Материалдар / Әдептілік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әдептілік

Материал туралы қысқаша түсінік
үлкенді құрметтеу, кішіге қамқорлық жасау, сыйлау,кішіпейіл болу, көмектесу ұғымдарымен таныса отырып, оқушылардың танымдық тәрбиелік жұмыстарына ат салыса аламыз. Сондықтан
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
395
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: №14

Мектеп: Сарқан қаласы 1мектеп-гимназия

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Баяхмет Сандуғаш Ерғазықызы

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны: 21

Қатыспағандар:1

Сабақтың тақырыбы

Әдептілік (қайталау сабағы)

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

А5. Сенімді және еркін жауап беру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:

Берілген сұрақтарды түсінеді, жауап береді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап береді, шағын диалогке қатысады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап береді, шағын диалогке қатысады. Өз көзқарасын сенімді білдіреді.

Бағалау критерийі

Сұрақтарға еркін жауап бере алады.

Көзқарасын дәлелді жеткізеді.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Мәтін бойынша сұрақтарға сенімді,еркін жауап береді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

үлкенді құрметтеу, кішіге қамқорлық жасау, сыйлау,кішіпейіл болу, көмектесу т.б.


Алдыңғы оқу

Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуы, үндестік заңын ескеріп айту дағдылары қалыптастырылды.

Жоспар

Жоспарлана

тын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут








Сабақтың ортасы


15 минут











10 минут




















5 минут


Қызығушылықты ояту

Берілген өлең жолдарын «Дыбыс шкаласы» әдісі арқылы оқыту. Оқушылардың мәнерлеп оқу және дауыс ырғағын қалыптастыруға арналған жаттығу.

ӘShape1 дептілік дегенің,

ӘShape2 Shape3 рқашанда керегің.

Әсемпаздық дегенің,

ӘShape4 уре сарсаң әлегің.

Shape5

Shape6


Сабақтың мақсаты таныстырылады.

Жұптық жұмыс.


«Кафель» әдісі Өз жұбымен ойын бөліседі.

Тапсырма.

1.Сұрақтардың айналасына сөз,сөз тіркестерін, сын есімдерді айналдыра жазыңыз.

Әдептілік деген не?

Әдепті бала қандай деп ойлайсың?

2. Өз ойыңызды сыныптасыңызбен бөлісіңіз.


Бағалау. «Бас бармақ» әдісі

Топтық жұмыс. «Хатқа жауап»

Оқушыларды санамалау арқылы екі топқа бөлеміз.

Екі конвертте екі түрлі ситуациялық жағдаят берілген, топта ақылдаса отырып өз ұсыныстарын білдіреді.

1- топқа

Достар!

Велосипедпен жарысып келе жатқан Елдос жолдың шетінде тұрған қарияны көреді. Не істеу керек? Жол беріп, өткізіп жіберсе, жолдастарынан қалып қояды. Жарыстың аты жарыс, Елдос қарияның жолын кесіп өтеді. Елдостың қылығы дұрыс па, бұрыс па?

2 -топқа

Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар.Ол көп өтірік айтады,сабақты да оқымайды, ата-анасын тыңдағысы келмейді. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?

Тапсырма.

Үлкенді құрметтеу, кішіге қамқорлық жасау, сыйлау,кішіпейіл болу, көмектесу сөздерін қолданып жауап беріңіздер.

Бағалау «Үш шапалақ» әдісі.

Сабақты бекіту тапсырмасы.

«Минуттық эссе» Менің әдепті болғым келеді, себебі...


слайд













А3 парағы

маркер








конверт


Сабақтың соңы

5 минут




Рефлексия

Ойды аяқта:

Бүгін мен білдім ...

Мен үйрендім ...

Қиындық тудырды ...


Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!