Білім беру саласы: Шығармашылық.
ҰОҚ: Жапсыру.
Тақырыбы: Әдемі
көбелектер.
Мақсаты: Фланелеграфта дайын
көбелектердің шөптің үстіне орналастыра алады.
-Балалар қазір жылдың қай
мезгілі? –Көктем. Көктемде қандай өзгерістер болады? Балалар: күн
жылынады, құстар ұшып келеді. Ендеше көктем мезгілінің
ерешеліктерін тамашалап алайық. Құстардың даусын, сарқыраған сулар,
ұшып жүрген көбелектерді тамашалайды. Балалар сендерге жұмбақ
жасырайын , сендер шешуін табыңдар.
Қаны жоқ, жаны бар,
Гүл іздеп сабылар .
Ол не?
(көбелек)
Балалар
көбелек.
Көбелектердің түсі қандай
болады?
Сары, қызыл, көк, жасыл болады
екен.
( Осы кезде музыка ырғағымен әдемі көбелек ұшып келеді қолында гүлі
болады)
Көбелек: Сәлеметсіздерма, балалар? Мені білесіңдер ме? Мен
көбелекпен мен жаз айында ұшып жүремін. Мен әдемілікті, әдемі
гүлдерді жақсы көремін.Гүлден –гүлге қонып, гүлдің ішіндегі
шырындарымен қоректенеміз.
Тәрбиеші: Көбелек, көбелек біздің балалар сіз туралы көп білгілері
келеді.
- Қане балалар, мен сендердің естеріңе түсіріп жіберейінші.
Балалар енді мұнда қарайықшы көбелек түрлерін слайд арқылы
тамашалайық.
Көбелектердің түрлеріне
тоқталайық.
Олар ұшады, қонады, қанатын
ашып қонады, көбелектер гүлді шаңтозаңнан, күн ыссылығынан қорғайды
екен. Көбелек көрмейді және естімейді, тек жылы мезгілде ғана
тіршілік етеді. Көбелектің төрт қанаты бар, өте нәзік, гүлмен
қоректенеді. Қыста көбелек ұйықтап жатады.
Сергітусәті
«Көбелек»
Дос болайық, көбелек.
Жайнап тұрған бақшамда
Гүлдерімді тере кет.
Жаңбыр жаушы себелеп,
Тақияның астына
Тығыла ғой көбелек.
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі жапсыру оқу –қызметіміздің тақырыбы
«Әдемі көбектер».
Бәріміз тақтаға назар
аударайық, мынау нелер?
Балалар:
Көбелектер.
Тәрбиеші:Көбелектің алдыңғы
екі қанаты үлкен, артқы екі қанаты кішілеу болады.Көбелектің басы ,
екі мұрты, денесі, қанаттары болады екен.
Ал қазір біздер көбелектің
бейнесін әр қайсымыздың алдымызда жасыл түсті шөптің үстіне
көбелектерімізді орналастырайық. Қолдарыңа қызыл түсті көбелекті
алыңыздарда шөпке орналастырайық, келесі сары түсті көбелекті
алайық, оныда шөпке орналастыраыйқ, көк түсті көбелекті алып шөпке
қояйық, енді жасыл түсін қолымызға алайық та шөпке
орналастырыңдар.
Көбелек: Балалар түрлі –түсті көбелекті ораластырып болсақ, ойын
онаймыз ба?
Балалар: Ойнайық ойын
.
Көбелек: Ойын атауы «Гүлге
қонған көбелектер»
Ойыннын шарты: Үстел үстінде
«қанша» гүл болса, «сонша» көбелек қондырамыз.
Мен сендерді өзім мекедейтін гүлзарға қонаққа шақырамын. Балалар
гүлзарға келеді.
Тәрбиеші:- Балалар бәріміз
гүлдің жұпар иісін иіскейікші .Балалар иіскейді.
Балалар тыныс алу жаттығуларын
жасайды.
Көбелек : Балалар мен туралы көп білді деп сендерге
сенемін, мен енді өзімнің гүлзарымда калып, гүлдерімен бірге өмір
сүремін сау болыңыздар.
Балалар : Сау болыңыз
Көбелек.
Тәрбиеші: Балалар барлығымыз
бірге мына өлең жолдарын айтайықшы.
Ақпын, сары,
көкпін
Түрлі- түсі
көппін
Жүрмін өзім
жайнап
Арасында шөптің
Балалар бүгінгі оқу қызметі
ұнады ма?
Қонаққа кім
келді?
-Ненің бейнесін жапсырдық?
Оқу қызметіне жақсы қатысқан балалрды мақтап, оқу қызметіміз
аяқталды.
Күзгі бау - бақша
Әртістік
қабілеттерді қалыптастыру, әнді, биді, қойылымды мәнерлі әрі
эмоционалды түрде орындау; ойынға белсене қатысу, күздің белгілері
мен ерекшеліктерін бекіту,
«Жапырақтармен
би»
Жүргізуші. Қарашы күз келді, күз
келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
Күз менде келіп жетім
сендерге, мен өзіммен бірге сіздерге жасыратын жұмбақтар алып
келдім. Шешуін тапқандарға сыйымды беремін.
Жұмбақтар: Ағайынды бәрі
Шықса жасыл, Түссе
сары.
Ол не? (Жапырақ).
Көк ала костюм киеді
Күннің көзі сүйеді.Ол не?. (Қарбыз).
Қалың киімді ұнатады.
Шешіндірсең жылатады.Олне? (Пияз).
Жарайсыңдар, балалар, барлық жұмбақты
шештіңдер!
Жүргізуші: Күзді
қуантайық!
Сарғайды тоғай
Сап-сары маңай
Соңғы әнін қайтып
Айнала жым-жырт
Көк аспан сұрғылт
Жер жыртқан тыңда
Трактор қырда
Жапырақ ұшты
Суық та түсті
Сонда да бізге
Қызық көп күз
Біздің дала –бай дала
Қоңыр салқын тарады
Қойнаулар мен сайлардан,
Қаздар қайтып барады,
Қайтқан елдей жайлаудан.
Соңғы шуақ төгіліп,
Жалқынданып тұр аймақ.
Ақ сәулеге шомылып,
Жапырақтар жүр
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Күзде астық піседі, адамдар қысқа қамданады.
Бүгін біз саяхатқа шығамыз және астық түрлерінің қайда өскенін
білеміз. Автобусқа отырып, Сәуле әжеге қонаққа барамыз.
Жүргізуші. Бақшамызда өседі,
Керек тағам деседі.
Бар қызыл, көк, сарысы
Ащы-тұщы бәрісі.
Болса да ащы,
Дәмді етер асты.
Өседі ол жерге,
Тығып алып басты.
Көкөніс бұл қалаулы,
Жасамас онсыз Палауды.
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Mені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!
Ақ түсім бар қант алар,
Қызыл түсім – қанға нәр.
Ал, балақай біліп қой,
Қызылшамын пайдам бар.
Жүргізуші. Иә, өнім мол түсіпті, ал бұл байлықты кім
күзетеді?
Балалар. Қарауыл.
«Қарауыл және өнім» ойыны
Балалар шеңберге тұрады. Шеңбердің ортасында –
Қарауыл (бала), оның басына қалпақ кигізу керек, қолын екі жаққа
созып тұр.
Бала-«қарғалар» шеңберді айналып, былай
дейді:
«Қарғалар былай қарқылдайды: «Бәрі менікі!
Ал, Қарауыл, өніміңмен бөліс енді,
Бір, екі, үш – үлгергеніңше ала түс!».
Жүргізуші. «Астықты кім жылдам
жинайды» ойын.
Балалардың орындауында ән:
«Жау-жаңбыржау»әнін тамашалайық.
.
«Қарлығаш
«балабақшасы
«Күзгі бау-
бақша»
Тәрбиеші: Мульканова .Г.Б
2020ж
Туу туралы куәлігінің
копиясыбаланың-2шт
Ата –аналардың уд . копиясы -2шт
Влажный салфетка- 2шт
Туалетная бумага -2шт
Простой салфетка -2шт
Цветной бумага А 4- 10шт
Цветная бумага-2шт
Рисование2шт
30 беттік папка-1шт
Клей пва -1шт
Фетр материал -1уп А4 түрінен
Гүл отырғызылған
Қайшы, гуашь