Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Әдеп кеңесінің жоспары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бекітемін:
«Сұңқар» балабақшасының
директоры_______Г.Х.Есимова
«Сұңқар» балабақшасының педагогикалық әдеп кеңесі отырысының жұмыс жоспары
2022-2023 оқу жылы
№ |
Мазмұны |
Мерзімі |
Аяқталу нысаны |
1 |
Педагогикалық әдеп кеңесінің №1 отырысы . Күн тәртібінде 1. Педагогикалық этика және Кеңесті құру туралы ережені қарау және бекіту 2. Педагогтердің өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезіндегі сыртқы келбеті 3.Педагогикалық этика нормалары мен ережелерін сақтау міндеті |
Қыркүйек 2022 жыл |
Хаттама |
2 |
Педагогикалық әдеп кеңесінің №2 отырысы . Күн тәртібінде 1. Жеке фотосуреттер мен бейнелерді көпшілік алдында жариялау кезінде этикалық нормаларды сақтау. 2. Педагогикалық әдеп және педагогикалық тактика 3. Педагогикалық әдеп және сөйлеу мәдениеті |
Қараша 2022 жыл |
Хаттама |
3 |
Педагогикалық әдеп кеңесінің №3 отырысы . Күн тәртібінде 1. Педагогтардың құқықтары 2 .Педагогтардың көпшілік ортадағы әдеп-этикалық нормалары 3. Мектептегі педагогикалық әдепті қамтамасыз ету және сақтау |
Наурыз 2023 жыл |
Хаттама |
Бекітемін:
«Сұңқар» балабақшасының
директоры_______ Г.Х.Есимова
Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысының
№ 1 хаттамасы
15 қыркүйек 2022 жыл
Қатысқандар:4
Күн тәртібінде
1. Педагогикалық этика және Кеңесті құру туралы ережені қарау және бекіту/кеңес төрайымы Г.Х.Есимова
2. Педагогтің өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезіндегі сыртқы келбеті/кеңес мүшесі: Г.Х.Есимова
3. Педагогикалық этика нормалары мен ережелерін сақтау міндеті/кеңес мүшесі : Г.А.Колатова
4. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша педагогикалық әдеп кеңес төрайымы Г.Х.Есимова сөз алды:
Педагогикалық этика және Кеңесті құру туралы ережемен таныстырып өтейін. Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес білім беру ұйымдарында педагогтердің педагогикалық әдепті сақтауы мәселелерін қарайтын алқалы орган болып табылады.
Кеңес өз қызметін «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, осы Қағидаларға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады және объективтілік пен әділдік, әдептілік, қоғамдық пікір мен жариялылықты есепке алу қағидаттарын басшылыққа алады.
Кеңестің негізгі міндеттері: білім беру ұйымдарында педагогикалық әдепті сақтауды қамтамасыз ету; педагогикалық әдепті бұзуға ықпал еткен себептер мен жағдайларды талдау; педагогтердің тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені дұрыс қарау үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу болып табылады.
Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдарын орындау бойынша тиісті шаралар қабылдамаған лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы ұсыныстармен құзыретті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды тұлғаларға, білім беру ұйымының құрылтайшыларына жүгінуге құқылы.
Кеңес отырысы: егер оған Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп саналады, қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі. Кеңес мүшелері оның отырыстарына ауыстыру құқығынсыз қатысады.
Сонымен қатар кеңестің міндетіне педагогтардың тәртіптік істерін қарау кіреді. Тәртіптік істерді қарау қортындысы бойынша Кеңес келесі шешімдердің бірін шығара алады: білім беру ұйымының басшысына педагогке тиісті тәртіптік жаза қолдануды немесе қолданбауды ұсыну; тәртіптік істі тоқтату.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша кеңес мүшесі Г.А.Колатова (бөбекжай әдіскері)
Педагог өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезіндегі сыртқы келбетіне баса назар аудару керек. Әр бүлдіршінге жол сілтеп, оның бойына жақсы қасиеттер сіңіретін бірден-бір жан болса, ол – ұстаз. «Шәкірттің жақсы болмағы – ұстазынан» деп дана халқымыз айтқандай, ұстаз оқушыларды білім нәрімен сусындатып, қолынан келгенін үйретіп, бағыт-бағдар беріп қана қоймай, сыртқы келбетімен, киім киісімен, өзін ұстау әдебімен үлгі бола білуі тиіс. Себебі, оқушылар мұғалімнің біліміне ғана емес, жоғарыда аталған қасиеттеріне де ерекше көңіл бөліп, тәлім алады. Түстерді дұрыс үйлестіре білген жөн. Ұстаз киіміндегі құптауға лайық түстер ақ және қара түс болып есептеледі. Сонымен қатар ақ сары, қошқыл көк, қоңыр түстерді де қолдануға болады. Өте ашық түстер аталған салада ерсі көрінеді. Педагогтің шаш үлгісі өзіне жарасымды болғаны дұрыс. Психологтардың пайымдауынша, өз келбетінің артықшылығын толықтырып, кемшілігін жасыра білетін адамдарды айналасындағылар жоғары жетістікке жеткен, өзіне сенімді тұлға ретінде қабылдайды.
Педагог мамандығына сай талғаммен киініп, ұқыпты келбетімен үлгі бола отырып, ішкі жан-дүниесінің көркемдігімен, шәкірт жанын ұғына алар кеңпейіл мінезімен көрінуі керек. Адамдар үйлесімділікке баса назар аударатынын есте сақтаңыз. Мәселен, қалай болса солай жасалған шаш үлгісі талғамға сай жейдеңіздің сәнін кетіреді.
Осы нәрселерді шебер үйлестіре білген білікті ұстаз шәкірттерді білім нәрімен сусындатып қана қоймай, өскелең ұрпақтың өзіне қарап дұрыс бой түзеуіне, тұлға болып қалыптасуына септігін тигізеді. Жас мамандарға сыныпқа басқа адам кіріп келгенде
мұғалімге орнынан тұрып сәлемдесуге кеңес берді. Мектеп ішінде әрқашан сәлемдесіп жылы шырай танытуға міндетті деп сөзін аяқтады .
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша кеңес мүшесі: Г.А.Колатова (Тәрбиеші)
Ұстаз ата-аналармен, оқушылармен және әріптестерімен әңгімелесу кезінде педагогикалық этика нормалары мен ережелерін сақтау міндеті. Қайсар Жалғасұлы чаттардағы қарым-қатынастың қарапайым нормаларына тоқталып, мессенджерлер жіберу туралы бірқатар мысалдар келтірді. Жеке сұрақтарыңызбен жалпы алқалық чатқа араластырмауды ескертті. Сөйлеу кезінде этикалық нормаларды ұстауға кеңес берді.
Ұстаз этикасы – мұғалім мен бала, ата-ана мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас. Педагогикалық этика – ұжым ішінде, мұғалімдер арасында басталып, өзінің заңды жалғасын сыныптарда табуы тиіс. Моральдық тәрбие – жан-жақты және үйлесімді дамыған адамды қалыптастырудың пәрменді құралы. Адамгершілікке тәрбиелеу ісінің тек өзіне ғана тән ерекшеліктері мен заңдылықтары болғандықтан, оның ғылыми негізделген жүйесі жасалуға тиіс. Бұл маңызды да құрметті міндет педагогика және этика ғылыми өкілдерінің ынтымағы нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін. Кәсіптік этиканың ережелері мен принциптері бірнеше кәсіптерді қамтуы мүмкін. Мысалы, педагог этикасы мектептерді, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында істейтін адамдардың қарым-қатынастары ұқсастығына байланысты оларды реттейтін жалпы нормаларды қарастырады.
Қорытынды сөз. Кеңес төрайымы Г.Х.Есимова:
Құрметті кеңес мүшелері және кеңеске қатысушылар бүгінгі отырыста педагогикалық әдеп кеңесінің ережесі қаралды, ұстаздардың педагогикалық әдебі туралы да сөз қозғалды.Сондықтан ұстаздарды өз әрекеттері үшін жауапкершілікті арттыруға шақырамын.
Кеңес шешімі:
1/ «Сұңқар» балабақшасының педагогикалық әдеп кеңесінің ережесі бекітілсін
2/ Педагогтың өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезіндегі сыртқы келбеті назарға алынсын.
3/ «Педагогикалық этика нормалары мен ережелерін сақтау туралы» дөңгелек үстелдер өткізілсін.
Кеңес төрайымы: Г.Х.Есимова
Хатшы: Г.А.Колтаева
Бекітемін:
«Сұңқар» балабақшасының
директоры_______Г.Х.Есимова
Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысының
№ 2 хаттамасы
24 қараша 2023 жыл
Қатысқандар:4
Күн тәртібінде:
1. Жеке фотосуреттер мен бейнелерді көпшілік алдында жариялау кезінде этикалық нормаларды сақтау/ кеңес мүшесі Г.Х.Есимова
2. Педагогикалық әдеп және педагогикалық тактика/кеңес мүшесі Г.А.Колаова
3. Педагогикалық әдеп және сөйлеу мәдениеті/ кеңес төрайымы Г.Х.Есимова
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша педагогикалық әдеп кеңес мүшесі Г.Х.Есимова
Педагог – мектеп тұтқасы. Сондықтан ұстаздар қандай кездеде, қандай ортада да педагогикалық әдепті ұстағаны жөн. Өзінің жеке суреттерін әлеуметтік желілерде жариялаған кезде ұстаз деген атына лайық суреттер жариялау тиіс деп ойлаймын. Көпшілік алдына шыққанда да ұстаз екенін ұмытпауы тиіс. Қазір әлеуметтік желіде көріп жүрсіздер, бейәдеп суреттермен жүрген жас мамандар кездесіп қалып жатады. Сондай әрекеттерден аулақ болғаны жөн. Әр мәселені көтерген кезде де , өз пікріңді білдірген кезде де әдептен озбай сөйлеу керек. Педагог өзінің кәсіби назарындағы объектілер болып табылатын окушының, ата-ананың, адамдардың абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді, олармен қарым-қатынас жасауда өнегелі. Ол баланың дамуын шынымен қалап, оған әрқашан көмектесуге дайын екендігін білдіріп, білім алушының жетістігін (жетіспеушілігін) бағалауда әдептілік таныту кажет. Білім беру процесін қатысушыларына қатысты күш көрсету, моральдық және психикалық қысым жасау әдістерін қолдануға мүлдем жол бермеу керек.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша педагогикалық әдеп кеңес мүшесі Г.А.Колаова
Педагогикалық әдеп – мұғалім әрбір нақты жағдайда оқушыларға тәрбиелік әсер етудің бірден-бір тиімді құралын қолданатын арнайы педагогикалық іскерлік. Педагогикалық әдепке оқушылар жүрегіне педагогикалық жол табу деп те анықтама беруге болады.
Педагогикалық әдеп жағымды жақтан ғана қаралады. “Педагогикалық әдебі нашар” қайрымдылығы нашар, сыпайылығы нашар, балаларға деген сүйіспеншілігі нашар, т.б. деумен бірдей. Ал педагогикалық тактиканың тым күрделі – аса жақсыдан жаманға дейін, мейлінше жетілгендіктен қарадүрсінділікке тұқыртылған мәні болуы мүмкін. Әрбір педагог оқушылармен қарым-қатынаста белгілі бір тактиканы әрқашанда қолдана береді, бірақ онда педагогикалық әдептің болмауы да ықтимал. Былайша айтқанда мұғалімдердің бірсыпырасының оқушыларды бағындыруға, олардың қарсылығын тойтаруға бағытталған үркітулері, жазалаулары, ақылгөйлігі, дауыс көтеруі, т.б.жақсы болмаса да әрине өзіндік тактикасы, бірақ ол әсте де педагогикалық әдеп бола алмайды. Педагог бүлдіршіндердің ықыласты қарап, оларды қадірлеп, кеңпейілді, сақ, әдепті болғанымен олармен қоян-қолтық араласа алмайтын жағдай болады. Оның сабақтарында тәртіпсіздік үстемдік етеді, оқушылар үй тапсырмаларын орындамайды, айтқан ақылды тыңдамайды, шынтуайтқа келгенде оны сыйламайды. Мұндай педагогті әдептілігі жоқ деп кінәлауға болмайды. Онда әдеп бар. Бірақ оның тактикасы жетілмеген, тактикалық амал тәсілдері қоры аз, ұйымдастыру мен жүйелілік мүлде жоқ. Педагогикалық шеберлік тұрғысынан алғанда педагогтің мінез ерекшелігі ретіндегі әдептілігінің оның әрбір нақты жағдайда тиімді тактика таңдай білуінің үйлесімділігі мейлінше дұрыс болып табылады.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша кеңес төрайымы Г.Х.Есимова:
Педагогикалық әдеп және сөйлеу мәдениеті. Тұлғаның қалыптасуына , берілген білімді жақсы меңгеруіне педагогтың әдістемеден хабарының болуы, білімділігі, біліктілігі ғана емес бар білімді тиісті деңгейде жеткізе алуы ең маңызды қатынас құралы тілге байланысты екендігі даусыз. «Мұғалімге керегі тек білім ғана емес, сондай-ақ сөйлеу шеберлігі, яғни кәсібилік, біліктілік, білімділікпен қатар, сол бар ілім-білімін жеткізе алатын сөйлеу шешендігі, кәсіби шешендік», — деген А.Байтұрсыновтың сөзі де педагогтің жұмысы барысындағы сөйлеудің, жай ғана сөйлеу емес, шебер шешен сөйлеудің қаншалықты маңызды екендігін аша түседі.
Сөйлеу мәдениетін игеру – болашақ педагог мамандардың кәсіби құзыреттілігі. Бұл жерде тілдік қатынас өзара пікір алысу, түсінісу, сөйлесу деген ұғымдардан гөрі тереңірек тілдік қатынас үстіндегі әдеп нормаларының ауызша және жазбаша формаларын меңгеру, дұрыс қатынас жасауға қол жеткізетін тілдік құралдарды тиімді пайдалана білу мағынасын қамтиды. Осындай құзіреттілікті меңгерту – болашақ педагог-мамандардың кәсіби шеберлігінің сипаттамасы.
Қортынды сөз: Егер мұғалім өзі оқытатын және тәрбиелейтін адамдар алдындағы жауапкершілікті сезініп, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылатын болса, өз жұмысына шығармашылықпен қарайтын болса ғана, біз оқытып отырған адамдар
сыныпқа қызығушылық танытады, сонда ғана олар ұстаздарын есте сақтап, бағалап құрметтейді
Кеңес шешімі:
1/ Жеке фотосуреттер мен бейнелерді көпшілік алдында жариялау кезінде этикалық нормаларды сақтау назарға алынсын.
2/ Педагогтің педагогикалық әдебін сақтауда мұғалімнің құқықтық сауаттылығын артыру үшін, құқықтық сауаттылық күні өткізілсін.
3/ Жас ұстаздар арасында педагогикалық әдеп және сөйлеу мәдениетін артыру үшін іс-шаралар өткізілсін.
Кеңес төрайымы: Г.Х.Есимова
Хатшы: Г.А.Колатова
Бекітемін:
«Сұңқар» балабақшасының
директоры_______Г.Х.Есимова
Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысының
№ 3 хаттамасы
19 наурыз 2023 жыл
Қатысқандар:4
Күн тәртібінде
1. Педагогтардың құқықтары
2 .Педагогтардың көпшілік ортадағы әдеп-этикалық нормалары
3 . Мектептегі педагогикалық әдепті қамтамасыз ету және сақтау
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша педагогикалық әдеп кеңес төрағасы Г.Х.Есимова
Педагог жұмыскердің: 1) кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен айналысуға; 2) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге; 3) дара педагогтік қызметке; 4) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған жағдайда педагогтік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға; 5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға; 6) бес жылда бір реттен сиретпей, ұзақтығы төрт айдан аспайтын біліктілігін арттыруға; 7) санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға; 8) педагогтік қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түрінде моральдық және материалдық көтермеленуге; 9) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына; 10) әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына; 11) ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік өтілі сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға; 12) білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағым жасауға; 13) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан өз ар-намысы мен қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар. 3. Педагог жұмыскер: 1) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге; 2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге; 3) білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету, қоршаған дүниеге ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге; 4) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, құзыретін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға; 5) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға; 6) бес жылда бір реттен сиретпей аттестаттаудан өтуге; 7) педагогтік әдеп қағидаларын сақтауға; 8) білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша кеңес мүшесі : Г.А.Колатова (әдіскер)
Ұстаз ата-аналармен, балалармен және әріптестерімен әңгімелесу кезінде педагогикалық этика нормалары мен ережелерін сақтау міндеті. Жеке сұрақтарыңызбен жалпы алқалық чатқа араластырмауды ескертті. Сөйлеу кезінде этикалық нормаларды ұстауға кеңес берді.
Ұстаз этикасы – мұғалім мен бала, ата-ана мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас. Педагогикалық этика – ұжым ішінде, мұғалімдер арасында басталып, өзінің заңды жалғасын сыныптарда табуы тиіс. Моральдық тәрбие – жан-жақты және үйлесімді дамыған адамды қалыптастырудың пәрменді құралы. Адамгершілікке тәрбиелеу ісінің тек өзіне ғана тән ерекшеліктері мен заңдылықтары болғандықтан, оның ғылыми негізделген жүйесі жасалуға тиіс. Бұл маңызды да құрметті міндет педагогика және этика ғылыми өкілдерінің ынтымағы нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін. Кәсіптік этиканың ережелері мен принциптері бірнеше кәсіптерді қамтуы мүмкін. Мысалы, педагог этикасы мектептерді, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында істейтін адамдардың қарым-қатынастары ұқсастығына байланысты оларды реттейтін жалпы нормаларды қарастырады.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша кеңес мүшесі : Г.А.Колатова (әдіскер):
Педагогикалық әдеп-этика ғылымының бөлігі болып табылады және педагогикалық адамгершіліктің ерекшеліктерін зерттейді, педагогикалық еңбектегі адамгершіліктің ортақ қағидаларының жүзеге асырылуын қадағалайды, оның негізгі қызметтерін және этикалық категорияларды қарастырады.
Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесі үшін атқарылатын кәсіптік жауапкершіліктің көрсеткіштері:
· кәсіпке, қоғамға деген қарым-қатынас
· Тәртіпті болу, өзіне және балаларға қаталдықпен қарау
· Эмоцияналдық байсалдылық, әдептілік
· Ұжымдағы әріптестермен жақсы қарым-қатынас
Педагогтың өзінің алдына қойған жоғарғы талаптардың көрсеткіштері:
· Әділ болу, балалардың бәрінің бірдей екендігін мойындау
· Өз мінез-құлықтарына баға беру,өзін-өзі сынау
· Өзін-өзі үзбей жетілдіріп тұру.
Педагогикалық әдеп:
· тілдесу, қарым-қатынас жасау кезінде
· сөйлесу икемділігінде
· оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыра алу икемділігінде
· өзін-өзі ұстай алу және талап ету икемділігінде
· ескертужасаған кезде
· баланың мінез-құлқына баға берген кезде
· мадақтау және жазалай білу икемділігінде
· дауыс ырғағында
Педагогикалық әдептің ерекшеліктері:
1) ұстаздың кәсіби мінез-құлығындағы, іс-әрекетіндегі өлшем
2) ықпал етудегі және өзара әрекеттесудегі әдістерді, түрлерді, тәсілдерді таңдау өлшемі
Әдептілік - педагогтың мінез-құлығындағы ерекшелікке айналу керек.
Педагог қызметінде өз пәнін жетік білу және оқытудың әдіс-тәсілдерін жақсы меңгеру маңызды ма, әлде оның педагогикалық мәдениеті мен өмірлік ұстанымы маңызды ма?
Кеңес төрайымы: Г.Х. Есимова