400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әдептілік әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың өлеңге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Білім беру саласы: Коммуникация


Бөлімі: Көркем әдебиет


Тақырыбы: Әдептілік әлемі


Мақсаты: Балалардың өлеңге деген қызығушылығын қалыптастыру. Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге дағыландыру. Өлең – әдеби жанрдың бір түрі екенін түсіндіру.


Міндеттері: Өлеңді дауыс ырғағымен мәнерлеп оқу, өлең мазмұнын түсіндіре отырып, оған қатынасын, тілдік бейнелілігін сезінуге үйрету.


Сурет бойынша әңгіме құрауда сюжеттің бірізділігін сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Әдептілікке, кішіпейілділікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.


Көрнекіліктер: әдептілік туралы суреттер, слайд, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.


Сөздік жұмыс: аяқ-табақ, асықпай.


Полилингвальді компонент: әдептілік – воспитанность – good breeding; әлем – мир – world.


ҰОҚ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбері

Кел, балалар, күлейік,


Күлкіменен түлейік.

Күлкі көңіл ашады,


Күліп өмір сүрейік!


  1. Негізгі кезең

  • Балалар, «әдептілік» деген сөзді қалай түсінесіңдер?


  • Әдептілік деп үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тазалықты сүю, достарын ренжітпей ойнау, қиын кезде көмектесуді айтамыз.


  • Бүгін біз Ермек Өтетілеуұлының «Әдептілік әлемі» өлеңімен танысамыз.


  • Өлең – әдеби жанрдың бір түрі екенін түсіндіру. Айырықша сезімдерді ұйқас сөздермен суреттейді.


Қарсы ал ерте күн көзін, Төсегіңді жина өзің. Асықпай іш тамақты, Жина аяқ-табақты.

Сөздік жұмыс:


Аяқ-табақ – тамақ ішетін ыдыстар. Асықпай іш – тамақты асықпай ішу.


Полилингвальді компонент: әдептілік – воспитанность – good breeding; әлем – мир – world.


Сұрақ-жауап:

  • Өлең қалай аталады?

  • Өлең сендерге ұнады ма?

  • Өлеңде не туралы айтылған?


  • Асты қалай ішу керек? (Асықпай ішкен ас сіңімді болады).

  • Ас ішкен соң не істеу керек? (Ыдыс-аяқты жинаймыз).

  • Әдепті бала деп қандай баланы айтамыз?


Сергіту сәті

Көшелерден біз өткен,


Ата көрсем, жақын кеп,


Сәлем берем ізетпен.

Алдан әже жолықса,

Бөгелем де әдейілеп,

Сәлемдесем сол тұста:

«Есенсіз бе, әжей?» – деп.


Өлеңді қайталап, есімізге түсірейік.

Өлең шумағындағы сөздерді және аяқ-табақ сөзінің мағынасын қайталау.

2-3 балаға өлеңді мәнерлеп жатқа айтқызу.


Дәптермен жұмыс:

  • Суретте не бейнеленген?

  • Баланың әрекетін ретімен ата.

  • Суретте саған не ұнады? Өз ойыңды айт.

  • Бала кімге кездесті? Ол қандай әрекет жасады?

  • Бала қолындағы допты кімге ұсынды?

  • Сен болсаң қандай әрекет жасар едің?

Есіңе сақта: «Адам әдебімен көрікті».


  1. Қорытынды бөлім.

  2. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.


Бүгін не туралы әңгімеледік? Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: өлеңнің авторын, атын, мазмұнын айтады, өлеңді жаттайды;


Түсінеді: өлеңнің мазмұнына сәйкес сұрақтарға жауап береді, өлең жанрын ажыратады; Қолданады: өлең мазмұнының жүйесін сақтай отырып, қайталап айтып береді. Қарым-қатынас жасауда өзі туралы қысқа мәлімет береді. Әдептілік туралы сөздерді есіне сақтайды.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
6 қаңтар
153
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі