400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әдеп, әдептілік ұғымдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Кіріктірілген ашық сабақ жоспарын жіберудегі мақсатым 10-сыныптағы қазақ тілі мен өзін-өзі тану пәнін кіріктіру арқылы оқушыларды әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Әдеп, әдептілік ұғымдары.

Мақсаты: 1.Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға баулу;

2.Адам бойындағы, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, «әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту;

3.Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ. (өзін- өзі тану пәні).

Әдісі: сұрақ- жауап, топтық жұмыстар, шығармашылық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: өзін- өзі тану, әдебиет, музыка.

Барысы: I.Ұйымдастыру.

II.Мұғалімнің кіріспе сөзі.

III.Өткен сабаққа жалпы шолу.

IV.Жаңа тақырып өту.

V.Жаңа білімді меңгерту.

VI.Жаңа сабақты бекіту.

VII.Сабақты қорытындылау.

VIII.Үйге тапсырма беру.

IX.Оқушы білімін бағалау.

Сабақтың эпиграфы:

1.Әдептілік- мәдениеттіліктің белгісі.

2.Әдептілік- ар- ұят- адамдықтың белгісі.

(Халық мақалы).

I. - Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз әдеттегіден тыс, дәстүрлі емес, яғни кіріктірілген сабақ.Сабағымыздың тақырыбына сәйкес біз бүгін «Өзін- өзі тану» пәнімен кіріктіріп өткіземіз.Мақсатым: сендерді адамгершілікке, кішіпейілділікке, әдептілікке баулу.

  • Әдеп арабтың «Адаб» деген сөзінен шыққан. Яғни қоғамдағы адамдар мінез- құлқына қойылатын этикалық талаптардың жиынтық атауы.Әдептің қоғамдағы басты қызметі тұлғалық қатынастарды адамгершілік талаптарына сәйкес ретке келтіруімен байланысты.

  • Бұл сипатта әдеп мәдениеттің іргелі бір құрамдас бөлігіне жатады.Мәдениеттің қалыптасу барысында ізгі мінез- құлық белгілері әдептілік талаптарына айналып отырған.Әдеп өлшемдері арнаулы қаулы арқылы жарияланбайды және олар данышпан адамдардың ойлап тапқан құндылықтары емес.Әдеп ережелері өркениет пен мәдениеттен сұрыпталып алынған.

а) Әдептіліктің жеке адам өмірінде алатын орны.

ә)Әдептіліктің қоғам өміріндегі маңызы.

б)Әдептіліктің өркениеттілікке әсері.

в) Әдептіліктің рухани өмірге тигізетін әсері.

г) Әдепсіздік қылықтары.



  • Балалар, сабағымызды «Өзін- өзі тану» пәнінің мұғалімі Қайрақбаева Бахытхан Мұханқызы жалғастырады.



II. Ойын «Жалғастыру».



«Не істеуге болмайды?»



-Үлкендердің алдынан......................................................

-Кішкене баланы................................................................

-Құстарды..............................................................................

-Қыз баланы...........................................................................

-Сабақтан.................................................................................

-Сыныпта....................................................................................





«Не істеу керек?»



-Үлкен кісіні...........................................................................

-Үлкеннің тілін.......................................................................

-Үлкендерге..............................................................................

-Кішілерді...................................................................................

-Оқу құралдарын.......................................................................

-Мұғалімдерді............................................................................

-Сабақ бермесе де мұғалімдерге..............................................



III. «Құпия хаттар»



(Екі топқа жеке- жеке интерактивті тақта арқылы тапсырма беру.)

IV. «Әдептілік ережелері».



Эпиграфы:

Мектеп- кеме,

Білім- теңіз.

Барар жерге тез жетеміз.

Адаспаймыз ұлы жолда,

Ұстаз берген- білім қолда!





-Әдепті бала қашанда сәлемдеседі.Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс айтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.

-Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық – айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету.Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды.

-Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі.

«Әдептілік- ар- ұят- адамдықтың белгісі» деген халық мақалын естен шығармайық!

V.Қорытындылау.

А.Естеновтың «Әдеп» өлеңімен аяқтайық.



Әдеп, ізет, иба да- Әдеп – алтын сабырың,

Шарайнасы жаныңның, Жетелейтін мұратқа.

Әдептіні сыйла да, Әдеп- талап, жалының,

Тәңіріңдей табынғын.Ақ желкенін құлатпа!

VI.Оқушы білімін бағалау.

VII. Үйге тапсырма беру.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1066
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі