400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Әдептен озбайық" ашық сабақ 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларды адамгершілікке, кішіпейілділікке, қайырымдылыққа, әдептілікке, өз халқының салт дәстүрін үйренуге, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу; адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру; оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы







Әдептен озбайық.



Мақсаты: оқушыларды адамгершілікке, кішіпейілділікке,

қайырымдылыққа, әдептілікке, өз халқының салт дәстүрін

үйренуге, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу; адам

бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып

әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру; оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті: Оқушыларды ұқыптылыққа, әдептілікке

баулу.

С. әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ жауап.

Көрнекілігі: ресурстар, суреттер, нақыл сөз жазылған плакат.

Барысы: ұйымдастыру Шаттық шеңбері.

Сәлем күн анамыз,

Қуанатын күн бүгін!

Қайырлы таң, қайырлы күн,

Күліп шықты күн бүгін!

Кіріспе сөз: Бүгінгі сабағымыз жақсылыққа жол бастар, жамандықтан арылуға бағыттайды. Өмірде бұл құбылыстар

қатар орын алған.

Мектеп жасынан жақсы әдеттерге тәрбиеленіп, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстағанымыз жөн.

"Не деу керек"

1- оқушы: Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін, жақсысын

Саған таңдап әперді.

Не деу керек?

-Рахмет.

2- оқушы: Балалар жүр көшеде,

Естіледі шу-айқай.

Сен де шықтың, көршіңді

Қағып кеттің байқамай.

Мұндайда не деу керек?

-Кешіріңіз!

3-оқушы: Осы келген бетінде

Допты қудың, жарыстың.

Көшенің сол шетінде

Кезікті бір танысың.

Ұмыттың сен не деуді?

-Сәлеметсің бе!

4-оқушы: Үй артында қоқысты,

Жатқан көптен үйіліп

Тазалайды қарт кісі

Белі зорға иіліп.

Не дегенің жөн еді?

-Көмектесейін.

Сұрақтар: 1. Жасы үлкенді сыйласа,

Жасы үлкенді тыңдаса,

Ол қандай бала?

-Әдепті.

2. Сыйлап үлкен ағаны

Сәлем берген баланы

Кім дейміз?

- Тәрбиелі.

3. Таудай биік талабы,

Жақсы оқитын баланы

Кім дейміз?

-Үлгілі.

4. Бақшаны суарып,

Келеді су алып,

Қояды жайнатып.

Ол қандай бала?

-Еңбекқор.

-Көмектесейін.

Қамқорлық.

Назымбек асыға басып, мектебине бара жатыр. Жер тайғақ. Бірер рет аяғы тайып кетіп, құлап та тұрды.

Өзімен бірге оқитын Нақысбекті жолда кездестірді.

Ол бір кішкентай баланы қолтықтап алған. Бала еңіреп жылап келеді.

-Мына бала сенің інің бе? - деп сұрады Назымбек.

-Жоқ.

-Енді кімнің?

-Құлап, аяғын ауыртып алған екен.

-Оны қайда апарасың?

-Дәрігерге көрсетіп, жарасын таңғызып берейін.

Екеулап апарып салсақ қайтеді? - деп өтінгендей болды Нақысбек.

-Сабақтан кешігеміз ғой.

-Мен кешіксем, Күлпәш Күлкеноваға айтарсың, мертіккен баланы дәрігерге әкетті деп.

- Айтайын, көп жүріп қалма, - деп, жүгіре жөнелді Нзымбек.

Нақысбек арқалап алған бала зар қағуда. Ауырсынып, шы-рылдауына қарағанда, аяғы сынған болу керек.

-Жылама, қазір дәрігерге жетеміз, таяу қалды. Сенің атың

кім? - деп сұрады Нақысбек.

-Төлеген...

-Ал, Төлеген батыр, Мойнымнан мықтап ұста, тез жеткізе

қояйын.

Нақысбек Төлегенді оташыға алып келді.Олар айнаға түсіріп, сынық бар деп тапты. Емханаға салатын болды.

Оташы Нақысбекке:

-Кішіге көрсеткен қамқорлығың үшін саған рақмет!- деп,

басынан сипап, арқасын қақты. Нақысбек енді мектепке қарай жүгірді.

Сұрақтар: 1. Нақысбек сабаққа не үшін кешікті?

2. Ол кімге көмектесті?

3.Назымбек Нақысбектен нені сұрады?

4.Нақысбектың бұл әрекетіне оташы қалай

қарады?

Топпен ән айту: "Бала тілегі."

Бал-балалық балдырған шақ сан арман

Барлық бала армандауға жаралған

Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман. (2).

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын-бесік-ұлан-байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. (2).

Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата бергенбатаменен көркейсін,

Ұлы Отаным, тілегім сол менің де. (2).

Шығармашылық жұмыс:Сен автобуста кете жатырсың.

Аялдамадан бір кәрі әже автобусқа шықты. Сен не истейсың.

2. Саған апаң жұмыстан келгенше үйдің ішін жинап қоюды

тапсырды. Сен ойынның қызығына батып үйді жинауды ұмытып кеттің.

Анаң жұмыстан келіп үйді өзі жинады. Саған ренжулі еді.

Сеның әрекетің қандай?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
482
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі