400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әдемі гүлдер

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге ұйымдастырылған оқуқызметіне көп көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Әдемі гүлдер»

Мақсаты: Көктем мезгілінің өзгерістерімен және гүлдер түрлерімен таныстыру, олардың бөліктерін атай білуге, қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдануға үйрету.тірі табиғат нысандарын бақылау кезінде байланыстырып сөйлеу, сурет салуда саусақ бастыру техникасымен жұмыс жасауын жетілдіру.

Көрнекі құралдар: суреттер, гуашь, ақ қағаз

Билингвалды компонент:көктем-весна, гүлдер-цветы

Мотивациялық- қозғаушылық

-Балалар, бүгін біздің тобымызға көп қонақтар келіпті, кәнеки қонақтармен амандасайық.

-Сәлеметсіздер ме.

-Здравствуйте.

Ал енді біз шаттық шеңберіне тұрайық.

Күн болып күлеміз,

Гүл болып өсеміз.

Құс болып ұшамыз,

Көбелек болып қонамз.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Ал енді, біз орнымызға жайғасайық. Балалар қазір бізде жылдың қай мезгілі?

-Дұрыс, көктем мезгілі.

Ал көкөтем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болып жатыр?

-Балалар, сендер көктем мезгілі туралы тақпақ білесіңдер ме? Кәне кім айтып береді?

 -Ал қазір балалар біз сендермен бір ойын ойнайық.

Дидактикалық ойын: «Суретті орналастыру»

Мысалы: Тақпақтың мағынасын ұғып, ретімен суреттерді мағынасына сәйкес орналастыру.

Шарты: Тәрбиеші тақпақты оқиды, балалар үстел үстіндегі жатқан суреттерді алып, ретімен қояды.

-Балалар, ал сендер көктемде ең алғаш шығатын гүлдерді білесіңдер ме? Мына суреттерге қарап атын атап беріңдерші.

-Дұрыс, көктемнің ең алғаш әдемі гүлдері бәйшешек, сарғалдақ, қызғалдақ.

 Билингвальды компонент:

Көктем-весна

 -Әр гүлдің сабағы, жапырағы болады. Жапырақтарының түсі жасыл болады.

-Ал енді бәйшешек гүлі қандай түсті?

-Сарғалдақтың түсі қандай?

-Қызғалдақтың түсі қандай?

Балалар, сендер шаршаған шығарсыңдар, кәне гүл болып жайқалайықшы.

Сөздік жұмыс:

Көп гүлді- гүлдер деп айтады.

Бір гүлді – гүл деп атайды.

Сергіту сәті:

Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап демалам.

Қанатымды бір қағып,

Гүлдей болып жайқалам.

-Балалар, кішкене сергіп алдық па?

Енді екі топқа гүлдердің суреттерін беремін. Алдыларыңа екі түсті бояу қоямын. Қызыл түстілер қызғалдақты, ал сары түстілер сарғалдақты бояйды. Саусағымызды бояуға матырып, гүлді бояймыз


Тақырыбы: «Аяулы анашым»

Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Қош келдіңіздер аяулы аналар,ақ жаулықты әжелер,қыздар! Сіздерді 8 наурыз халықөаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймыз!Өсіріп отырған балаларыңыздың қызығын көріңіңздер!Сіздерге арналған «Аяулы анашым» атты балалардың шағын ертеңгілігін тамашалаңыздар.

 Балалар топқа кіріп шеңберге тұрады.

Тәрбиеші: Бүгін біздің аналарымыздан мерекесі, кәне біз қуанышпен, жақсы көңілмен қонақтарымызбен амандасайық:

« Үлкенге де сіз, кішіге де сіз

Анамызды құттықтап бас иеміз біз.»

Тәрбиеші: Ал, енді балалар, біздің қандай болып өскенімізді көрсетейікші аналарымызға:

« Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды білмейміз.»

Тәрбиеші: Балалар, біз анамыз аман-есен тұрғанда еш уайымсыз өсеміз. Анамыз біздің күн, қыздарымыз біздің гүл. Енді аналарымызға арнап біз тақпақтарымызды айтып берейік.

Айғаным: Ақ жүректе сақтаған,

Жарқын күлкін бақ маған.

Ақ бетіңнен сүйемін,

Келші, келші ақ мамам.

Алишер: Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз

Санжар: Әлпештеген, аялаған,

Ақ сүт берген анашым.

Айзат: Боташым деп маған,

Кім сүйікті адам?

Ол менің анам.

Алдияр: Ақ анашым аппағым,

Өзін жайлы тақпағым.

Өзін жайлы әнімде,

Арнадым саған бәрінде.

Тәрбиеші: Қазір, біз, балалар аналарымызбен бірігіп, бір ойын ойнап көрейік: « Өз балаңды тап!»

Ойын шартын түсіндіру.

Тәрбиеші: Балалар, көрдіңдерме аналарын сендерді көздері жұмулы тұрсада тауып алады екен.

Даниял: Менің әжем, гүл әжем.
Алтын әжем, күн әжем.
Ана үшін, мен үшін,
Нағыз ана тілі - әжем.

Тәрбиеші: Ал, енді ортаға әжемізді шақырайық барлықтарынның әжелерін бар шығар? Әжемізге арнап біз бір ән айтып берейік.

Ән: « Әжем бесік тербетіп»

Би: « Балақай»

 Сырт жақтан «Мама – мама» деген үн шығады.
Тәрбиеші: Бұл не дыбыс? Кім екен мамасын жоғалтқан?
Залға қоян кіреді.
Қоян: Мама, мама! Мамамның артынан секіріп келе жатыр едім. Адасып қалдым. Енді қайдан табамын?
Түлкі кіреді: Мен ешкімнен қорықпаймын. Мен бәрін де алдаймын.
Қоянның қасына келіп: Әй қоян, сен неге жылайсың?
Қоян: Мен мамамды жоғалтып алдым.
Түлкі: Мамаң қандай

Қоян: Менің мамам бәрінен де сұлу, әдемі.
Түлкі: Өтірік айтпа, менің мамам бәрінен әдемі. Нанбасаң қара! (артына қарайды. Мамасы жоқ) Ой, менің мамам қайда? (Басын ұстайды). Мен мамамды жоғалттым.
Екеуі жылайды.
Аю келеді: Бұл не шу, ұйқымнан ояттыңдар ғой.
Екеуі: Біз мамамыздан адастық.
Аю: Мамаларың қандай еді?
Екеуі: Сұп – сұлу, әп - әдемі!
Аю: Өтірік айтпаңдар, менің мамам әдемі.
«Жоқ, менің мамам әдемі.», - деп үшеуі дауласады.
Осы кезде қарға ұшып келеді.
Қарға: Қарқ, қарқ, бұл не айқай – шу? Сендер мында екенсіңдер ғой! Сендерді мамаларың іздеп жатыр.
Аңдар: Рахмет, қарға! Біз мамаларымызға кеттік, алақай!
Қарға: Сендер мамаларыңның айтқанын тыңдаңдар. Әйтпесе жоғалтып аласыңдар.
Барлығы шығып кетеді.
Тәрбиеші: Кейде осындай айтқанды тыңдамай, мамасынан адасып кететін балалар кездеседі. Бірақ, біздің арамызда ондай бала жоқ. Біздің балалар мамаларының айтқанын тыңдайды.

Тәрбиеші: Құрметті Әжелер мен аналар! Сіздерді көктемнің шуақты күнімен бірге келген төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Дүниеде ананың ыстық алақанынан артық еш нәрсе жоқ.
Өмірге бізді келтіріп,
Жарық дүние сыйлаған.
Жамандыққа баласын.
Ешқашан да қимаған.
Көрмесін қайғы балалар,
Аман болсын аналар!- дей келе бүгінгі «
Аяулы анашым» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет

















Тақырыбы: «Жаңа – жыл төрінде»

Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салып үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.

Залдың іші жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген.Әсем әуенмен балалар залға кіреді.

Тәрбиеші: Армысыздар құрметті ата-аналар, қонақтар, бала бақша ұжымы, кішкентай бүлдіршіндер! Сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Міне бүгін көптен күткен жаңа жыл да келді. Жаңа жыл құтты болсын!

Тәрбиеші: Биыл болған маймыл жылы

Жақсылығын мол берді

Еліміз аман, жеріміз тыныш болды.

Ақ мол болды, астығымыз көп болды

Маймыл жылына айтарымыз

Тек қана алғыс болды.

Көңілді әуенмен залға қораз кіреді.

Қораз: Сәлеметсіңдер ме балалар, сәлеметсіңдер ме қонақтар! Жаңа жылдарын құтты болсын! Балалар сендер Жаңа жылға арнаған қандай өнерлерін бар?

Алдияр: Жаңа жылмен жаңа жылмен

Құттықтаймыз бәрінде

Әкемізді, анамызды,

Қонақтардың бәрінде

Асылжан:Алақай Жаңа жыл

Бәрі аппақ ай мен күн

Шыршада біз ойнаймыз

Жаңа жылды тойлаймыз

Әсем әуенмен ортаға Мыстан кемпір, Ақшақар болып киініп кіреді.

 Мыстан кемпір: Сәлеметсіңдер ме балалар. Мен аппақ қардай сүйкімді Ақшақарларың боламын. Ой қандай керемет шырша, өздерің де сондай сүйкімді екенсіңдер. Мен бүгін сендермен шыршаны қарсы аламын.

 Жүргізуші: Ой, Ақшақар сіздің түріңізге не болған? Бір түрлі әбіржіп тұрған сияқтысыз ғой.

Мыстан кемпір: Не бопты түріме? (қалтасынан айнасын шығарып қарайды.)

Неге маған таң қалып қарайсыңдар? Мен әншейін күнге күйіп кеткен шығармын. Әйтпесе әп-әдемі ақпын.

Сайқымазақ:(ары бері өтіп мыстанды қарайды да) -А-а, бұл мыстан кемпір ғой. Жаңағы хат жалған болды ғой. Демек есікке хатты қыстырып кеткен сенсің. Айт шыныңды Аяз ата мен Ақшақар қайда?

Тәрбиеші: Мыстан кемпір мұның не? Мерекенің шырқын бұза жаздадың ғой. Неге бұлай жасадың?

Мыстан кемпір: жарайды, жарайды, мен тек сендермен жаңа жылды қарсы алып, аяз атадан сыйлық алғым келді. Ал Аяз атаны мен көрдім ол сендерге жақындап қалды.

Айзат: Келді тағы жаңа жыл

Қуантумен біздерді

Құтты болсын қуаныш

Құттықтаймын сіздерді

Ән «Аппақ, аппақ жапалақтап»

 Сайқымазақ: Сүйінші, сүйінші! Балалар мен сендерге келе жатып есіктің алдынан хат тауып алдым. Аяз атадан хат келді.

Хат.« Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен аяз аталарың боламын. Мен жолда біраз бөгелетін сияқтымын. Сыйлықтарым өзіммен бірге, сендерге мына ақшақар қызымды жібердім, оның көңілін көтеріп мерекені жалғастыра беріңдер. Мен көп кешікпей келемін. »

Тәрбиеші: балалар жаңа жылда бәріміз тату болуымыз керек. Мыстан кемпір біздің балалар сондай мейірімді,бір-бірімен тату. Ал саған мыстан кемпір тек бір шартым бар, егер сыпайылық танытсаң ғана, бізбен қала аласың.

Мыстан кемпір: жарайды жарайды келістім.

Тәрбиеші: Көрдіңдер ме балалар. Бір-бірімізге жылы сөйлеп, құрмет көрсетсек, барлығының да тілін тауып, бір мәмілеге келуімізге болады екен. Тіпті мыстан кемпір де жаңа жылда өзін жақсы ұстауға тырысып жатыр. Олай болса бар өнерімізді ортаға салайық.

Би «Ақ ұлпа қарлар»

Мыстан кемпір: ой балалар сендермен бірге билеп бір сергіп қалдым ғой. Биді жақсы билейді екенсіңдер

Сайқымазақ: Балалар жаңа жылымыздың көркі шырша. Шыршамыздың көркін ашатын шамдарын жағуға кімді шақырсақ екен? Олай болса Аққала бүгін шыршаны жағу құрметі өзіңе бұйырған екен. Келе ғой Аққала.

Мен Аққала, Аққала

Жаңа жылды тойлауға

Келдім міне шаттана,

Шырша шамын жағуға

Әзірмін мен шаттана.

Тәрбиеші: Бәрекелді Аққала, енді шыршамызды бәріміз бірігіп жағайық.

Аққала: тауда туып тауда өскен

Шырша келді ортаға

Бәріміз бар дауыспен

Дейік енді шыршаға.....

Балалар: Қуант бізді таңырқат.

Шамдарыңды жарқырат!

Ән: «Шыршаға бардық»

Аққала: Міне балалар, біздің шыршамыздың шамы да жанды.Ал енді аяз ата мен Ақшақарды дауыстап шақырайықшы. Кешігіп жатқан сияқты.

Балалар: Ау-ау Аяз ата келіңіз.

Шыршамызды көріңіз.

Бізбен бірге би билеп.

Өлең айтып беріңіз.

(Аяз ата мен Ақшақар кіреді.)

Аяз ата: Амансың ба ұлдарым

Амансың ба қыздарым

Қандай жарқын жүздерің

Қандай әсем жырларың.

Ақшақар:

Ал келіңдер, келіңдер

Тақпақ айтып беріңдер

Жомарт аяз атадан

Сыйлық алып көріңдер

Сәлеметсіңдер ме балалар

Міне мен де келдім.

Тәрбиеші

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ән мен жырға баурап алды маңайды.

Аяз ата келіп бізді қуантты

 Біз арнайық ән мен билерімізді.

Айым: Жасыл шырша жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күткен сағынған

Тамирлан. Ақша қарға малынып

Аппақ тонын жамылып

Сақалы мен мұртына

Күміс моншақ тағынып

Аружан: Мұздан моншақ тағынып

Күміс қырау жамылып

Ортада тұр Ақшақар

Көптен күткен сағынып

 Айару: Шыршалар да кермет

Ойыншықтар тағынған

Алыс жақтан келіп тұр

Аяз ата сағынған

Тәрбиеші: Мыстан кемпір біздің аяз ата мен ақшақарды көрдің бе? Мерекеміз саған ұнады ма?

Мыстан кемпір: балалар мен сендердің өнерлеріңе риза болдым. Әйтеуір бұл жаңа жылым көңілді өтті ау. Мен енді үйіме қайтайын. Сендерге көп рахмет. Сау болыңдар.(аяз ата сыйлыққа айна береді)

Айзат: Киініп алып әдемі

Би билейік бірігіп

Ата аналар қарасын

Ризалықпен тарасын

Би: «Гномдар»

Аяз ата.

Жарайсыңдар балаларым, қандай өнерлісіңдер!

Ақшақар: Кәнекей, балалар, барлығымыз қосылып ойын ойнайық. Әрі денемізде шынығып, әрі көңіл-күйімізде көтеріліп қалар.

Ойын: «Байпақ»
Шарты: 2 ойыншы екі сыңарды бөліп алады. Біреуі оң, біреуі сол аяғынікін киеді де, әуенмен билеп, шыршаны айналып, ортаға бірінші жету қажет.
(алдымен ата - аналар, содан соң балалар)

Тәрбиеші: О халайық жараңдар

Қилы қилы заман бар

Маймыл жылы жылыстап

Кетіп барады қараңдар

О, халайық, халайық

Қош айтысып қалайық

Балалар ортамызға биылғы елімізге жайлы болған Әтеш жылын шақырайық:

 Ортаға Әтеш «кукарекууу» деп келеді.

Әтеш: Әтеш әнге басады,

Әтеш ұйқы ашады.

Сәлеметсіздерме, кешіккен жоқпын ба? Мен тауықты балапандарымен іздеймін деп, сендерің жаңа жылдарына кешігіп қалдым. Сендер тауықты көрген жоқсындар ма?

Осы сәтте ортаға Тауық балапандарымен билеп шығады.

Би: «Шип, шип шөжелерім»

Әтеш: Мен дағы бір қонақпын

Он екі жылда бір келер

Үлкендерге ақ ниет

Сіздерге бүгін мың рахмет

Маймыл: Ал, жаңа жыл келген қадамыңа нұр бітсін,мынау халайық бір өзіңе аманат. Жыл бойы бағып қақ, жақсы жыл, дария нұр бол.

Аяз ата: Ой балалар әндерің қандай тамаша,бүгін өнерлеріңді көріп тамсанып тұрмын.Өнерлерің өрге жүзсін,рахмет сендерге.Жаңа жылдарыңмен достар.

Сендерге арналған үлкен сыйлықтарымды топқа барған соң апайларың таратып береді.Ал біз Ақшақар қызым шанамызға мінейік,алда барар жерлер көп,сайқымазақ, бізбен бірге жүріңіз.Сау болыңдар балалар!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 қаңтар
475
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі