жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
әдептілік әліппесі
Екінші кіші «көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні:
Тәрбиеші: Зейнуллина А.С
Білім саласы: Қатынас, тіл дамыту
Тақырыбы: Менің сүйікті балабақшам
Мақсаты:.
Тәрбиелік: Балаларды үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу
Дамытушылық: Балаларды баладақшамен ондағы еңбек ететін қызметкерлердің жұмыстарымен таныстыру .Балаларды балабақша өмірімен, топ бөлмесімен таныстыру, ондағы жиһаз атаруларын атауға, олардың қызметін сипаттау
Оқыту: Топтағы ойыншықтар мен балаларға арналған құралдармен таныстарып,олады қолдануға үйрету.
Педагогикалық технологиялар:ақпараттық технология, түсіндіру, көрсету,
Ресурсты қамтамасыз ету: №1 демонстрациялық материал,«Нені қайда қоямыз?», д.о керекті №1 үлестірмелі материалдар жинағы
Сөздік жұмыс: топ, бөлме, керует, қолжуғыш.
Билингвальді компонент: топ- группа, бөлме- комната, керует- кровать.
-
Ұйымдастырушылық-ізденіс
Балаларды шеңбер бойымен тұрғызып, Е.Өтетілеуұлының өлеңін оқиды.
Білер қазақ баласы,
Сәлем- сөздің анасы.
Алдымыздан кезік
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
Балалар шеңбер жасап бір –біріне , жақсы сөздер айтып, тілектерін тілейді
2.Негізгі бөлім
-
Балалар сендер таңертең тұрып қайда келдіңдер?
-
Сендерге балабақша ұнай ма?
Балабақша өмірімен таныстырады:
Педагог өзін таныстырады.
-Балалар , мынау біздің тобымыздың бөлмесі. Бөлмеміз жарық, әрі кең. Топта сендерге арналға, ойыншықтар бар
Демонстрациялық көрнекілік:
-
Мынау не?
-
Оған не саламыз?
-
Қандай ойыншық көріп тұрсыңдар?
-
Мынау не?
-
Онда не істейміз?
Сергіту сәті:
Қане қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып, ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
3.Қорытынды
Балалармен сұрақ – жауап әдісі жүргізіледі.Мақтау және мадақтау.
Екінші кіші «көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні:
Тәрбиеші: Зейнуллина А.С
Білім саласы: әлеумет, көркем әдебиет
Тақырыбы: Мұзафар Әлімбаевтің "Әдептілік әліппесі"өлеңімен таныстыру.
Мақсаты:.
Тәрбиелік: Балаларды үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу
Дамытушылық: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту.
Оқыту: Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Топтағы ойыншықтар мен балаларға арналған құралдармен таныстарып,
Педагогикалық технологиялар: ақпараттық технология, түсіндіру, көрсету, Сұрақ-жауап
Ресурсты қамтамасыз ету: Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер
Сөздік жұмыс: әдеп, әдептілік, сыпайылық.
Билингвальді компонент: әдеп- этика, сыпайылық-вежливость
1.Ұйымдастырушылық –іздену
Бүгінгі сабағымыз әдептілік тақырыбында өтіледі.
Әдептілік- адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс- тұрысының ережесі.
Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек.
«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан»деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейрімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата- анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың.
2.Негізгі бөлім
Ал енді балалар, кезекті мақал- мәтелдерге берейік.
«Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен» деген мақалды қалай түсінесіңдер?
- «Әдеп» деп «әдептілік» деп қандай мінез бен іс- әрекетті айтамыз?
- Балалар, бүгін біз сендермен әдептілік жайлы білдік. әр адам өзін кез-келген жағдайды кез-келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек.
Мақал-мәтелдер жаттайық;
Әдепті бала- арлы бала,
Әдепсіз бала- сорлы бала.
Әдептілік белгісі,
Иіліп сәлем бергені.
Әдепті бала кездессе,сәлем берер бас иіп,
Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп.
3.Қорытынды
«Жалғастыр» ойыны:
«Не істеуге болмайды?» деген сөзді тәрбиеші айтады, балалар әрі қарай өздері жалғастырады.
1. Үлкендердің алдын-
2. Кішкене баланы-
3. Құстарды-
4. Қыз баланы-
5. Сабақтан-
6. Үйге жүгіріп-
7. Үлкен кісіні-
8. Оқу –құралдарын-
9. Сыныпта айғайлауға-
10.Ысқыруға-
11.Құстың ұясын-
Сабақты сұратар қою арқылы балалардың түсініктерін тексеру.
Сендер жақсы жауап бердіңдер, шапалақтау.
Екінші кіші «көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні:
Тәрбиеші: Зейнуллина А.С
Білім саласы: Қатынас. Шығармашылық
Тақырыбы: Сәлемдесу
Мақсаты:
Тәрбиелік: Балалардың мейірімділік, өзара көмек, достық сияқты қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Ересектерді «Сіз» деп сыпайы түрде айтуға, әдептілік қарым - қатынас мәдениеті мен сыпайылық дағдыларын қалыптастыру. Байланыстыра сөйлеп, диалог құрауды үйрету.
Оқыту:Эмоционалдық қарым - қатынас жасау. Балаларды табиғатты сүюге, қорғауға баулу. Дәстүрден тыс сурет салудың техникалық дағдылары мен біліктерін дамыту, ұсақ қол моторикасын жетілдіру.
Педагогикалық технологиялар: ақпараттық технология, түсіндіру, көрсету, Сұрақ-жауап
Ресурсты қамтамасыз ету: Орман декорациясы (ағаштар, шыршалар, саңырауқұлақтар, гүлдер). Ақ парақ, түрлі - түсті субояқ, бұршақтар. ермексаз жапсырылған кішкене стакан, сулық.
Сөздік жұмыс: Өтінемін, кешіріңізші.
Билингвальді компонент:сәлеметсіздер ме – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания, өтінемін – пожалуйста
1.Ұйымдастырушылық
-ізденуші
Амандасу:
- Балалар сендер өздерің әдепті екендеріңді
білдіріп қонақтармен, достарыңмен амандастыңдар. Жарайсыңдар
амандасу әдептіліктің белгісі. Қазақта «Әдептілік белгісі, иіліп
сәлем бергені» деген мақал бекер айтылмаған. Ал орыс тілінде
сәлеметсіздер ме – деп қалай
айтады?
- Дұрыс айтасыңдар, ал ағылшынша «Hello» -
дейді.
Тәрбиеші жыл мезгіліне байланысты жұмбақ (Бұл
қай кезде болады?) жасырып, сұрақтар
қояды.
- Жарайсыңдар балалар. Олай болса мен
сендерге көктем мезгілінің жайма - шуақ мезгілінде орманда болған
оқиғаны айтып берейін.
2.Негізгі бөлім
кезең Тәрбиеші балаларға көздерін жұмып
көктем мезгілін елестетулеріне ұсыныс
жасайды,
(Жай музыка қойылып, орман табиғатының дыбысы
естіліп тұрады), орман ішін сипаттап айтып береді. Қараңдаршы
балалар орманның табиғаты қандай тамаша ауасы қандай таза, қане
таза ауамен тыныс алайық.
- Балалар осы жайқалған орманда қоян мен
кірпі өмір сүріпті. Қоян мен кірпі қандай жануарлар еді естеріңе
түсіріңдерші.
- Олар сондай шыдамсыз, бір орында отыра
алмайды екен. Жан - жағын ластап, бұтақтарды сындырып, гүлдерді
жұлып, саңырауқұлақтарды құлатып, басып, таптайды екен. (Орманда
қоян мен кірпі жүреді).
- Бір күні орманда қызықты оқиға болады.
Әдептілік еліне ұшып бара жатқан Сыпайылық ханшайымының қолшатыры
сынып орманға қонуға тура
келіпті.
Тәрбиеші: Балалар сендер бір – бірлеріңе,
үлкен кісілерге қалай
сөйлейсіңдер?
- Жарайсыңдар балалар, әдепті балалар сыпайы,
мәдениетті түрде сөйлеу
керек.
Тәрбиеші балаларға өздері білетін әдептілік
туралы мақал - мәтел айтып берулеріне ұсыныс
жасайды.
Сергіту
сәті.
Балаларды өз қалаулары бойынша екі орталыққа
бөледі.
1 - орт.
«Бейнелеу».
2 - орт.
«Өнер».
Тәрбиеші балаларға нұсқау береді, қауіпсіздік
ережесін сақтау керектігін
түсіндіреді.
Саусақ жаттығуы:
«Кірпі».
3.Қорытынды
Әр баланың жұмысын көрме ұйымдастыру арқылы
бағалап мақтап – мадақтайды.
Сұрақ - жауап қою арқылы не түсінгендерін
анықтап, оқу іс - әрекетін
қорытындылайды
Екінші кіші «көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні:
Тәрбиеші: Зейнуллина А.С
Білім саласы: Қатынас. Шығармашылық
Тақырыбы:Ізгілік сөздер

Тақырыбы:Мейірімділік

Білім саласы:
Тақырыбы: Сыпайы бол!
Мақсаты:
Тәрбиелік: Балалардың мейірімділік, өзара көмек, достық сияқты қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Ересектерді «Сіз» деп сыпайы түрде айтуға, әдептілік қарым - қатынас мәдениеті мен сыпайылық дағдыларын қалыптастыру. Байланыстыра сөйлеп, диалог құрауды үйрету.
Оқыту: Балалардың «Сәлеметсің бе?»,
«Сау бол!» деген сөздердің мағынасы жөніндегі білімдерін бекіту.
Дәрігер Салауатпен, Әліппе - дәптермен таныстыру. Жұқпалы аурулар
жөнінде мәлімет беру, қолды жуу дағдыларын қалыптастыру.
Құралдар:
Педагогикалық технологиялар: ақпараттық технология, түсіндіру, көрсету, Сұрақ-жауап
Ресурсты қамтамасыз ету: тақырып бойынша сюжетті суреттер
Сөздік жұмыс: Өтінемін, кешіріңізші.
Билингвальді
компонент:сәлеметсіздер ме – здравствуйте, сау болыңыз
– до свидания, өтінемін – пожалуйста
1.
Ұйымдастырушылық-ізденіс
Балаларға бір - бірімен амандасуға ұсыныс жасайды
Балалармен «Амансың ба?», «Сәлеметсің бе?» деген деген сөздердің мағынасы туралы әңгімелеседі. Адамдар бір - бірімен кездескен және қоштасқан кезде айтылатын амандасу және қоштасу сөздері – ғажайып сөздер, осы сөздер арқылы бір - біріне денсаулық және қайырымдылық тілейді.
2.Негізгі бөлім
Балалардан ата - аналары мен
жақындары ұйқыдан оянған кезде, балабақшаға немесе мектепке
келгенде, таныстарын кездестіргенде қандай ғажайып сөздерді
қолданатынын сұрайды.
Педагог амандық сөздерге жеке - жеке, қысқаша
түсінік беріп өтеді.
Балаларға «Сәлеметсің бе?», «Амансың ба?», «Сау бол!» деген
сөздерді амандық сөздер ретінде түсіндіре отырып, «Неліктен олай
ойлайсыңдар?» деген сұраққа жауап алынады.
«Амансың ба?» деген сөз – бұл басқа адамға саулық, ұзақ өмір тілеу
деген мағынаны білдіреді. Біз кездескенде амандасып, бір -
бірімізге денсаулық тілейміз.
- Адам ауырғанда өзін қалай сезінеді? Ауырмағанда адам туралы не
айтуға болады? Денсаулық деген не?
Әңгімелесу барысында балалар ауырған кезінде өзін қалай сезінетіні
жөнінде айтып береді.
Адам ауырса ыстығы көтеріледі, жата бергісі келеді, терлейді,
әлсіреп, тамаққа тәбеті болмайды, көңіл күйі бәсеңдейді. Дәрігер
оларға дәрі, екпе дәрі жазып береді.
Ауырған бала балабақшаға, мектепке бармайды. Үлкендер жұмысқа
бармайды. Олар үйде дәрі ішіп, емделеді.
Дені сау адам – еш жері ауырмайтын адам. Оның көзі жақсы көреді,
құлағы анық естиді, қоларды, аяқтары мықты, қайратты, жігерлі,
көңілі көтеріңкі болады, тамақты жақсы ішеді, жақсы ұйықтайды,
балабақшаға, сабаққа немесе жұмысқа көңілді барады.
«Денсаулық» деген сөз – «денеңнің саулығы» деген мағынаны
білдіреді.
Ендеше, «Денсаулық – зор байлық!» деп халқымыз айтқандай, оны
ешнәрсеге теңеуге болмайды, адамдар бір - біріне ең алдымен
денсаулық тілейтінің себебі, міне осында.
Ауырып
тұрған (басы, тамағы) және дені сау, көңілді адамды бейнелеуді
ұсынады.
- Сендерге қайсысы көбірек ұнады – ауырған адам ба, әлде денсаулығы
мықты адам ба?
Тазалық туралы әңгіме:
Әр адам жеке басының тазалық тәртібін сақтауға міндетті. Қарапайым
ережелер күнделікті дағдыға айналуы тиіс. (Бұл не?)
Педагог балалармен сабын және су жөнінде әңгіме жүргізеді.
Кімде - кім үнемі қолын сабындап жуып жүрсе, ол ауырмайды.
Дымқылдап күнде сен,
Қолыңды сүйкесең,
Кетіп кір - ласың,
Тап - таза болсың.
- Қолыңды күніне неше рет жуасың?
- Тамақ ішер алдында, дәретханадан кейін, серуеннен соң немесе
қоғамдық көліктен түскеннен кейін, лас жұмысты орындаған соң қолды
міндетті түрде жуу қажет.
- Су мен сабын – нағыз досың. Сен қолыңды сабындағанда на пайда
болады?
- Қолымызда сабын көпіршігі пайда болды. Әр көпіршік қолымыздағы
кірді кетіреді, ал су оларды жуады.
3.Қорытынды
- Қолды қалай тазалап жуу керек?
Қолымыздағы сабынды алып, оны сулап сабындаймыз. Сабынды орнына
қойып, қолды уқалаймыз, сол кезде «сабын қолғабы» пайда болады.
Таза сумен көпіршікті жуып кетіріп, қолымызды сүлгімен жақсылап
сүртеміз.
Педагог балаларға қалай сабындап жуғанын, сүлгімен тазалап
сүрткенін қимылмен көрсетуді ұсынады.
- Әр адамда жеке басының тазалығына арналған заттары болуы шарт:
сүлгі, тіс щеткасы, тарақ, қолорамалы, т. б.
Балалар шеңберге жиналып, күлімдеп, бәрі бірге ғажайып сөздерді
қайталап қоштасады. Сау бол!
Балалар кездескен және қоштасқан кезде айтылатын амандасу және
қоштасу сөздері ғажайып сөздер екенін, осы сөздер арқылы бір -
біріне денсаулық және қайырымдылық тілейтінін қайталайды.
Қорытынды
Валеология – денсаулық туралы ғылым.
Жеке бастың тазалық ережесін сақтайық.
«Сәлеметсің бе?», «Амансың ба?», «Саумысың?», «Сау бол!» - ғажайып
сөздер.
Екінші кіші «көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні:
Тәрбиеші: Зейнуллина А.С
Білім саласы: әлеумет, көркем әдебиет
Тақырыбы: жақсы деген не жаман деген не?
Мақсаты:
Тәрбиелік: Жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу.Балалардың мейірімділік, өзара көмек, достық сияқты қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Жақсы , жаманды салыстыра білу іскеріктерін дамыту. Өлеңді тыңдай білуге, мазмұнын айтуға дағдыландыру. Сөздік қорларын молайтып , сөйлеу қабілетін дамыту.
Оқыту: Балаларды жақсы мен жаманды ажырата білуге үйрету.Жақсы, жаман туралы түсінік беру
Педагогикалық технологиялар: ақпараттық технология, түсіндіру, көрсету, Сұрақ-жауап
Ресурсты қамтамасыз ету: үнтаспа, үлестірмелі материалдар / жақсы, жаман іс әрекет бейнелері/ игравизор т.б
Сөздік жұмыс: Бөбек , лас.
Билингвальді компонент: Әке- отец- father. Бала- ребенок- children.Жақсы- хорошо- good . Жаман- плохо- bad
1.Ұйымдастырушылық ізденіс
Іс-әрікет кезені
Тәрбиешінің қызметі
Балалардын іс-әрікеті
Дәлелдеп талаптану
-Балалар, сендер жұмбақ шешкенді ұнатасыңдар ма?
Жұмбақты мұқият тыңдандар.
Ертемен күнде сен,
Қолыңа сүйкесең.
Кетіп кір ласың,
Тап- таза боласың. Бұл не?
Шомылған баланы ,
Аймалап алады.
Сипайды қолыңды,
Сипайды денеңді. Бұл не?
Дұрыс айтасыңдар. Бұл жұмбақтардың шешуі сабын мен сүлгі тазалық құралы.
Таза жүрген жақсы іс- әрекет пе әлде жаман іс -әрекет пе?
- Иа.
Балалар оқыған жұмбақты тыңдап ,жауап береді.
Сабын.
-Сүлгі
-Таза жүрген жақсы іс- әрекет
2.Негізгі бөлім
Орыс халқының ақыны В.В.Маяковский сендер тәрізді бүлдіршіндерге арнап тәрбиелі өнегелі бірнеше өлеңдер жазған.
Интерактивті тақтадан ақынның суретін көрсетіп таныстыру.
Біз бүгін осы кісінің өлеңімен таныса отырып «жақсы деген не?», «жаман деген не?» сұрақтары төңірегінде жақсы әрекеттер жасау,жақсыдан үйрену, жаманнан жирену қажет екендігі жайында айтамыз.Үнтаспадан Владимир Владимирович Маяковскийдің шығармасын қазақ тілінде мұқият тыңдалық?
Жақсы деген немене, жаман деген немене?
В. В. Маяковский
Бөбек келіп әкеге,
Қойды алдына мәселе.
-Жақсы деген немене?
-Жаман деген немене?
-Аналайын бөбегім,
Мәнін айтып берейін.
Осы берген жауапты ,
Кітапша етіп берейін.
Міне, тағы бір жаман,
Көйлегі лас боялып,
Аузы басы ластанып.
Жақсы , міне азамат, -
Бетін жуса сабындап,
Тісін жуса сабындап.
Міне, үлгілі бала деп
Кітапқа оны жазады.
-
Әкесі жақсы бала деп қандай баланы айтты?
-Әкесі жаман бала деп қандай баланы айтты?
-
Қандай жақсы, жаман іс-әрекеттерді білесіңдер?
-
Жақсылық немесе жамандық жайында тақпақтар білесіңдер ме?
Үш тілдік компонент:
Әке- отец- father. Бала- ребенок- children.Жақсы- хорошо- good . Жаман- плохо- bad
Сөздік жұмыс
«Бөбек» деген сөз «бала» деген мағынаны білдіреді.
«Лас» деген сөз«кір, таза емес» деген мағынаны білдіреді .
Сергіту сәті. «Жақсы мен жаман»
Шарты: Айтылған сөз жақсы іс-әрекет болса қол шапалақтайды, жаман болса аяқтарын тарсылдатады.
Досыма көмектеспеймін.
Әкемнің айтқаның тыңдаймын.
Үлкенді тыңдамаймын.
Нанды шашпаймын, аяғыммен баспаймын.
Ағаштың бұтағын сындырамын.
Ойыншығымды ешкімге бермеймін.
Үлкен кісілерге жол беремін.
Анама ренжіп сөздер айтамын.
Кішкентай балаға тиіспеймін, ойнатамын.
Бас киімді доп қыламын.
Достарыммен төбелесемін.
Тамақ ішер алдында қолымды сабындап жуамын.
Игровизормен жұмыс:
Жақсы іс – әрекетті қызыл түспен , жаман іс әрекетті көк түспен бояу
Балалар, үнтаспадан В. Маяковскийдің шығармасын мұқият тыңдайды.
-
Әкесі жақсы бала деп көйлегі таза, беті қолын сабындап жуып таза жүретін баланы айтты.
-
Жаман бала деп үсті басы кір, жуынбайтын баланы айтты.
-
Үлкенді сыйлау, орын беру, амандасу жақы іс- әрекет
Сергіту сәті.
«Жақсы мен жаман»
Аяқтарын тарсылдатады.
Қолдарын шапалақтайды
Аяқтарын тарсылдатады...
Жақсы іс – әрекетті қызыл түспен , жаман іс әрекетті көк түспен бойайды.
3.Қорытынды
Суреттерді қолдана отырып сұрақ- жауап әдісімен өлеңнің мазмұнын айтқызып,
оқу іс -әрекетің қорытындылаймын.
-балаларды мадақтау
шағым қалдыра аласыз

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген