Тақырыбы. Әдептілік –
әдемілік.
Мақсаты:1) оқушылар ережесін сақтауға,
әрдайым үлкендерді сыйлауға үйрету;
2)танымдық қабілеттерін,
ой-өрістерін, жан-жақты білімдерін
дамыту;
3)
адамгершілікке, ізгілікке, инабаттылыққа, әдептілікке
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мазмұнды суреттер,мақал-мәтелдер,
кеспе әріптер.
Барысы:
І.Ұйымдастыру.
II .Психологиялық
дайындық.
Мейірімді
жүрекпен
Ақ пейілді
тілекпен
Амандасып
алайық
Бір жадырап
қалайық!
Әрбір адам Оқушы - туысым,
досым, жұрағат
Әрбір сабақ Оқушы - үйрену, ұғу,
ұлағат
Әрбір ісің Оқушы - тірлік, терек,
адамдық
Әрбір сөзің Оқушы - шындық, бірлік,
адалдық
-Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік-әдемілік
тақырыбында өтіледі.
.Әдептілік- адамдардың өзара жақсы
қарым-қатынасының, жүріс- тұрысының
ережесі.
Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Бүгінгі
заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі
керек.
«Әсемпаз болма
әрнеге,
Өнерпаз болсаң
арқалан.
Сен де бір кірпіш
дүниеге
Кетігін тап та бар қалан»-деп Абай атамыз
айтқандай кішіге мейірімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл
да қамқор болсаң өсе келе ата- анаңның, Отаныңның мақтанышы
боласың.
.Топтарға
бөлу.
1-топ «Сыпайылық»
тобы
2-топ «Ізгілік»
тобы
3-топ «Инабаттылық»
тобы
-
Әр
топқа мазмұнды сурет беріледі . Балалар сурет бойынша әңгіме
құрастырып , айтып береді.
1-топ. Автобуста үлкенге орын берген бала туралы
сурет.
2-топ. Ата-анасына үйде көмектесіп жатқан балалар
туралы сурет.
3-топ. Әжеге көмектескен бала туралы
сурет.
Әр
топ өз әңгімесін ауызша айтады.
4.Сұрақтарға
жауап:
-Сен жүгіріп келе жатып біреуге соғып кеттің. Не
деу керек?
-Таңертең мұғалімді көргенде не деу керек?
«Көршіңді, досыңды, танысыңды т.б.»
-Бір кісі автобусқа міне алмай жатыр екен. Не
істейсің?
5.Ойын
«Жалғастыр»
«Не істеуге
болмайды?» Осы сөз үлкен етіп жазылып көрсетіледі. Мұғалім басқы
сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы
керек.
- Үлкендердің
алдынан...... (кесіп өтуге
болмайды.)
- Кішкене
баланы................(жылатуға
болмайды.)
- Құстарды
...........................(атуға
болмайды.)
- Қыз
баланы........................(ренжітуге
болмайды.)
-
Сабақтан.............................(кешігуге
болмайды.)
-
Сыныпта.............................(айғайлауға
болмайды.)
«Не істеу
керек?» (бұл да сол сияқты
жүргізіледі)
- Үлкен
кісіні.......................(сыйлау
кер
- Үлкеннің
тілін...................(алу
керек..)
-
Үлкендерге..........................(сәлем беру
керек.)
-
Кішілерді..............................(қамқорлау
керек.)
- Оқу
құралдарын.................. (күтіп ұстау
керек.)
6.«Құпия
хаттарға» жауап
беру
Оқушылар үш топқа
бөлінеді. Әр топқа құпия
хаттар жазылған конверттер таратылып беріледі. Жауабын әр топ
ойланып , ақылдаса отырып
айтады.
Хаттардың
мазмұны:
1 хат.Құрметті
достар!Менің көршімнің бір баласы бар.Өзі өтірікші көзбе - көз
өтірікті айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен
дос болып бірге ойнайын ба?
2 хат.Құрметті
достар!Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін
айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын.
Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба,
айтыңдаршы?
3 хат. Құрметті
достар!Партада менімен бірге бір бала отырады.Ойнап - ойнап
тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда
қысылады.Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен
бермесем, «Сен сараңсың» - дейді. Мен не істеуім
керек?
Шығармашылық
жұмыс. «Әдептілік
ережелері»
Мұғалім
балалармен түрлі суреттер арқылы «Әдептілік ережелерін» құрып,
ватманға жапсырады.
Әдептілік
ережелері
• Әдепті бала
қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және
қамқорлығы үшін алғыс айтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды
ұмытпайды.
•
Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық - айналаңдағы адамдарға
өзіңді жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу
кешірім сұрайды.
• Әдепті бала
көлікте отырғанда үлкендерге орын
береді.
•Үлкендерді,
ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге
көмектеседі.
7.Қорыту.
Әдептілік туралы мақал –
мәтелдер.
1.Әдепті бала –арлы бала, әдепсіз бала – сорлы
бала.
2.Әдептілік, ар – ұят — адамдықтың
белгісі.
3.Әдептілік белгісі – иіліп сәлем
бергені.
4.Үлкенге құрмет – кішіден
ізет.
5.Әдепті бала ата – анасын
мақтатар,
Әдепсіз бала ата – анасын
қақсатар.
«Сіз» деген – әдеп,
«Біз» деген – көмек.
8.Әр топ сыпайылық, ізгілік,
инабаттылыққа байланысты «алтын» сөздер жазады.Оны оқып береді.
Мысалы:рақмет, кешіріңіз, рұқсат па?
т.б.
Әрқашан әдептілікті
сақтап, әдемі болып
жүрейік!