Мерзімі:
24.03.2020ж
Білім
беру саласы:
Коммуникация
Бөлімі:Сөйлеуді
дамыту
Тақырыбы:
«Әдепті
бала - ақылды бала»
Мақсаты:
Балаларға
әдептілік жайлы мағлұмат беру. Әдепті
болуға үйрету, ойлау қабілетін және
шығармашылығын дамыту. Әдептілік әлеміне
бару барысында балаларға әдептілік
ұғымының мағынасын ашу. Адалдыққа,
мейірімділікке кішіпейілділікке
тәрбиелеу. Мақал - мәтел арқылы баланың
есте сақтау қабілетін арттыру.
Көрнекі
құралдар: АКТ-да
тақырыпқа байланысты суреттер,тақырыпқа
байланысты суреттер, әдептілік туралы
мақал - мәтелдер, дидактикалық ойын.
Тәрбиеші:Бүгін
балалар бізге тобымызға қонақтар келіп
қалыпты, барлықтарымыз орнымыздан тұрып
амандасайық.
Жылулық
шеңбер:
Үлкенге
де сіз ,
Кішіге
де сіз.
Барлық
жанды құрметтеп,
Бас
иеміз біз
Салеметсизбе,
Здравствуйте
Good
morning!
Балалар,
бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы
"Әдепті бала - ақылды бала"
Әдептілік
– адамдардың өзара жақсы қарым -
қатынасының, жүріс - тұрысының, үлкенді
сыйлау, кішіпейіл бола білу белгісі
екен. Сондықтан күнделікті өмірде
әдептілік белгілерін дұрыс пайдалана
білу керек. Төмендегі тақпақтарға назар
аударайық:
«Не
деу керек?»
Апаң
сенің базардан,
Алма
сатып әперді.
Ең
үлкенін, жақсысын,
Саған
таңдап әперді.
Не
барып жеу керек?
Балалар:
«Рахмет, апа!» деу керек.(
Балалар
жүр көшеде,
Естілді
шу – айхай.
Сенде
шықтың досыңды,
Қағып
кеттің байқамай.
Мұндайда
не деу керек?
Балалар:
«Кешіріңіз!» деу керек.
Осы
келген бетіңде,
Допты
қудың жарыстың.
Көшенің
сол шетінде
Кезікті
бір апайың
Ұмыттың
сен не деуді?
Балалар:
«Сәлеметсіз бе?» деу керек.
Тәрбиеші:
-
Балалар, суретте қараңдаршы мына бала
атаға орын бермеді, онысы дұрыс па?
-
Жоқ, дұрыс емес.
-
Ал, мына бала орын берді, ол дұрыс істеді
ме?
-
Ия, дұрыс істеді.
-
Балалар, біз үлкендерді сыйлауымыз
керек, автобуста үлкендерге орын беру
керек. Таныс адамды көрсек міндетті
түрде амандасу керек.
-
Ал мына суретте үстел үстінде тамақ
ішіп отырған бала барлық тәтті тамақтарды
алдына үйіп алыпты, осы істеген ісі
дұрыс па?
-
Жоқ, дұрыс емес.
-
Енді мына суретке назар салайықшы.
Дүкеннен келе жатқан апаның сөмкесі
құлап қалыпты, мына бала апаға көмектесіп
келе жатыр. Бұл ісі дұрыс па?
-
Дұрыс айтасыңдар. Бұл бала әдепті бала
екен. Біздің тобымыздағы барлық бала -
әдепті бала, өйткені балабақшаға келетін
балдырғандар ақылды, білімді, тәрбиелі
болып қалыптасады. Өскенде егемен
еліміздің толыққанды азаматы боласыңдар.
Тәрбиеші:
Балалар кәне барлығымыз «Әдепті бала»
туралы видеоролик тамашалайық.
Тәрбиеші:Видеороликте
не байқадындар?Алғашында бала қандай
болыпты?
Тәрбиеші:
Балаларымыздың үйден дайынап келген
тақпақтарын тындаймыз ба?
Балалар:
Иә
Ортаға
Айгерім, Ерасыл,Айша,Айзия шығады.
Алдын
үлкен кісінің,
Кесіп
өтпей көлденең,
Жөніменен
кішілік,
Әдеппенен
қол берем Айша
Атам
маған өмірде
Әдепті
жан бол деген.
Ата
сөзі санамда
Жасы
үлкенге жол берем.
Ерасыл
Бақшамызға
барғанда,
Жолыққан
бар жандарға,
Ертемен,
ақ пейілмен
Қайырлы
таң деймін мен. Айзия
Дастарханның
басында,
Әдептен
біз озбаймыз,
Үлкендердің
қасында
Қолды
бұрын созбаймыз. Айгерім
Тәрбиеші:
Рахмет сендерге
Тәрбиеші:
Ал енді біраз бойымызды сергітіп,
көңіліміді көтеріп бір әнімізді айтып
жіберейік.
Ән:
«Ата- ананы тындаймыз»
Дидактикалық
ойын: "Жақсы мен жаман"
Шарты:
Балалар жақсы мен жаман әдеттерді
ажыратып айту керек.
Тәрбиеші:Балалар,
сонымен бүгін біз әдептілік туралы көп
нәрсе үйрендік. Әдепті адам жамандықты
жақсылыққа аударып, өзінің ақылдылығын
таныта білуі керек.
Тәрбие
сағатымызды бір кішігірім бейнебаянмен
аяқтайық.
Келісемін:
Бекітемін:
тәрбие
ісінің меңгерушісі
мектеп директоры
_______
М.А.Омаргалиева
_______Р.О.Бектыбаева.
________2020жыл.
«Әдепті
бала - ақылды бала»
Ашық
тәрбие сағаты
«Қызғалдақ»
ортаңғы тобы
Тәрбиеші:
Б.С.Каримова
2019
– 2020 оқу жылы
\