Ұйымдастырылған оқу
қызметінің
технологиялық
картасы
Мерзімі:
Білім беру
саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Аппликация
Тақырыбы:
«Әдемі мерекелік
жалаушалар»
Мақсаты: Қоршаған орта туралы
түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Білімділік: қайшымен және желіммен
жұмыс істеу дағдыларын меңгерту және
бекіту.
Дамытушылық: қазақтың өнеріне
қызығушылығын тудыру, тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: балаларды әдеміліккке,
әсемділікке, ұқыптылыққа, Отанға деген
сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.
Демонстрациялық
материал: Үлгі, шақыру
хат.
Үлестірмелі
материал: Қайшы , түрлі-түсті қағаз,
желім, әр түрлі маталар.
Үштілдік
компонент: мейрам – праздник
- holiday, жалауша – флажок
- small
flag.
|
Әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің
әрекеті
|
Балалардың
әрекеті
|
|
Мотивациялық-
қозғаушылық
|
Шаттық
шеңбері:
Жарқырап күнде
ашылды,
Айналаға гүл
шашылды.
Қайырлы күн, біз еңбекқор
баламыз,
Қайырлы күн, біз көңілді
баламыз.
Ғажайып
сәт:
Қонаққа Ақтос ит келгенін
хабарлайды.
Ақтостің көңіл - күйі жоқ,
өйткені бүгін оның туған күні. Ол бұл мерекеге ұзақ дайындалды,
айналаның бәрін әдемі шарлармен және түрлі түсті жалаушалармен
безендірді. Бірақ жаңбыр жауып, жалаушалардың түсін шайып
кетіпті.
|
Үстелді айнала
отырады.
Бір - бірімен жылы лебіздермен
амандасады.
Қонақпен амандасады,
қызығушылық білдіреді.
Келіседі.
|
|
Ұйымдастыру–
іздестіру
|
Әңгімелесу
-
Бұлт Ақтөстің мерекесін
бүлдіргісі келетін сияқты. Итті бәрі жақсы
көреді.
-
Ал бұлтты ешкім жақсы
көрмейді, сондықтан ол жалаушалардың түстерін жаңбырмен шайып
тастады.
-
Сендер қалай ойлайсыңдар,
бұлтты неге ешкім жақсы көрмейді?
Саусақ
жаттығуы:
Бас бармақтың
үйіне,
Келді бұгін
қонақтар.
Бес саусағың –
бақытың,
Сонда балам бар
құтың.
Бес саусағың
біріксе,
Текке кетпес
уақытың.
Барлық саусақ –
достар.
Бірін – бірі
қостар.
Жұмыс
реттілігі:
1.Өздеріне керекті материалды
таңдап алады.
2.Қайшымен өздеріне ұнаған
жалаушаны қиып алады. (тіктөртбұрышты, шаршы,
үшбұрыш)
3.
Тұрлі
- түсті қағазымыздың бір жағына
желім жағамыз;
4. Ақ қағаз бетінің ортаңғы
жоғарғы жағына жалаушаны
желімдейміз.
Көмек сұраған балаларға
көмектесу.
Үштілдік
компонент: мейрам – праздник
- holiday, жалауша – флажок
- small
flag.
Сергіту
сәті.
Қолды алға
созамыз,
Қолды артқа
созамыз,
Саусақтарды
ойнатып,
Бір тынығып аламыз.
Стихотворение: «Флажок»
Горит на солнышке
Флажок,
Как
будто я
Огонь зажег.
Дидактикалық ойын:
«Ерекшеліктерін тап»
Мақсаты: геометриялық пішіндердің
ерекшелігін ажырата білу.
|
-
Бұлт түнеріп тұрады, жаңбыр
жауғызады.
-
Қызыл, сары, көк, жасыл,
тоқсары.
Саусақ жаттығуларын
жасайды.
Мұқият
тыңдайды.
Сөздерді жекелеме, хормен
қайталайды.
Сөздерді қайталап, қимылдарды
жасайды.
Выучить
стихотворение.
Тапсырманы
орындайды.
|
|
Рефлексивті–
түзетушілік
|
Қорытынды:
Көрме
ұйымдастырады.
Рефлексия:
Өздеріңнің көңіл - күйлеріне
байланысты ортадағы смайликтарды алыңдар. (күліп тұрған, көңіл -
күй болмай тұрған)
|
Қуанады.
Өздеріне ұнаған смайликтарды
алады.
|
Күтілетін
нәтиже:
Білу
керек: геометриялық пішіндерді
қиып, түрлі – түсті жалаушалар
жасайды.
Болу
керек: Мереке жүргізілетін орынды
безендіру мерекенің көңілді өтуіне себеп
болатынын.
Істей білу
керек: Желімді дұрыс пайдалануды,
ұқыпты, таза жұмыс істеуді.