400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Әдептен озбайық»

Материал туралы қысқаша түсінік
психологтарға арнылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Уақыты: 06.02.17

Сынып: 9

Тақырыбы: «Әдептен озбайық»

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: жауапкершілік және тәртіппен, сүйіспеншілікпен және бірлікте шынайылықпен жұмыс істеу

  1. ;Сабақ

мақсаты: Оқушылардың әдеп туралы түсініктерін кеңейту;

Міндеттері:

  1. Қоғамдық орындардағы, адами қарым – қатынастағы әдеп нормаларын түсіндіру;

  2. Әдеп нормаларын ұстану, іскерліктерін дамыту;

  3. Оқушыларды әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

  • Оқулық

  • Дәптер

  • Күнделік

  • Қалам

  • Түрлі-түсті қарындаштар


Сабақ барысы:

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

- Амандасу

- оқушыларды тексереміз

- 5 т. Тәртіп, тыныштық, талап, тазалық, татулық

- 5 оқу құрал жабдықтары (дәптер, қалам, күнделік, оқулық, түрлі – түсті қалам)

  1. Сабақтағы жағымды күйге келу, тыныштық сәті

«Нұрға бөлену» (әуен Дождь и Скрипка)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Сабақ барысын

талдау:

Үй тапсырмасын тексеру. «Алдын ала ойлану асыл қасиет»

* Суық сөз сөйлеме дегенді қалай түсінесіз?

* Аузыңнан шыққан сөз тыңдаушыға жеңіл және қонымды болсын деген сөзің мағнасын қалай түсіндіңіз?

* Көпшілік ішінде өзіңді ұстай білу дегенді түсіндірші?

* Әдептіліктің бір түрі әділ сөз дегенді қалай түсінідіріп берер едің?



Түйін:

Адамдар арасында сәлемдесу – имандылық, инабаттылық, көргенділік, мәдениет белгісі. Тәуліктің үш мезгіліне қатысты «қайырлы таң», «қайырлы күн», «қайырлы кеш» деп айтылады. Адамдар бір – бірімен ақжарқын, жымия амандасуға құрметтеуге тиісті.


Дәйексөз

«Біз бойымызда әдепті дамытуға тиіспіз. Өйтпесек адамдардың ілтипатынан оп – оңай айырылып қалуымыз мүмкін» деген И. Гете

(дәйексөзді дауыстап қыздарға содан соң ұлдарға оқыту, дәптерлеріне жаздыру).

  • Осы сөзден қандай мағнаны ұқтыңыздар ?


Әңгімелеу.

Студент қыздың әңгімесі. Ж. Бейсембаев

  • Жігіттердің іс әрекеті сізге қандай ой қалдырды ?

  • Қоғамдық орындарда әдеп сақтау туралы не білесіз?

  • Анасының әрекеті қандай?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Сынып З топқа бөлінеді.

1 Топ: Жағдаяттарды талдау. Мұратқа әдепсіз қылықтарын қлдыру үшін қалай көмектесуге болады?

2 Топ: 2 жағдаят Назымға қандай кеңес берер едіңіз?

3 Топ: Қоғамдық орындардағы адамның өзін – өзі ұстауы жөнінде көрініс

4. топ: Телефонмен сөйлесу әдебі туралы ой қозғау, пікір талас ұйымдастыру












Топпен ән айту.



Қыз сыны. сөзіҚ. Қазбеков Әні М. Омаров

Үкілі кәмшат бүрмелі көйлек

Тұрғандай өзі қимылсыз билеп

Иықтан шашын төгіліп жерге

Күмісті шашбау жарасып белге



А-а-а-а-а-а-а

А-а-а-а-а-а-а

Күмісті шашбау жарасып белге



Қиылған қасы қарақат көзі

Жүректі баурап оятар сезім

Тал бойын нәзік қызғалдақ гүлдей

Дидарын нұрлы шуақты күндей



А-а-а-а-а-а-а

А-а-а-а-а-а-а

Дидарын нұрлы шуақты күндей



Жаңарып қайта жаңарып көне

Ләззат алар көрген жан сенен

Көркіңнен сенің айналдым еркем

Халқымның салтын сақтаған көркем



А-а-а-а-а-а-а

А-а-а-а-а-а-а

Халқымның салтын сақтаған көркем































  1. Үй тапсырмасы..

«Әдептілік - әдемілік» тақырыбына ой толғау жазып келу






  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу музыка қосылады

  • Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейік. Бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді жүрегімізге орнатайық. Әрдайым жақсыны көруге, жақсыны естуге, жақсыны айтуға, адал болуға үйренейік. Айналамыздағы адамдарға, жан – жануарларға, құстарға риясыз жақсылық жасап адал болайық , ешкімге ешуақытта қиянат жасамайық. Енді тыныштық күйде отыра тұрыңыздар. Көздеріңізді ашуға болады. Сіздерге алғыс білдіремін!























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
825
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі