратады.

2. «Мәуелі ағаш» постеріне іледі



1.Ұсынылған стикерді толтыру


2. Әр оқушы пікірін стикермен жабыстыру арқылы көрсетеді































Килтбаева Айгүл Мұратқызының 3-сыныпта

әдебиеттік оқу пәні бойынша

жүргізілген ашық сабақтың

рефлексивті есебі


Мамырдың 3-і күні 3-сыныпта Әдебиеттік оқу пәнінен «Құмырсқаның қанағаты» атты ашық сабақ өткіздім.Өз сабағымда сын тұрғысынан ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын моделі «БЛУМ» таксономиясы негізінде жүргіздім. Сабақта,әртүрлі дамытушы кесте тапсырмалар,сәйкестендіру тесті, әр түрлі бағыттағы тапсырма бойынша кестелер, «Аквариумдағы балықтар»,«ВЕНН» диаграммасы, «БББ» кестесі,ынталандыру мақсатында «Миға шабуыл» әдістерін қолданып,өзін-өзі бағалау,бірін-бірі бағалаулар яғни,«бағдаршам», «бас бармақпен» және кері байланыстар жүргізілді.

Сабақтың басталуы ынтымақтастық атмосферасынан басталды. Оқушылар жүрекше арқылы бір-біріне деген ыстық ықылас тілектерін білдірді.

«Сиқырлы сандықшадан» математикадан берілген көбейту кестесі бойынша жауабы 1,2,3 сандарына байланысты топқа бөлініді.Өте қызықты болды.Оқушылар әдебиет сабағында математика сабағының тапсырмасын орындады.

Топқа бөлініп болған соң оқушылар топпен жұмыс жүргізді.Үй тапсырмасын сұрау мақсатында «ВЕНН» диаграммасы арқылы «Алтын балта» ертегісіндегі бай мен кедейді салыстырып,мазмұнын толықтырды.

Т оппен салыстыру жұмысын жүргізіп, «Ыстық орындық» арқылы оқушылар үй тапсырмасын айтты.Оқушылар өте жақсы қызығушылықпен сабаққа қатысып отырды.Үй тапсырмасы қайталағаннан кейін әр топ мүшелері «Бағдаршам» арқылы бағалау жүргізіп отырды.

Жаңа сабақты бастамас бұрын «Миға шабуыл» ассосациясы сынып оқушыларына арқылы жұмбақ жасырдым.Ол жұмбақтың жауабын Қандай? деген сұрақ арқылы сипаттама жүргізді. Бұл сабақта да оқытудың жаңа әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолданып,оқушылардың сабаққа қызығушылықпен қатысуын қамтамасыз ете алдым.Жан-жақты ойлауды қалыптастырып,балалардың өз білімдері мен жаңа білімдерін ұштастыра отырып,тақырыпты түсінуге бағыт берілді.Жаңа сабақта ертегіні мәнерлеп оқу,түсінгендерін бір-біріне жұппен түсіндіру,толықтыру тапсырмасы берілді. «Ой - өріс»
«Қанағат» сөзін топтастыру. Әр жұп алдына А-4 қағазы беріледі. Берілген уақыт ішінде кім көп сөз жазады?.Бұл тапсырма жұпқа берілді.


«Аквариумдағы балықтар» әдісі бойынша әр топқа тапсырмалар берілді.

- Ғұлама қандай көріністің куәсі болды?
- Құмырсқаның қандай қасиетін білесіңдер?
- Ақылды, қайратты, мықты деген сөздердің мағынасын түсіндір.

Әр топқа тапсырмалар берілді.Құмырсқаның әрекетіне байланысты тапсырмаларды толық орындады.

І - топ. Құмырсқаның суретін салу.
ІІ - топ. Өлең шығару
ІІІ - топ. Эссе жау «Егер мен құмырсқа болсам...»



Оқушылар әр тапсырма сайын бағалау жүргізіп отырды.Әр оқушы «БББ» кестесін толтырып не білетінін,не білгенін және болашақта әлі де не білгісі келетіні жайлы сабақ барысында жазып отырды. Бұл сабақта оқытудың жаңа әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолданып,оқушылардың сабаққа қызығушылықпен қатысуын қамтамасыз ете алдым.Жан-жақты ойлауды қалыптастырып,балалардың өз білімдері мен жаңа білімдерін ұштастыра отырып,тақырыпты түсінуге бағыт берілді. Осы сабақда оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып,оқу материалы мен өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз ете алдым.Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдердің барысында оқушыларды сыни ойлауға үйретіп,белсенділіктерін арттырып,өзін-өзі реттеуге дамытатыны байқалды.Сабақ аяқталып қалғанда топқа «Сен құмырсқадан не үйрендің?» атты кесте толтырттым.Бұл кестені толтыруда оқушылар өте қызығушылықпен қатысты.

Тапсырма орындалып болған соң оқушылар бір-бірлеріне бағалау жүргізіп,не себепті сондай баға қойғандығы жайлы түсіндіріп өтті. «БББ» кестелерін толтырып,өз-өздеріне де баға берді.Оқушылар «Мен қандаймын?» деген сұрақтарға жеке-жеке жазбаша түрде жауап берді. Кесте толтырылып болған соң оқушылар сабақтың аяқталғанына байланысты, «Мәуелі ағашқа» рефлексия жазып ілді.

Қорыта келе сыныптың ұйымшыл,бір-бірімен ынтымақтастық жағдайда жұмыс жасай алатындығына,бір-бірін әділ бағалап,ізденіп,білгенін көрсете білетініне,білмегенін мұғалімнен,топ мүшелерінен сұрап,өзін ынталандыра алатыны,жоғары деңгейдегі көшбасшы сынып қатарында болатындығына сенімім мол.Осы кері байланыс арқылы мен іс-әрекетімді өзгертуде біршама жұмыстар жасағанымды сезіндім.Өткізген сабақтарым шәкірттерімнің жүректерінен жақсы орын алған тәрізді

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
853
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі