400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әдептілік-Әдемілік!

Материал туралы қысқаша түсінік
Жастарға оқушыларға керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты. Елтаңба,Ту,Әнұран туралы түсініктерін

нығайту.Отан,Қазақстан,Туған жер туралы түсініктерін кеңейту.

Оқушыларды адамгершілікке,Отансүйгіштікке,Отанына,

Халқына адал қызмет етуге,елінің Туын,Елтаңбасын,Әнұранын

қастерлеуге,халқының тегін,тарихын білуге тәрбиелеу.

Әдісі. Әңгімелеу,Түсіндіру,ойлау,Сұрақ-жауап,т.б

Көрнекілік.Қ.Р-ның рәміздерінің суреттері,Елбасының портреті,мақал-

мәтелдер,Отан ,жер туралы нақыл сөздер,буклеттер,жалаушалар.

Барысы.Кіріспе бөлім.

Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз.Сондықтан өз жерімізді,өз елімізді,қадірлеуге,сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.

Отан-жерім,Отан-суым,

Отан қуат нәр береді

Отан –ұран,Отан-туым,

Отан мәңгі гүлденеді демекші,тәуелсіздігіміз тұғырлы болып,еліміздің симболы-мемлекеттік рәміздерді қастерлеп,құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.

Мемлекеттік рәміздер-халқымыздың рухын,ұлттық салт-санасын,қахармандығы мен даналығын,болашаққа үмітін,арман-тілегін,жеткізетін ерекше құнды белгілер.Желбіреген аспан түстес байрағымыз,халқымыздың арманын асқақтатып,қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр.

Ендеше,''Рәміздер –елдігімнің белгісі''атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Әнұран орындалады.

’’Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек,қасиет тұтуымыз керек.Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын,Елтаңбасын,Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті.Өйткені олар халқымыздың мақтанышы,біздің ең киелі құндылықтарымыз.''Н.Ә.Назарбаев.

Оқушылар Отан дегеніміз не?

-Туып өскен жеріміз,егеменді еліміз.Табиғатымыз,қазба байлықтарымыз,өзен көліміз,ұлан байтақ жеріміз,Мемлекеттік тіліміз және басшымыз.

Жақсы балалар олай болса,''Отан''жайлы мақал-мәтел айтып көрейік.

1.Отан отбасынан басталады.

2.Отан үшін отқа түс күймейсің

3.Отан-елдің анасы,Ел –ердің анасы.

4.Туған жердей жер болмас,Туған елдей ел болмас.

5.Отанды сүю-отбасынан басталады.

6.Отан оттанда ыстық

7.Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.

8.Ел іші- алтын бесік

9.Отан үшін күрес,Ерге тиген үлес.

10.Тіл Тәуелсіздік тірегі.

-Мемлекеттік рәміздерге не жатады балалар?Ту,Елтаңба,Әнұран.

Кез-келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы-Әнұран.Әнұран мемлекеттік салтанатты ән.Ол халықты әйгілі етеді.Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы,бүгінгі мен келешек арманы айтылған.Әнұранды тұргеліп,жүректің тұсына қолдарын қойып айтады.Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті білдіреді.Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігімен келешек армандарын,мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.1986жылы ''Менің Қазақстаным ''бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми Әнұраны болған еді.Әнін жазған.Шәмші Қалдаяқов,Сөзін жазған авторлар.Жұмекен Нәжімеденов,Н.Назарбаев.

Еңселі Елтаңба.Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов.Қазақта ''Шаңырағың биік ,керегең кең,босағаң берік болсын''деген тілек сөздер бар.Қ.Р-ның Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады.Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді.Енді бір бөлігі қанатты тұлпарлар.Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш-бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздардың белгісі.Төменгі жағындағы ''Қазақстан''деген жазу республиканың атын көрсетеді.Отанымыздың байлығы іспеттес.

Тудың авторы-Шәкен Ниязбеков белгілі суретші.Біздің Туымыз көгілдір түсті ,тік төртбұрышты мата.Ол бірлік пен аман есендікті білдіреді.Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн-тыныштық пен байлықтың белгісі.Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі,қасиетті құс деп есептеген.Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.Тудағы ою өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік терең сипатын,танымдық бейнесін көрсетеді.

Ендеше тақпақтарға кезек берейік.

Айнымайды аспаннан Елтаңбасы елімнің

Біздің тудың бояуы Неткен әйбат әдемі

Оны халық қашанда Тұнығындай көңілдің

Биікке іліп қояды Ерасыл Ортада аспан әлемі Айтумыс

----Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар.

Елтаңба,Әнұран Байрақ

Ел,аң,таң,таңба,ән,ұран,ұр, Бай,ай,ақ,қар ,ар т.б.

”Кім жылдам»ойыны.Сұрақ-жауап.

1.Мемлекеттік рәміздерге не жатады? Ту,Елтаңба,Әнұран.

2.Елтаңбаның авторлары?

Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов.

3.Елтаңбаның негізі? Шаңырақ.

4.Қанатты тұлпар қай рәмізде бейнеленген? Елтаңбада.

5.Елтаңбаның төменгі жағында қандай сөз бар? Қазақстан.

6.Тудың авторы кім? Шәкен Ниязбеков.

7.Тудың ортасында не бейнеленген? Арайлы күн,қыран құс.

8.Әнұранның әнін жазған автор? Шәмші Қалдаяқов.

9.Сөзін жазған авторлар? ЖұмекенНәжімеденов,Н.Назарбаев.

10.''Әнұран '' терминінің өзі нені білдіреді? Салтанатты өлең.

11.Әнұранды орындаған кезде қандай тәртіп керек?

Ресми салтанатты жиындарда әнұран орындалған кезде орындарымыздан тұрып,сол жақ кеудемізге оң қол алақанымызды қоюумыз керек.

12.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні қашан?

4-маусым 1992жыл.

--Өте жақсы балалар.

Ендеше,әнге кезек берейік.’’ Жас дәуірдің түлегіміз’’

''Елтаңбасы елімнің''.

“Елтаңба туралы аңыз” көрініс.

Қорытынды.Қазақстан.Туымен-Тұғырлы.

Елтаңбасымен-Еңселі.

Әнұранымен айбатты ел.

Бірге.Көздің қарашығындай сақтауға,

Құрметтеуге,

Мақтанышпен қорғауға,

Тұмардай сақтауға,

Елімнің Туын,Елтаңбасын,Әнұранын сыйлап қастерлейміз.



Алдағы уақытта тәуелсіз еліміздің шаңырағынан күн сәулесі тарап,кең даласы нанға толып,көлдері көкке күмістер шашып,тілінің мәртебесі биік болсын!Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу-елді,халықты,тарихты,әдет-ғұрыпты,салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады.

'' Көк тудың желбірегені''ән хормен



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
718
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі