400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Әдемі торғай""

Материал туралы қысқаша түсінік
"Әдемі торғай "ашық іс-әрекет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Әдемі торғай.

Мақсаты: сюжеттік мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері: құстың бөлшектерін дайындап, бөлшектерді бір-бірімен

біріктіре алуды үйрету; құстар туралы білімдерін дамыту; саусақ

икемділіктерін арттыру; сөйлеу тілдерін дамыту; саусақтың ұсақ бұлшық

еттерінің қозғалысын жетілдіру; балаларды құстарға қамқорлық жасауға,

мейірімділікке, еңбекке баулуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: бөлшектерді дайындап алып, оны біріктіре отырып құстың

бейнесін мүсіндейді;

түсінеді: құстардың пайдасын, оларды қорғау қажеттігін;

қолданады: ұйымдастырылған оқу қызметінің барысында алынған

дағдыларды.

Қолданылатын көрнекі құралдар: құстардың суреті, үлестірмелі

материал, ермексаз, тақтайша, ермексаз кесуге арналған кескіш, сулық.

Сөздік жұмыс: шырылдайды, гуілдейді, қаңқылдайды,

қарқылдайды, шықылықтайды.

Билингвальді компонент: әдемі–красивый, торғай–воробей, ұя–гнездо.

ҰОҚ-нің барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері.

Шақырамын сендерді,19

Жолдастарым кел бері.

Толтырайық шаттыққа,

Дөңгеленген шеңберді.

Педагог балаларға тақпақ оқиды:

Торғай, торғай, тоқылдақ,

Жерден тары шоқып ап.

Бөтегесі бұлтиып,

Шық-шық етіп отырмақ.

– Балалар, құстың дене құрылысына сипаттама беріңдерші. – Ол қалай

қоректенеді?

Сөздік жұмыс: шырылдайды, гуілдейді, қаңқылдайды, қарқылдайды,

шықылықтайды.

Билингвальді компонент: әдемі – красивый, торғай – воробей, ұя – гнездо.

Сергіту сәті.

Кәне, қанат жазайық,

Құс боп желмен ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Ұямызға қонайық.

Үлестірмелі материалдарға назарларын аударады.

Қыстап қалатын құстар туралы білімдерін еске түсіреді.Торғай туралы

мәлімет беріледі. Оның дене құрылысына талдау жасалады.

– Балалар, біз бүгін торғайды мүсіндесек қайтеді?

– Торғайды мүсіндеп, суреттегі торғай қонып отырған ағаштың бір бұтағына

орналастырамыз.

– Торғайды жасау үшін екі домалақ дайындап аламыз, үлкені – денесі, кішісі

– басы болады. Үлкен домалақты сопақша пішінге келтіріп, екі саусақпен

қысып құйрығын шығарып, құйрығының ұшын жалпақтаймыз. Кішкентай

домалақ бөлшек құстың басы болады, екіншісінің де құйрығын солай

созамыз. Енді екеуін қосамыз. Құстың аяғын жасаймыз. Дайын құсты

ағаштың бір бұтағына орналастырамыз. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді

Дидактикалық ойын: «Не қалай дыбыстайды?»

Әртүрлі құстардың суреті көрсетіледі.

3. Рефлексия.

«Жапалақ» ойынын ойнайды. «Күн» дегенде балалар «ұшады», жапалақ

дегенде ұйықтайды, «түн» дегенде құстар ұйықтайды, жапалақ

ұшады.Ұйықтамаған «құсты» ұясына алып кетеді.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 наурыз
72
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі