Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Әдептілік әліппесі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: Әдептілік әліппесі
Сабақтың мақсаты:оқушыларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіре отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын таным белсенділігін арттыру, оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, интерактивті тақта, шар, гүлдер.
Сабақтың барысы:Шаттық
шеңбері
Кіріспе:
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан, -деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейірімді , досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе, ата-анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың.
Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік жайлы болмақ. Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысу керек.
Әдептілік сөзіне
«Ассоциация» құру
Әдептілік
Ойын «Жалғастыр» «Не
істеуге болмайды?»
Мұғалім бастапқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.
- Үлкендердің
алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды ...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?»
- Үлкен
кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқор болу керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау
керек.)
-Тәртіпті-----------------(болу керек)
«Еркін жазу» әдісі
1-топ. Әдептілік белгісі –иіліп сәлем бергені.
2-топ. Үлкенге құрмет –кішіге ізет.
3-топ. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Жағдаят шешу (сахналық көрініс)
1-топ: Мектеп дәлізіндегі әдептілік
2-топ: Сынып ішіндегі әдептілік
3-топ: Мәдени – көпшілік орындағы әдептілік.
Ән : Бала тілегі
Мақал-мәтелдің жалғасын табу
Бала тәрбиесі |
|
арлы бала. |
Адам |
|
тіл. |
Тәрбие басы |
|
өзгеден сый дәметпе. |
Әдеп басы |
|
алғыс орады. |
Өзіңді-өзің сыйламасаң |
|
тағалы атпен тең. |
Жақсылық еккен |
|
кіші сені сыйлайды. |
Үлкенді сен сыйласаң |
|
тәртіппен өскен тал артық. |
Тәрбиелі адам |
|
тал бесік. |
Әдепсіз өскен адамнан |
|
әдебімен көрікті. |
Әдепті бала |
|
бесіктен. |
Адамгершіліктің қатып қалған қағидасы жоқ, бірақ негізгі қағидалары қандай?
1- оқушы: Кешірімді болу, кек сақтамау, сөйлесе білу, әділ болу, ізеттілік.
Рұқсат сұрау, кешікпеу, амандасу, өсек айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, сабырлылық, қайырымдылық т.б.
2-оқушы: Ізеттілік – айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту. Амандасу – бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі, мінез-құлықтың нормасы.
3-оқушы: Әділ болу – адамгершіліктің асыл белгісі. Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады. Әдет-ғұрып, дәстүрлеріне, қалыптасқан қағидаларға, құқықтық нормаларға, заңға сүйенгенде ғана әділдік жеңеді.
4-оқушы:Рұқсат сұрау – адамдар қарым-қатынасындағы ішкі мәдениетті айғақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және оған қол сұқпау. Әр адам бір-бірінің құқығын құрметтей білуді үйренгендері жөн.
Имандылық. Әр адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды. Ата-анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.
5-оқушы: Кешікпеу. Бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды сыйламау. Жұмысқа немесе туған күнге кештерге кешігіп бару – барып тұрған мәдениетсіздік. Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек.
6-оқушы: Сабырлылық адам бойына екі жолмен дариды: бірі - туа біткенінде, екіншісі –адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатынын көрсетеді.
Қайырымдылық – айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала – қашанда ата-анасының мақтанышы.
Мұғалім:
- Адамгершіліктің басты қағидаларын орындау –адам құқықтарын қастерлеу шарттарының бірі. Оның баптары қандай?
7-оқушы: Барлық адамдар тең құқықты, ерікті, қадірлі. Азаматтар нәсіліне, жынысына, тіліне, тегіне, дініне, мүліктік және лауазымдық жағдайына қарамастан заң алдында бірдей. Өмір сүру құқығы, адамның бас бостандығы мен жеке өмір еркі қасиетті болып табылады.
8-оқушы: Әдептілік деп
үлкенді сыйлауды,достарды,айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз.
Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей-ақ алдымен өзі басқаны
құрметтеп, ардақтай біледі.
9-оқушы:Әдептілік дегеніміз әдеп,ізет, инабат,сыйласым,құрмет,
қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын
жағдай бір-бірімізге кешірімді болу керек, ол да-әдептілік.
Кейде кешірмейтін мінез-құлықтар да болады. Ондай теріс мінезді
тезге салып, тез түзеу керек.
Мұғалім:
-Енді осы сабақтан алған білімдеріңді қорытындылау мақсатында сіздер мына сұраққа жауап беріңіздер.
Түйін сөз
Мұғалім: -Балалар,
бүгінгі сабағымызда өз ойларыңызды ортаға салдыңыздар. Әдепті,
сыпайы балалар айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екенін
түсіндік. Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен
амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі
айтуға үйрендік. Жақсы мен жаман әдет қалыптарды ажыратуды, жақын
адамдарға қамқорлық, оларға көмек көрсету дағдыларын үйрендік.
Адамгершіліктің қатып қалған қағидасы жоқ. Әр адам адамгершілікті
тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған табиғатынан бойына сіңіреді.
Сіздер өмірде қиындыққа мойымай, еш кедергісіз алға қадам
басыңыздар. Ғабиден Мұстафин «Адамшылықты айта бергеннен гөрі
көрсете біл» деген. Біздің мектебімізде адамгершілігі мол оқушылар
көбейе берсін деп сабағымызды аяқтаймыз.
Күні: 15.11.19
Тақырыбы: Отан отбасынан басталады.
Тәрбие
сағат мақсаты: Оқушылырға отан, отбасы, ұғымдарын қалыптастыру;
Танымдық ойлау қабілеттерін арттыру; Топта жұмыс жасата отырып,
бірінің пікірін бірі тындай білуге үйрету; Ата-ана мен оқушы
арасындағы ізгі қарым-қатынастың орнауына ықпал ету. Отбасы
құндылықтарын сақтауға үйрету. Елін, жерін, құрметтейтін жеке тұлға
тәрбиелеу.
Тәрбие
сағат көрнекілігі: Өлеңдер,
мақал-мәтел,
Тәрбие
сағат әдісі: тренинг «Шаттық шеңбері», Сайыс, СТО әдістемесі
элементтері
Тәрбие
сағат барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі: треннинг«Шаттық шеңбері» Топқа
бөліну.
Әрқашан
дос, біргеміз,
Ажырамас
іргеміз
Ту ғып
ұстап бірлікті
Тату
тәтті жүреміз
Мұғалім:
Халқымыздың «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген
даналық пікірін ойлап қарасақ, ата-бабаларымыздың асқар таудай
ақылында, өз өмір тәжірибесінен өткен өнегелі істер - елін, жерін
қорғау, бірлікте, ынтымықта өмір сүріп, еліне елеулі, халқына
қалаулы болу сияқты жақсы қасиетті ұрпақтан-ұрпаққа дарыса деген
асыл арманы.
Қазақ
қоғамында отбасы - өмірдің тұтқасы, Оттың басы, ошақтың қасы –
ырыстың ұйтқысы. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы –
үмітінің өшпес алауы. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің
тұтқасы санап аялайды. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі –
бала. Баланың жан-жақты тәрбиелі болып өсуіне өнегелі, ынтымақты
отбасының ықпалы мол. Отбасы ата-ана мен баланың және басқа да
отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы
берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық,
бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. «Отан
отбасынан басталады» дейді қазақ халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы
адамзаттың болашағы осы отбасынан басталады.
Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
Отан –жерім, Отан-суым,
Отан қуат, нәр береді..
Отан-ұран, Отан-туым,
Отан мәңгі гүлденеді-демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
2007 жылы 4 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 15 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» республикалық жастар форумында Президент Н.Ә.Назарбаев сөйлеген сөзінде: «Мемлекттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр» деп атап көрсетті.
Егер де Туға тұтас зер салсаң, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол жер жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі астында қияға қанат қаққан қыран- тыныштық пен баянды өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады.
Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші-суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман- есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі.
Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.
Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.
ІІ.Топқа
ат қою, постер салу, қорғау.
ІІІ. Оқушыларға сұрақтар мен
тапсырмалар: әр топқа 3 сұрақтан беру, жауапты орнынан
айтады.
а) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі
туралы Заң қай жылы, күні, айы қабылданды? (1991, 16
желтоқсан)
ә)
Тілдер мерекесін қай күні тойлаймыз? (22
қыркүйек)
е) Тудың
авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
ж)
Елтаңбаның авторы кім? (Шота Уалиханов, Жандарбек
Мәлібеков)
и)
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні қай күн? (1
желтоқсан)
ІҮ.
Жоғалған сөзді тап ойыны. Көп нүктенің орнына тауып
жазу.
1-топ:
1.Туған жерге ........ (туың) тік.
2.
Отансыз адам,
Ормансыз
.......... (бұлбұл).
3. Басқа
елде ........ (сұлтан ) болғанша,
Өз
еліңде ұлтан бол.
2-топ:
1. Отан ........( отбасынан) басталады
.
2. Ел
үмітін ...... (ер) ақтар.
3. Туған
жерім, алтын ...... ( бесігім)
3-топ:
1. Өз үйім өлең ........ ( төсегім)
2. Туған
жердей .....(жер) болмас,
Туған
......... (елдей) ел болмас.
3. Отан
- ......... (оттан) да ыстық.
Y. Мақал-мәтелдің бір сөзі жасырылып, сұрақ
болып
қойылады, жауабын балалармен бірлесе отырып
табыңыздар.
1. Жақсы адам елдің
ырысы,
Жақсы сөз жанның несі? (
тынысы)
2.Тозар елдің жанжалы
бітпес,
Озар елдің несі бітпес?
(арманы)
3. Елдің
ерлігі ерінен танылар,
Елдің
байлығы несінен танылар? (жерінен)
Ел қалаған ұл-қыздар
–
Ел көгіндегі нелер?
( жұлдыздар)
2. Ынтымақты
елге ешкім жетпес,
Ынтымақсыз
елдің несі бітпес?(өкініші)
3. Анаңа ауыр
сөз айтпа,
Атаңа ауыр не
артпа? (жүк)
1. Адам болатын бала қандай болады?
(ағайыншыл)
Бай болатын
бала айырбасшыл болады.
2. Қатты не
көрсе бала күнінде (тәртіп)
Өнерімен
қуантады түбінде.
3. Қарағайға
қарап тал өсер,
Несіне қарап
бала өсер?(қатарына
YII.
Қорытынды:
Рефлексия:
Жүректен
жүрекке
«Жылы жүрек» деп аталады. Оқушыларға кішкене бір – бір жүрекше таратылады. Сол жүрекшелерге өздерінің отбасына деген тілектерін жазып, тақтаға орналастырады.
Қорытындылау.
- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат
анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні -
қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы.
Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек. Бәріміздің
отбасымыз берік, бауырымыз бүтін болсын. Отбасы мүшелері аман – сау
болсын!