400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әдептен озбайық!

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырып: Әдептен озбайық! Құндылық : Дұрыс әрекет Қасиеттер : шыншылдық, адалдық , әдептілік Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әдептен озбауды түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығынан туындайтындығын кеңінен ұғындыру. Міндеттері: *оқушыларды әлемді түсіне білуге үйрету. *оқушылардың адалдық, мейірімділік қасиеттерін дамыту. * оқушыларды әдептілікке тәрбиелеу. Ресурстар: (оқулық, дәптер, дәйексөздер, әндер тб.)
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп №53 Мерзім: 23.11.2017 №11

Мұғалім: Айтқалиева Ж.С. Сынып: 6 ә Оқушылар саны:___/___

Тақырып: Әдептен озбайық!

Құндылық : Дұрыс әрекет

Қасиеттер : шыншылдық, адалдық , әдептілік

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға әдептен озбауды түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығынан туындайтындығын кеңінен ұғындыру.

Міндеттері:

*оқушыларды әлемді түсіне білуге үйрету.

*оқушылардың адалдық, мейірімділік қасиеттерін дамыту.

* оқушыларды әдептілікке тәрбиелеу.


Ресурстар:

(оқулық, дәптер,

дәйексөздер,

әндер тб.)


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. 5 «Т»

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» (2 – 3) мин

2.Үй тапсырмасын тексеру.

11 сабақ. 39-беттегі Әдеп әңгімесін оқып келу.


Адамның әдептілігін қалай білуге болады?

Әдептілік-әдемілік дегенді қалай түінесіңдер?

Ескерту


3.Дәйексөз.

«Әдептілік, ар – ұят - адамдықтың белгісі»

Нақыл сөз

Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

(2 рет қыздарға, 2 рет ұлдарға айтқызу, барлығы қосылып айту.)

Дәптерге жазу.


4. Оқиғаларды әңгімелеу (сұхбат) «Бозторғай» әңгімесі

Бір атай малдарын қайырып тастап, атынан түсіп жамбастап жатқан. Сол сәтте әуеден бір бозторғайдың мазасызданған шырылы естіледі. Атай аспанға көз салып қарайды, сол кезде қанатын лыпылдата қағып жан таппай жүрген бозторғайды көреді. Сәлден кейін жүні бұрқырай төгіліп, төмендей бастаған бозторғай атайдың аяқ жағына топ етіп түсті. Атай оған басын көтеріп, таңырқай қарады. Атай алғашында: «Бұған не болды екен,ә!?» деп таңғалған. Сөйтсе, бір қара шұбар жылан анадай жерде, тілін жалаңдатып жатыр екен. «Е-е, осы пәле арбап түсірген болды ғой мұны» деп атай орнынан тұрып, бозторғайдың қасына барды. Атай бармақтай ғана қорғансыз құсты қатты аяп кетті. «Мұнда қалса,жаңағы жылан келіп жұтып қояр я болмаса бірдеңе жеп қояр. Оданда біраз бағып, ұшырып жіберейін» деп. Оны жайлап қана ұстады да, қалпағына салып үйге алып келеді. Сөйтіп шөп төсеп, ағаш жәшіктің ішіне жайғастырды. Содан асын ішкен соң, атай бозторғайға тамақ беруге барып, сол жәшіктің бетін аша бергенде есін жиған торғай «пырр!» етіп ұшып кетеді. Атай : «Е, жарайды, жануар, аман болсаң болды! » деп, соңынан сүйіне қарап қала берді.

1. Әңгімеде Атай бозторғайға неліктен аяушылық танытты?

2. Атай қандай қамқорлық жасады?

3. Атай не үшін сүйіспеншілік көрсетті?


- Атайдың бойындағы ерекше қасиет сіздердің бойыңызда бар ма?

-Табиғатқа, адамға деген қамқорлықты қалай жасаймыз?

- Атай сияқты жомарттық әрекет жасаған кездерің болды ма?


5.Шығармашылық іс – әрекет, жеке жұмыс.

1. Ойын «Жалғастыр» Оқушылардың дүниетанымдық қызығушылықтарын арттырып, іскерліктерін бекіту үшін қолданылады.

1 Топ:«Не істеуге болмайды?» Осы сөздерді аяқтау.

- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)

- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)

- Құстарды ...........................(атуға болмайды.)

- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)

- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)

- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)

2 Топ: «Не істеу керек?» (бұл да сол сияқты жүргізіледі)

- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)

- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)

- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)

- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)

- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.


6.Топпен ән айту. «Жақсы адамдар» 


                                       Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы:


7.Үй тапсырмасы. №12-сабақ, 43-46 бетке дейін оқып келу.


8.Сабақтың соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады.

Көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

- Енді көздеріңді аша қойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін! Сау болыңыздар!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
224
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі