400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Әдемі құс"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті

Бейнелеу өнері маманы Рахимжанова.К.Ч.

«Күншуақ» Ересектер тобы Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Сурет Тақырыбы: «Әдемі құс» (серуен сабақ) Білімділік мақсаты: Жалпы құстар туралы мәлімет беру. Құстың суретін құммен салуға үйрету.Кеңістікті бағдарлай отырып, сурет салу дағдыларын бекіту. Дамытушылық мақсаты:Құстар үнін тыңдау арқылы қуанышты көңіл-күй туғызу. Баланың ойлау қабілетін дамыту, зейінін шоғырландыру. Сурет салудың дәстүрлі және дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын ояту.Сонымен қатар қол моторикаларын дамыту. Тәрбиелік мақсаты: Құстарға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу. Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: «Орман патшалығы» көрінісі, слайд,әр балаға бір-бірден құм салынған қорапша, үнтаспа(құстар үні жазылған), түрлі-түсті дөңгелектер, гимнастикалық шеңберлер. Алдын ала орындалатын жұмыс: орманға серуен , орман табиғатын бақылау. Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, музыка терапиясы, дидактикалық ойындар Үштілділік компонент:Орман-лес-forest(форест), ағаш-дерево-tree(три),құс-птица-вird(бөд)

Іс-әрекет кезеңдері: Педагогтің іс-әрекеті, балалардың іс-әрекеті

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Көңілді музыка ойнап тұрады. Үнтаспадан : Құстардың сайраған дыбыстары естіліп тұрады. -Балалар, біздің қайда келгенімізді білесіңдер ме? Бізсендермен «Орман патшалығына» келдік.Олай болса,бүгінгі оқу іс- әрекетімізді ормандаөткіземіз. Жылулық шеңбері:

Табиғат-біздің анамыз, Табиғатқа баламыз. Табиғатты қорғайтын, Біз әдепті баламыз. Сәлем, сәлем, сәлем.

–Ал енді орманды аралап, айналамызды бақылайық.

Балалар акт залға кіреді



Балалар мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді.




Шеңберге тұрып, педагогпен бірге қайталайды



Балалар педагогпен бірге орман ішін аралайды, табиғатын бақылайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар ормандағы ағаш жапырақтарының түсі қандай екен? -Ендеше, жылдың қай мезгілі екен? - Күз айларын атайықшы.

– Осы мезгілдің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?






Слайд: «Құстар» Құстар-табиғат көркі. Құстар өзгеше болып жаратылған құбылыс иесі. Құстар екі топқа бөлінеді:

Сулы жерлерді, орман-тоғайды,далалықты, тау бөктерін мекендейтін жабайы құстар. Адамдар қолда ұстайтын асыранды құстар,яғни үй құстары.

- Балалар, біз бүгін құстың суретін құмда саламыз. Құс суретін салу технологиясы: 1. Қорапшаның оң жағына жоғарырақ кіші дөңгелек саламыз.(Басы) 2. Нүктемен көзін саламыз.

3. Кіші дөңгелектің оң жағына үшбұрыш саламыз. (Тұмсығы) 4. Кіші дөңгелекке жалғастыра үлкен дөңгелек саламыз. (Денесі) 5. Үлкен дөңгелектің сол жағына үшбұрыш саламыз. (Құйрығы) 6. Екі тік сызық саламыз.(Аяқтары) Сурет салып болған соң, балалардың жұмыстарына талдау жасау.



Сергіту сәті: Күн болып шығамыз, Гүл болып өсеміз. Құстар болып ұшамыз, Көбелек болып қонамыз.

Үштілділік компоненті: Орман-лес-forest(форест), ағаш-дерево-tree(три), құс-птица-вird(бөд)

Дидактикалық ойын: «Өз үйіңді тап!» Мақсаты: Түстерді ажыратуға жаттықтыру, қабылдауын дамыту,ойын ережесін сақтауға үйрету. Шарты:Балаларға түрлі-түсті дөңгелектер таратып, түстерін анықтау. Музыка тоқтағанда балалар дөңгелектерінің түстері бойынша өз үйлерін тауып. тұра қалу.

-Сары



- Күз


-Қыркүйек, қазан, қараша.

Жапырақтар сарғайып,жерге түседі.Күн суыта бастайды. Жаңбыр жиі жауады. Құстар жылы жаққа ұшады.



Балалар педагогті мұқият тыңдайды.












Балалар педагогті зейін қойып , мұқият тыңдайды.





Қорапшадағы салынған құммен сурет салады.






Қимыл - әрекеттер жасайды.




Педагогпен бірге қайталайды.






Педагогтің айтқанын мұқият тыңдап, ойынға белсене қатысады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытындылау: -Балалар, бүгін ненің суретін салдық?

-Құс суретін немен салдық? Құстар-біздің досымыз. Құстарға қамқорлық жасап,қорғауымыз керек. – Балалар, бүгінгі оқу іс- әрекетімізді тамаша ұранмен аяқтайық: «Құс ұясын бұзбаймыз. Жұмыртқасын жармаймыз»


Сұрақтарға жауап береді


Балалар мұқият тыңдайды.





Педагогпен бірге қайталайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: құстар үнін тыңдау арқылы туындаған қуанышты көңіл күйді өз іс- әрекетінде бере білуді;

Игерді: құстар жайындағы қарапайым түсініктерді;

Меңгерді: кеңістікті бағдарлай отырып, құс суретін салуды.

















Бекітемін: ________________

«Үржар аданы әкімдігінің

Балауса балабақшасы» КМҚК

меңгерушісі З.Г.Омирханова









Ұйымдастырылған ашық оқу іс- әрекеті



Тақырыбы: «Әдемі құс»



2019 - 2020 оқу жылы







Бейнелеу өнері маманы: Рахимжанова К.Ч





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
2254
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі