400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Әдептілік-әдемілік" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Әдептілік-әдемілік" тақырыбындағы сабақ жоспарымды 1 сыныптың өзін-өзі тану пәні бойынша құрдым. Оқушылардан әдемілік, әдептілік тақырыбында сұрақтарға жауап ала отырып , тілдесімге жетелеймін. Жас ерекшеліктеріне қарай ойын түрінде "Дұрыс- Бұрыс " тапсырмаларын орындатып, оқушылар үшін сергіту сәтін жүргіземін. Сабақ жоспары оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыруға ықпал ететін бастауыш мұғалімі үшін тиімді даярлама.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ахметова Айзат Абдрахманқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

«Ортадересін жалпы орта

білім беретін мектеп» КММ

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы

Ортадересін ауылы


Пән: Өзін-өзі тану, 1 сынып

Сабақтың тақырыбы: Әдептілік - әдемілік

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға әдептілік пен әдемілік туралы түсінік беру, негізгі орталарда, үйде, көшеде, мектепте, театрда, қонақта, достар арасында өзін – өзі қалай ұстау қажеттілігі туралы айтып түсіндіру, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болуға қалыптастыру;

Дамытушылық: - Әдептілік пен әдемілікті өзара ажырата білуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойларына қалыптастыра білуге дағдыландыру;

Тәрбиелік: адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекілігі: Ыбырай Алтынсарин портреті, тақырыптық суреттер, слайдтар, оқулық, доп, нақыл сөздер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен амандасу, өзін таныстыру, оқушыларды түгендеу. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару).

ә) Шаттық шеңбері.

- Балалар, бәріміз тақтаның алдына шығып, шеңбер құрып тұрайық. Бір – бірімізге жақсы тілектер айтайық. (Оқушылар бір – біріне жақсы тілектер айтады)

II.Үй тапсырмасын тексеру

(Оқушылардан өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап алу)

ІII. Жаңа сабақ.

  • Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Әдептілік – әдемілік» деп аталады.

  • Сендер қандай жақсы сөздерді білесіңдер? (сәлеметсіз бе? рақмет, кешіріңіз, сау болыңыз т.б.)

  • Ал, осы жақсы сөздер әдептілікті білдіреді. «Әдептілік» дегеніміз тәртіпті болу, сабақта тыныш отыру, өзгелерге кедергі жасамау, оқуды жақсы оқу, үлкендерді сыйлау, көмек беру, ақырын сөйлеу, қатты күлмеу, мектепте, көшеде, театрда, асханада, яғни қоғамдық орындарда өзіңді дұрыс ұстау.

  • Ал, «Әдемілік» дегеніміз не? (оқушылардың жауабы тыңдалады)

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар, әдемілік дегеніміз – тазалық, ұқыптылық.

( мұғалім оқушыларға тақырыптық суреттер, слайдтар арқылы жаңа тақырыпты түсіндіреді)

  • Мұғалім оқушыларға слайдтар бойынша Ы. Алтынсарин туралы қысқаша мәлімет бере келе, жазушының «Әдеп» әңгімесін мәнерлеп оқып береді)


Әдеп


Бір жұрттың бас әкімі екінші бір байға жолығысып сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы мұжық өтіп бара жатып иіліп, басұрып сәлем берді дейді. Оған қарсы әлгі үлкен әкім төре онан да төменірек басұрып сәлем алды. Қасындағы бай:

  • Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, осы бір мұжыққа неге сонша бас ұрасыз? – деп айтты дейді.

Сонда әкім:

  • Ешбір ілім – білім үйренбеген мұжық сонша иіліп, әдептілігін көрсеткенде, мен онан әдепсіз болып қалайын ба? – деді дейді.

Әңгіме бойынша сұрақтарға жауап алу.

  • Әңгіме кімдер туралы? (әкім, бай, кедей туралы)

  • Әңгіме қалай басталады? (Әкім мен бай әңгімелесіп тұрады)

  • Әкімге кім амандасты? (кедей адам амандасты)

  • Бай әкімге не деді? (Сіз кедейге неге сонша иіліп амандастыңыз?)

  • Әкім байға не деп жауап берді? (Оқымаған кедейдің амандасқанында мендей оқыған адамның оған амандаспағаны әдепсіздіктің белгісі болады, – деді.)

  • Ы. Алтынсарин осы әңгімесі арқылы бізге нені айтқысы келген? (оқушылардың жауабы тыңдалады)

  • Балалар, мен сендерге тағы бір әңгіме айтып берейін. Ол «Рақмет, ата!» деп аталады. Бәріміз зейін қойып тыңдайық./ мұғалім әңгімені әңгімелеп береді/

Рақмет, ата!


Баламның амандығын біліп, немеремді иіскеп қайтайын деп үйден шықтым. Мен өтетін жолдың қиылысында төрт-бес жа­сар шамасындағы қыз тұрды.

Қасына келіп:

– Бұл жерде неғып тұрсың? – дедім.

– Сізді күтіп тұрмын. Үлкен кісінің алдын кесіп өтуге болмайды ғой.

– Ой, айналып кетейін, көп жаса! Атың кім?

 Гүлнар.

– Кімнің баласысың?

– Әжемнің баласымын.

Немереме алып шыққан құрт, ірімшігім бар болатын. Соларды Гүлнарға бердім.

– Үйде кішкентай Сая бар.Соған беремін. Рақмет, ата! – деп жүзіме қуана қарады.

Кіп-кішкентай Гүлнардың тәрбиелі, тәртіптілігіне риза болып қоштастым.

  • Бұл әңгіме не туралы? (Әдеп туралы)

  • Әңгімеден кім не түсінді? Кім айтып береді екен? (Үлкен кісіге жол беру туралы айтылады)

(Мұғалімнің тақтаға ілінген нақыл сөздердің мағынасын түсіндіріп өтуі).

IV. Пысықтау

а) - Балалар, оқулықтың 3 пен 6 бетін ашыңдар. Оқыңдаршы, не деп жазылып тұр? (оқушылардың жауабы тыңдалады)

Мұғалімнің оқушыларды сабақтың тақырыбымен таныстыруы. Өлеңді мәнерлеп оқып беруі; қиын сөздерді түсіндіру: ізетпен, ассалаумағалейкүм, жолықса, бөгелемін, әдейілеп, есенсіз бе? (жаңа сөздерді хормен айтқызу)

б) Оқушыларға өлеңді тізбектеп мәнерімен оқыту.

в) Өлең бойынша сұрақтарға жауап алу:

- Өлеңде кімдер туралы айтылып тұр? (ата, әже)

-Балалар атаға қалай амандасты? (ассалаумағалейкүм)

- Балалар әжеге қалай амандасты? (есенсіз бе?)

- Суреттен не көріп тұрсыңдар? (әже мен баланы)

- Көктегі күн қалай қарап тұр? (күлімдеп тұр)

г/ 3 ,7,8 беттегі суреттермен жұмыс жүргізіледі.

д/ Сергіту сәті. «Айдана» әнін үнтаспадан тыңдату, шеңбер бойымен билеу.

е/ «Дұрыс – Бұрыс » ойнын ойнау / Мұғалім оқушыларды ойын шартымен таныстырып өтеді/.
«Не істеуге болмайды?» «Не істеу керек?»

  • Сабақтан кешігуге болады.

  • Сабақтан себепсіз қалуға болады.

  • Сабаққа дайындықсыз келуге болады.

  • Мектепте, көшеде, асханада оқушы тәртіпті болу керек.

  • Оқушы ұқыпты, таза киінуі керек.

  • Оқу құралдарын күтіп, таза ұстамауы керек.

  • Мектеп мүлкінкүту керек.

  • Үлкендерді сыйлау керек.

  • Көлікте өзіңнен үлкен адамға орын бермеу керек.

  • Кішкентайларға көмектеспеу керек.

  • Амандасуды ұмытпау керек.

  • Үлкендердің тілін алу керек.

  • Қонақкелгенде бала амандасу, сыпайы сөйлесу керек.

  • Телефонмен қатты сөйлесу керек.

V. Қорытынды.

І. ”Не деу керек?” өлеңі бойынша сергіту сәтін өткізу

1) Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, жақсысын
Саған таңдап әперді.
Не деу керек? (Рахмет апа) деу керек.
2) Балалар жүр көшеде,
Естіледі шу - айқай.
Сен де шықтың көшеге,

Көршіңді қағып кеттің байқамай.
Мұндайда не деу керек? ( Кешіріңіз!) деу керек.
3) Осы келген бетіңде
Допты қудың, жарыстың.
Көшенің сол шетінде
Кезікті бір танысың.
Ұмыттың сен не деуді? ( Сәлеметсіз бе?) деу керек.
4)Үй артында қоқысты
Жатқан көптен үйіліп
Тазалайды қарт кісі
Белі зорға иіліп.
Не дегенің жөн еді? (Көмектесейін) деу керек.
5) Кіші үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса.
Ол қандай бала? (Әдепті)

ІІ. - Балалар, бүгін біз қандай тақырыпты өттік?

- Қандай сыпайы сөздермен таныстыңдар?

- Балалар, сендер осы сөздерді жиі айтасыңдар ма? Отбасыларыңда ата – әжелерің, ата – аналарың сендерге қандай ақыл айтады?

- Өз бойларыңда қандай қасиеттер болғанын қалайсыңдар?

- Балалар, мен сендерге бірқатар жағдаяттар оқып беремін. Сондай жағдайларда сендер өздеріңді қалай ұстар едіңдер?

ІІІ. Жағдаяттар:

1. Аялдамада көп адам автобус күтіп тұр. Солардың ішінде сендер де барсыңдар. Автобус келіп тоқтады. Сендер кімдерге жол бересіңдер?

2. Сен мінген автобусқа аялдамадан бір әжей келіп кірді. Сен не істейсің?

3. Атайдың қолында ауыр жүгі бар. Жолдан өте алмай тұр. Не істейсіңдер?

4. Қыстың күні еді. Бір бала аяғы тайғанап жерге құлап түсті. Не істейсіңдер?

5. Алдыңнан әжей мен атай кездесті. Не істейсіңдер?

Мұғалімнің сабаққа қорытындылауы: - Балалар, бүгін біз сендермен әдептілік жайлы білдік, әр адам өзін кез-келген жағдайда әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен. Осы сөздерді сендер естен шығармауларың керек. Үнемі айтып жүрулерің керек. Сонда сендер әдепті, әдемі болып өсесіңдер. Сендер үшін ата – аналарың да , біз де қуанып, сендерді мақтан ететін боламыз. /смайликтер таратылады/

VI. Үйге тапсырма: 36 б. оқу, сыпайы сөздерді есте сақтау

VII. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды атап өту. А. Қалаубаеваның орындауындағы «Ертегілер әлемінде» әнін үнтаспадан тыңдау.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1658
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі