Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу ойлан! қыз балаларға арналған психологиялық кеңес.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу ойлан! қыз балаларға арналған психологиялық кеңес.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мінез-құлық, әдептілік туралы түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Психологиялық тренинг

Тақырыбы: «Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу ойлан»

/қыздар жиналысына арналған/




Өткізген: психолог Курманхан Нуржан





«Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу ойлан» психологиялық тренингі


Мақсаты: қыз балалардың бойына қыз бейнесіне тән мінез – құлық сипатын қалыптастыру. Оқушыларды бір – бірімен, айналадағы ортамен үйлесімді қарым – қатынас жасауға дағдыландыру, мәдени сөйлеу біліктілігін дамытуға, өзара жағымды қарым – қатынасын арттыру, оларды адамгершілікке, шындыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Міндеті: қыздардың бойында қызға тән бейне және қызға тән мінез – құлық, әдеп ережелері туралы ұғым қалыптастыру;

Тәрбиелеу: қыз балалардың санасы қызға тән мінез – құлық, жүріс – тұрыс сипаттарына баулу;

Дамыту: қыз балалардың өзін – өзі тәрбиелеу, өз-өзіне жауапкершілікпен қарау мүмкіндігін дамыту.

Сабақтың әдісі: психологиялық жаттығулар.

Жүру барысы:

«Амандасу» жаттығуы

Мақсаты:

  1. Әрі қарай бірге жұмыс жасау үшін топқа ортақ, жағымды ауа райы (атмосферасын) құру. Қыз балаларға өз бойынан өмірде қолдануға қажетті жағымды қасиеттерін табуға көмектесу.

Қатысушыларға ойыншық беріледі. Сағат тілі бойынша әрбір қыз өз – өзін таныстырып, ойыншықты бір – біріне беріп отырады. Таныстыру шарты келесідей: 1) өзінің есімін айтады. 2) өзінің есімінің алғашқы әрпінен басталатын сын есімді атау қажет (бұл сын есім әр адамның өзінің бойындағы сипаты, жағымды қасиеті, мінез – құлқының, жүріс – тұрысының қандай да бір ерекшеліктері болуы мүмкін) қатысушылар бір – біріне демеу бере алады.

Жаттығу: «Хиппи»

Мақсаты: қыздарды кез келген жастар ортасында, ағымында болған жағдайда да өздерінің әлеуметтік ортаның нормасына сәйкес қыз бала бейнесін сақтап қалуға көмектесу. Ортаға ойыншық беріледі. Әрбір қатысушы кезекпен кезек ойыншықты бір – біріне бере отырып өздерінің «хиппи» ура деп дауыстап айтады.



« Мен басқаның көзімен»

Ортаға бірнеше оқушылар шығып бір адамды таңдап сол адамның бойындағы мінезін айтады.



Қыздарға кеңес

Қай кезде де түзу болсын сәлемін

Қадір тұтар сонда сені бар елің

Білімді бол ісмерлікке бейімді

Өміріңе керек болар кейінгі.

Жан болмасаң жасында әдеп көрмеген,

Үлкен жолын кесіп өтпе көлдеңен.

Шектен шығып, сәнқойлыққа ұрынба,

Бетті бояп, қайшы салма бұрымға.

Ұятты бол, сақта арыңды жасыңнан

Сонда ғана бақ кетпейді басыңнан,

Қума босқа мақтан менен желікті,

Қыз дегенің қылығымен көрікті.

Ісің бітпей әңгіме айтпа көпіріп,

Содан шығар өсекпенен өтірік.

Түн ұйқысын төртке бөлген сен үшін

Ата – анаңды сыйлап өту борышың.

Биязылық сенен тапсын жарасым,

Сақта есіңе, сен болашақ анасың.

Жастан үйрен ұлттық әдеп – ғұрыпқа,

Қазақ қызы екеніңді ұмытпа!



«Сенімен қарым – қатынас жасаған ұнайды» тренингі

Қатысушылар ортаға шығып кез – келген бір оқушыға қарап ол адаммен не себептен қарым – қатынас жасаған ұнайтының айтады.

Соңында талдау жүреді.
























Хаттама


Тақырыбы: «Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу ойлан»

Мақсаты: қыз балалардың бойына қыз бейнесіне тән мінез-құлық сипатын қалыптастыру. Оқушыларды бір – бірімен, айналадағы ортамен үйлесімді қарым – қатынас жасауға дағдыландыру, мәдени сөйлеу біліктілігін дамытуға, өзара жағымды қарым – қатынасын арттыру, оларды адамгершілікке, шындыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Контингент: 9-11 сыныптың қыз балалары

Өткізілген күні: 27.11.2019

Жүру барысы: тренинг барысында жаңадан келген оқушылармен жақсы қарым – қатынас орнату әрі қарай бірге жұмыс жасау үшін топқа ортақ, жағымды ауа райы (атмосферасын) құру. Қыз балаларға өз бойынан өмірді қолдануға қажетті жағымды қасиеттерін табуға көмектесу мақсатында «Амандасу» тренингі өткізілді. «Хиппи» тренингі кезінде, «Мен басқаның көзімен» тренингі кезінде оқушылар бір қызды таңдап сол қыздың бойындағы мінезін айтады. Қыздарға кеңес тақырыбында өлең жолымен кестер берілді. Әр жолға тоқталып талдау жасалды. «Сенімен қарым – қатынас жасаған ұнайды» трерингі барысында қатысушылар ортаға шығып кез – келген бір оқушыға қарап ол адаммен не себептен қарым – қатынас жасаған ұнайтының айтты. Бұл тренингте оқушылар бір бірімен жақсы қарым – қатынаста болғандарын айтып, жанындағы дос қыздарының мінездерін білді. Қыздар тренингке белсене қатысып жақсы әсер алғандарымен бөлісті. Тренинг қыздардың көңіл – күйлерін көтерді. Әр оқушы бойында сенімділік. Пайда болды.

Мектеп психологі: Курманхан.Н



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2020
3063
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі