400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әдептен озбайық

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақта 2017-2018 оқу жылы бойында 6 сыныптарға сабақ беретін жас мамандарға қажетті сабақ жоспары. 5т ережесі, дәйексөз, шығармашылық жұмыс, дәптермен жұмыс, тыныштық сәттері, Мәтінмен жұмыс айдары қамтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: «Жамбыл атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

Мерзім: 20.11.2017ж

Сабақтың тақырыбы: Әдептен озбайық

Құндылық: Дұрыс әрекет.

Қасиеттер: Әдепті болу, Ұқыптылық, үнемшілдік т.б.

Мұғалім: Такибаева Балжан Жарқынбекқызы

Сынып: 6 Оқушылар саны: 25


Сабақтың мақсаты: оқушыларды әдепті болуға, өсек айтпауға, ұқыптылыққа, дұрыс тамақтана білуге үйрету.

Сабақтың міндеттері:

  • Оқушыларға шыншылдық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру;.

  • Оқушыларды өз-өзіне сенімділігін дамытуға ықпал ету;

  • Әділеттілікке тәрбиелеу.


Ресурстар:

Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер, аққағаз, гүл, жүрек тәрізді шар, көбелек суреттері (құралдар, мәлiметтер)

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

ә) жағымды психологиялыө ахуал орнату

б) оқушылар назарын сабаққа аудару Сабақ тақырыбына тарту мақсатында сұрақтар арқылы әңгімелесу өткізіледі:

5Т ережесін еске түсіру

Тыныштық сәті

- Су асты патшалығына саяхат

Елестетіңіздер, Сіз теңіз жағасында келе жатсыз (жағаны бойлап). Тыңдаңыздар жұмсақ толқынның шашырауы және шағаланың шаңқылы. Жалаң аяқтарыңның астында құм. Біршама жерден қара нүктені көресіздер. Ол жақындағанда, оның дельфин екенін түсінесіздер, ол сіздерді өзімен бірге теңіз түбіне алып кету үшін жүзіп келді.

Ол өзі сыпайы тіршілік иесі және ол сіздерді шыдамдылықпен тасуда. Ақырындап оның арқасына отырыңыздар, мықтап ұстап, сапарға аттаныңыздар. Судың астында жүзу қандай тамаша, сіздер өздеріңізді дельфиннің арқасында қауіпсіз және қолайлы сезінесіздер. Жан-жақтарыңызға қараңыздар : мұнда қаншама әдемі балықтар, кемпір қосақ сияқты анда-мында жылпылдап жүзеді. Теңіз түбіне түсіп қараңыздар, жан-жағыңдағылар қалай өзгереді, қаншама керемет балдырлар сумен жайқалады.

Қараңыздар қандай үлкен балықтар бар, ал енді анау жаққа қараңыздар... бұл үлкен сегізаяқ. Су астында қандай тамаша, қызықты әлем. Сіздер бір нәрсені байқадыңыздарма? Мұнда қандай үнсіз тыныштық. Осы тыныштық жағдайында біраз бола тұрыңыздар. (Мұғалім бірнеше секунд үндемей тұра тұрады)

Ал енді жоғарыға өз әлемімізге қайта жолға дайындалыңыздар. Жан-жақтарыңызға қараңыздар. Тағы бір мәрте кереметтей түстерге қарап, тыныштықты тыңдаңыздар. Бізге осындай тыныштық бізді қалай сергітіп әсер етеді. Енді дельфин қайтар жолға аттанды. Сіздер судың бетіне шығып, жағалауға жақындайсыздар. Дельфиннен түсіп, оны сипап оған осындай қызықты саяхатқа шығарғанына алғыс айтыңыздар. Сыныпқа қайтып, өз орындарыңызға оралыңыздар. Бірнеше минуттан кейін көздеріңізді ашыңыздар, бірақ осы сезімді, тыныштықты сақтауға тырысыңыздар.

қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз.


Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында

5Т ережесі (тәртіп, тазалық, талап, тыныштық, татулық).

2. Үй тапсырмасын тексеру

Адамның жақсы қасиеттерінің тізбегін жасаңдар.

Сабақ барысын талқылау:

Дәйексөз туралы айта кету

«Адамда жақсы қасиет болмаса,

Оған бақ та, бақыт та қонбайды.»

  • Дәйексөздің мағынасы неде?

  • Жақсы қасиет жегенді қалай түсінесіңдер?

  • Бақыт қонған адамның қандай қасиеттері болады?

Ж.Баласағұни

Мәтінмен жұмыс. М.Мақатаевтың «Көшеде» өлеңін түсіндіру

  • Өлеңді оқығанда қандай ойда, сезімді болдыңдар?

  • Ақын адамдар арасындағы қандай қарым-қатынасты көрсеткісі келген?

  • Ізгілік, ілтипат, сыпайылық деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.

Шығармашылық жұмыс: Жұптық жұмыс. «Әдептілік» сөзінің мағынасын түсіндіру, дәптерге орындау.

Оқушылар тапсырмаларды орындайды


Топпен ән айту

Келші, келші, балашым!

Сөзі: Қ.Ыдырысов

Әні: Е.Хасанғалиев

Айым болып тудың ба?

Күнім болып тудың ба?

Ата жолын қудың ба?

Әке жолын қудың ба?

Бұл дүниеге келген соң,

Сұрауы бар судың да.

Айдарыңнан айналдым,

Маңдайыңнан айналдым.

Торсық шеке, тоқ шеке

Бақ болар деп ойладым.

Ашық жанар көңілің

Ақ болар деп ойладым.

Әнді ерекше көңілмен айтып,сергиді

Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.


Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды

Үй тапсырмасы: «Әдептілік» тақырыбында эссе жазу.

Күнделіктеріне жазады.

Соңғы тыныштық сәті:

Тыныштықта тұрып, өзімізді тыңдайық, табиғат анамызды тыңдайық. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз (тыныштық). Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз.

1 2 3 көзімізді ашайық. Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл-күй сыйлаған Ана-табиғатқа «Рахмет» деп айтайық.

Оқушылар көздерін жұмып демалады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
431
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі