400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әдептен озбайық

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды қарым-қатынас мәдениетіне үйрету, олардың әдеп, әдеп сақтау ұғымдары туралы түсініктерін кеңейте отырып Сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қызылорда облысы,Қызылорда қаласы

Көмекбай Қаракөзов атындағы № 235 қазақ орта мектебінің

«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі

Абубакирова Мадина Кайырбековна

Тақырып: Әдептен озбайық

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімділік,сыйластық,жанашырлық.

Сабақ мақсаты: Оқушыларды қарым-қатынас мәдениетіне үйрету, олардың әдеп, әдеп сақтау ұғымдары туралы түсініктерін кеңейте отырып Сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушылар әдеп, әдеп сақтау туралы түсініктерін тереңдету;

Дамытушылық: Оқушылардың сыйластық қарым-қатынастарын дамытуға ықпал ету;

Тәрбиелік:Оқушыларды мейірімді, жанашыр болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

оқулық,дәптер,маркерлер,

интерактивті тақта,бейнеролик,ән мәтіні.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

5 «Т» ережесін сақтау.

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық

Жағымды көңіл-күйге келу.

«Су асты патшалығына ойша саяхат»

Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Сабақ барысын талдау:

Оқушылардың көңіл-күйін көтеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру.

1. Әдеп,әдеп сақтау,әдептілік деген не?

2. Адамның әдептілігін қалай білуге болады?

3. «Әдептілік-әдемілік» дегенді қалай түсінесіңдер?



3. Дәйексөз.

Әдепті елдің баласы

Алыстан сәлем береді.


(Халық мақалы)


4.Әңгiмелеу (сұхбат). Мұғалім сыйы. Сабақ барысында бейнеролик «Әжемнің әңгімесі» көрсетіледі.

Мұғалім өткен сабақта «әдеп», «әдеп сақтау», «әдептілік» сөздері мен сөз тіркестерінің мағыналарын ашып, жан-жақты тияқнақтап алғаннан соң ендігі кезекті бұл құндылықтың адам өміріндегі мәні мен қажеттілігін түсіндіру мақсатында берілген төмендегідей сұрақтар негізінде әңгімелесу жүргізеді:

1.Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Қайырымды қала адамдарының көзқарастары» атты еңбегінде не туралы айтылған?

2.Әдептіліктің бірінші талабы қандай?

3. Иманды болу дегенді қалай түсінесіз?

4.Жақсылық жасау дегенді қалай түсінесіз?

5.Әдептіліктің қандай түрлері бар?

6.Ізетті адам дегенді қалай түсінесіз?

7.Қайырымды болуды қалай түсінесіз?

Тыңдайды

Талқылауға қатысады

Өз ойларын ортаға салады.

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1-тапсырма:

1-топ. «Сүйіспеншілік»

Сөзжұмбақты шешсеңдер адамзатты көркейтетін құндылықтардың атауын оқисыңдар.


а

л

ғ

ы

С








д

ә

с

т

ү

р




а

б

ы

р

о

й



б

і

р

л

і

к



д

о

с


к

ө

п

ш

і

л

д

і

к


с

е

з

і

м

т

а

л

ө

н

е

г

е

л

і



ұ

й

ы

м

ш

ы

л













т

ө

з

і

м



ү

л

г

і

л

і


т

і

л

е

к

ш

і


м

ә

д

е

н

и

е

т

т

і

л


і

к

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.04.2021
602
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі