Материалдар / Әдептілік әлеміне саяхат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әдептілік әлеміне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
психолог,өзін-өзі тану мұғалімі, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2020
421
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1 Ұзынкөл орта мектебі

















Сабақтың тақырыбы: «Әдептілік еліне саяхат»

2 «А» сыныбы








Сейтканова

Ажар Нигиметовна

Мектеп директорының орыбасары










Сабақтың тақырыбы: «Әдептілік еліне саяхат»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету.

Дамытушылық: Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың өтілу әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойындар.

Көрнекілігі: суреттер, сызбалар, нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Психолог: -Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар!

Психологиялық дайындық.

-Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Сабақта басқа сабақтар сияқты жаңаша білім аламыз.Бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл-күймен өткізу үшін, біз бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік.

«Жүректен жүрекке» ойыны

1 слайд (тілектер айтылады )

-Денің сау болсын!

-Ұқыпты бол!

-Батыл бол!

-Кішіпейіл бол!

-Ізетті бол!

-Әдепті бол!

-Ақылды бол!

-Білімді бол!

-Сүйкімді бол!

-Қазақтың баласы бол!

-Мерейің үстем болсын!

-Нұр жаусын!


-Міне, балалар, бір-бірімізге денсаулық тілеп, жақсылық жасасақ, ол өзімізге жақсылық болып оралады екен.

Балаларды топқа бөлу керек кәмпит тарату арқылы

3. Жаңа сабақ.

-Ал енді балалар бәріміз тақтаға қарайықшы.

Ситуациялық жағдай. (тақтадан сурет көрсету)














Әдеп

Арман мен Аян қалада тұрады. Екеуі де бір мектепте, бір сыныпта оқиды. Бүгін автобустың алдыңғы орындығына жайғасқан екеуі мектепке келе жатты. Алдыңғы есіктен қолындағы сөмкесін әзер көтеріп әжей кірді.

Аян орнынан тұрып, әжейге орын берді. Ал Арман болса көрмегенсіп, теріс қарап отыра берді.

Бір уақытта әжей, орнынан тұрып, түсуге ыңғайланды да, сөмкесінен екі алма алып, Аянға берді. Әжей Аянның әдептілігіне сүйсініп, алғысын білдірді.


Ал, балалар сендер айтыңдаршы бұл мәтінде не туралы айтылған?

-Ал балалар сендер не істер едіңдер?

-Арманның істеген ісі дұрыс па?

- Әдептілікке жата ма?

Демек, адам бойында жақсы-жаман қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылық пен кішіпейілділікті инабаттылықты, шыншылдықты ата-аналарымыз, ұстаздарымыз үйретеді екен.

-Ал ,балалар, өздерің ойланыңдаршы әдепті бала қандай болады?

-Әдепсіз бала қандай болады? Өздерің айтыңдаршы?

-Демек, бүгінгі сабағымыз жақсылыққа жол бастап, жамандықтан арылуға бағыттайды. Мектеп жасынан жақсы әдеттерге тәрбиеленіп, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстағанымыз жөн екен.

-Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Әдептілік еліне саяхат» деп аталады.

- Балалар мынау ненің суреті?

- Дұрыс, таудың суреті. Ол үшін біз сендермен мынау өздерің көріп тұрғандай таудың биік шыңына шығуға тырысайық. Бірақ бұл шыңға біз бірден шыға алмаймыз. Шыңға шығу үшін біз тапсырмаларды орындауымыз керек.Әр тапсырманы дұрыс орындасаңдар, шыңға шығасыңдар. Ал дұрыс орындағанды білу үшін бізге келген қонақтарымыз ұнаса –шапалақтайды, дұрыс орындамасаңдар аяқпен топылдатады


1 ойын: « Жылдам болсаң, тауып көр » ойыны

Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді топтастырайық.

-Сендер қалай ойлайсыңдар? Әдепті балаға қандай баланы жатқызуға болады?

-Ал,әдепсіз балаға қандай баланы жатқызуға болады?


Тірек сызба арқылы жұмыс СЛАЙДТА

Әдепті шыншыл

DrawObject1 DrawObject2 DrawObject3 тәртіпті білімді

мDrawObject4 ейірімді

Әдепті бала



DrawObject5 DrawObject6 таза жүреді ұқыпты




Әдепсіз бала


тDrawObject8 DrawObject7 іл алмайды DrawObject10 DrawObject9 нашар оқиды



DrawObject11

өтірікші еріншек

әдепсіз

Қане балалар білейік, қонақтарымыздан тапсырманы дұрыс орындады ма? Орындасақ « Жылдам болсаң, тауып көр» ойынын тауға ілейік.


2. ойын «Көгілдір экран» ойыны

Сәлеметсіздер ме балалар! Әдепті бала туралы тақпақ білесіңдер ме? ( Юлия Владимирқызы қазақ тілінің мұғалімі )

Кім үлкенді сыйласа, ( Жұмабике)

Кім үлкенді тыңдаса,

Сыйлы болмақ өзі де,

Үлкен болған кезінде.


Әдептілік дегенің, ( Махина Сабина)

Әрқашан да керегің.

Әсемпаздық дегенің,

Әуре сарсаң әлегің.


-Айтқан тілді аламын, Қасымжомарт

Айтқан жерге барамын.

Мен әдепті,

Мен әдепті баламын!


Сыйластықты іздеген, ( Даулет Айсана )

Әдеп сақтар ізгі өрен.

Сыпайылық белгісі,

Үлкендерге «сіз» деген.

Алдын орап кісінің, Айтуар

Кесіп өтпей көлденең,

Ізетімен кішінің,

Сәлемдесіп, қол берем.


Жақсылықтан үйреніп, (Жаныбекова Айдана)

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.


Әдептілік – адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі. Осы әдептілік ережесін сақтау керек.


Ал, балалар әдепсіз бала қандай болады?( Терехова Алина 5 «А» сынып оқушысы )


Етек кетер салақтап, Амина

Бос жүріспен далақтап.

Ұқыпсыз сабақ ұқпайды,

Өз бетімен алақтап.


Кеше ғана қадалған, Нұрасыл

Өміртайдың түймесі.

Орнында жоқ апырай,

Қайда кеткен,бұл несі?


Ілгек,түйме жұлынып, Алтынай

Кешке дейін алысар,

Әркімге бір ұрынар,

Құспен, малмен жарысар.


Сумка, дәптер бәрі де, Кусбергенова Сабина

Дал-дұл болып жыртылып.

Сия төгіп бәріне,

Шимай салған сыртына.


Сабақ бітті мектептен, Кабдуалиева АЙЛАНА

Оқушылар тарады.

Бір тентек бір тентекпен

Дабырласып барады.

-Міне, балалар, уәде беріп оны орындамаса, кісіге дөрекі жауап берсе, үлкенді сыйламаса, ондайды жұрт «әдепсіз екен» дейді. Әдепсіз баланы достары да сыйламайды. Кейбір балалар әдептілік ережесін байқамай немесе білмей бұзады.

-Ал, балалар, сендер бірінші тапсырманы дұрыс орындадыңдар.

Балалар қане көгілдір экранға тағы да назар аударайық!

Балалар қандай тыйым сөздерді білесіңдер?

-Аталарың, әжелерің айта ма? Әсия Казымқызы Мектеп алды даярлық тобының мұғалімі

Балалар ақылды үкіден сұрап көрейікші ол да тыйым сөздер біледі . Тақтаның төменгі жағына ілеміз ! Ақылды үкімен бірге ілеміз


1. Ата-ананы ренжітпе

2. Босағада отырма

3. Бүйіріңді таянба

4. Бетіңді баспа

5. Бос бесікті тербетпе

6. Досыңды өкпелетпе

7. Әдепсіз бала болма

8.Үлкеннің алдын кесіп өтпе

9. Үлкеннің сөзін бөлме

10. Бөтен үйге рұқсатсыз кірме

11. Дөрекі сөйлеме

12. Бейуақытта жылама,ұйықтама. ИКТ СЛАЙДТА



-Дұрыс. Сендер екінші тапсырманы да дұрыс орындадыңдар. Тыйым сөздерді жақсы біледі екенсіңдер ме қонақтардан сұрайық шапалақ арқылы

Жақсы ендеше бұл тапсырманы ілеміз тауға


4. Балақай, «Әдеп» сөзін қазақ тілінде, орыс тілінде және ағылшын тілінде айтып берші? Айкүміс Әділжанқызы

Әдеп – этика –[ эфикс] efics

3. «Жасыл табан» ойыны
Мақсаты: Балаларды ұжыммен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, шыдамдылыққа, әдептілікке үйрету.
Ойынның шарты түсіндіріледі. Қонақтардың ішінен бір адамның табанына «қызыл табан» белгісі жапсырылған. Ол белгі кез-келген адамда болуы мүмкін. Қай топ сол адамды бірінші тауып, әуелі әдепті сөздер көмегімен табанын көрсетуін сұрап, дәл тапса, солар ұтады.
Сендер үшінші ойындағы тапсырманы да дұрыс орындадыңдар. Қызыл табанды жылдам таптыңдар ма көрейік, қонақтардан сұрайық шапалақ арқылы

Жақсы ендеше бұл тапсырманы ілеміз тауға


-Міне, балалар, бұл жерден біздің білгеніміз кісі сыйлық жасаса рахмет, біреуді ренжітсең міндетті түрде кешірім сұрау керек екен. Біреудің бір нәрсе сұрасақ міндетті түрде не істеу керек? Сұрау керек екен.

:

4 ойын: Сергіту сәті «Әдепті баланың биі » ойыны

«Қызыл өрік» барлық қонақтарды да билетеміз.

Қане, балалар біздің биіміз қонақтардың көңілінен шықты ма шапалақ соғамыз ба тарсылдатамыз ба?

5 ойын «Күн шуақты алақан» ойыны

Жаман қасиетті екі топ шарға жазады Терезеден ұшырамыз.

Әдепті бала болу үшін не істеу қажет?плакатқа

Әр балаға парақтар таратылады, сол параққа әр бала өзінің оң қолының суретін салып, алақанына жауаптар жазады. (еңбектену, ерінбеу, ақылды, терең ойлау, мұқият тыңдау, мақсат қою, көп оқу, тәртіпті болу ) Бір бірлеп сөздерді оқып, бүктеп плакатқа жапсырамыз.

6 ойын «Сиқырлы сөздер алаңы» ойыны ыстық орындық ойынын пайдаланамыз.

-Сәлеметсіз бе?

-Аман-есенсіз бе?

-Армысың!

-Айналайын!

-Өркенің өссін!

-Көп жаса!

-Денің сау болсын!

-Рахмет!

-Қайырлы таң!

-Кешіріңіз!

- Жарайсың

-Сау болыңыз!

-Ал, балалар, өздерің айтқан сиқырлы сөздерден не пайда болды?

-Дұрыс, өздерің айтқан сиқырлы сөздерден көңілімізді көтеретін әдемі гүл шықты. Тақтаға ілейік.

Бұл тапсырманы да дұрыс орындадыңдар ма шапалақ арқылы білеміз.

Қорытынды:

Міне,балалар, біз бүгінгі сабағымызда тапсырмаларды дұрыс орындап биік таудың шыңына шықтық. Смайликтер жапсыру

Мінеки, балалар біз әдептілік әлеміне саяхат жасадық. Әдептілік -асыл қасиеттер. Адамдар бір-бірін осындай жақсы қасиеттері арқылы бағалайды.

-Біз Отанның балдырған ұлдарымыз,

Әдептілік, батылдық ұранымыз. Деген өлең шумақтарымен аяқтағым келіп отыр.

Ал, енді сендер бүгінгі сабақта көрсеткен өнерлерің мен білімдеріңді мен «Әдепті бала» атты алқамен марапаттаймын. ( алқа тарату).













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!