жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Әдемі -Ай" ашық шара
Әдемі-Ай байқауының сценариі.
Зал іші тақырыпқа сай безендіріледі. Төрде Әдемі-Ай тақырыбы ілініп,түрлі-түсті шарлармен,әдемі қыздардың суреттерімен безендіріледі.Төрде стол мен орындақтар қойылады.
Жүргізуші:Армысыңдар өнер сүйер қауым және кішкентай бүлдіршіндер. Бүгін сіздер демалыс лагерімізде алғаш рет өткелі отырған бүлдіршін қыздарымыздың «Әдемі-Ай»байқауы сайысына қош келдіңіздер .
Сән сұлулықтың айнасы, ал сәнді киіну талғампаздықтың бейнесі. Көңіл күйлеріңіз ашылсын, күлкілеріңізден інжу маржан шашылсын!
Әділдікпен баға берер аруға
Әділдікпен қара қылды жаруға
Алқасын қазылардың біз салайық
Әдемі-Айды талғап бүгін алуға –деп сайысымызға баға берер қазылар алқасын шақырамыз.
1)Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә. Жұмажанқызы
2) Психолог: Ж.Қанатқызы
Бүгінгі сән еркелеріміз мына бөлімдер бойынша сынға түседі.
I бөлім Таныстыру Сен бұл байқауға не үшін келдің?
II бөлім «Өнерліге өрісі кең»(Ұнатқан көйлектерінің суретін салу)
IIIбөлім Сұрақ жауап (тренинг)
IVбөлім Сән үлгісі
Vбөлім «Қыз еркем-кестесімен көркем»(Әшекей бұйымдар жасау)
Сән әлеміне саяхатымызды бастамас бұрын, сәнқой ханшайымдарымызбен таныс болыңыздар.
1:еркетайымыз:- Рахметова Нұрсезім
2:еркетайымыз:- Жасқайрат Нұржанат
3:еркетайымыз:- Шияпова Нұрайна
4:еркетайымыз:- Меңдіхан Толғанай
5:еркетайымыз:- Бақтыгереева Инабат
Баурап алар бірақ ауыз сәлемі
Қазақ қызы –әдепті де әдемі
Қазақ қызы-ақылына көркі сай
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі- дей отырып байқауымыздың бірінші бөлімі «Сәлем сөздің анасы»бөлімі бойынша аруларымыз өздерін таныстырады. Ендеше ортаға Әдемі-Ай еркелерін шақырамыз.
2- бөлім: Сән еркелерімен танысып болсақ, «Өнерліге өріс кең»бөлімін бастап қыздардың сурет салу шеберлігін сынайық.Бұл кезеңде қыздар өздерінің армандап жүрген көйлектерінің суретін салады.
Бәрекелді қыздар керемет сурет салады екенсіңдер,сендерден нағыз сәнгер қыздар болатындарыңа мен еш күмәнім жоқ.Армандарыңдағы көйлектеріне жетіңдер.
3-бөлім Сұрақ жауап Бір әріпті таңдайды
4-бөлім: Келесі төртінші бөліміміз: «Қыс еркем-кестесімен көркем»бөлімі арқылы сәнгерлеріміздің қолынан қандай әшекей бұйымдар жасай алатынын байқаймыз.Қолдарынан жасай алатын әшекей бұйымдарды жасап сайысқа түседі.
Қане қыздар әшекейлерімізді қазылар алқасына апарып берейік.
5-бөлім:Келесі кезең «Менің әдемі көйлегім»
Қазақ қызы тамсандырған талайды
Тоғжан болып ғашық қылған Абайды
Қазақ қызы күлкісі күн,тілі бал,
Ай секілді асқақ ару арайлы-деп сән үлгісін көрсетуге ортаға сән еркелерін шақырамыз.
1үміткер-Гүлсаяны ортаға шақырамыз
2үміткер-Гүлсезімді қошеметпен қарсы алайық
3үміткер-Гүлфайрузды сахна төрінде қарсы алайық
4үміткер-Аяжандай сұлу қызымызды шақырамыз
5үміткер-Динара сұлуымызды қарсы аламыз.
Осымен бүгінгі сайысымызда өз мәресіне жетті.
Өнеріміз сайыста
Жетелейді алысқа
Бүгінгі күннің жеңісі
Достық болып қалуда-дей келе қорытынды сөзді әділқазыларға береміз.
Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
Бас жүлде:1)Әдемі қыз номинациясын:
2)Білімді қыз номинациясын:
3)Көрікті қыз номинациясын:
4)Шебер қыз номинациясын:
5)Ізетті номинациясын:
Әдемі-Ай байқауының бүлдіршіндері Алғыс хатпен марапатталып,сыйлықтар ұсынылды.
Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебі
«Әдемі-ай» қыздар сайысы
«Балдырған» демалыс лагері
Ұйымдастырушылар: Н.А. Жубанова
А.Б.Утегалиев
Ж.Б. Сарсенбаев
2018 жыл
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген