Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Әдептілік - әдемілік"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі мекеме
Материалдың қысқаша нұсқасы


Технологиялық карта

Күні: тобы

Білім беру саласы Әлеуметтік орта

Оқу іс әрекеті: Әдептілік - әдемілік

ТShape3 ақырыбы«Сәлем -сөздің анасы»

Мақсаты: Халқымыздың салт – дәстүріндегі инабаттылық ережесі туралы

түсініктерін тереңдету арқылы балаларды сәлемдесу мәдениетіне, үлкенді сыйлауға, имандылыққа тәрбиелеу. Балаларды әдептілікке, кішіпейілділікке, сыпайылыққа, адамдар мен қарым – қатынас жасай білуге баулу.

Сөздік жұмыс: Инабатты, ибалы, имандылық.

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Ұйымдастырушылық- оятушылық

Ертеде өткен Бұхар жырау бабадан қалған, кейін халқына нақыл болып кеткен мынандай үлгілі сөз бар:

Өзек қуа ағады,

Өзен – судың сағасы.

Алыстан сәлем береді,

Әдепті елдің баласы.

Балалар зейіндерін аударып, мұқият тындайды.

Ұйымдастырушылық ізденушілік

Тәрбиеші:Олай дейтінім, қазақтар көзіне көзі түскен жерден оң қолын жүрек тұсына басып: «Ассалаумағалейкүм!» – деп дауыстап сәлем береді де, ұмтылып келіп, қос қолын бірдей ұсынады. Көзге көз түсіп, жанарларымен ұшырасқанда адамның көңілі жібіп, мейірі түседі. Қолды жүрек тұсына қоюы – «мен сізге шын жүректен амандық тілеймін», «Ассалаумағалейкүм» дегеннің өзі «сізге Алланың сәлемі болсын» деген мағынаны білдіреді ғой.

Сен қалай амандасасың?

-Сәлеметсіз бе?

-Есенсіз бе?

-Аман-саусыз ба?

Балалар мұқият тыңдап, өз ой –пікірін айтады



Балалар хормен:

Сәлем сөздің анасы- сәлемдесер бар қазақтың баласы.Ойын ойнайды

Рефлекстік түзету

(коррекциялық)

Тәрбиеші:Әрине, ұзақ уақыт көрмеген жағдайда балаларды, ұл-қыздарыңды, немере-шөберелеріңді бетінен, маңдайынан иіскеп, сүйіп, елжіреудің сөкеттігі жоқ.

Әдетте жасы кіші – үлкенге, жеке – жалпыға, аттылы – жаяуға, басшылар бұқараға бұрын сәлем беруі – міндет.

Д/ойын: «Сәлем берем досыма»

Әр бір бала өз досына сәлем береді

Балалар мұқият тыңдайды.






Досына сәлем береді

Күтілетін нәтиже:

БShape4 ілу керек:балаларды сәлемдесу мәдениетін білуі

БShape5 олу керек: үлкенді сыйлай білуі керек

Үйрену керек: Амандасқанда адамның көзіне қарап амандасу керектігін білуі.


Технологиялық карта

Күні: тобы

Білім беру саласы Әлеуметтік орта

Оқу іс әрекеті: Әдептілік - әдемілік

ТShape9 ақырыбы«Әдептілік - адамгершілік әліппесі»

Мақсаты:Балалардың адамгершілік қасиеттерін шыңдау. Әр ортада өздерінің жан-жақтылығын жетілдіру, таныту, толеранттылыққа баулу, ой - санасын оята отырып, өзін - өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: толеранттық, адамгершілік,ар-ұят.

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Ұйымдастырушылық- оятушылық

«Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан»деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейрімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата- анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың.

Балалар зейіндерін аударып, мұқият тындайды.

Ұйымдастырушылық ізденушілік

- Бүгін біз әдептілік, адамгершілік туралы әңгімелесеміз.

Әңгімелесу

  • Әдептілік деген не?

  • Оны қалай түсінесіңдер?

  • Әдепті бала қандай деп ойлайсыңдар?

  • Әдепті бала болғың келе ме?

  • Әдепсіз дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Әдепсіз бала қандай болады?

  • Әдептілікті бізге кім үйретеді?

Балалардың жауабы


сыйласым ,құрмет, қамқорлық, кешірімді, ардақты.

Рефлекстік түзету

(коррекциялық)

Д/ойын: «Телефон»

Ойынның шарты: Екі бала ортаға шығып, телефон тұтқасын көтеріп,әдептілік ережесін сақтай отырып, аман саулық сұрасады. Балалар оларды толықтырады.






Күтілетін нәтиже:

Білу керек: балаларды сәлемдесу мәдениетін білуі

Болу керек: үлкенді сыйлай білуі керек

Үйрену керек: амандасқанда адамның көзіне қарап





Технологиялық карта

Күні: тобы

Білім беру саласы

Оқу іс әрекеті: Әдептілік - әдемілік

Тақырыбы: «Тәртіпті бала сүйеніш,»

Мақсаты:Әдептілік, инабаттылық,сыйластықтың адами қарым-қатынастағы мәнін ашу.

2. Ізетті, сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.

3. Әдептілікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Ұйымдастырушылық- оятушылық

Тәрбиеші:Адам болып өскенің.

Адамдықтың тілегі,

Адал болып өскенің.

Әдептілік дегенің,

Әрқашанда керегің.

Әсемпаздық дегенің,

Әуре салсаң әлегің.

Шаттық шеңбер

Балалар бірге қайталайды.

Ұйымдастырушылық ізденушілік

Тәрбиеші: 1-ші жағдаят:

Құрметті достар!Менің көршімнің бір баласы бар.Өзі өтірікші көзбе - көз өтірікті айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?


2-ші жағдаят:

Құрметті достар!Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?

Балалар мұқият тыңдап, жағдаяттарды шешеді.




Өз ойымен бөліседі

Рефлекстік түзету

(коррекциялық)

Д/ойын «Не істеуге болмайды?»

«Не істеу керек?»


Ойын ойнайды

Күтілетін нәтиже:

БShape12 ілу керек:Әдептілік, инабаттылық,сыйластықтың нормалар біледі

БShape13 олу керек: жанындаға адамдармен сыласа білуді игереді

Үйрену керек:қарым-қатынас жасау іскерлігі дамиды

Технологиялық карта

Күні: тобы

Білім беру саласы

Оқу іс әрекеті: Әдептілік - әдемілік

Тақырыбы: «Ата –ананың тілегі»

Мақсаты:Ата-анасын сыйлауға, құрметтеуге және айтқан сөзін екі етпей, тыңдай білуге бейімдеу.Бауырмалдық, сыйластық сияқты асыл қасиеттерді бала бойына сіңіру.

Сөздік жұмыс: құрметтеу, асыл қасиет, бейімдеу.

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Ұйымдастырушылық- оятушылық

Ата-ананың тілегі,

Адам болып өскенің.

Адамдықтың тілегі,

Адал болып өскенің.

Әдептілік дегенің,

Әрқашанда кергің.

Әсемпаздық дегенің,

Әуре салсаң әлегің.

Өлең жолдарын қайталап айтып шығады. /қимыл-қозғалыспен/

Ұйымдастырушылық ізденушілік

Олай болса, әдептілік деген не?

-Әдептілік неден басталады?( сәлемдесуден)

-Қазір балалар, сәлемдесу рәсімін көрсетіп жіберейік.

-Адам бойында жақсы, жаман қасиеттер болады екен.Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым-кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты біздің ата-аналарымыз, ақ сүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді.Біз оны түсініп, ата-баба салтын, әдеттерін бойымызға сіңіреміз.Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін өздерің айтыңдаршы.


Мұқият тыңдап,асыл қасиеттер туралы білетін тақпақ –өлеңдерңн айтады




Өз ойымен бөліседі

Рефлекстік түзету

(коррекциялық)

Тәрбиеші алдынғы сөзді айтады, балалар жалғастырады:

Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)

- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)

- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)

-кесіп өтуге болмайды

- жылатуға болмайды

- ренжітуге болмайды

Күтілетін нәтиже:

БShape17 ілу керек:Ата-анасын сыйлауға, құрметтеуге

БShape18 олу керек: Бауырмалдық, сыйластық сияқты

Үйрену керекЖақсы әдетке бейім болуды


Технологиялық карта

Күні: тобы

Білім беру саласы

Оқу іс әрекеті: Әдептілік - әдемілік

Тақырыбы: «Тәртіпсіз бала ұрыншақ»

Мақсаты: Балаларды жаман қылықтан жиіркеніп, өнегелі, тәртіпті,әдепті болуға шақыру.Жаман әдеттерден аулақ болуға баулу,адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту..

Сөздік жұмыс: Ұрыншақ, сотқар,жиіркеніш,

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Ұйымдастырушылық- оятушылық

Шаттық шеңбер:

Су құйдым да құманмен,

Қолына мен әкемнің,

Содан кейін оған мен,

Орамалды әпердім.

Өлең жолдарын қайталап айтып шығады. /қимыл-қозғалыспен/

Ұйымдастырушылық – ізденушілі

Тәрбиеші: Атадан жақсы ұл туса. Елінің туы болады.

1. Құс ұясын бұзбаймын, 2. Апамызды сыйлайық

Бүлдірмеймін жейдемді. Үйдің ішін жинайық.

Қабырғаны сызбаймын, Бұрынғыдай егесіп,

Жинап қоям бөлмемді. Ерегісіп тұрмайық.

Бос шимайлап, шатпақтап, Қалмау үшін керісіп,

Дәптерді де жыртпаймын. Атқарайық үйдегі,

Бір күн болмай сатпақтап, Жұмысты тең бөлісіп.

Киімімді құртпаймын

3. Кел, самаурын қайнатып, 4. Қарсы ал ерте күн көзін,

Дастарханды жайнатып, Төсегіңді жина өзің.

Отырайық бөлмеде, Асықпай іш тамақты,

Бөпемізді ойнатып Жалама аяқ тамақты

Гүлдерді де суарып, Пышақты ұста оң қолмен,

Еденді де жуайық. Шанышқыны сол қолмен.

Келген кезде жұмыстан, Нанды үгітпе, қадірле,

Қалсын апам қуанып. Қабығымен бәрін же.

.

Балалар жақсы –асыл қасиеттер туралы білетін тақпақ –өлеңдерңн айтады




Өз ойымен бөліседі

Рефлекстік түзету

(коррекциялық)

Д/ ойын: «Не істеу керек?»


сыйлау керек.

-алу керек

-сәлем беру керек.

- қамқорлау керек.

-күтіп ұстау керек.)


Күтілетін нәтиже:

БShape22 ілу керек: Жаман қылықтан аулақ болуды.

БShape23 олу керек: Жақсы әдетке бейім болуды

Үйрену керек: ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата біледі


Технологиялық карта

Күні: тобы

Білім беру саласы

Оқу іс әрекеті: Әдептілік - әдемілік

Тақырыбы: «Ақылды бала ардақты»

Мақсаты:Әдепті, сыпайы балалар айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екенін түсіндіру. Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтуға үйрету. Жақсы мен жаман әдет қалыптарды ажыратуды, жақын адамдарға қамқорлық, оларға көмек көрсету дағдыларын үйрету.

Сөздік жұмыс: Ақылды, кешірімді,

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Ұйымдастырушылық- оятушылық

Шаттық шеңбері (музыкамен)

Сыйластықты іздеген

Әдеп сақтар ізгі өрен.

Сыпайылық белгісі –

Үлкендерге «Сіз»деген.

Балалар іс қимылмен өлеңді қайталайды

Ұйымдастырушылық ізденушілік

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан» деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейрімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата- анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың.

Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысуы керек. Ендеше әдепті, ақылды балалардың қандай болуы керек екенін мына өлеңдерден тыңдайық.


Мұқият тыңдайды



Өз ойымен бөліседі




Рефлекстік түзету

(коррекциялық)

Д/ойын: «Жақсы, жаман әдеттер»

Бала: Тәртіпті бала сүйеніш,

Төбең бір көкке жетеді.

Ұрыншақ бала жанында,

Ұрыс пен керіс айқай шу.

Ұстамды бала маңынан,

Ұнамды қылық байқайсың.

Ойын ойнайды


Өлеңді оқиды

Күтілетін нәтиже:

БShape27 ілу керек:Жақсы мен жаман әдет қалыптарды

БShape28 олу керек: көмек көрсету дағдыларын үйренеді

Үйрену керек:ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата біледі

Технологиялық карта

Күні: тобы

Білім беру саласы

Оқу іс әрекеті: Әдептілік - әдемілік

Тақырыбы: «Ізет инабат- сыпайылық»

Мақсаты:1. Ізет инабат – сыпайылық ,кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға баулу;2.Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту;

3.Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;

Сөздік жұмыс:

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Ұйымдастырушылық- оятушылық

Шаттық шеңбері

- Балалар, «Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені» дегендей, қане, бәріміз бір - бірімізге иіліп амандасайық. ( Бәрі осылайша сәлемдеседі)

Балалар бір – бірлерімен сәлемдеседі

Ұйымдастырушылық ізденушілік

- Бүгін біз ізет -инабат адамгершілік туралы әңгімелесеміз.

Әңгімелесу

Әдептілік деген не? Оны қалай түсінесіңдер?

Әдепті бала қандай деп ойлайсыңдар? Әдепті бала болғың келе ме?

Әдепсіз дегенді қалай түсінесіңдер? Әдепсіз бала қандай болады?

Әдептілікті бізге кім үйретеді?

Ізетті- сыпайы, қайырымды.

Әдепсіз-тәртіпсіз, қайырымсыз.




Сұраққа жауап береді

Рефлекстік түзету

(коррекциялық)

Д/ ойын «Не істеуге болмайды?»

Ойынның шарты:Тәрбиешінің сұрағына балалар не істеуге болмайтынын рет-ретімен айтып шығуы тиіс.




- Кішкене баланы-(жылатуға болмайды.)

- Құстарды-(атуға болмайды.)

- Қыз баланы-(ренжітуге болмайды.) Балабақшадан-(кешігуге болмайды.)

Топта-(айғайлауға болмайды.)

Күтілетін нәтиже:

БShape32 ілу керек: жаман әдеттерден аулақ болуды біледі

БShape33 олу керек: ұнамсыз қылықтарды ажырата біледі

Үйрену керек: Ізет –инабат туралы түсініктері кеңейеді.


Технологиялық карта

Күні: тобы

Білім беру саласы : Әлеуметтік орта

Оқу іс әрекеті: Әдептілік - әдемілік

ТShape37 ақырыбы: «Сыйласым- құрмет»

Мақсаты: Досынмен сыйласа білуге, досын ренжітпеуге үйрету.Жаманнан жиренуге, жақсыны үйренуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Кішіпейілділік, адамгершілік.

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Ұйымдастырушылық- оятушылық

Шаттық шеңбері

- Балалар, «Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені» дегендей, қане, бәріміз бір - бірімізге иіліп амандасайық.

Сыйлап сәлем беремін,

Көршілерді көргенде.

Ізетті де білемін

Үйге қонақ келгенде.

Әдепсіз деп сөкпесін,

Апама айтып өкпесін. К. Байзақов

Бәрі осылайша сәлемдеседі.

Ұйымдастырушылық ізденушілік

- Бүгін біз сыйласым – құрмет туралы әңгімелесеміз.

Әңгімелесу

-Сыйлау деген ді қалай түсінесің?

Құрмет деген не? Оны қалай түсінесіңдер?

Сыйлы бала қандай деп ойлайсыңдар? Сыйлы бала болғың келе ме?

Сыйсыз, құрметсіз дегенді қалай түсінесіңдер? • -Әдептілікті бізге кім үйретеді?


Балалар жауап береді.жауаптары дұрыс болмаса немесе толық болмаса толықтырады, дұрыс жауабын айтып береді.

Рефлекстік түзету

(коррекциялық)

Д/ойын «Не істеуге болмайды?»

«Не істеу керек?»




Ойын ойнайды.

Өз ойын ашық айтып береді.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек:Сыйласу нормаларын біледі

Болу керек: Үлкендерді, досымен сыйласа білуді біледі

Үйрену керек: Тыйм сөздерді біледі






Технологиялық карта

Күні: тобы

Білім беру саласы

Оқу іс әрекеті: Әдептілік - әдемілік

Тақырыбы: «Кешірімді бола біл! »

Мақсаты:1.Балалардың білгендерін бір жүйеге келтіру, толықтыру, сыпайы сөздерді орнымен қолдануға үйрену.2.Балалардың сөздік қорларын молайту, әдептілік пен әдепсіздік туралы өз ойларын қорытып, тұжырымдай білуге үйрету.3. Үлкенді сыйлауға, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу, жақсы қасиетке үйрету, жаман қасиеттен жиренту арқылы адамгершілік қасиетін дамыту.

Сөздік жұмыс:

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Ұйымдастырушылық- оятушылық

(Психологиялық дайындық)

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Дауыстап бірге айтып шығады. Бір-бірлеріне тілек айтады.

Ұйымдастырушылық – ізденушілік

Тәрбиеші: - Біздің халқымыздың әдепті де сыйластық қарым-қатынасқа ежелден-ақ көңіл бөліп келгендігі баршаңызға белгілі.Ұрпақтан-ұрпаққа туысқан бұл өнегені біз қазақтың мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерінен молдап ұштастырамыз. «Әдептілік иесі – иіліп сәлем бергені. Ұлық болсаң-кішік бол, Кішіпейілділік – кішілік емес кісілік» - деп ой тарқатып, сөз маржандары халқымыз ұстанған тәлім-тәрбиенің жүйелі бағдарын меңзейді. Қазақ халқына тән дарқан қонақжайлылық, үлкенді құрметтеу, ағайын туғанға бауырмалдық, аталы сөзді қадір тұтып, уәдеге тұра білуге, жас ұрпақты әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу тұрғысындағы озық дәстүрлер қазіргі кезде де ұнасымды жалғасып, бүгінгі өмірімізбен үйлесім тауып отыр.

-Кешіріміді бола білу үшін не істеу керек?

Мұқият тыңдайды











Сұраққа толық жауап береді.

Рефлекстік түзету

(коррекциялық)

1. Айнұр көрші апайға күнде көріп жүрмін ғой, бүгін амандаспайыншы,- деп ойлап қасынан өте шықты. Сонда көрші апай.... Жалғастыр...

2.Көшеде келе жатқан атаға бір бала әдейі соқтығысты. Жалғастыр...

Жағдаяттардың дұрыс нұсқасын айтып, әрі қарай жалғастырады.

Күтілетін нәтиже:

БShape40 ілу керек:Кешірімді болу нормасын біледі

БShape41 олу керек: Балалардың сөздік қоры молайяды

Үйрену керек жаман қасиеттен жиренту арқылы адамгершілік қасиетін дамиды

Технологиялық карта

Күні: тобы

Білім беру саласы

Оқу іс әрекеті: Әдептілік - әдемілік

Тақырыбы: «Ұқыпты екен бұл дейміз»

Мақсаты:Ұқыпты бола білуге, өз ойыншықтарын өзі жинап, өзі реттеуге бейімдеу.

Жаман әдеттерден бас трта білеге үйрету, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;

Сөздік жұмыс: ұқыпты,ұқыпсыз

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Ұйымдастырушылық- оятушылық

Шаттық шеңбері

- Балалар, «Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені» дегендей, қане, бәріміз бір - бірімізге иіліп амандасайық. ( Бәрі осылайша сәлемдеседі)

Балалар бір – бірлерімен сәлемдеседі

Ұйымдастырушылық ізденушілік

- Бүгін біз ұқыптылық туралы әңгімелесеміз.

Әңгімелесу

Ұқыпты деген не? Оны қалай түсінесіңдер?

Ұқыпты бала қандай деп ойлайсыңдар? Ұқыпты бала болғың келе ме?

Ұқыпсық дегенді қалай түсінесіңдер? Ұқыпты бала қандай болады?

Ұқыптылықты бізге кім үйретеді?


Әдепсіз-тәртіпсіз, қайырымсыз.


Сұраққа жауап береді

Рефлекстік түзету

(коррекциялық)

Д/ ойын «Не істеуге болмайды?»

Ойынның шарты:Тәрбиешінің сұрағына балалар не істеуге болмайтынын рет-ретімен айтып шығуы тиіс.




Ойыншықты сындырмауға, ұқыпты ұстауға,


Күтілетін нәтиже:

БShape45 ілу керек: жаман әдеттерден аулақ болуды біледі

БShape46 олу керек: ұнамсыз қылықтарды ажырата біледі

Үйрену керек: «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктері кеңейеді.









Технологиялық карта

Күні: тобы

Білім беру саласы

Оқу іс әрекеті: Әдептілік - әдемілік

Тақырыбы: «Қамқорлық – асыл қасиет»

Мақсаты:Кішіге қамқор бола білуге үйреті. Досын ренжітпеу, сыйласуға, көмек бере білуге бейімдеу.Жаман әдеттерден бас трта білеге үйрету, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;

Сөздік жұмыс: Қамқорлық – асыл қасиет.

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Ұйымдастырушылық- оятушылық

Шаттық шеңбері

- Балалар, «Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені» дегендей, қане, бәріміз бір - бірімізге иіліп амандасайық. ( Бәрі осылайша сәлемдеседі)

Балалар бір – бірлерімен сәлемдеседі

Ұйымдастырушылық ізденушілік

- Бүгін біз қамқорлық туралы әңгімелесеміз.

Әңгімелесу

Қамқор деген не? Оны қалай түсінесіңдер?

Қамқор бала қандай деп ойлайсыңдар? Қамқоршы бала болғың келе ме?

Дөрекі дегенді қалай түсінесіңдер? Дөрекі бала қандай болады?

Ұқыптылықты бізге кім үйретеді?


Әдепсіз-тәртіпсіз, қайырымсыз.


Сұраққа жауап береді

Рефлекстік түзету

(коррекциялық)

Д/ ойын «Не істеуге болмайды?»

Ойынның шарты:Тәрбиешінің сұрағына балалар не істеуге болмайтынын рет-ретімен айтып шығуы тиіс.




Үлкенге- кішіпейіл, кішіге- қамқор


Күтілетін нәтиже:

БShape50 ілу керек: Қамқор болуды біледі

БShape51 олу керек: ұнамсыз қылықтарды ажырата біледі

Үйрену керек: «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктері кеңейеді.







Технологиялық карта

Күні: тобы

Білім беру саласы

Оқу іс әрекеті: Әдептілік - әдемілік

Тақырыбы: «Тыйым сөздер»

Мақсаты:Әдеп туралы тыйым сөздер, нақыл сөздер, мақал- мәтелдер, тақпақтар адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру сыпайылыққа, жаманнан жиренуге, жақсыны үйренуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: тыйым

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Ұйымдастырушылық- оятушылық

-Тәрбиеші алғашқы сөзді айтады,балалар жалғастырады:

- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)

- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)

- Құстарды ...........................(атуға болмайды.)

- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)

- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)

- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)

Балалар хормен жауап береді.

Ұйымдастырушылық ізденушілік

Тәрбиеші: «Білер қазақ баласы, Сәлем - сөздің анасы»

Алдымыздан кезіккен, Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен Біздер сәлем береміз.

- Сәлеметсіз бе, ағай!- деп,- Сәлеметсіз бе, апай!- деп

- Есенсіз бе, әжей!- деп,- Амансыз ба атай!- деп

- Ұл - қыз сәлем береміз,Өнегелі өренбіз.

Балалар, сәлемдескенде адамның көзіне қарап амандасу керектігін сендер білесіңдер ме?

-Тыйым сөздер дегенді қалай түсінесіңдер?


Мұқият тыңдайды




Жасауға болмайтын нәрселер

Қыз баланы ренжітпеу,ойыншықты сындырмау.

Рефлекстік – түзету

(коррекциялық)

д/ойын: - Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)

- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)

- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)

- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)

- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)


Күтілетін нәтиже:

БShape55 ілу керек:тыйым сөздердің мағынасын түсінеді

БShape56 олу керек: Не істемеу керектігін біледі

Үйрену керек:жаманнан жиренуге, жақсыны үйренуге тәрбиелеу.




Технологиялық карта

Күні: тобы

Білім беру саласы

Оқу іс әрекеті: Әдептілік - әдемілік

Тақырыбы: «Еңбексүйгіш – елгезек»

Мақсаты: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген сөздің мағынасын ашып, адам еңбекпен ғана жетістііктерге жететінін түсіндіру. Үй шаруасына көмектесу керектігін ұғындыру.

Сөздік жұмыс: еңбексүйгіш

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Ұйымдастырушылық- оятушылық

«Жалғастыр» ойыны. Не істеуге болмайды?

Үлкендердің алдынан ......

Құстарды ......... болмайды

Кішкене баланы ........

Қыз баланы ............

Тамақты.........

Айқайлап..............

Бетіңді басып............................... айтуға болмайды?

Балалар не істеуге болмайтынын айтып бір-біріне жалғастыра айтады.

Ұйымдастырушылық ізденушілік

Тәрбиеші:

- Балалар, еңбек сүйгіш деп қандай баланы айтуға болады?

-Біз топта қандай еңбек түрлерімен шұғылданамыз?

-Табиғат бұрышындағы еңбектерді атап беріңдерші?

-Ас мәзірінде не істейміз?

-Аулада қандай еңбек түрімен айналысамыз?

-Олай болса еңбек туралы өлеңді тыңдап көріңдер:

Су құйдым да құманмен,

Бақшаны суарып, келді ол су алып,

Қолына мен әкемнің.

Орамалды әпердім.

Содан кейін оған мен


Гүл суғарамыз


Балыққа жем береміз


Дастархан дайындаймыз



Рефлекстік түзету

(коррекциялық)

Еңбек туралы мақал а жаттап көрейік:

  • «Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей»





Мақалды жаттайды

Күтілетін нәтиже:

БShape60 ілу керек:Еңбек туралы біледі

БShape61 олу керек: адам еңбекпен ғана жетістііктерге жететінін түсінеді

Үйрену керек: үй шаруасына көмектесуді үйренеді

Технологиялық карта

Күні: тобы

Білім беру саласы

Оқу іс әрекеті: Әдептілік - әдемілік

Тақырыбы:«Шыншыл –әділ бола біл!»

Мақсаты:Шышыл, әділ болу сияқты қасиеттерді бала бойына сіңіру,өтірік айтпау керектігін ұғындыру. Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу

Сөздік жұмыс: шыншыл, әділ

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Ұйымдастырушылық- оятушылық

Сәлем, достар аман ба?

Шат-шадыман Көктеммін

Мынау бейбіт заманда

Шаттық болсын әмманда.

Шеңберге тұрып өлең жолдарын іс – қимылмен жасайды

Ұйымдастырушылық ізденушілік

Тәрбиеші:

Әдеп, ізет, иба да - Әдеп - алтын сабырың,

Шарайнасы жаныңның. Жетелейтін мұратқа.

Әдептіні сыйла да, Әдеп - талап, жалының,

Тәңіріңдей табынғын. Ақ желкенін құлатпа.

- Бүгін біз шыншыл, әділдік туралы әңгімелесеміз.

Әңгімелесу

Шыншыл деген не? Оны қалай түсінесіңдер?

Әділ бала қандай деп ойлайсыңдар? Әділ болғың келе ме?

Өтірікші дегенді қалай түсінесіңдер? Өтірікші бала қандай болады?

Шыншылдықты бізге кім үйретеді?


Өлең жолдарын тыңдайды,




Сұраққа толық жауап береді

Рефлекстік түзету

(коррекциялық)

Д/ойын: «Екі суреттің айырмашылығын айт.»





Ойын ойнайды

Күтілетін нәтиже:

БShape65 ілу керек:Шышыл, әділ болу сияқты қасиеттерді меңгереді

БShape66 олу керек: Өтірік айтпау керектігін ұғынады

Үйрену керек: Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу





Технологиялық карта

Күні: тобы

Білім беру саласы

Оқу іс әрекеті: Әдептілік - әдемілік

Тақырыбы: ««Мейірімділік -жүректен жүрекке»»

Мақсаты:Айналаңа мейірімді бола білсең, саған да өзгелер сондай іс – әрекет жасайтынын ұғындыру. Үлкенге орын беру, кішіге қамқор болу сияқты асыл қасиеттерді бала бойына сіңіру.

Сөздік жұмыс: мейірімді

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Ұйымдастырушылық- оятушылық

Шаттық шеңбері

- Балалар, «Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені» дегендей, қане, бәріміз бір - бірімізге иіліп амандасайық. ( Бәрі осылайша сәлемдеседі)

Балалар бір – бірлерімен сәлемдеседі

Ұйымдастырушылық ізденушілік

Әдеп.

Сыйлап сәлем беремін,

Көршілерді көргенде.

Ізетті де білемін

Үйге қонақ келгенде.

Әдепсіз деп сөкпесін,

Апама айтып өкпесін.

К. Байзақов

- Бүгін біз мейірімділік туралы әңгімелесеміз.

Әңгімелесу

Мейірімді деген не? Оны қалай түсінесіңдер?

Мейірімді бала қандай деп ойлайсыңдар? Мейірімді бала болғың келе ме?

Мейірімсіз дегенді қалай түсінесіңдер? Қатал бала қандай болады?

Мейірімділікті бізге кім үйретеді?

Өлеңді тыңдайды

Ізетті- сыпайы, қайырымды.

Әдепсіз-тәртіпсіз, қайырымсыз.




Сұраққа жауап береді

Рефлекстік түзету

(коррекциялық)

Д/ ойын «Не істеуге болмайды?»

Ойынның шарты:Тәрбиешінің сұрағына балалар не істеуге болмайтынын рет-ретімен айтып шығуы тиіс.





Күтілетін нәтиже:

БShape70 ілу керек: жаман әдеттерден аулақ болуды біледі

БShape71 олу керек: мейірімділік- мейірімсіздікті ажырата біледі

Үйрену керек:Үлкенге орын беру, кішіге қамқор болу сияқты қасиеттерді меңгереді

Технологиялық карта

Күні: тобы

Білім беру саласы

Оқу іс әрекеті: Әдептілік - әдемілік

Тақырыбы: «Болайықшы осындай»

Мақсаты:Үлкендердің еңбегін бағалай білуге және жақсы,жағымды қасиеттерді өздеріне сіңіре білуге үйрету. Балаларды әдептілікке,сыпайылыққа тәрбиелеу және тілін дамыту.

Сөздік жұмыс: Зейінді , мейірімді

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Ұйымдастырушылық- оятушылық

Қуан шаттан алақай!

Қуанатын кез келді.

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Күліп шықты күнбүгін

Сәлематсыз ба? қонақтар

Бәріміз күндей жарқырайық!

Бәріміз тату болайық.

Шеңберге тұрып өлең жолдарын айтады

Ұйымдастырушылық ізденушілік

Тәрбиеші:

-Қазір балалар, сәлемдесу рәсімін көрсетіп жіберейік.

-Адам бойында жақсы, жаман қасиеттер болады екен.Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым-кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты біздің ата-аналарымыз, ақ сүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді.Біз оны түсініп, ата-баба салтын, әдеттерін бойымызға сіңіреміз.Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін өздерің айтыңдаршы

Сәлемдеседі

Адам бойындағы жақсы , жаман әдеттерді атап айтады

Рефлекстік түзету

(коррекциялық)

Д/ ойын «Не істеуге болмайды?»

Ойынның шарты:Тәрбиешінің сұрағына балалар не істеуге болмайтынын рет-ретімен айтып шығуы тиіс.


Күтілетін нәтиже:

БShape75 ілу керек:Үлкендердің еңбегін бағалай білуге

БShape76 олу керек: жақсы,жағымды қасиеттерді өздеріне сіңіре біледі

Үйрену керек:тілін дамиды



Технологиялық карта

Күні: тобы

Білім беру саласы

Оқу іс әрекеті: Әдептілік - әдемілік

Тақырыбы: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Мақсаты: Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра

отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным

белсенділігін арттыру. Үлкенді сыйлауға, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: үйрен-жирен

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Ұйымдастырушылық- оятушылық

Сәлем, достар аман ба?

Шат-шадыман Көктеммін

Мынау бейбіт заманда

Шаттық болсын әмманда.

Шаттық шеңбер

Ұйымдастырушылық ізденушілік

Тәрбиеші:

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» дегенді қалай түсінесіңдер?

-Ата-ананың тілегі,

Адам болып өскенің.

Адамдықтың тілегі,

Адал болып өскенің.

Әдептілік дегенің,

Әрқашанда кергің.

Әсемпаздық дегенің,

Әуре салсаң әлегің.

Сұраққа жауап береді


Өлеңді тыңдап, өз ойын айтады.

Рефлекстік түзету

(коррекциялық)

Д/ойын: «Екі суреттің айырмашылығын айт.»






Балалар суреттегі айырмашылықты айтып береді

Күтілетін нәтиже:

БShape80 ілу керек:Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра

БShape81 олу керек: тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

Үйрену керек:Үлкенді сыйлауға, адамгершілікке, имандылыққа үйренеді



Технологиялық карта

Күні: тобы

Білім беру саласы

Оқу іс әрекеті: Әдептілік - әдемілік

Тақырыбы: «Әдептілік ережелері»

Мақсаты:Әдептілік, инабаттылық,сыйластықтың адами қарым-қатынастағы мәнін ашу.Ізетті, сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.Әдептілікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Ұйымдастырушылық- оятушылық

(Психологиялық дайындық)

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Дауыстап бірге айтып шығады. Бір-бірлеріне тілек айтады.

Ұйымдастырушылық – ізденушілік

Тәрбиеші: - Біздің халқымыздың әдепті де сыйластық қарым-қатынасқа ежелден-ақ көңіл бөліп келгендігі баршаңызға белгілі.Ұрпақтан-ұрпаққа туысқан бұл өнегені біз қазақтың мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерінен молдап ұштастырамыз. «Әдептілік иесі – иіліп сәлем бергені. Ұлық болсаң-кішік бол, Кішіпейілділік – кішілік емес кісілік» - деп ой тарқатып, сөз маржандары халқымыз ұстанған тәлім-тәрбиенің жүйелі бағдарын меңзейді. Қазақ халқына тән дарқан қонақжайлылық, үлкенді құрметтеу, ағайын туғанға бауырмалдық, аталы сөзді қадір тұтып, уәдеге тұра білуге, жас ұрпақты әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу тұрғысындағы озық дәстүрлер қазіргі кезде де ұнасымды жалғасып, бүгінгі өмірімізбен үйлесім тауып отыр.

- Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Әдептілік – әдемілік белгісі» деп аталады..

Мұқият тыңдайды

Сұраққа толық жауап береді.

Рефлекстік түзету

(коррекциялық)

.Қане, ойланайық:

1. Сәуле көрші апайға күнде көріп жүрмін ғой, бүгін амандаспайыншы,- деп ойлап қасынан өте шықты. Сонда көрші апай.... Жалғастыр...

2.Көшеде келе жатқан атаға бір бала әдейі соқтығысты. Жалғастыр...

Жағдаяттардың дұрыс нұсқасын айтып, әрі қарай жалғастырады.

Күтілетін нәтиже:

БShape85 ілу керек:Әдептілік, инабаттылық,сыйластықтың нормасын біледі

БShape86 олу керек: сыйластықты қарым-қатынас жасау дағдыларын біледі

Үйрену керек Әдептілікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Технологиялық карта

Күні: тобы

Білім беру саласы

Оқу іс әрекеті: Әдептілік - әдемілік

Тақырыбы: «Театрда және кинода –әдептілікті сақтайық»

Мақсаты: Театрда және кинода баланың өз – өзін қалай ұстау керектігі жайлы түсініктерін молайту. Әдептілікті ережелерін сақтап жүруге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Ұйымдастырушылық- оятушылық

«Жалғастыр» ойыны. Не істеуге болмайды?


Балалар не істеуге болмайтынын айтып бір-біріне жалғастыра айтады.

Ұйымдастырушылық ізденушілік

Тәрбиеші:

«Жақсылық пен жамандық» ертегісін сахналау.

Келесі тапсырма«Не деу керек?»деп аталады.Шашыратылған әріпті тапқызу.

Қорытынды.Жақсы, жаман баланың қандай болатынын Венн диаграмасы арқылы салыстырып көрсетеді .

-Әдептілік деген не?


Ертегіні сахналайды

Сұраққа жауап береді

Рефлекстік түзету

(коррекциялық)

Атам маған әманда Алдын орап кісінің,

Әдепті жан бол деген. Кесіп өтпей көлденең.

Ата сөзі санамда - Ізетімен кішінің -

Жсы үлкенге жол берем. Сәлемдесіп , қол берем.





Өлеңді қайталап айтып шығады

Күтілетін нәтиже:

БShape90 ілу керек:Театрда және кинода баланың өз – өзін қалай ұстау керектігі

БShape91 олу керек: үлкенді сыйлауға ,құрметтеуге

Үйрену керек:Әдептілікті ережелерін сақтап жүруге тәрбиелеу








Технологиялық карта

Күні: тобы

Білім беру саласы

Оқу іс әрекеті: Әдептілік - әдемілік

Тақырыбы: «Қоғамдық көліктегі әдептілік»

Мақсаты:Қоғамдық көлікте өз-өзін қалай ұстайтыны туралы және оның ережелерімен таныстыру. Үлкенге орын беру, кішіге қамқор болу сияқты асыл қасиеттерді бала бойына сіңіру.

Сөздік жұмыс:

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Ұйымдастырушылық- оятушылық

«Жалғастыр» ойыны. Не істеуге болмайды?


Балалар не істеуге болмайтынын айтып бір-біріне жалғастыра айтады.

Ұйымдастырушылық ізденушілік

Тәрбиеші:

Балалар, біз бүгін қоғамдық көліктерде өз – өзімізді қалай ұстау керектігі туралы айтамыз

-Әдептілік деген не?

-Қоғамдық көліктерде өз-өзімізді қалай ұстаймыз?

(әңгімелесу)

1.Сіз деген- әдеп,


Біз деген- көмек.


2. Ұлық болсаң- кішік бол.


3. Кішіден ізет- үлкеннен құрмет

Ертегіні сахналайды

Сұраққа жауап береді


Мақал-мәтел айтады

Рефлекстік түзету

(коррекциялық)

Атам маған әманда Алдын орап кісінің,

Әдепті жан бол деген. Кесіп өтпей көлденең.

Ата сөзі санамда - Ізетімен кішінің -

Жсы үлкенге жол берем. Сәлемдесіп , қол берем.





Өлеңді қайталап айтып шығады

Күтілетін нәтиже:

БShape95 ілу керек:Театрда және кинода баланың өз – өзін қалай ұстау керектігі

БShape96 олу керек: үлкенді сыйлауға ,құрметтеуге

Үйрену керек:Әдептілікті ережелерін сақтап жүруге тәрбиелеу



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
1153
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12