400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әдептілік әдемілік тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
әдептілік әдемілік туралы мақал-мәтелдер ойындар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Әдептілік - әдемілік


Тәрбие сағатының мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту.

Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жазылған плакаттар, тірек сызбалар, слайдтар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік тақырыбында өтіледі.

(Есік соғылады, ішке Жалқаубек кіреді)

Жалқаубек: Бола ма екен?

Мұғалім: Кіре ғой, атың кім сенің? Алдымен амандасып алайық.

Жалқаубек:мен амандасуды білмеймін ғой.Атым Жалқаубек, бүгін 1-ші сыныбында әдептілік туралы тәрбие сағаты болатынын естіген соң келіп едім.

Мұғалім: Өте жақсы болды.Балалар Жалқаубекке не айтамыз?

Оқушылар: Қош келдің, Жалқаубек!

Мұғалім: Амандасуды білмесең, қазір құрбыларың сені әдептілікке үйретеді. Отыра ғой.

Әдептілік – әдемілік. Әдепті адам – әдемі. Әдептілік дегеніміз – өзін-өзі кез келген ортада ұстай білу. Ол әдемі болмаса да, өзін-өзі ұстай білсе – әдепті.

Әдептілік- адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс- тұрысының ережесі.

Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек.

  1. Оқушылар ережесі.

Мектепте:

  1. Мектепке мұқият киініп, жақсы үтіктелген киіммен, әдемі таранып, жақсы тазаланған аяқ киім келу керек.

  2. Мектепке уақытында кешікпей келу керек.Мектепке кіргенде басқаларды итермеу керек.Кірер алдында аяқ киімді жақсылап тазалап ал.

  3. Мектеп мұғалімдерімен, ата-ана, үлкен кісілермен кездескенде тоқтап сәлемдесу.

  4. Егер сыныпқа үлкендер кіретін болса, бәріміз орнымыздан тұруымыз керек.

  5. Сабақ кезінде тура қарап отыру керек. Сабақ үстінде жан-жаққа қарауға, бірімен- бірі сөйлесуге болмайды.

Көшеде қалай жүру керек.

  1. Көшеге таза және мұқият киініп шық. Үлкеннің алдын кеспе. Оған жол бер.

  2. Көшені ластауға болмайды. Үйдің қабырғаларына жазуға болмайды, көшеде қатты сөйлеуге, қатты күлуге болмайды.

-Құрметті Жалқаубек! Сен әдептілік дегенді қалай түсінесің, әдепті бала қандай болады?

«Әдептілік – әдемілік» (оқушылар пікірі)

Мұғалім: Балалар, Жалқаубекке жауап беруге көмектесеміз бе?

Оқушылар: Әрине.

-Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?

- Үлкен адамға сәлем беру – кіші адамның міндеті. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыс жастағы қария сәлем береді» деген бар. Сәлем беру-имандылық, мәдениеттілік, көргенділік белгісі.

Көрініс:

Дүкенге бір қарт адам келе жатты. Жер тайғақ еді, ол кісі тайып жығылып қалды. Бір қыз бала бір ер баламектептен келе жатқан. Ер бала қыз балаға сумқасын бере салып, қарт кісінің орнынан көтеріп тұрғызып жіберді. Ер баланың қасына келген соң қыз:

  • Ана кісі әжең бе? – дейді

  • Жоқ, әжем емес.

  • Жеңгең бе?

  • Жоқ, жеңгем де емес.

  • Әлде мамаң ба, не танисың ба?

  • Жоқ, жәй бір адам.

  • Көшенің машина жүретін бөлігіне ойнама.

  • Қарт адамды кездестіріп қалсаң әдепті бол, көмектесуге тырыс.

Әдепті бала қандай болады?

- Ол ата – анасының айтқан тілін алады. Әдептілік сақтап, үлкендерді сыйлайды.

- ерте тұрып, төсегін жинап, отбасына қолғабыс етеді. Киімін ұқыпты, әрі таза киеді.

- Уақтылы тісін тазалап, беті-қолын жуып тұрады. Жалқауыққа салынбайды.

«Бол әр кез әдепті» бөлімі.

І жүп ІІ жүп

«Әдептілік» «Әдепсіздік»

Ұғымға адамның қандай қылықтары жататынын топтап жазады.

Әдепсіз балалар туралы тақпақтар.

  1. Етек кетер салақтап

Бос жүріспен далақтап

Ұқыптап сабақ ұқпайды.

Өз бетімен алақтап.

  1. Ілгек, түйме жұлынып

Кешке дейін алысар

Әркімге бір ұрынып

Құспен малмен жарысар.

  1. Шашы түсіп көзіне

Түсінбей ақыл сөзіне

Мұғаліммен таласар

Дәлел тауып өзіне.

  1. Сумка, дәптер бәрі де

Дал-бұл болып жыртылып

Сия төгіп бәріне

Шимай салған сыртына.

  1. Сабақ бітті мектептен

Оқушылар тарады

Бір тентек бір тентекпен

Дабырласып барады.

  • Ал, балалар, егер сендер әдепті-әдемі болсаңдар, әдептілік туралы айтып беріңдерші?

  1. Егер сіздер әдепті екенсіңдер

Ар жұрдай болмаймын, десеңдер

Қарсыласпай беріңіз орын, қарт кісіге.

  1. Егер сіздер әдепті екенсіңдер:

Сабақта отырып,

Жолдасыңмен сыбыр-сыбыр сөйлеспе.

  1. Егер сіздер әдепті екенсіңдер:

Үлкенменен әнгімелескенде

Ол атаң болсын ол апаң болсын

Сөзін оның бөлмейсіздер.

  1. Қара сумка біреу

Бейне қасқыр талаған

Ала сумка біреуі

Алба-жұлба жамаған.

  1. Анау бала

Қолың қара,

Кір қожалақ қап-қара!

Тырнағы өскен

Шашы көптен

Алынбапты-ау масқара!

«Жалғастыр» ойыны:

«Не істеуге болмайды?» деген сөзді мұғалім айтады, оқушылар әрі қарай өздері жалғастырады.

  1. Үлкендердің алдын-

  2. Кішкене баланы-

  3. Құстарды-

  4. Қыз баланы-

  5. Сабақтан-

  6. Үйге жүгіріп-

  7. Үлкен кісіні-

  8. Оқу –құралдарын-

  9. Сыныпта айғайлауға-

10.Ысқыруға-

11.Құстың ұясын-

Не істеу керек?

  • Үлкендерді сыйлау керек

  • Ата- аналардың тілін алу керек

  • Тәртіпті болу керек

  • Оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек

  • Сабақты жақсы оқу керек

Мұғалім: Ал енді балалар, кезекті мақал- мәтелдерге берейік.

«Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

Оқушылар хормен:

Аулақ жүріп жаман қылық, әдеттен,

Үйренеміз жақсы мінез әдептен.

Енді балалар қандай «Сиқырлы сөздерді» білеміз.

Рахмет, Кешіріңіз, рақым етіңіз, Қайырлы таң, Сәлеметсіз бе, Сау болыңыз.

Әдептілік жайлы мақал- мәтелдер айту.

  1. Әдепті бала- арлы бала,

Әдепсіз бала- сорлы бала.

  1. Әдептілік белгісі,

Иіліп сәлем бергені.

  1. Ашу- дұшпан, ақыл- дос,

Ақылыңа ақыл қос.

  1. Сіз деген- әдеп,

Біз деген- көмек.

  1. Ұлық болсаң- кішік бол.

  2. Кішіден ізет- үлкеннен құрмет

  3. Әдепті бала ата- анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата- анасын қақсатар.

  1. Жақсы адам ай мен күндей

Әлемге бірдей.

  1. Әдепті бала кездессе,сәлем берер бас иіп,

Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп.

Мұғалім: Балалар, бүгін біз сіздермен әдептілік жайлы білдік. әр адам өзін кез-келген жағдайды кез-келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек.

















Малыбай жалпы орта білім беретін мектеп
































Дайындаған: Асанова А.С.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
5583
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі