400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әдептілік-әдемілік

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып жетекшіге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты 1 - сынып
Тақырыбы: Әдептілік - әдемілік
Мақсаты: Мектепке алғашқы күннен бастап сәлемдесе білуді. қоштаса білуді, рахмет айтуға, артық іс әрекеттеріне кешірім сұрауға, ілтипаттылыққа, айналадағы әсемдікті танып, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілік: буклет «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен», оқушылардың қолдан жасалған бұйымдарынан көрме, қанатты сөздер
Сынып іші сай безендіріледі Қанатты сөздер ілінеді.
Мұғалім бүгінгі тәрбие сағатымыз «Әдептілік - әдемілік» деп аталады.
- Тамсандырып баршаны, аңыз болған көп елге.
Айтыңдаршы, қанеки, әдептілік деген не?
Оқушы: сәлемдесу, рахмет айту, қош айту, рұқсат сұрау
Мұғалім:-Әдепті адам әдемі. Ол өзінің дұрыс киінуі, сыпайы сәлемдесуі, өзін-өзі күте білуімен әдемі.

Оқушы: -Әдемі адамның бәрі әдепті бола ма?

Мұғалім:-Әдептілік дегеніміз өзін-өзі кез-келген ортада ұстай білу. Ол әдемі болмаса да, өзін-өзі ұстай білсе әдепті. Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере лтырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін мына өлең жолдарынан тыңдап көрсе :

Ата - ананың тілегі - адам болып өскенің,

Адамдықтың тірегі – адал болып өскенің.
Әдептілік дегенің - әрқашанда керегің,

Әсемпаздық дегенің - әуре сарсаң әлегің.
Тәртіпті бала сүйеніш,

Төбең бір көкке жетеді.

Ұрыншақ бала жанында,
Ұрыс пен керіс айқай- шу.

Ұстамды бала маңынан,

Ұнамды қылық байқайсың.

«Әдеп» деп «әдептілік» деп қандай мінез бен іс - әрекетті айтамыз?
Әдептілік деп үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей - ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.
Сонымен 
әдептілік дегеніміз әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір - бірімізге кешірімді болу керек, ол да - әдептілік. Кейде кешірмейтін мінез құлықтар да болады. Ондай теріс мінезді тезге салып, тез түзеу керекҮлкенге сәлем беру кішінің міндеті. Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыс жастағы қария сәлем береді.»деген бар. Ал кездескен кезде кіші адам үлкенге сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік, сәлем беру имандылықтың, инабаттылық пен көргендік, мәдениеттіліктің белгісі. Сәлемдескен кезде де ұніңнің үйлесімділігіне, яғни дауыс ырғағына ерекше көңіл аударып, салмақпен,әдеппен сөйлеу керек. Сәлем-сөз басы деген осы.Ендігі кезекті өздеріңізге берейін.Сіздер не дейсіздер?

1 - оқушы:
Тәрбиенің аңсары
Абай атам айтқандай.
Әдептілік бастауы
5 асыл боп табылған.
Көптің ойын бүрлетіп,
Әдеп жайын қозғасын.
Бастайық сол үлгі етіп,
5 Асылдан сөз басын.


2оқушы:
Ғылым таппай мақтанба.
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба.
Ойнап босқа күлуге.
5 нәрсеге асық бол!
5 нәрседен қашық бол!
Адам болам десеңіз.


3 - оқушы:
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ.
Бес дұшпанын білсеңіз!


4 - оқушы:
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рахым ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз!
Бәрі саған керек қой,
Ұлы өмірің ертеңгі.
Бес асыл іс бұл арлы
Үлгі болған ғасырдан
Ардақтап өс жасыңнан!
 Мұғалім: - Ендігі кезекте ұлдар мен қыздар болып сайысып көрейік.


1. Сұраққа – жауап:
1.Мектептен шығысымен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты, сен не істер едің?
- Үлкен кісімен амандасып, жол беремін.

2.Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырғанда не істеу керек?
- Үлкендердің әңгімесін бұзып, сөзге араласпайды.


3.Көшеде біреу жөн сұраса не істейсің?
- Асықпай түсіндіріп беру.

4.Автобуста егде адамдарды көргенде не істейсің?
- Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.

5.Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек?
- Үлкен кісімен «сіз» деп сөйлесу керек.

6. Күнде таңертең мектепке келгенде не істейсің?
- Мұғалімдермен, достарыңмен амандасамын.

7.Тамақ ішіп болғаннан кейін не істеу керек? 
- Аспазшыға, анама рахмет айтамын.

8.Әдептілік қайдан басталады?
- От басынан, кішкентай кезден басталады?

9. Әдепсіз адам бола ма? Болса дұрыстауға бола ма?
Болады. Бірақ көп уақыт кетеді. Өзін - өзі жеңе білу қажет.

10. Көркіне, киіміне, ақшасына қарап әдепті деп айтуға бола ма?


11.Сонда әдептілік деген не? (екі топқа да қойылады)


Әдеп - ол адамдардың жүріс – тұрысы мен өзара қарым – қатынастың ережелері. Бұған елгезектік, тіл алғыштық, сыпайылық, көрегендік жатады. Егер сен бала күніңнен әдепті болып өссең, есейе келе ата – анаңның өз Отанынның мақтанышы боласың.
Әдеп - адамдармен қатынас барысында, әңгімелесу кезінде шамадан тыс аспау, сөзіміз бен ісіміз сөйлесіп тұрған адамның көңіліне тимеуін ойлау, сыпайылық шегінен шықпау.
Әдеп- барлық жағдайда сыпайлық шегінен шықпау.
Әдеп барлық жағдайда қатынас жасап тұрған адамның жеке ерекшілігін ескеруді талап етеді.
1 - оқушы:
Байқаусызда біреумен,
Қақтығысып қалсаң сен.
Не ағаттық сөз айтсаң.
Не дер едің оған сен?
Оқушылар:- КЕШІРЕРСІҢ деу керек
2 - оқушы:
Әкең сенің үстелге
Қант, кәмпит қойды мол.
Жұрттан бұрын ыдысқа,
Өз бетіңмен салдың қол.
Не дегенің жөн еді?
Оқушылар:- РҰҚСАТ ПА? деу керек


2.Қане, ойланайық:
1. Айнұр көрші апайға күнде көріп жүрмін ғой, бүгін амандаспайыншы,- деп ойлап қасынан өте шықты. Сонда көрші апай.... Жалғастыр...
2.Көшеде келе жатқан атаға бір бала әдейі соқтығысты. Жалғастыр...


Шаттық шеңбері: Сәлемдесу сөздерін табу.
1. Ассалаумағалейкум!
- Уағалейкумассалам.
2. Сәлем бердік!
- Амансың ба?
3. Сәлем!
- Сәлем.
4. Кеш жарық!
- Жап – жарық,
5. Қайырлы таң!
Күнің жарық болсын!
- Өзіңе де соны тілеймін.
6. Армысыз әже!
- Амансың ба, құлыным!
7. Армысыз ата!
- Есенсің бе, жарқыным.
8. Сәлеметсіз бе!
- Сәлеметсің бе, Алихан!


Қортынды
- Балалар, сонымен әдептілік деген ар – ұяттың, әдеміліктің белгісі, адамдық қасиеттердің көрінісі екенін түсінген боларсыңдар. Әр адам өзінің ішкі дүниесінің таза, ақ болуын қадағаласа, істеген ісі соған сай әдепті, инабатты, жүрегі мейірімге толы болмақ. Егер сендер бала күніңнен әдепті тәртіпті болып өссең, есейе келе, ата – аныңның, өз Отаныңның мақтанышы боласыңдар. Адам болу үшін Абай атамыз айтқандай :
Сүйме, сезбек, кейімек,
Харекет қылмақ, жүгірмек
Ақылмен ойлап сөйлемек
Ақыл керек, ес керек, мінез керек,- дей келе «Әдептілік – әдемілік белгісі» атты тәрбие сағатымыз аяқталды







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
636
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі