400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Әдептен озбайық»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Әдептен озбайық»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабақ жоспары


Тексерілді: ДОІЖО____________

Мектеп: №148 мектеп-гимназия

Мерзiм: 22.11.2017ж

Тақырып: «Әдептен озбайық»

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер:Әдептілік, мәдениеттілік

Мұғалiм:Ажахаева Н.Е.

Сынып: 6 «Ә»


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әдеп негіздері туралы түсінік беру.

Міндеттері:

Білімділік: қоғамдық орындардағы, адами қарым-қатынастағы әдеп нормаларын түсіндіру;

Дамытушылық: әдеп нормаларын ұстану іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелілік: әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) плакаттар, түрлі- түсті маркерлер, бояулар,

мультимедиялық құралдар т.б.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен сәлемдесіп,түгендеу.Сабақты 5Т ережесімен бастау.Содан кейін жақсы атмосфера қалыптастыру үшін оқушыларға «Аялы алақан» әдісін пайдаланып, бір-бірлеріне жылы тілек айтқызамын.



Тыныштық сәтi


Нұрға бөлену:

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыздар. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіздер: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыздар.

Жәймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет!



Сабақ барысын талдау: Балалардың зейінін сабаққа аударып,үй тапсырмасына шолу жасау арқылы балаларды жаңа сабақ тақырыбына көшу. Сонымен қоса, дәйексөз арқылы жаңа тақырыптың мәнін ашу.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Ел аузынан алынған «Тістелген алма» атты әңгімесін талдау.

  • Жігіттің қылығын қалай бағалайсыңдар?

  • Бақ иесінің жігітті ұнату себебі неде?

  • Жігіт пен бақ иесінің қызының қандай ортақ қасиеттері бар?




Оқушылар топ болып үй тапсырмасын оқулықты қолдана отырып өз түсінгендерін постерге түсіріп, дайындап келеді

3.Жаңа сабақ (кітаппен жұмыс 40 бет)

Ыбырай Алтынсаринның «Әдеп» әңгімесін оқушылар оқып, сахналап көрсетуі керек.



4.Видео ролик: «Мектеп асханасындағы жағдай»


  • Видео роликтен нені байқадық?

  • Осы жағдайды қалай шешуге болады?

  • Асханадағы әдептілік туралы айтып бер?


  1. Дәйек сөз.

«Адамда жақсы қасиет болмаса,

Оған бақ та, бақыт та қонбайды.»

Ж.Баласағұни

Нақыл сөзді қалай түсінесін?




Сергіту сәті: «Көршінің суреті»

Оқушылар дәптерін төбесіне қойып, өзінің жұптасына қарап отырып, берілген қысқа уақыт ішінді (1-1,5 минут) оның суретін салуға тырысады. Суретті салып бітіргенше, дәптерге қарауға болмайды. Оқушылар сурет салынған парақтарға өз қолдарын қойып, бір – біріне тарту етеді.




  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.


І топ: 4 жолдық өлең

ІІ топ: Адасқан әріптерден мақалды құрастыру

ІІІ топ: «Әдепті оқушы» постер қорғау.

IV топ: «Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені» тақырыбында эссе жазу.


Рефлекция:

Оқушылар бүгінгі сабақты түсінген немесе түсінбегендерін білдіру үшін алдарындағы стикерге жазып, тақтада тұрған білім ағашына іледі. Содан кейін сабақта болған көңіл – күйді бет-әлпеті салынған смайликтерді таңдау арқылы көрсетеді.




  1. Үй тапсырмасы.

«Жастар әні» әнін жаттап келу.


  1. Бағалау.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
318
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі