400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Әдепті бала-арлы бала

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып сағатына арналған материал сынып жетекшілеріне әдістемелік көмекші құрал бола алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдепті бала-арлы бала

Сынып сағаты

       Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі.
        Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген.
        Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.
        Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған.

  1. Әдепті болам  десең, арлы   бол!                     

  2. Қайырымдылық-имандылық        

  3. Қыз қылығымен сүйкімді          

  4. Құқықтық сауаттылық – заман талабы  


2.Психологиялық  дайындық.


-Балалар, бүгін  бізде  ерекше  семинар-практикум өткелі отыр.Сондықтан барлығымыз түгел  қатысып  отырайық және  жақсы  көңіл-күймен  өткізу   үшін, біз  бір-бірімізге  жақсы  тілектер  тілейік.

(тілектер  айтылады. )

-Ізетті  бол!

-Әдепті  бол!

-Ақылды  бол!

-Білімді  бол!

-Сүйкімді  бол!

-Арманшыл  бол!

–Өнерлі  бол!

-Өнерің  өрге  жүзсін!

-Нұр  жаусын!

-Мерейің  үстем  болсын!

-Білім  беріп, жақсылыққа  тәрбиелегеніңіз  үшін  рахмет!

-Рахмет!   -Міне, балалар,  бір-бірімізге  денсаулық  тілеп, жақсылық  жасасақ, ол  өзімізге  жақсылық  болып  оралады  екен.

 І.Кіріспе сөз .Әдепті болам десең, арлы бол!  Әдепті болу. Әдеп-қалыптасқан ұлттық мәдениеттің белгісі. Игі әдеттен әдет-ғұрып қалыптасып, одан әдеп пайда болады . «Әдеппен сөйлеп әдеттен» деп, халық сөйлеу мәдениетін талап етеді. «Әдепті бала –арлы бала, әдепсіз бала-сорлы бала» деп, халық әдепсіздікті қатты сынайды. «Көп сөйлеп созбайын, әдептен озбайын » деп , Абай дана көп сөйлеудің өзі әдепсіздік екенін ашық айтады. Мінез әдебі, жүріс-тұрыс әдебі, өнер әдебі, іс-әрекет әдебі, шығармашылық әдеп ұлттық тұлғаның ішкі және сыртқы тұлғаның мәдениетін көрсетеді. Жалпы ұлттық әдеп- ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени құндылық болып табылады. Әдепті болу, яғни мәдениетті болу әрбір тұлғаның ұлттық борышы.
1тапсырма.   -Ал ,балалар,  өздерің  ойланыңдаршы  әдепті  бала  қандай  болады? Әдепсіз  бала  қандай  болады? Өздерің  айтыңдаршы? «Әдепті  болам  десең, арлы бол!» Ал  енді, адам  бойындағы  жақсы-жаман  қасиеттерді  топтастырайық.  Сендер  қалай  ойлайсыңдар? Жарқырап  тұрған  күнге  қандай  баланы  жатқызуға  болады? Ал, мына  бұлтқа  қандай  баланы  жатқызуға  болады? Олай  болса,  өздеріңіздің ойларыңыз арқылы  жақсы  және  жаман  қасиеттерді  бөліп  алып,  күннің  шуағы  мен  бұлттан  жауған  жаңбырды  көрсетейік.

-Міне, балалар, уәде  беріп  оны  орындамаса, кісіге  дөрекі  жауап  берсе, үлкенді  сыйламаса, ондайды  жұрт  «әдепсіз  екен» дейді. Әдепсіз  баланы  достары  да  сыйламайды. Кейбір  балалар  әдептілік  ережесін  байқамай  немесе  білмей  бұзады.

 Жүргізуші:  Әдептілік – адамдардың  өзара  жақсы  қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының  ережесі. Осы  әдептілік  ережесін  сақтау  керек.

2-ші тапсырма. Ал, балалар  енді кім маған тыйым сөздер айтады.

Әбес  іс  жасама.

Әкені  ренжітпе.

Босағада  отырма.

Босағаны  керме.

Үйге  қарай  жүгірме.

Бүйіріңді  таянба.

Бетіңді  баспа.

Бас  киіміңді  аяғыңа  киме.

Бос  бесікті  тербетпе.

Білмесең  айтпа.

Бейуақытта  жылама,ұйықтама

Бөркіңді  теріс  киме.

Баланы  басқа  ұрма.

Баланы  алдама.

Бетіңе  сызба.

Баланы  шошытпа.

Үлкеннің  алдын  кесіп  өтпе.

Үлкеннің  сөзін  бөлме.

3-ші тапсырма. Жаман  әдет  туралы  қандай  мақал  білесіңдер?

-Жаман  әдет  туралы  мақал  білетін  болсаңдар  айта  қойыңдаршы?

-Ұрлық – түбі  қорлық.

-Ұрымен  жақын  болсаң, ұятқа  қаласың.

-Атақты  ұры  аштан  өледі.

-Ұры  қарының  серігі.

-Міне, балалар, бұл  жерден  біздің  білгеніміз  кісі  сыйлық  жасаса  рахмет, біреуді  ренжітсең  міндетті  түрде  кешірім  сұрау  керек  екен. Біреудің  затын  ешуақытта  да  рұқсатсыз  алмау  керек  екен, бір  рет  рұқсатсыз  алсаң  соған  әдеттеніп  кетесің  де, біртіндеп  ол  әдетті  бойыңа  сіңіресің. Түбі  ол  сені  үлкен  ұрлыққа  жетелейді. Ал  өздерің  білесіңдер  «Ұрлық- түбі  қорлық»  екенін, ұрлық  жасасаң  заң  алдында  жауап  беруге  тура  келеді.

4-ші тапсырма.   Сиқырлы  сөздер  айтыңдар.

-Сәлеметсіз бе?

-Аман-есенсіз  бе?

-Армысың!

-Айналайын!

-Өркенің  өссін!

-Көп  жаса!

-Денің  сау  болсын!

-Спортпен  дос  бол

-Рахмет!

-Қайырлы  таң!

-Кеш  жарық!

-Кешіріңіз!

-Сау  болыңыз!

-Ал, балалар, өздерің  айтқан  сиқырлы  сөздерден  не  пайда  болды?

  Дұрыс,  өздерің  айтқан  сиқырлы  сөздерден  көңілімізді  көтеретін  әдемі  гүл  пайда болды.

-Әдептілік, тәрбиелілік-асыл  қасиеттер. Адамдарды  бір-бірінен  осындай  жақсы  қасиеттері  арқылы  бағалайды.

Камал:                                    

Сыйла  үлкен  кісіні,

Қамқорлыққа  ал  кішіні

Сақтап  көше  тәртібін,

Бағдаршамның  ал  тілін.

Әдет  қыл  бұл  ісіңді,

Тазалап  жүр  тісіңді.

Алтын:                              

Қарсы  алдынан  кесіп  өтпей  көлденең,

Қашан да  мен  үлкендерге  жол  берем.

Абайсызда  қалса  біреу  сүрініп,

Сол  заматта  сүйеніш  боп  қол  берем.

Тілін  алып  кішінің  де  кәрінің,

Көңілінен  шығып  жүрмін  бәрінің,

Ата-ананың  айтқан  сөзін  тыңдауды,

Әдептілік  белгісі  деп  таныдым.

 

Ару                                     

Сыйластықты  іздеген,

Әдеп  сақтар  ізгі  өрен.

Сыпайылық  белгісі,

Үлкендерге  «сіз»  деген.

Жақсылықтан  үйреніп,

Боламыз  біз  жақсы  адам.

 Жамандықтан  жиреніп,

Үлгі  аламыз  жақсыдан.

 Қазақтың  мынадай  жақсы  мақалы  бар.

«Жақсы бала  ата-анасының  есіктегі  басын  төрге, жаман  бала  төрдегі  басын  есікке  сүйрейді» деген  халық  нақылын естерің-де ұстаңдар.

ІІ. Қайырымдылық-имандылық  Қайырымды болу. Адам баласына, табиғатқа қамқорлықпен жақсылық жасау.Кемтарларға, кембағылдарға, жетім-жесірлерге, тұрмыстан қысылғандарға қайырым жасау. Халық қажетіне демеуші болу. Адамзатқа, табиғатқа қайырымдылық шараларын ұйымдастара білу. Қайырымдылық- әдептілік негізі. Қазақ халқы-қайырымды халық.. Біз – қайырымды халықтың ұрпағымыз. Қайырымды болу ұлттық парыз.
Қайырымдылық — мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Қайырымдылық -мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау.Қазіргі заманда байыған адамдар «қайырымдылық қауымдастығын» ұйымдастырып, сол арқылы жеке адамдарға, бүкіл елге қайырымдылық жасайды.Халқымыз көмекке мұқтаж адамға көмек көрсетіп,қайырымдық жасау,кіріптарға қайыр беру, қарттарды аялау,мүгедектерді қорғау әрбір қайырымды адамның адамгершілік борышы деп есептейді.

 Қайырымдылық –имандылық  тақырыбына  өз ойыңызды айтып берсеңіз.

Адамгершілікке жатпайтын іс әрекеттерді байқағанда не істер едіңіз?

Иман жүзді адам деп кімдерді айтамыз. Иманды болудың себебі неде?

Ойын. «Жақсы мен жаман» сөздерін ажыратып беру.

«Мен» деген сөзге әркім өзі туралы мына сұрақтарға жауап беріп толтырады.

Жақсылық көрсең біреуден,

Мен қандаймын деп ойла.

Жамандық көрсең біреуден

Мен қандаймын деп ойла

Ой толғау.

Қорытынды. /стикер тарату /

Не үйрендіңдер?

Күн көзі бүкіл әлемді өзінің жылы шуағымен аялап ғасырдаң –ғасырға жеткізуде адам баласы бір — бірін аялап қадірлеп, қиналған сәттерінде қайырымдылығын жасап өздерінің иман жүзді адам екендігін білдіре білсе жерімізде бақытты жандар көп өмір сүрері анық. Бір- бірімзді қадірлей білуіміз керек. Ашылған бұлттың соңынан әсем кемпірқосақ пайда болды. Кемпірқосақ жеті түстен тұрады. Осы түстердің әрқайсысында жақсы ақыл кеңес бар екен.

  1. Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастап, бос өткізбе

  2. Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлай жүр

  1. Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуанттым,жұбатқаныңды,

қайырым жасағаныңды есіңе түсір.

  1. Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.

  2. Ата-анаңның мейірім шуағын сезініп , қадірлей біл..

6 .Тыныштық сақтай білуге үйрен,Нәзік үнмен биязы ,

мәдениетті сөйлеуге үйрен.

  1. «Жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі, Жамандыққа

жақсылық ер кісінің ісі» деген мақалды түсініп жадыңа ұста.

Назарларыңызға рахмет! Қош сау болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
801
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі